БИОЛОГИЯ
ЧЕКЛИСТ
1.Ең алғаш сілекей бездері пайда болған жануар – Жауынқұрт.
2.Бүйректің функциялық бірлігі – Нефрон.
3.Микроскопсыз көрінетін,бүйректің ішкі қабытында жиналған
жіңішке жіпшелер – Бүйрек пирамидалары.
4.Көлеңке сүйгіш өсімдіктер – Саумалдақ,інжугүл.
5.Шала түрленіп дамитын ағзалар – Дәуіт,шегіртке,тарақан,бит.
6.Көңіл күй гормоны – Адреналин.
7.Гендік мутация түрлері – Басыңқы(доминантты),жартылай
доминанты,басылыңқы(рецессивті).
8.Ортаңғы құлақ бөлімдері – Балғашық,төстік,үзеңкі.
9.Ксилема арқылы тасымалданатын заттар – Су және минеральды
тұздар.
10.Эволюцияның басты қозғаушы күші – Табиғи сұрыпталу.
11.Сілекей бездері – Шықшыт,тіласты,алқым.
12.Сумен тозаңданатын өсімдіктер – Лалагүл,тұңғиық.
13.Бөлінуге дайындық кезең - Интерфаза.
14.Бұлшықеттің негізгі қасиеті – Жиырылғыштық.
15.Ферменттерді зерттеййтін ғылым - Энзимология.
16.Нәрестелердің қатаймаған маңдай бөлігі – Еңбек.
17.Жүйке ұлпасының негізгі жасушасы - Нейрон.
18.Адам және жануардың негізгі қордағы көмірсуы – Гликоген.
19.Механикалық қызмет атқаратын сүйек нәруызы - Оссеин.
20.Үшқұлақты-күрделі жапырақты өсімдік – Құлпынай,беде.
21.Қызылиектен шығып тұратын тіс бөлігі – Тіс қаптамасы.
22.Микробтардың әсерінен дентин зақымдалатын ауру – Тісжегісі.
23.Ағзадағы ең ірі без – Бауыр.
24.Қауіпті асқазан-ішек аурулары –
Дизентерия(тышқақ),ішсүзегі(тиф),тырысқақ(холера).
25.Дұрыс тамақтану туралы ғылым – Диетология.
26.Суда еритін дәрумендер – С,РР,В тобы.
27.Бір ұшы бас сүйекке,екінші ұшы теріге бекитін бұлшықет –
Мимикалық бұлшықет.
28.Жай буынға жатады – Иық буыны.
29.Ересек адамдарда өсу гормонынның көп бөлінуінен пайда
болатын ауру – Акромегалия.
30.Ерлердің жыныс гормоны - Тестостерон.
31.Энтодерма қабатында түзіледі – Асқорыту жүйесі,тері безінен
басқа барлық бездер,өкпе және тыныс алу мүшелері.
32.Қолдан сұрыптаудың түрлері – Мақсатсыз,әдістемелік(мақсатты).
33.Арқармеринос қойын алған ғалымдар –
И.Бутарин,Ә.Есенжолов,А.Жандеркин.
34.Мутуализмге мысал – Қына-саңырауқұлақ пен балдырлардың
симбиозы.
35.Жапырағында ылғал жинайтын суккуленттер –
Агава,алоэ,бозкілем.
36.Тегіс ЭПТ синтезделеді – Майлар мен көмірсулар.
37.Туу мен өлім арасындағы айырмалық – Популяция өсімі.
38.Арамшөптерді жояға бағытталған пестицидтер - Гербицидтер.
39.Панкреатин сөлінің басты ферменті – Липаза.
40.Бұлшық еттің қажуының үш себебі – Оттектің
жетіспеушілігі,сіңірдің созылуы,бұлшықетті бақылайтын жүйке
орталықтарының қажуы.
41.Бүйректің қабынуы - Пиелонефрит.
42.Өрмекшітәрізділердің барлығының құрамында азот бар
пуриндік негіз - Гуанин.
43.Стимулдайтын фитогормондар –
Ауксин,гиббереллин,цитокинин.
44.Ең алғаш Г.Мендель қолданған әдіс - Гибридологиялық.
45.Жіпше тәрізді көк-жасыл балдыр – Анабена.
46.Ғаламшарда тек бір жерде тіршілік ететін ағзалар – Эндемиктер.
47.Өсімдіктің жасыл бөліктерінің суды буландыруы -Транспирация.
48.Клайнфельтер ауруының синдромы – Жыныс бездері дұрыс
жетілмейді,ақылы кем болады,аяқ-қолы шамадан тыс ұзын,денесіне
сәйкес келмейді.
49.Суды тасымалдаудың үш жолы –
Апопластық,симпластық,вакуольдық.
50.Каллус өсірінді арқылы көбейтеді – Қант қызылшасы,күнбағыс.