400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Биология пәнінен 8-9 сыныпқа ПИЗА есептері

Материал туралы қысқаша түсінік
8-9 сыныптарға биология пәнінен ПИЗА есептері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Биология пәнінен 8-9 сыныпқа арналған PISA тапсырмалары

Жаратылыстану бағытындағы PISA 8 -9 сыныбында оқушының функционалдық сауаттылығына, жан-жақты болуына, өзінің ісіне сыни көзқарас қалыптастыра алуына жағдай жасайды. Оқушының білім, білік, дағдылары ерекшеліктеріне сәйкестендіріп биологиядан 6 деңгейлі құрылымын айқындайтын тест тапсырмаларын құрастырып және шешу жолдарын ұсынып отырмын.



Тақырыбы: Қан (Денсаулық )

1 тапсырма Кан жасушаларының атауын суретпен сәйкестендіріңіздер.


  1. 2- 3-

  1. Эритроцит

  2. Лейкоцит

  3. Тромбоцит

1 балл

Жауабы: 1-С, 2-А, 3-В

2 тапсырма. Келесі сұрақтарға жауап беру үшін «безгек» мәтінін пайдаланыңыздар.


«БЕЗГЕК»

Безгек (Маlаrіа - безгек) — бұл инфекциялық қан ауруы,ол адамды қалтыратып, аласұрғызады. Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алатын шыбын-шіркейлер, маса-соналар инфекциясын түсіреді, бірнеше мәрте қайталатын ауру түрі. Көбінесе безгек масасының шағуынан жұғады. V ғасырдан бері белгілі, балшық маңындағы тропикалық немесе субтропикалық аумақтарда кең тараған. Паразиттің қауіптілігі XX ғасыр басында анықталды. Жыл сайын әлемде дәл осы ауруға 250 млн. адам шалдығып, оның 2 млн-ы қайтыс болады. Безгек басқа паразит түрлеріне қарағанда ауырлау, тіпті соңы өлімге әкеледі. Бұлар қанды қызыл жасуша ішінде тез тарайды. Кейін адам 4-10 сағатқа жуық тітіркеніп, қызуы 40,6-ға дейін көтеріледі және басы қатты ауырады. Безгекпен күресудің бірден бір жолы осыны таратушы масаларды жою.

Сұрақ:

Адам бұл мәтінді оқып, былай ойланады: «Безгек – халықтың денсаулығына қауіп-қатер болып табылады». Өз жауаптарыңызды негіздеу үшін мәтінді қолданыңыздар.


  1. Иә

  2. Жоқ

2 балл

Жауабы: Иә. Себебі, 1) Безгек — бұл инфекциялық қан ауруы,ол адамды қалтыратып, аласұрғызады. 2) Жыл сайын әлемде дәл осы ауруға 250 млн. адам шалдығып, оның 2 млн-ы қайтыс болады.





3 тапсырма «Безгек» қандай қан жасушасында тез таралады.

  1. Лейкоцит

  2. Эритроцит

  3. Қан жасушалары

  4. Тромбоцит

1 балл

Жауабы: В

4 тапсырма

Біздің Қазақстанда масалар жаз мезгілінде көп болады. Адамдарды масалар шаққанда

неге осы ауру бізде тіркелмейді. Өз жауаптарыңызды негіздеу үшін мәтінді қолданыңыздар.

2 балл

Жауабы: 1) Бұл ауру безгек масасының шағуынан жұғады . Мұндай маса бізде кездеспейді. 2) V ғасырдан бері белгілі, балшық маңындағы тропикалық немесе субтропикалық аумақтарда тараған. Қазақстан қоңыржай аумағында орналасқан



5 тапсырма Безгек ауруы адамнан адамға қалай жұғады және алдын алу шаралары.


Жауабы: 1) Безгек масасы безгек аурумен ауратын адамды шағып, содан кейін сау адамды шақса жұғады. 2) Алдын алу шарасы: вакцина салу.

2 балл

6 тапсырма Безгек паразиті-қантұрғыннан басқа ауру тудыратын қарапайым туралы әнгімеле.

2 балл

Жауабы: ДИЗЕНТЕРИЯЛЫ АМЕБА

Дизентериялы амеба, адамда қанды iш өтудi тудыратын дизентерияның қоздырушысы болып табылады. Амебаның гаметалары адам нәжiсiмен сыртқы ортаға түсiп, ұзақ уақыт бойы тiршiлiгiн сақтайды. Адам организмiне түскен төрт ядролы гаметалар өте қауiптi. Гаметалар суға, көкөнiстерге, қолға, асқа (тамаққа, шыбындар арқылы түседi), түрлi заттарға түседi, сонан соң адамның аузына түседi. Осы заттармен олар қарын мен iшекке барады. Бұл ортада гаметаның қабығы еридi. Әр ядро екiге бөлiнiп, сегiз ядролық амебаны түзейдi, одан ұрпақ жасушалар пайда болады.

Амебалар адамның тоқ iшегiнде ешқандай зиян келтiрмей тiршiлiк ете алады. Бiрақ кейбiр жағдайларда амебалар ұлпалық патогендi түрлерге айналып, iшектiң қабырғасына енiп қабыну процесi мен жаралардың түзiлуiн тудырады. Дизентериялы амебалар жаралардан қан арқылы бауырға, өкпеге, миға және де басқа мүшелерге өтiп, адам өлiмiне әкелетiн, iрiңнiң жиналуын тудыра алады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
6 қаңтар
4193
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі