Материалдар / Биология әдістемелік құрал
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Биология әдістемелік құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәніне арналған әдістеме
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Наурыз 2021
1034
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1






















Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік нұсқаулықтар

Биология

8-сынып


Page 2


Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8 -сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша
жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде
құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 8-сыныптың "Биология"
пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге
оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды
өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар)
сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс негізгі мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру
бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне
және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет - сайттағы
қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар)
қолданылды.

2


Page 3


Мазмұны
1 ТОҚСАН......................................................................................................................................... . 4
Бөлім: Жасушалық биология.
Молекулалық биология…................................................... .......... 4
Бөлім: Тірі ағзалардың көптүрлілігі…………………………………………………….... ............ 9
Бөлім: Қоректену.............................................................................................................................. 13
2- ТОҚСАН………………………………………………………...…………………………..... . ..18
Бөлім: Заттардың тасымалдануы.......................................................................................... .......... 18
Бөлім:Тыныс алу.................................................................................................................... .......... 24
3 ТОҚСАН................................................................................................................................... . ....27
Бөлім:Бөліп шығару............................................................................................................... .......... 27
Бөлім: Қозғалыс (Биофизика)……………………………………………………………... ......... .31
Бөлім: Координация және реттелу.................................................................................... ......... ..38
4-ТОҚСАН...................................................................................................................................... . .43
Бөлім: Көбею.
Өсу және даму. ............................................................................................. .......... 43
Бөлім: Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік....................................................................... ......... 49
Бөлім: Биосфера және экожүйе.
Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері....................... ......... .53

3


Page 4


«Жасушалық биология. Молекулалық биология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Өсімдік және жануар ұлпаларын жіктеу.
Прокариот және эукариот жасушаларын салыстыру.
Полимерлер мен мономерлер арасындағы айырмашылық.
Көмірсулар мен липидтердің құрылымы ммен қызметі.
Нәруыздардың биологиялық құрылымы мен қызметі.

Оқыту мақсаттары 8.4.2.2 прокариот және эукариот жасушалардың
құрылысын салыстыру
8.4.2.1 өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын
классификациялау
8.4.1.1 биологиялық мысалдарды пайдаланып,
полимерлер мен мономерлер арасындағы
айырмашылықты сипаттау
8.4.1.2 көмірсулар мен липидтің құрылымы мен
биологиялық қызметтерін сипаттау
8.4.1.3 нәруыздардың биологиялық құрылымы мен
қызметі

Бағалау критерий Білім алушы
• Прокариот және эукариот жасушаларының
құрылысын салыстырады
• Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктейді
• Полимерлер мен мономерлердің арасындағы
айырмашылықты биологиялық мысалдар арқылы
сипаттайды
• Көмірсулар мен липидтердің құрылымы мен
қызметін сипаттайды
• Нәруыздардың құрылымы мен қызметін сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу, түсіну және қолдану

Орындау уақыты 20 минут

Тапсырмалар

1. Прокариот жасушасы құрылымында кездеспейтін органоидты көрсетіңі з.
А) жасуша мембранасы
В) рибосома
С) ядро
D) цитоплазма

2. Прокариот және эукариот жасушасы құрылысындағы ортақ құрылымды табыңыз.
А) аппарат Гольджи
В) рибосома
С) лизосома
D) ядро


4


Page 5



3. Төмендегі суреттер де қандай ағзаның жасушалары берілген, атаңыз.


А.___________________________________________________________________
В.___________________________________________________________________
С.___________________________________________________________________

(ii). А және С суреттердегі жасушалардың құрылымын «-», «+» белгілеңіз.

Жасуша құрылымы А С
Жасуша қабырғасы
Хлоропласт
Цитоплазма
Митохондрия

4. Cуретте берілген жасушалар қай ұлпаға жатады және оның қызметін жазыңыз.

(i) Ұлпа түрі:______________________________________________________________
Қызметі:_______________________________________________________________

(ii) Ұлпалардың түрі мен құрылысын және қызметін сәйкестендіріңіз.
Ұлпа түрлері Құрылысы Қызметі
Бұлшықет ұлпасы (A) Жасушалары бір-біріне
тығыз жанасады, жасушаралық заттары нашар
дамыған (1)
Қоректік,тасымалдау
және қорғаныш
қызметтерін атқарады (d)
Дәнекер ұлпасы (B) Ұлпа ұзындығы 1-45 мм,
кейбірі 12 сантиметрге
жететін көп ядролы ет
талшықтарынан тұрады (2)
Зат алмасуды реттеуге
қатысады (e)
Эпителий ұлпасы(C) Жасушааралық заттар
қызметіне байланысты әр
Жиырылу және жазылу
қызметін атқарады (f)
5


Page 6


түрлі болып келеді (3)

5. Полимерге жататын қосылысты белгілеңіз.
A) амин қышқылдары
B) глюкоза
C) сутегі
D) крахмал

(i) Мономер мен полимердің айырмашылықтарын сипаттаңыз. Биологиялық мысалдар
келтіріңіз.
Мономер Полимер



Мысалдар



6 (i). Кестені толтырыңыз, тұжырымдаманы сәйкестендіріңіз.

Көмірсулар Майлар Нәруыздар


Тұжырымдамалар.
A. Өсімдік жасушаларында қорға жиналатын зат – крахмал.
B. Энергетикалық қызмет атқарады, себебі оның 1 грамы ыдырағанда 38,9кДж энергия түзіледі.
C. Мақта талшығында 98 пайыз целлюлоза болады.
D. Адам және жануарлардың асқорыту жүйесінде ферменттер маңызды рөл атқарады.
E. Тасымалдау қызметін гемоглобин атқарады.
F. Тері, шаш және көздің нұрлы қабықшасында меланин түс береді.
(ii) Биологиялық есеп.
1 грамм нәруыз тотыққанда түзілетін энергия 1 грамм көмірсу тотыққандағы
энергиямен бірдей. Не себепті ағза нәруыздарды – энергия көзі ретінде тек аса қажет
жағдайда ғана пайдаланады? Түсіндіріңіз?
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________

6


Page 7


Бағалау
критерийі
Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Прокариот және
эукариот
жасушаларының
құрылысын
салыстырады.

1 прокариот жасушасы құрылымында
кездеспейтін органоидты көрсетеді;
1
2 прокариот және эукариот жасушасы
құрылысындағы ортақ құрылымды
анықтайды;
1
3 (і) суреттер арқылы жасуша құрылымына
сәйкес ағзаларды анықтайды;
3
(ii) А және С суреттер арқылы жасуша
құрылымынан жасуша қабырғасының бар
жоқтығын анықтайды;
1
А және С суреттер арқылы жасуша
құрылымынан хлоропласты анықтайды;
1
А және С суреттер арқылы жасуша
құрылымынан цитоплазманың бар
жоқтығын анықтайды;
1
А және С суреттер арқылы жасуша
құрылымынан митохондрияның
кездесетіндігін анықтайды;
1
Өсімдіктер мен
жануарлардың ұлпаларын жіктейді.
4 суретте берілген ұлпаны атап,қызметін
жазады;
1
(ii) ұлпалардың түрлері:
бұлшықет, дәнекер және эпителий ұлпаларының құрылысын және қызметтерін сәйкестендіреді;
1
1
1
Полимерлер мен
мономерлердің арасындағы айырмашылықты биологиялық мысалдар арқылы
сипаттайды.
5 полимер болатын қосылысты анықтайды; 1
(i) мономер мен полимерге сипаттама береді
және мономер мен полимерге мысал келтіреді;
3
Көмірсулар мен
липидтердің құрылымы мен
қызметін сипаттайды.
6(i) берілген тұжырымдамаларға сәйкес
көмірсу,май және нәруыздар қасиеттері мен қызметтерін сәйкестендіреді;
3
Нәруыздардың
құрылымы мен қызметін
сипаттайды.
(iі) нәруыздың биологиялық маңызын
түсіндіреді.
5
Жалпы балл саны 25


Page 8

«Жасушалық биология. Молекулалық биология.» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні __________________________________________

Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Прокариот және эукариот
жасушаларының құрылысын
салыстырады.
Прокариот және эукариот
жасушаларының құрылысын салыстыруда қиналады.
Прокариот жасушасы құрылымында
кездеспейтін органоидты көрсетуде /
жасушаларының құрамындағы ортақ
құрылымды белгілеуде / суреттердегі ағзаның
жасушаларының құрылымын: жасуша
қабырғасын / хлоропласт / цитоплазма /
митохондрияны қай ағзада болатынын
анықтауда қателіктер жібереді.
Прокариот және эукариот
жасушаларының құрылысын дұрыс салыстырады.
Өсімдіктер мен
жануарлардың ұлпаларын
жіктейді.
Өсімдіктер мен жануарлардың
ұлпаларын жіктеуде қиналады.
Өсімдік ұлпасының түрлерін анықтауда /
негізгі / тірек / өткізгіш ұлпалардың қызметін
анықтауда / Жануардың ұлпасының түрлерін /
қызметін сурет арқылы анықтауда / бұлшықет
/ дәнекер / эп ителий ұлпаларының
құрылысын / қызметін сәйкестендіруде
қателіктер жібереді.
Өсімдіктер мен жануарлардың
ұлпаларын жіктейді.
Полимерлер мен
мономерлердің арасындағы айырмашылықты
биологиялық мысалдар
арқылы сипаттайды.
Полимерлер мен мономерлердің
арасындағы айырмашылықты
биологиялық мысалдар арқылы
сипаттауда қиналады.
Полимер болатын қосылысты анықтауда /
мономер мен полимерге сипаттама беруде /
мысал келтіруде қателіктер жібереді.
Полимерлер мен мономерлердің
арасындағы айырмашылықты
биологиялық мысалдар арқылы
сипаттайды.
Көмірсулар мен липидтердің
құрылымы мен қызметін
сипаттайды.
Көмірсулар мен липидтердің
құрылымы мен қызметін сипаттауда қиналады.
Өсімдік жасушасының қабырғасы қандай
көмірсудан тұратынын / буынаяқтылардың
қаңқасы неден тұратынын анықтауда
қателіктер жібереді.
Көмірсулар мен липидтердің
құрылымы мен қызметін сипаттайды.
Нәруыздардың құрылымы
мен қызметін сипаттайды.
Нәруыздардың құрылымы мен
қызметін сипаттауда қиналады.
Нәруыздардың қасиеттерін анықтауда /
тұжырымдамаларға сәйкес көмірсу / май / нәруыздың қасиеттерін / қызметтерін
сәйкестендіруде / нәруыздардың биологиялық
маңызын түсіндіруде қателіктер жіберді.
Нәруыздардың құрылымы мен
қызметін сипаттайды.
8


Page 9

«Тірі ағзалардың көптүрлілігі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және
жабықтұқымдылардың ерекшеліктері.
Саңырауқұлақтардың негізгі белгілері.
Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің айырмашылығы.
Буынаяқтылар мен хордалылардың ерекше белгілері.

Оқыту мақсаттары 8.1.1.1 балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және
жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттау
8.1.1.2 саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін сипаттау
8.1.1.3 даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді негізгі белгілеріне қарай ажырату
8.1.1.4 буынаяқтылар мен хордалы жануарлар кластарын ерекше белгілері бойынша тану

Бағалау критерийі Білім алушы
• Балдырлар, мүктер, қырықжапырақ тәріздестер, ашық және
жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін
сипаттайды
• Саңырауқұлақтарды ң негізгі белгілерін сипаттайды
• Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді негізгі
белгілеріне қарай ажыратады
• Буынаяқтылар мен хордалы жануарлар кластарын ерек ше
белгілері бойынша сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу, түсіну және қолдану


Орындау уақыты

15 минут
Тапсырма

1. Балдырлармен салыстырғанда мүктерде болады:
A) споралар
B) мүшелер
C) хлорофилл
D) камбий

2. (i) Өсімдіктер дүниесінің бөлімдеріне сай ерекшеліктерін сәйкестендіре отырып, белгілеңіз.
1 Ашықтұқымдылар А Топыраққа ризоидтары арқылы бекінеді
2 Жабықтұқымдылар В Спордан жүрекше тәрізді өскін өсіп шығады
3 Мүктәріздестер С Тұқымы жабық орналасқан
4 Қырықжапарықтәріздестер D Қанатша тәрізді тұқымнан таралады

A) 1-А, 2-С, 3-D, 4-B
B) 1-C, 2-B, 3-D, 4-A
C) 1-A, 2-D, 3-B, 4-C
D) 1-A, 2-D, 3-C, 4-B

9


Page 10

(ii) Аталған өсімдіктердің тобынындағы ағзаларының құрамына кіретін мүшелерін
таңдаңдаңыз
A) ашықтұқымдылар
B) балдырлар
C) мүктер
D) қырықжапырақ тәріздестер

Мүшелер:
1. Таллом
2. Өркен
3. Ризоид
4. Антеридии
5. Архегонии
6. Қауашақ
7. Өскін
8. Гаметофит
9. Спорофит
10. Тамырсабақ
11. Жапырағы - вайя
12. Аналық бүр

3. Саңырауқұлақтардың жасуша қабықшасының құрамына кіреді:
A) муреин
B) крахмал
C) целлюлоза
D) хитин

4.
Саңырауқұлақтардың сыртқы бөлігі ... тұрады.
A) қалпақшадан және жіпшумақтан
B) түбіртектен және жіпшумақтан

C) жіпшумақтан және қалпақшадан
D) қалпақшадан және түбіртектен

5. Суретте көрсетілген өсімдіктердің негізгі белгілерін даражарнақты және қосжарнақты
кластарға тән белгілермен сәйкестендіріп, кестеге толтырыңыз.

Даражарнақты
кластарға тән белгілер:
Қосжарнақты
кластарға тән
белгілер:



6. Хордалылар мен буынаяқтылар белгілерін
белгілеңіз.

Хордалылар Белгілері Буынаяқтылар
1. Желісі бар
2. Сыртқы қанқа
3. Тұйық қан айналым жүйесі
4. Бас сүйегінің жоқтығы
5. 2,3,4-х камералы жүрек
6. Денесі хитинді затпен қапталған

10


Page 11

Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Балдырлар, мүктер,
қырықжапырақ
тәріздестер, ашық және
жабықтұқымдылар
мысалында өсімдіктердің
ерекшеліктерін
сипаттайды

1 балдырлармен мүктердің құрылысын
салыстырады;
1
2(i) мүк, қырықжапырақ тәріздестер, ашықтұқымдылар
және жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін анықтайды;
1
2(ii) ашықтұқымдыларға тән ерекшеліктерді
анықтайды;
1
балдырларға тән құрылысындағы ерекшеліктерді
анықтайды;
1
мүктерге тән құрылысындағы ерекшеліктерді
анықтайды;
1
қырықжапырақ тәріздестерге тән
құрылыстарындағы ерекшеліктерді анықтайды;
1
Саңырауқұлақтардың
негізгі белгілерін сипаттайды

3 саңырауқұлақтардың жасушасындағы ерекшелігін
сипаттайды;
1
4 саңырауқұлақтардың құрылыс ерекшелігін
сипаттайды;
1
Даражарнақты және
қосжарнақты өсімдіктерді негізгі белгілеріне қарай ажыратады

5 даражарнақты өсімдіктің тамырындағы
ерекшелікті ажыратады;
1
даражарнақты өсімдіктің жапырақ жүйкелену
ерекшелігін ажыратады;
1
даражарнақты өсімдіктің сабағының
құрылысындағы ерекшелікті ажыратады;
1
қосжарнақты өсімдіктің тамырындағы ерекшелікті
ажыратады;
1
қосжарнақты өсімдіктің жапырақ жүйкеленуінің
ерекшеліктерін ажыратады;
1
қосжарнақты өсімдіктің сабағының
құрылысындағы ерекшелікті ажыратады;
1
Буынаяқтылар мен
хордалы жануарлар кластарын ерекше белгілері бойынша сипаттайды

6 буынаяқтылар кластарының ерекше белгілерін
анықтайды;
1
хордалы жануарлар кластарының ерекше
белгілерін анықтайды.
1
Жалпы балл саны 16

11


Page 12

«Тірі ағзалардың көптүрлілігі» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні __________________________________________

Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Балдырлар, мүктер,
қырықжапырақ тәріздестер,
ашық және жабықтұқымдылар
мысалында өсімдіктердің
ерекшеліктерін сипаттайды

