Материалдар / Биология пәнінен МОДО тапсырмалары жауаптарымен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Биология пәнінен МОДО тапсырмалары жауаптарымен

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәнінен МОДО тапсырмалары жауаптарымен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Сәуір 2024
453
5 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢҒЫРТУ ОРТАЛЫҒЫ» МКҚК
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп гимназиясы

«Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі»
(тест жинағы)

Астана, 2022ж

1 – нұсқа
Жасуша – тіршіліктің негізгі құрылымдық және қызметтік бірлігі. Барлық
ағзалар жасушалардан тұрады. Әрбір жасушаға тірі ағзалардың қасиеттері:
көбею, өсу, зат алмасу, тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік, қартаю және т.б.
тән. Тірі ағзалардың барлық жасушалары өзара химиялық құрамы мен
құрылысы бойынша ұқсас. Бактерия жасушасында ядро жоқ, тек қабықшасы
мен цитоплазмасы болады. Сондықтан оларды прокариоттар – ядросы
қалыптаспаған (ядро түзілгенге дейін пайда болған) деп атайды. Өсімдік,
саңырауқұлақ және жануар жасушалары үш бөліктен: қабықша, цитоплазма
мен ядродан тұрады.
1. Құрамында ядросы бар ағзалар
A. Эукариот
B. Прокариот
C. Микрокок
D. Бацилла
E. Тетрада
2. Нәруыз биосинтезін жүзеге асырады
A. Гольджи жиынтығы
B. Лизосома
C. Вакуоль
D. Рибосома
E. Ядрошық
3. Асқорыту ферменттеріне толы мембрана көпіршіктері
A. Вакуоль
B. Ядро
C. Митохондрия
D. Рибосома
E. Лизосома
4. Микротүтікшелердің екі триплетінен тұратын мембраналы емес
органоид
A. Пластид
B. Митохондрия
C. Жасуша орталығы
D. ЭПТ
E. Рибосома

Суретте әртүрлі ағзалардың жасушалары берілген

Эукариоттар – құрамында ядросы бар ағзалар. Ядро және басқа да
құрылымдары жасуша цитоплазмасында болады және олар органоидтер деп
аталады. Барлық органоидтер белгілі бір қызмет атқарады. Ядро бүкіл
химиялық үдерістерді нәруыздар-ферменттер синтезі арқылы бақылап,
жасуша тіршілігін басқарады. Олар көбінесе жасуша орталығында болады.
Бірақ қартайған өсімдік жасушасында барлық дерлік жасуша кеңістігін
орталық ірі вакуоль алып жатуы мүмкін. Сонда цитоплазма қалдығы бар ядро
жасуша қабықшасына жақын орналасады.
5. Суретте 3 санымен берілген жасуша қай ағзаға тән екенін
анықтаңыз
A. Жануар
B. Өсімдік
C. Бактерия
D. Вирус
E. Стрептокок
6. Тек өсімдіктерге тән екі мембраналы органоид
A. Вакуоль
B. Митохондрия
C. Пластид
D. Рибосома
E. Жасуша орталығы
7. Май мен нәруызды заттардан түзіліп, жасушаның сыртын
қаптайды
A. Цитоплазма
B. Плазмалық мембрана
C. Ядро
D. ЭПТ
E. Гольджи жиынтығы
8. Өз майлары мен көмірсуларын синтездеп, жасуша ішіне заттар
тасымалдау қызметін атқарады
A. Цитоплазма
B. Гольджи аппараты
C. Рибосома
D. Ядро
E. Митохондрия

