Материалдар / Биология пәні бойынша тест жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Биология пәні бойынша тест жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәні бойынша тест жинағы
Авторы:
27 Мамыр 2024
825
51 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Биология

Вариант-1

Нұсқау: Сізге берілген төрт жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі.

  1. Органикалық заттарды түзетіндер

  1. Автотрофтар

  2. Гетеротрофтар

  3. Редуценттер

  4. Консументтер

  1. Минералды қоректенуді жүзеге асыратын өсімдік мүшесі

  1. Тамыр

  2. Жеміс

  3. Гүл

  4. Тұқым

  1. Фотосинтезге қабілетті организм

  1. Цианобактерия

  2. Лейшмания

  3. Жұмыр құрт

  4. Сіреспе таяқшасы

  1. Әйелдің жіңішке дауысын қалыптастыратын гормон

  1. вазопрессин

  2. тимозин

  3. тироксин

  4. эстрадиол

Picture 1













  1. Суретте берілген синапс түрі

  1. Нейронаралық

  2. Нейрон-нейрон синапсы

  3. Нейрон-бұлшық ет синапсы

  4. Нейрон-безді синапс

  1. Гидраның жыныссыз көбеюі

  1. Бөліну

  2. Конъюгация

  3. Телу

  4. Бүршіктену

  1. Мономерлері бірдей ретті полимер

  1. Гемоглобин

  2. Целлюлоза

  3. РНҚ

  4. ДНҚ



  1. Бактерия жасушасының негізгі тірегін құрайтын полимер

  1. Миозин

  2. Оссеин

  3. Муреин

  4. Коллаген

  1. Ч.Дарвиннің пікірінше эволюцияның басты қозғаушы күші

  1. Қолдан сұрыптау

  2. Жасанды сұрыптау

  3. Табиғи сұрыптау

  4. Әдістемелік сұрыптау

  1. Вирустық ауру түрі

  1. Сүзек

  2. Гепатит

  3. Ботулизм

  4. Тырысқақ

  1. Суккуленттер өсетін аймаққа бейімделген ағза

  1. Құтан

  2. Ондатр

  3. Дельфин

  4. Кесіртке

  1. Хромопротеиндердің негізгі өкілі

  1. Кератин

  2. Глютелин

  3. Коллаген

  4. ГPicture 2 емоглобин

  1. Лейкоциттер түзіледі

  1. Сүйек кемігінде

  2. Плазмада

  3. Ұлпа сұйықтығында

  4. бауырда

  1. Энергетикалық алмасудың үшінші кезеңінің нәтижесі

  1. Глюкоза екі пируватқа ыдырайды

  2. Сүтқышқылы түзіледі

  3. Су және көмірқышқыл газы түзіледі

  4. Жасушада сүтқышқылы жиналады









  1. Демтүтікпен тыныс алатын ағза көрсетілген сурет номері

  1. 2

  2. 3

  3. 1

  4. 4

  1. Денесінің рең тұтастығы жойылатын бейімделуге мысал

  1. Кесіртке, жылан

  2. Ханқыз, тарақан

  3. Дәуіт, шегіртке

  4. Зебра, жолбарыс



  1. Арыстанды патшалық-тип-класс бойынша жіктеңіз

  1. Жануарлар-желілер-сүтқоректілер

  2. Жануарлар-омыртқалылар-қағанақсыздар

  3. Жануарлар-омыртқасыздар-бассүйексіздер

  4. Жануарлар-омыртқалылар-бассүйексіздер

  1. Сүйек зақымданған соң қалпына келтіретін сүйек жасушасы

  1. Остеокластар

  2. Окситоцин

  3. Остеобластар

  4. Остеон

  1. Зиянды қалдықтар мен қоректік заттарды ыдырататын органоид

  1. Рибосома

  2. Центриоль

  3. Полисома

  4. Лизосома

  1. Үрмебұршақ өсімдігінің шығу орталығы

  1. Абиссиния

  2. Орталық Америка

  3. Оңтүстік Америка

  4. Жерорта теңізі

Нұсқау: Сізге контекст негізіндегі ұсынылған төрт жауаптан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары беріледі. Контексті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.