Балдырлар, мүктер,
қырықжапырақ тәріздестер, ашық және жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттауда
қиналады.
Балдырлармен мүктердің
құрылысын салыстыруда / мүк / қырықжапырақ тәріздестер / ашықтұқымдылар / жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін
анықтауда қателіктер жібереді.
Балдырлар, мүктер,
қырықжапырақ тәріздестер, ашық және жабықтұқымдылар
мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттайды.
Ашықтұқымдылар, балдырлар,
мүктер және қырықжапырақ тәріздестер құрылыстарындағы ерекшеліктерді анықтайды және
ажыратуда қиналады.
Ашықтұқымдыларға / балдырларға
/ мүктерге / қырықжапырақ
тәріздестерге тән құрылыстарындағы ерекшеліктерді
анықтауда қателіктер жібереді.
Ашықтұқымдылар, балдырлар,
мүктер және қырықжапырақ тәріздестер құрылыстарындағы ерекшеліктерді анықтайды
және ажыратады
Саңырауқұлақтардың негізгі
белгілерін сипаттайды
Саңырауқұлақтардың
жасушасындағы ерекшелікті
сипаттауда қиналады.
Саңырауқұлақтардың
жасушасындағы ерекшелікті
сипаттауда қателіктер жібереді.
Саңырауқұлақтардың
жасушасындағы ерекшелікті
толық сипаттайды.
Саңырауқұлақтардың құрылыс
ерекшелігін сипаттауда қиналады.
Саңырауқұлақтардың құрылыс
ерекшелігін сипаттауда қателіктер
жібереді.
Саңырауқұлақтардың құрылыс
ерекшелігін толық сипаттайды.
Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді негізгі белгілеріне қарай ажыратады
Даражарнақты және қосжарнақты
өсімдіктер кластарын негізгі белгілерін ажыратуда қателіктер жібереді.
Даражарнақты / қосжарнақты
өсімдіктің тамырындағы / жапырақ
жүйкеленуіндегі / сабағының құрылысындағы ерекшеліктерін
ажыратуда қателіктер жібереді.
Даражарнақты және
қосжарнақты өсімдіктер
кластарын негізгі белгілерін ажыратады.
Буынаяқтылар мен хордалы жануарлар кластарын ерекше белгілері бойынша сипаттайды
Буынаяқтылар / хордалы
жануарлар кластарының ерекше
белгілерін анықтауда қиналады.
Буынаяқтылар / хордалы жануарлар
кластарының ерекше белгілерін анықтауда қателіктер жібереді.
Буынаяқтылар мен хордалы
жануарлар кластарын ерекше белгілері бойынша сипаттайды


12


Page 13

«Қоректену» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Омыртқасыз (жауынқұрт), күйіс қайыратын (сиыр) жануарлар
мен адамның ас қорыту жүйесін салыстыру.
Тістердің құрылысы мен типтері,тісті күту ережесі.
Адамның асқорыту жүйесінің құрылысы.
Асқорыту жолы ауруларының себептері және астан улану
белгілері.
Адам ағзасы үшін дәрмендердің маңызы.

Оқыту мақсаттары 8.1.2.1 омыртқасыз (жауынқұрт), күйіс қайыратын (сиыр)
жануарлар мен адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру
8.1.2.2 тістердің құрылысы, әртүрлі типтері мен қызметтері
арасындағы байланысты және тісті күту ережелерін сипаттау
8.1.2.3 адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен
қызметтері арасындағы өзара байланысты анықтау
8.1.2.4 асқорыту жолы ауруларының себептерін және астан
улану себебін ашу
8.1.2.5 адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын
сипаттау

Бағалау критерийі Білім алушы
• Омыртқасыз (жауынқұрт), күйіс қайыратын (сиыр)
жануарлар мен адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстырады
• Адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері
арасындағы өзара байланысты анықтайды
• Тістердің құрылысы, әртүрлі типтері мен қызметтері
арасындағы байланысты және тісті күту ережелерін айтады
• Асқорыту жолы ауруларының себептерін және астан улану
себебін анықтайды
• Адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын
сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 25 минут

Тапсырма
1(i). Сиырдың Х әрпімен, жауын құртының 5 санымен белгіленген асқорыту жүйесінің
бөлімдерін атаңыз және қызметін сипаттаңыз.


Х___________________________________________________________________________
13


Page 14

____________________________________________________________________________
5 ___________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________

(ii) Терминдерді пайдаланып, асқорыту жүйесі құрылысының диаграммасын жазыңыз.

Терминдер:
Бауыр, ауыз қуысы, ұйқы безі, асқазан, ашы ішек, тоқ ішек, сілекей бездері, өт , аппендикс және тік ішек. (iiі) Адамның асқорыту жүйесінде асқазан, тоқ ішек, бауыр және ашы ішек маңызды
қызмет атқарады, олардың қызметін сипаттаңыз.
Асқазан ______________________________________________________________________
Тоқ ішек _____________________________________________________________________
Ашы ішек ____________________________________________________________________

2. Адамның тісі бейнеленген суретті пайдалана отырып, кестеге тістің ерекше
құрылымдарын жазыңыз.



Тістің
типтері
Ауыз қуысындағы тіс
типтерінің саны
Тіс қаптамасының
пішіні
Тіс түбірінің
құрылымы
14


Page 15

күрек тіс бір
ит тіс 4
кіші азу тіс Тегіс емес\кедір-
бұдырлы

үлкен азу тіс 12

(іі) Адамдағы күрек тістер мен азу тістердің негізгі қызметтеріне сипаттама беріңіз.
күрек тіс ___________________________________________________________
азу тіс ____________________________________________________________

(iii) Тісті күту ережелерін түсіндіріңіз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________

(b) Асқорыту ауруларының екі немесе үш себептерін келтіріңіз:
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________

3. Дәрумендердің маңызын көрсетіңіз.
A) зат алмасу бұзылады
B) ағзаның улануына әкеп соғады
C) аурулардың пайда болуын күшейтеді
D) жұқпалы ауруларға қарсы тұруын жоғарлатады