2 – нұсқа
Ұлпа – құрылысы, шығу тегі және атқаратын қызметі бойынша ұқсас
жасушалар тобы. Олардың әрбір типі белгілі бір тарихи кезеңде қалыптасты.
Ұлпалар түзілгенге дейін тек төменгі сатыдағы өсімдіктер (балдырлар) мен
қарапайым жануарлар (біржасушалылар немесе колония құрып тіршілік
ететіндер) тіршілік етті. Жоғары сатыдағы өсімдік және жануар ағзалары
әртүрлі ұлпа типтерінен құрылған. Ұлпалардың әрбір типі тип
тармақшаларынан тұрады. Өсімдіктерде ұлпалардың 6 типі: түзуші, негізгі,
жабын, механикалық (тірек), өткізгіш және бөліп шығарушы болады.
1. Құрылысы, шығу тегі және атқаратын қызметі ұқсас жасушалар
мен жасушааралық заттар жиынтығы
A. Жасуша
B. Мүше
C. Ұлпа
D. Ағза
E. Популяция
2. Барлық ұлпалар мен мүшелерді түзеді
A.
Жабын ұлпасы
B.
Түзуші ұлпа
C.
Өткізгіш ұлпа
D.
Тірек ұлпасы
E.
Бөліп шығарушы ұлпа
3. Су және қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен екінші
мүшесіне өткізеді
A.
Жабын ұлпасы
B.
Түзуші ұлпа
C.
Өткізгіш ұлпа
D.
Тірек ұлпасы
E.
Бөліп шығарушы ұлпа
4. Көпжылдық өсімдіктерде болады, жасушалары алғашында тірі
болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап, түсі қоңырлау өлі
жасушаларға айналады
A. Өң
B. Тоз
C. Қыртыс
D. Өткізгіш ұлпа
E. Бөліп шығарушы ұлпа
Жануарларда ұлпалардың 4 типі: эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке
ұлпалары болады.

5. Қорғаныш және бүйрек пен ішекте заттарды сіңіру қызметін
атқаратын ұлпа
A. Дәнекер ұлпасы
B. Бұлшық ет ұлпасы
C. Жүйке ұлпасы
D. Жабынды эпителий ұлпасы
E. Безді эпителий ұлпасы
6. Байлам, сіңір, қан тамырлары қабырғасының негізін құрайды
A. Дәнекер ұлпасы
B. Бұлшық ет ұлпасы
C. Жүйке ұлпасы
D. Эпителий ұлпасы
E. Түзуші ұлпа
7. Жүйке ұлпасының негізгі жасушалары
A. Миоцит
B. Лейкоцит
C. Нейрон
D. Нефрон
E. Остеоцит
8. Бұл ұлпаның жасушалары бір ядролы және қажымайды
A. Дәнекер
B. Жүйке
C. Эпителий
D. Көлденең жолақты бұлшық ет
E. Біріңғай салалы бұлшық ет
3 – нұсқа
Биологиядағы жүйелеу — тірі ағзалар белгілі бір сипаттамаларға сәйкес
жіктеуге мүмкіндік беретін ғылым. Бұл жүйенелетін жануарларды бір-біріне

жақындатуға немесе алыстатуға мүмкіндік береді; бұл олардың өзара тарихи
қалыптасқан заңдылық байланыстарын бейнелейді. Бұндай жүйелеу
органикалық әлемнің көптеген әртүрлі жануарлар дүниесінен хабардар
болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол маңызды ақпараттың көзі бола
алады. Жүйелеудің практикалық және болжамдаушылық маңызы өте жоғары
бағаланады. Жүйелеудің негізгі бірлігі ретінде түр ұғымын ғылымға енгізген
швед ғалымы Карл Линней (1707-1778) болды. Ғалымдар жаңа түрлерді
ашып сипаттады және оларға атау берді. Алғашқыда атаулар сол түрді ашқан
зоологтің ана тілінде берілген болатын. К.Линней түрлерді атауда
жалпыхалықаралық латын тілін пайдалануды ұсынды.
1. Құрылысы, тіршілік ету ортасы ұқсас, өзара шағылысып ұрпақ
бере алатын және белгілі аумақта қоныстанған даралар жиынтығы
A. Тұқымдас
B. Отряд
C. Түр
D. Тип
E. Класс
2. Бүкіл тірі ағзаларды сипаттайтын және топ бойынша бөлетін
биология бөлімі
A. Жүйелеу (систематика)
B. Микробиология
C. Биотехнология
D. Бриология
E. Альгология
3. Белгілі бір ареалда ұзақ уақыт басқа популяциялардан оқшау
тіршілік ететін, бір түрге жататын даралар тобы
A. Патшалық
B. Популяция
C. Топ
D. Туыс
E. Отряд
4. Карл Линнейдің 1973 жылы жарияланған қай еңбегі жүйелеуді
биологияның жаңа бөлімі ретінде анықтады
A. «Түрлердің шығу тегі туралы»
B. «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы»
C. «Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі»
D. «Табиғат шежіресі»
E. «Бинарлы номенклатура»
Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін)
– мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден,
аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын
барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық
өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын
болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды
пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті.
Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін

ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда
зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.
5. Ауылшаруашылық өсімдіктерін қорғау үшін қолданылатын
химиялық зат
A. Протист
B. Азот
C. Сутегі мен көміртегі
D. Пестицид
E. Редуцент
6. Арамшөптерді жоюға бағытталған пестицид
A. Гербицид
B. Инсектицид
C. Фунгуцит
D. Ауксин
E. Гиберилин
7. Бунақденелілерді жоюға бағытталған пестицид
A. Ауксин
B. Гиберилин
C. Фунгуцит
D. Инсектицид
E. СО2
8. Саңырауқұлақтарды жоюға бағытталған пестицид
A. Гербицид
B. Инсектицид
C. Фунгуцит
D. Ауксин
E. Гиберилин
4 – нұсқа
Жапырақ - жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу,
буландыру, қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі. Ол негізгі
өркеннің жанама бұтақтарының қысқаруынан пайда болады. Жапыраққа
беріктілік, серпімділік қасиет беретін, оның “қаңқасын” құрайтын талшықтар
жапырақ жүйкесін құрайды. Жапырақ жүйкесінің құрамында әртүрлі
жасушалардан құралған негізгі өткізгіш ұлпа - ксилема; өсімдікте
органикалық заттарды таситын және өсімдіктің арнайы мүшелерінде қор
жинауға қатысатын түтікті-талшықты күрделі ұлпа — флоэма болады.
1. Тамыр арқылы жүзеге асатын қоректену түрі
a) Ауа арқылы
b) Жел арқылы
c) Күн арқылы
d) Минералды
e) Механикалық
2. Жапырақ қызметіне жатпайды
a) Фотосинтез
b) Судың булануы

c) Газ алмасу
d) Тұздар сіңіру
e) Қор жинау
3. Жапрықтың сыртқы құрылысына жатады
a) Борпылдақ мезофилл
b) Бағаналы мезофилл
c) Өткізгіш шоқ
d) Жапырақ тақтасы
e) Жанаспалы жасуша
4. Жанаспал жасушалар ортасында орналасады
a) Борпылдақ мезофилл
b) Бағаналы мезофилл
c) Өткізгіш шоқ
d) Тыныс саңылауы
e) Өң жасушалары
Қанайналым жүйесі — денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз
қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Көптеген
омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталмаған, яғни қан
тамырларының аралықтарында қан құйылатын саңылаулы қуыстар болады.
Адам мен барлық омыртқалы жануарларда және кейбір жоғары сатыдағы
омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталған, яғни қан тек бірбірімен толық байланысып жалғасып жатқан қан тамырлары арқылы ғана
қозғалады.
5.
Алғаш рет қан және қантамырлар жүйесі пайда болды
A. Ұлуларда
B. Бунақденелілерде
C. Буылтық құрттарда
D. Балықтарда
E. Қосмекенділерде
6.
Буылтық құрттардың қан тамырлар жүйесі
A. Тұйық
B. Ашық
C. Артерия
D. Вена
E. Қан тамырлар жүйесі жоқ
7.
Буылтық құрттарда жүректің рөлін атқарады
A. Қалың 5 буылтық тамыр
B. Жүрек
C. Жүрекше
D. Қарынша
E. Арқа қантамыры
8.
Ұлулардың қан айналым жүйесі
A. Тұйық
B. Ашық
C. Артерия

D. Вена
E. Қан тамырлар жүйесі жоқ
5 – нұсқа
Адам тістерінің типтері басқа сүтқоректілер сияқ ты күрек тіс, ит тіс, кіші
және үлкен азу тістер болып бө лінеді. Ересек адамда 32 тіс болады. Олар
үстіңгі және астыңғы жақ сүйектеріндегі ұяшықтарға бекінген. Әрбір жақ
сүйекте 16 тістен орналасқан. Тістердің пішіні әртүрлі. Кесетін жиегі бар
тістер – күрек тістер немесе алдыңғытістер деп те атайды. Олардың қызметі
асты «кесу», яғни тістеуден тұрады. Саны – 8. Күрек тістердің екі шетінде
пішіні үшкірлеу келген ит тістер орналасқан. Олардың саны – 4.
Жыртқыштар отрядында бұл тістер жақсы жетілген, сол үшін оларды иттістер деп атайды.
1. Қызыл иектен шығып тұратын тіс бөлігі
A. Түбірі
B. Тіс қаптамасы
C. Мойны
D. Кіреуке
E. Пульпа
2. Тістің қызыл иекпен жабылған бөлігі
A. Мойны
B. Түбірі
C. Кіреуке
D. Тіс ұяшығы
E. Пульпа
3. Тістегі жүйке талшықтары мен қан тамырлары түсетін тесік
A. Мойны
B. Түбірі
C. Кіреуке
D. Жұмсақ ұлпа (пульпа)
E. Тіс қаптамасы
4. Ағзаның ең қатты ұлпасы
A. Мойны
B. Дентин
C. Кіреуке
D. Цемент заты
E. Түбірі
Суретте тістің топтары берілген