Хромосомалық аурулардың пайда болу механизмі



















Көптеген хромосомалық аурулардың пайда болу себебі, хромосома сандарының немесе хромосома құрылымының бұзылуы болып табылады. Оған мутагендәк факторлар әсер етеді. Ол ауытқулар аутосомалық және жыныстық хромосомаларда орын алады. Хромосомалық ауытқуларға аутосомалық 13, 18, 21-хромосомалардағы трисомиялар, Патау, Эдвардс, Шерешевский-Тернер, Клайнфельтер және т.б. синдромдары жатады.

  1. Клайнфельтер синдромындағы жалпы хромосома жиынтығымен жыныс хромосомасындағы өзгеріс

  1. 47, XXY

  2. 23, XXX

  3. 18, XXY

  4. 45, XO



  1. Хромосомалық аурулар пайда болады

  1. ДНҚ-нің редупликациялануынан

  2. Хромосома санының артуынан

  3. Жасушалардың мейоздық бөлінуінен

  4. Жасушалардың митоздық бөлінуінен

  1. Суретте С әрпімен берілген синдром

  1. Патау

  2. Даун

  3. Шерешевский-Тернер

  4. Эдвардс

  1. Суретте А әрпімен берілген синдром

  1. Аддисон

  2. Алып еркек

  3. Шерешевский-Тернер

  4. Даун синдромы

  1. Суретте В әрпімен берілген синдромға тән белгі

  1. Аяқ-қолы шамадан тыс ұзын

  2. Бас сүйегі, кұлақтары кішкентай

  3. Мойыны жуан және бойы қысқа

  4. Көру мүшесінің мүкістігі айқын

Нұсқау: Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі.

  1. Белсенді (активті) тасымал түр(-лер)і

  1. Алмасу диффузиясы

  2. Пиноцитоз

  3. Қарапайым диффузия

  4. Иондық сорғы

  5. Газдардың тасымалдануы

  6. Фагоцитоз

  1. Г. Мендельдің генетикалық заңдылығы (заңдылықтары)

  1. Ажырау

  2. Геномдық

  3. Хромосомалық

  4. Ұрықтық ұқсастық

  5. Басымдылық

  6. Биогенетикалық

  1. Толық түрленіп дамитын жәндік(-тер)

  1. Шегіртке

  2. Шыбын

  3. Дәуіт

  4. Қоңыз

  5. Тарақан

  6. Маса

  1. Жануарларда болатын ұлпа тұр(-лер)і

  1. Дәнекер

  2. Өткізгіш

  3. Жүйке

  4. Тірек

  5. Негізгі

  6. Бұлшықет



  1. Тірек-қимыл жүйесінің ауру(-лар)ы

  1. Гипокинезия

  2. Омыртқаның қисаюы

  3. Жалпақтабандылық

  4. Гипертония

  5. Баспа

  6. Ботулизм

  1. Адамның тыныс алу мүшесі (мүшелері)

  1. Бауыр

  2. Мұрын қуысы

  3. Қарын

  4. Көмей

  5. Бүйрек

  6. Кеңірдек

  1. Бақаның алдынғы аяғының бөлім(-дер)і

  1. Қары

  2. Сан

  3. Сирақ

  4. Алақан

  5. Табан

  6. Білек

  1. А.И.Опарин бойынша тіршіліктің қалыптасуының үшінші кезеңіндегі үдеріс(-тер)

  1. Коацерват эволюциясы

  2. Жасушалардағы эндосимбиоз

  3. Цианобактериялардың түзілуі

  4. Коацерват тамшыларының түзілуі

  5. Коацервация үдерісі

  6. Прокариоттың пайда болуы

  1. Орталық Америка орталығынан шыққан өсімдік(-тер)

  1. Құмай

  2. Мақта

  3. Жүгері

  4. Какао

  5. Ноқат

  6. Банан

  1. Келесі ұрпақтарда генетикалық аурулар санын болжауға мүмкіндік беретін зерттеу әдіс(-тер)і

  1. Цитогенетикалық

  2. Биохимиялық

  3. Иммунологиялық

  4. Генеологиялық

  5. Популяциялық-статистикалық

  6. генетикалық














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!