15


Page 16


Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Омыртқасыз (жауынқұрт),
күйіс қайыратын (сиыр)
жануарлар мен адамның ас
қорыту жүйесінің
құрылысын салыстырады.
1 сиыр және жауын құртының асқорыту
бөлімін атайды, қызметін жазады;
4
Адамның ас қорыту
жүйесінің құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты анықтайды.
(ii) асқорыту жүйесінің құрылысының
бөлімдерін терминдер пайдаланып
анықтайды;
3
(iiі) адамның асқорыту жүйесі асқазан, тоқ
ішек, ашы ішектің қызметін
сипаттайды;
4
Тістердің құрылысы,
әртүрлі типтері мен қызметтері арасындағы байланысты және тісті күту
ережелерін айтады.
2(a) тістердің құрылысы, әртүрлі типтері
мен қызметтері арасындағы
байланысты ажырата алады және тісті
күту ережелерін сипаттап жаза алады;
4
(ii) 2
(iii) 3
Асқорыту жолы
ауруларының себептерін және астан улану себебін
анықтайды.
b асқорыту ауруларының екі немесе үш
себептерін келтіреді;
3
Адам ағзасындағы
дәрумендердің маңыздылығын
сипаттайды.
3 адам ағзасындағы дәрумендердің
маңыздылығын көрсетеді.
1
Жалпы балл саны 24

16


Page 17

«Қоректену» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-
аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні __________________________________________

Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Омыртқасыз (жауынқұрт), күйіс
қайыратын (сиыр) жануарлар
мен адамның ас қорыту
жүйесінің құрылысын
салыстырады.
Омыртқасыз (жауынқұрт), күйіс
қайыратын (сиыр) жануарлар мен адамның ас қорыту жүйесінің
құрылысын салыстыруда қиналады.
Сиыр \ жауын құртының асқорыту
бөлімін атауда \ қызметін жазуда
қателіктер жібереді.

Омыртқасыз (жауынқұрт), күйіс
қайыратын (сиыр) жануарлар мен
адамның ас қорыту жүйесінің
құрылысын салыстырады.
Адамның ас қорыту жүйесінің
құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты
анықтайды.
Адамның ас қорыту жүйесінің
құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты
анықтауда қиналады.
Асқорыту жүйесінің құрылысының
бөлімдерін терминдер пайдаланып
толық анықтауда / асқоры ту жүйесі
асқазан / тоқ ішек / бауыр / ашы
ішектің қызметін сипаттауда
қателіктер жібереді.
Адамның ас қорыту жүйесінің
құрылысы мен қызметтері арасындағы өзара байланысты
анықтайды.
Тістердің құрылысы, әртүрлі
типтері мен қызметтері
арасындағы байланысты және
тісті күту ережелерін айтады.
Тістердің құрылысы, әртүрлі типтері
мен қызметтері арасындағы
байланысты ажырата алмайды және
тісті күту ережелерін айтуда
қиналады.
Тістердің құрылысын / әртүрлі
типтерін / қызметтері арасындағы
байланысты ажыратуда / тісті күту
ережелерін сипаттауда қателіктер
жібереді.
. Тістердің құрылысы, әртүрлі
типтері мен қызметтері арасындағы байланысты және тісті күту
ережелерін айтады
Асқорыту жолы ауруларының
себептерін және астан улану
себебін анықтайды.
Асқорыту жолы ауруларының
себептерін және астан улану себебін
анықтауда қиналады.
Асқорыту ауруларының екі /үш
себебін келтіруде қателіктер жібереді.
Асқорыту жолы ауруларының
себептерін және астан улану себебін
анықтайды.
Адам ағзасындағы
дәрумендердің маңыздылығын
сипаттайды.
Адам ағзасындағы дәрумендердің
маңыздылығын сипаттауда қиналады.
Адам ағзасындағы дәрумендердің
маңыздылығын сипаттауда қателіктер
жібереді.
Адам ағзасындағы дәрумендердің
маңыздылығын толық сипаттайды.
17


Page 18

2 –тоқсан
«Заттардың тасымалдануы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Қан құрамы және қызметі.
Лейкоциттердің типтері және қызметі.
Гуморальдық және жасушалық иммунитет.
Қарапайымдылар, саңырауқұлақтар, бактериялар мен вирустар
қоздыратынмен туындайтын аурулардың ерекшеліктерін сипаттау
және алдын алу шаралары.
Жануарлар жүрегінің құрылысы мен қантамырлар жүйелерінің
маңызы.
Қантамыр қабырғасының құрылысы мен олардың қызметі.
Қантамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілері.

Оқыту мақсаттары 8.1.3.1 қан құрамы мен қызметін сипаттау
8.1.3.3 лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттау
8.1.3.4 гуморальдық және жасушалық иммунитетті салыстыру
8.4.3.1 қарапайымдылар, саңырауқұлақтар, бактериялар мен
вирустар қоздыратынмен туындайтын аурулардың ерекшеліктерін сипаттау және алдын алу шараларын сипаттау
8.1.3.8 жануарлар жүрегінің құрылысы мен қантамырлар жүйелерінің маңызын сипаттау
8.1.3.9 қантамыр қабырғасының құрылысы мен олардың қызметі арасындағы байланысты орнату
8.1.3.12 қантамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау

Бағалау критерийі Білім алушы
• Қан құрамы мен қызметін сипаттайды
• Лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттайды
• Гуморальдық және жасушалық иммунитетті салыстырады
• Қарапайымдылар, саңырауқұлақтар, бактериялар мен вирустар
қоздыратынмен туындайтын аурулардың ерекшеліктерін және
алдын алу шараларын сипаттайды
• Жануарлар жүрегінің құрылысы мен қантамырлар жүйелерінің
маңызын сипаттайды
• Қантамыр қабырғасының құрылысы мен олардың қызметі
арасындағы байланысты сипаттайды
• Қантамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін
сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма

1. Қанның формалы элементтерін белгілеңіз.
A) су және минералды тұздар
B) қан плазмасындағы нәруыздар, майлар және көмірсулар
C) қан жасушалары және қан пластинкалары
D) сарысу, қан жасушалары
18


Page 19

2. Эритроциттердің қызметі:
A) тромбының түзілуі
B) бактерияны жояды
C) қанның ұюы
D) оттегінің тасымалдануы

(i). Кестені толтырыңыз.