5. Күрек тіс көрстілген санды анықтаңыз
A. 1
B. 2
C. 3

D. 4
E. Адамда күрек тіс жоқ
6. Күрек тістің екі шетінде пішіні үшкірлеу келген тістер
A. Азу тіс
B. Ит тіс
C. Күрек тіс
D. Кіші азу тіс
E. Үлкен азу тіс
7. Кесетін жиегі бар тістер
A. Азу тіс
B. Ит тіс
C. Күрек тіс
D. Кіші азу тіс
E. Үлкен азу тіс
8. Сүт тістері түсе бастайды
A. 10-11 жаста
B. 6-7 жаста
C. 20 жаста
D. 2 жаста
E. 18-20 жаста
6 – нұсқа
Дәрумендер (витамин; лат. вита – тіршілік) – тіршілік етуге қажет ерекше
органикалық заттар. Дәрумендердің биологиялық белсенділігі өте жоғары.
Барлық дәрумендер белгілі бір үдеріске қана емес, ағзадағы үдерістер
кешеніне әсер етеді. Дәрумендердің көпшілігі азық-түлік құрамында болады,
кейбірі ағзада синтезделеді. Ағза қалыпты жұмыс істеуі үшін шамамен
дәрумендердің 20 түрі керек.
1.
Дұрыс тамақтану туралы ғылым
A. Биология
B. Зоология
C. Альгология
D. Диетология
E. Герпеталогия
2.
Дәрумендерді 1880 жылы ашты
A. Р.Гук
B. Н.И.Лунин
C. Ч.Р.Дарвин
D. И.Мечников
E. Ф.М.Мұқамедқақи
3.
Суда еритін дірумендер
A. К,Е,Д
B. А, С,В1
C. С, РР, В
D. В1, В2,В3
E. А,Д,Е
4.
Майда еритін дңрумендер

A.
B.
C.
D.
E.

К, Е, Д, А
В1, В2,В3
С, РР, В
Гипервитаминоз
Д, С, РР, В

С дәрумені (аскорбин қышқылы) – алуан түрлі қызмет атқарады және
тәуліктік мөлшері ең көп дәрумен. С дәруменінің ағзаға әсерінің барлық
қыры әлі күнге дейін белгісіз. Сондықтан маңызды және жақсы зерттелген
қызметін қарастырайық.
1. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады. Ол антидене
синтездейтін ферменттердің құрамына кіреді.
2. Сүйек пен тістің берік болуына әсер етеді.
3. Эпителий ұлпасының қалпына келу жылдамдығын арттырады. Соның
нәтижесінде қан тамырларының серпімділігі (эластикалығы) жоғарылап,
оның зақымдануына және тозуына кедергі келтіреді.
4. Биологиялық тотығу кезінде бөлінетін зиянды заттардың (бос радикал
деп аталатын) бұзылуына қатысады.
5.
Тәуліктік мөлшері ең көп дәрумен
A. В1
B. С
C. Д
D. А
E. В12
6.
С дәруменіінің авитоминозы (жетіспеуі) кезінде дамиды
A. Тиамин
B. Ақшам соқыр
C. Рахит
D. Цинга
E. Анемия
7.
В1 (тиамин) авитоминозы (жетіспеуі) кезінде дамиды
A. Ақшам соқыр
B. Цинга
C. Бери – бери
D. Рахит
E. Пеллагра
8.
С дәруменінің тәуліктік қажет мөлшері
A. 120 – 150 мг
B. 60 – 100 мг
C. 2,5 мг
D. 1,5 – 2,5 мг
E. 12,5 мг