Лейкоциттердің түрлері Түзілетін орны Қызметтері
Ауру тудырғыш
бактерияларды сіңіреді.
Эозинофилдер Аллергиялық реакцияларға
қатысу
Гепарин және гистамин
синтездейді
Сүйектің қызыл кемігінде Бактерияны фагоцитоздайды


Антидені синтездейді
(ii) Сызбаға назар аударыңыз.


Әріптер А,В және С әріптері нені білдіреді, атау беріңіз.
А____________________________________________________________________________ В____________________________________________________________________________ С____________________________________________________________________________ (iii) Қарапайымдылар, саңырауқұлақтар, бактериялар мен вирустар арқылы туындайтын
ауруларды амебалық қантышқақ, фитофтороз, оба, күл, лейшмания, герпес сәйкестендіріңіз
және сипаттама беріңіз.

19


Page 20

Қарапайымдар Саңырауқұлақтар Бактериялар Вирустар



3. Қан тамырлары түрлеріне мұқият қараңыз.

(a)(i) Қан тамырларының түрлерін атаңыз.
А____________________________________________________________________________
В____________________________________________________________________________
С____________________________________________________________________________

(a)(iі) Қан тамырларының ортақ құрылымдарын атаңыз.
1.____________________________________________________________________________
2.____________________________________________________________________________

(a)(іiі) Қан тамырларының ортақ құрылымдарының қызметін сипаттаңыз.
1.________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
2.________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________

(b) Кестені толтырыңыз.

Салыстыру параметрлері Буылтық
құрттар
Буынаяқтылар Омыртқалылар
Қан айналым жүйесінің типі
Қанайналым жүйесінің құрылысы
Айналыстағы сұйықтық атауы

(c)(і) Жүрек – қан айналым жүйесіне кері әсер ететін факторларды атаңыз.
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________


20


Page 21

Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Қан құрамы мен
қызметін сипаттайды.
1 қанның формалы элементтерін көрсетеді; 1
2 эритроциттің қызметін айтады; 1
Лейкоциттердің түрлі
типтерінің қызметтерін
сипаттайды.
(i) лейкоциттердің түрлері мен түзілетін
орнын және қызметтерін сипаттайды;
2
Гуморальдық және
жасушалық иммунитетті
салыстырады.
(iі) гуморальдық және жасушалық
иммунитетті салыстырады,түзілетін орнын
жазады;
3
Қарапайымдылар,
саңырауқұлақтар,
бактериялар мен
вирустар қоздыратынмен
туындайтын аурулардың
ерекшеліктерін және
алдын алу шараларын
сипаттайды.
(iii) қарапайымдылар, саңырауқұлақтар,
бактериялар мен вирустар арқылы туындайтын ауруларды амебалық қантышқақ, фитофтороз, оба, күл, лейшмания, герпес сәйкестендіреді және әр
ауру түріне сипаттама береді;
4
Қантамыр қабырғасының
құрылысы мен олардың қызметі арасындағы байланысты сипаттайды.

Жануарлар жүрегінің
құрылысы мен
қантамырлар жүйелерінің
маңызын сипаттайды.
3 (i) қан тамырлар түрлерін атайды; 3
(iі) қан тамырларының ортақ құрылымдарын
атайды;
2
(іiі) қан тамырларының ортақ
құрылымдарының қызметін сипаттайды;
2
в буылтық, буынаяқтылар және
омыртқалылардың қан айналым жүйесін, типтерін және айналыстағы сұйық атауын салыстырады;
3
Қантамыр жүйесі
ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттайды.
(с) (і) жүрек – қан айналым жүйесіне кері әсер
ететін факторларды анықтайды;
1
(c)(іі) жүрек – қан айналым жүйесі аурулары:
атеросклероз, ишемиялық ауру және
инфарктті сипаттайды.
3
Жалпы балл саны 25

(c)(іі) Жүрек – қан айналым жүйесі ауруларына сипаттама беріңіз.
Ишемиялық ауру_____________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Атеросклероз________________________________________________________________
___________________________________________________________________________ _
Инфаркт_____________________________________________________________________
___________________________________________________________________________ _


21


Page 22

«Заттардың тасымалдануы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-
аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні __________________________________________

Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Қан құрамы мен қызметін
сипаттайды.
Қан құрамы мен қызметін
сипаттауда қиналады.
Қанның формалы элементтерін
көрсетуде /эритроциттің қызметін
сипаттауда қателіктер жібереді.
Қан құрамы мен қызметін
сипаттайды.
Лейкоциттердің түрлі
типтерінің қызметтерін
сипаттайды.
Лейкоциттердің түрлі типтерінің
қызметтерін сипаттауда қиналады.
Лейкоциттердің түрлерін / түзілетін
орнын сипаттауда қателіктер жібереді.
Лейкоциттердің түрлі
типтерінің қызметтерін сипаттайды.
Гуморальдық және
жасушалық иммунитетті
салыстырады.
Гуморальдық және жасушалық
иммунитетті салыстырауда
қиналады.
Гуморальдық \ жасушалық иммунитетті
салыстыруда \ түзілетін орнын жазуда
қателіктер жібереді.
Гуморальдық және жасушалық
иммунитетті салыстырады.
Қарапайымдылар,
саңырауқұлақтар, бактериялар мен вирустар қоздыратынмен туындайтын аурулардың ерекшеліктерін және алдын алу шараларын
сипаттайды.
Қарапайымдылар,
саңырауқұлақтар, бактериялар мен вирустар қоздыратынмен туындайтын аурулардың ерекшеліктерін және алдын алу шараларын сипаттауда қиналады.