7 – нұсқа
А дәрумені (ретинол) ағзаның өсуі және дамуы, эпителий ұлпасы
жасушаларының: тері, шаш, шырышты қабықтың жаңаруы, қалыпты көру
үшін қажет. Ол ымыртта және түнде жақсы көруге әсер етеді. А дәрумені
жетіспесе тері құрғақ болады, жарылады, қабыршақтанады. Тыныс алу
жолдарының сілемейлі қабығы мен көздің қасаң қабағы қалпына келмейді. А
дәруменінің авитаминозы кезінде ақшам соқыр ауруы пайда болады.
1. А авитоминозы (жетіспеуі) кезінде дамиды
A. Бери – бери
B. Цинга
C. Рахит
D. Ақшам соқыр
E. Пеллагра
2. Ағзаның өсуі және дамуы, эпителий ұлпасы жасушаларының:
тері, шаш, шырышты қабықтың жаңаруы, қалыпты көру үшін қажет
A. В1
B. С
C. Д
D. А
E. В12
3. А дәруменінің ізашарлары өсімдіктердің қызыл, сары
пигменттері
A. Хлорофилл
B. Ксонтофилл
C. Каротин
D. Антоциан
E. Флавон
4. А дәруменінің тәуліктік қажет мөлшері
A. 120 – 150 мг
B. 1 – 2 мг
C. 3,5 мг
D. 0,5 – 2,5 мг
E. 12,5 мг
5. Суретте берілген ауру қай дәруменнің гиповитоминоз
салдарынан туындады

Мешелмен (рахит) ауырған баланың аяқ сүйектерінің қисаюы
A.
В1
B.
С

C.
Д
D.
А
E.
В12
6. Орталық жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі, сондай-ақ зат
алмасу және қан түзілу үшін маңызы зор
A.
В1
B.
С
C.
В2 (рибофлавин)
D.
А
E.
В12
7. Нәруыздардың алмасуын реттейді, ағзаның темірді
пайдалануына, эритроциттердің жетілуіне әсер етеді, майлардың
алмасуын, бауыр мен терідегі дұрыс зат алмасуын қамтамасыз етеді
A.
В1
B.
С
C.
В2 (рибофлавин)
D.
А
E.
В6(пиридоксин)
8. Қан түзілу үшін қажет, ол бауырдың қызметін реттейді, жүйке
ұлпасы жасушаларының жаңаруына қатысады, бұл дәрумен жетіспесе
қатерлі анемия ауруын тудырады
A.
В1
B.
В12 (цианкобаламин)
C.
В2 (рибофлавин)
D.
А
E.
В6(пиридоксин)

8 – нұсқа
Көпжасушалы жануарлардың асқорыту жүйесі эволюция барысында
қалыптасты. Біржасушалы жануарларда қоректік заттар денесінің беті –
жасуша мембранасы арқылы өтеді немесе арнайы органоидтер тұтып қалады.
Кейін тамақ лизосома арқылы жасуша ішінде қорытылды. Бірақ
көпжасушалы ағза жасушасына басқа тіршілік иесінің нәруыздары, майлары
немесе көмірсулары ыдыраған күйде түсуі қажет. Ағза жасушаларына
қоректік заттарды (тамақ нәруыздары, майлары мен көмірсулары) қолжетімді
ету үшін асқорыту мүшелері немесе асқорыту жүйесі керек.
1. Ағзаның қоректік заттарды сіңіруі
A. Тыныс алу
B. Фотосинтез
C. Асқорыту
D. Бөліп шығару
E. Гомеостаз
2. Астың ыдырау реакциясын тездететін, яғни органикалық
заттарды қорытатын нәруыз

A. Абсорбция(сіңіру)
B. Реабсорбция(қайта сіңіру)
C. Асқорыту ферметтері
D. Асқорыту бездері
E. Асқорыту заттары
3. Ас қорыту барысында түзілетін органикалық заттардың ұсақ
молекулаларының ішек қабырғасы арқылы қанға және лимфаға өтетін
физиологиялық үдеріс
A. Абсорбция(сіңіру)
B. Реабсорбция(қайта сіңіру)
C. Асқорыту ферметтері
D. Асқорыту бездері
E. Асқорыту заттары
4. Ауыз қуысында ыдырайды
A. Нәруыз
B. Май
C. Көмірсу
D. Аминқышқылдар
E. Жасунық

Суретте адамның асқорыту мүшелері берілген

5. Дәрумендер мен минералды тұздар сіңіріледі
A. Ауыз қуысында
B. Өңеште
C. Тоқішекте
D. Ашішекте
E. Асқазанда
6. Тыныс алу және асқорыту жүйесінің ортақ бөлімі
A. Мұрын
B. Жұтқыншақ
C. Көмей
D. Өңеш
E. Ұлтабар
7. Бауыр және ұйқы безінің өзектері ашылады

A. Аш ішекке
B. Тоқ ішекке
C. Ұлтабарға
D. Ішек бүрлеріне
E. Бауырға
8. Ащы ішектің қалған бөлімдері қорытылған заттарды қанға және
лимфаға сіңіріледі
A. Өт арқылы
B. Бактериялар арқылы
C. Ішек бүрлері арқылы
D. Ұлтабар арқылы
E. Амилаза арқылы

9 – нұсқа
Ферменттер (лат. fermentum - «ашу») - барлық тірі организмдер құрамына
кіретін арнайы ақуыздар. Химиялық реакцияларды жеделдетеді.
Ферменттер жасушаларда синтезделіп, биохимиялық реакцияларға
қатысатын ақуыздық табиғаттағы биокатализатор болып табылады.
Ферменттер өз әсерін өте аз мөлшерде катализаторға ұқсас жүргізеді.
Фермент өзінің әсер етуші заты – субстратпен (S) ферменттік реакция
жүргенде фермент-субстраттық кешен (аралық зат) түзеді. Бұл кешеннің
қызметі өте күрделі, ол субстрат пен фермент молекулалары конформациясы
мен энергиясын және химиялық байланыстарын өзгертеді. Реакция өткен соң
фермент-субстраттық кешен жаңа қалыпқа ауысып, фермент-реакция өнімі
кешеніне айналады.
1.
Ауыз қуысында ыдырайды
F. Нәруыз
G. Май
H. Көмірсу
I. Аминқышқылдар
J. Жасунық
2.
Көмірсуларды ыдыратады
A. Лизоцим
B. Пепсин
C. Трипсин
D. Липаза
E. Амилаза
3.
Кейбір зиянды бактериялар жойылады
A. Амилаза әсерінен
B. Трипсин әсерінен
C. Липаза әсерінен

D. Лизоцим әсерінен
E. Пепсин әсерінен
4.
Пепсин ферментін белсенділігін арттырады
A. Өт
B. Тұз қышқылы
C. Хемотрипсин
D. Липаза
E. Панкреатин сөлі
Өт(bіlіs, fel) – адам мен омыртқалы жануарлардың бауырындағы безді
жасушалардан бөлінетін сарғыш-қоңыр түсті сұйықтық. Өт тәулік бойы
үздіксіз бөлінгенмен, оның бөліну жылдамдығы, көлемі әр түрлі өзгеріп
отырады, ол ас қабылдау мерзіміне сәйкес келеді. Организмдегі өт бауыр өті
және қапшық өті болып бөлінеді. Ас қорытудан тыс уақытта бауыр өті өт
қапшығына жиналып, судың, әр түрлі тұздардың (электролиттердің) кері
сорылуына байланысты қоюланып сақталады. Бауыр өтінің тығызд. – 1,010 –
1,015, рН – 7,4 – 8,0, ақшыл-сары түсті.Өт қапшығы өтінің құрамындағы
негізгі заттардың (өт қышқылы тұздары, пигменттер, холестерин, майлы
қышқылдар, аниондар, катиондар) тығызд. бауыр өтімен салыстырғанда 5 –
10 есе жоғары болады. Қара-қоңыр түсті, қою, тұтқыр болып келеді.
5.
Бауырдың секреті
A. Амилаза
B. Панкреатин
C. Сілекей
D. Холестерин
E. Өт
6.
Тәулігіне адамнан өт түзіледі
A. 700-800гр
B. 200гр
C. 500-1000гр
D. 200-500гр
E. 1,5 -2 л
7.
Өт пигменті
A. Меланин
B. Билирубин
C. Каратиноид
D. Ксонтофилл
E. Хлорофилл
8.
Өт қышқылдарының бейтарап майларды орасан көп
мөлшерде ұсақ тамшыларға бөлу үдерісі
A. Центрифугалау
B. Фосфорлану
C. Изомерлену
D. Эмулгация
E. Фотолиз
10 – нұсқа