Қарапайымдылар / саңырауқұлақтар /
бактериялар / вирустар арқылы туындайтын ауруларды амебалық
қантышқақ / фитофтороз / оба / күл / лейшмания / герпес ауру түрлеріне сәйкестендіруде қателіктер жібереді.
Қарапайымдылар,
саңырауқұлақтар, бактериялар мен вирустар қоздыратынмен туындайтын аурулардың ерекшеліктерін және алдын алу шараларын сипаттайды.
22


Page 23

Қантамыр қабырғасының
құрылысы мен олардың
қызметі арасындағы
байланысты сипаттайды.

Жануарлар жүрегінің
құрылысы мен қантамырлар
жүйелерінің маңызын
сипаттайды.
Қантамыр қабырғасының
құрылысы мен олардың қызметі
арасындағы байланысты
сипаттауда қиналады.

Буылтық, буынаяқтылар және
омыртқалылардың қан айналым
жүйесін, типтерін және
айналыстағы сұйық атауын
салыстыруда қиналады.
Қан тамырлар түрлерін атауда \
ортақ құрылымдарын анықтауда \
қызметін сипаттауда қателіктер жібереді.


Буылтық \ буынаяқтылар \
омыртқалылардың қан айналым жүйесін \
типтерін \айналыстағы сұйық атауын
салыстыруда қателіктер жібереді.

Қантамыр қабырғасының
құрылысы мен олардың
қызметі арасындағы
байланысты сипаттайды.
Қантамыр жүйесі
ауруларының себептері мен
ауру белгілерін сипаттайды.
Қантамыр жүйесі ауруларының
себептері мен ауру белгілерін
сипаттауда қиналады.
Жүрек – қан айналым жүйесіне кері әсер
ететін факторларды анықтауда \ жүрек –
қан айналым жүйесі аурулары:
атеросклероз\ ишемиялық ауру \ инфаркті
сипаттауда қателіктер жібереді.

Қантамыр жүйесі ауруларының
себептері мен ауру белгілерін сипаттайды.
23


Page 24

«Тыныс алу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше Өкпе мен ұлпадағы газалмасу.
Тыныс алу және тыныс шығару механизмі
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы.

Оқыту мақсаттары 8.1.4.1 өкпе мен ұлпадағы газ алмасу механизмдерін
сипаттау
8.1.4.2 тыныс алу және тыныс шығару механизмін
түсіндіру
8.1.4.3 өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау және
қалыпты жағдайдағы және дененің физикалық жүктемесі
кезіндегі тыныс алудың минуттық көлемін анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы
• Өкпе мен ұлпадағы газ алмасу механизмдерін
түсіндіреді
• Тыныс алу және тыныс шығару механизмін сипаттайды
• Өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15 минут
Тапсырма

1 (i). Ұлпалық газ алмасу себептерін белгілеңіз.
A) ұлпа сұйықтығы мен қанның арасындағы оттегі мен көмірқышқыл газының
концентрациясының айырмашылығында
B) ұлпа сұйықтығы мен қанның құрамындағы гемоглобиннің санының
айырмашылығында
C) қылтамырлардағы қан жылдамдығының аздығы
D) артерия қан тамырларының қан жылдамдығының жоғары болуы

(ii) Тыныс алу және тыныс шығару кезінде жүретін процестердің реттілігін анықтаңыз.
1. Өкпе көлемі ұлғаяды және онда ауаның қысымы азаяды
2. Көкет пен қабырғааралық бұлшықетте жиырылады
3. Сыртқы ауаның өкпеде қозғалуы жүзеге асады
4. Ауаның бөлігі өкпеден шығады
5. Тыныс алу бұлшықеттері босаңсиды
6. Кеуде қуысы көлемі кішірейеді
7. Өкпе сығылады
8. Кеуде қуысы көлемі ұлғаяды

Тыныс алғанда:
Тыныс шығарғанда:

2. Карта тапсырма.
(i) Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз не, анықтама беріңіз.


24


Page 25

(ii) Өкпенің тіршілік сыйымдылығын қалай анықтайды,түсіндіріңіз.
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________

(iii) Адамның салауатты өмір сүру салтын ұстануда өкпенің тіршілік сыйымдылығының
байланысы қандай,түсіндіріңіз. Кестені пайдаланыңыз.





____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________

Спортшы ӨТС көрсеткіші,мл
Баскетболшы 4200
Жеңіл атлетик 4300
Жүзгіш 4900
Ескекші 5500


Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Өкпе мен ұлпадағы газ
алмасу механизмдерін түсіндіреді.
Тыныс алу және тыныс
шығару механизмін сипаттайды.
1(i) ұлпалық газ алмасу себептерін түсіндіреді; 1
(iі) тыныс алу және тыныс шығару кезінде
жүретін процестердің реттілігін анықтайды;
4
Өкпенің тіршілік
сыйымдылығын анықтайды.

2(i) өкпенің тіршілік сыйымдылығының
анықтамасын жазады;
2
(iі) өкпенің тіршілік сыйымдылығын қалай
анықтауға болатындығын түсіндіре алады;
2
(iіі) спортшылардың өкпесінің тіршілік
сыйымдылықтарын білу арқылы салауатты
өмір салтын ұстану қағидасын түсіндіреді.
6
Жалпы балл саны 15

25


Page 26

«Тыныс алу » бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні __________________________________________

Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Өкпе мен ұлпадағы газ
алмасу механизмдерін
түсіндіреді.
Өкпе мен ұлпадағы газ алмасу
механизмдерін түсіндіруде қиналады.
Ұлпалық газ алмасу себептерін
түсіндіруде қателіктер жібереді.
Өкпе мен ұлпадағы газ алмасу
механизмдерін түсіндіреді.
Тыныс алу және тыныс
шығару механизмін
сипаттайды.
Тыныс алу және тыныс шығару
механизмін сипаттауда
қиналады.
Тыныс алу \ тыныс шығару кезінде
жүретін процестердің реттілігін
анықтауда қателіктер жібереді.
Тыныс алу және тыныс шығару
механизмін сипаттайды.
Өкпенің тіршілік
сыйымдылығын анықтайды.

Өкпенің тіршілік
сыйымдылығын анықтауда қиналады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығының
анықтамасын жазуда \ тіршілік
сыйымдылығын анықтауда \
спортшылардың өкпесінің тіршілік
сыйымдылықтарын білу арқылы салауатты өмір салтын ұстану қағидасын түсіндіруде қателіктер
жібереді.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығын
анықтайды.
26


Page 27

3 – тоқсан
«Бөліп шығару» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Адамның зәр шығару мүшелері.
Бүйректің құрылымдық бірлігі.
Терінің құрылысы мен қызметі.
Тері ауруларының алдын алу.

Оқыту мақсаттары 8.1.5.1 адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің
құрылысы мен қызметін сипаттау
8.1.5.2 бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу
8.1.5.3 терінің құрылысы мен оның бөліп шығарудағы
маңызын сипаттау
8.1.5.4 тері ауруларының алдын алу шараларын түсіндіру

Бағалау критерийі Білім алушы
• Адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің
құрылысы мен қызметін сипаттайды
• Бүйректің құрылымдық бөліктерін анықтайды
• Терінің құрылысы мен оның бөліп шығарудағы
маңызын сипаттайды
• Тері ауруларының алдын алу шараларын
сипаттайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 20 минут

Тапсырма

1(i) Суретте көрсетілген зәршығару мүшелерінің реттілігін анықтаңыз.

A) бүйрек, қуық, несепағар, нефрон
B) қуық, несепағар, нефрон,бүйрек
C) несепағар, нефрон, бүйрек, қуық
D) нефрон, бүйрек, несепағар, қуық


27


Page 28

(ii). Бүйрек және нефрон құрылысының құрылымдарын атаңыз.

Бүйрек құрылымы:
1.____________________________________________________________________________
2.____________________________________________________________________________
3.____________________________________________________________________________
4.____________________________________________________________________________
5.____________________________________________________________________________


Нефрон құрылымы:
А.____________________________________________________________________________
B.____________________________________________________________________________
C.____________________________________________________________________________

(iiі). Суретте берілген №2, 3, 4 және 5 бүйрек құрылымының атқаратын қызметін
сипаттаңыз.
№2___________________________________________________________________________
№3___________________________________________________________________________
№4___________________________________________________________________________
№5___________________________________________________________________________

в. Нефрон құрылысына сипаттама беріңіз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________

2 (і) Бөліп шығарудың маңызын жазыңыз.






(іі) Кестені толтырыңыз.

Тері аурулары Қышыма Безеу
Белгілері
Алдын алу шаралар


28


Page 29

Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Адамның зәр шығару
жүйесі мүшелерінің
құрылысы мен қызметін
сипаттайды.
1(i) адамның зәршығару жүйесінің
мүшелерінің реттілігін анықтайды;
1
Бүйректің құрылымдық
бөліктерін анықтайды.
(іі) суретте берілген бүйректің және
нефронның құрылысын атайды;
8
(iiі) суреттегі бүйректің №2, 3, 4 және 5
құрылымдарының қызметін
сипаттайды;
4
b нефронның қызметін сипаттайды; 1
Терінің құрылысы мен
оның бөліп шығарудағы маңызын сипаттайды.

Тері ауруларының
алдын алу шараларын
сипаттайды.
2(i) бөліп шығарудың маңызын
сипаттайды;
2
(iі) тері аурулары: қышыма,безеудің
белгілері мен алдын алу шараларын түсіндіреді.
4
Жалпы балл саны 20


29


Page 30

« Бөліп шығару» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні __________________________________________

Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Адамның зәр шығару жүйесі
мүшелерінің құрылысы мен
қызметін сипаттайды.
Адамның зәр шығару жүйесі
мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттауда
қиналады.
Зәршығару мүшелерінің реттілігін
анықтауда қателіктер жібереді.
Адамның зәр шығару жүйесі
мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттайды.
Бүйректің құрылымдық
бөліктерін анықтайды.
Бүйректің құрылымдық
бөліктерін анықтауда қиналады.
Бүйректің \ нефронның құрылысын
атауда \ суреттегі бүйректің №2,3,4
және 5 құрылымдарының \ нефронның
қызметін сипаттауда қателіктер
жібереді.
Бүйректің құрылымдық
бөліктерін анықтайды.
Терінің құрылысы мен оның
бөліп шығарудағы маңызын
сипаттайды.
Тері ауруларының алдын алу
шараларын сипаттайды.
Терінің құрылысы мен оның
бөліп шығарудағы маңызын
сипаттауда қиналады.
Бөліп шығарудың маңызын толық
сипаттауда қателіктер жібереді.
Терінің құрылысы мен оның
бөліп шығарудағы маңызын
сипаттайды.
Тері ауруларының алдын алу
шараларын сипаттауда қиналады.
Тері аурулары:қышыма \ безеудің
белгілері \ алдын алу шараларын
түсіндіруде қателіктер жібереді.
Тері ауруларының алдын алу
шараларын сипаттайды.
























30


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!