Адам ағзасының ішкі ортасы негізгі үш сұйықтықтан: қан, лимфа, ұлпа
сұйықтығынан тұрады. Осы үш сұйықтықтың біртұтас жүйе ретінде өзара
әрекеттесуі эволюция барысында қалыптасты. Аталған әрбір сұйықтық өзіне
тиесілі рөлді атқарады және құрамы соған сәйкес болады. Ағзаның осы үш
сұйықтық ортасының өзара әрекеттесуі дене жасушаларын барынша
оттекпен әрі қоректік заттармен қамтамасыз етуге және оны шлактан
(тіршілік әрекетінің қалдықтары – зиянды заттардан) тазартуға бағытталған.
1. Қан мен дененің барлық жасушалары арасында «делдал» рөлін
атқарады
A. Қан
B. Лимфа
C. Ұлпа сұйықтығы
D. Сілекей
E. Тер
2. Ұлпа сұйықтығы түзіледі
A. Лимфадан
B. Терден
C. Цитоплазмадан
D. Қан плазмасынан
E. Эритороциттерден
3. Ұлпа сұйықтығы айналады
A. Қанға
B. Лимфаға
C. Терге
D. Өтке
E. Сөлге
4. Лимфа тасмалдайтын органикалық зат
A. Нәруыз
B. Май
C. Көмірсу
D. Тұз
E. Су

5. Қан плазмасындағы нәруыз фибриногеннің қызметі
A. Ауру тудыратын микробтардан қорғау
B. Май тәрізді заттарды тасымалдау

C. Қанның ұюы
D. Энергия көзі
E. Жылуды реттеу
6. Қан плазмасындағы нәруыз глобулин қызметі
A. Ауру тудыратын микробтардан қорғау
B. Май тәрізді заттарды тасымалдау
C. Қанның ұюы
D. Энергия көзі
E. Жылуды реттеу
7. Қан плазмасындағы нәруыз альбумин қызметі
A. Ауру тудыратын микробтардан қорғау
B. Май тәрізді заттарды тасымалдау
C. Қанның ұюы
D. Энергия көзі
E. Жылуды реттеу
8. Адамның қанының құрамында гемоглобин, темір, эриторциттер
мөлшері азаятын болса, туындайтын ауру
A. ЖИТС
B. Холера
C. Лейшмания
D. Анемия
E. Дифтерия
11 – нұсқа
Қанның құрамы. Қан дене массасының 6–8%-ын құрайды. Ол сұйық бөлік
– плазма (55%) мен қатты тұнбаға – қан жасушаларына (45%) жақсы
бөлінеді.

Плазма
(қан сарысуы)
(55%)

1.
Ядросы бар, ұан ағысымен ғана емес , жалған аяқтарымен
де қозғалатын, қан тамыры арнасынан шыға алатын ақ қан
жасушалары
A. Эритроциттер
B. Тромбоциттер
C. Лейкоциттер
D. Плазма
E. Глюкоза
2.
Ауру тудыратын микробтардан қорғайды, иммунитетті
жүзеге асырады
A. Эритроциттер
B. Тромбоциттер

Лейкоциттер мен
тромбоциттер
(4%)

Эритроциттер
(41%)

C. Лейкоциттер
D. Плазма
E. Глюкоза
3.
Қанның ұю үдерісіне қатысатын, ядросы жоқ, ұсақ қан
пластинкалары
A. Эритроциттер
B. Тромбоциттер
C. Лейкоциттер
D. Плазма
E. Глюкоза
4.
Фибриннің жабысып қалған жіпшелерінен түзілген,
ерімейтін ніруыз
A. Фибриноген
B. Плазма
C. Альбумин
D. Тромбоцид
E. Тромб
Қан топтары. Адамда 4 қан тобы бар. Олар эритроциттер бетіндегі
арнайы нәруыздар арқылы анықталады. Эритроциттердегі нәруыздар –
агглютиногендер, ал плазма нәруыздары – агглютининдер. Қан топтарын рим
цифрларымен немесе эритроциттер бетіндегі нәруыздар синтезіне жауапты
ген таңбаларымен белгілеу қабылданған.

5.
A.
B.
C.
D.
E.
6.
A.
B.
C.
D.
E.
7.
A.
B.
C.
D.
E.
8.

Эритроциттердегі нәруыздар
Альбумин
Глобулин
Фибриноген
Агглютиноген
Агглютинин
Плазмадағы нәруыз
Альбумин
Глобулин
Фибриноген
Агглютиноген
Агглютинин
Эритроциттердің бір – біріне жабысып қалу үдерісі
Агглютинация
Транспирация
Фотофосфорлану
Фтороз
Конденсация
Егер анасының резус – факторы жоқ, ал бала қанында болса

A.
B.
C.
D.
E.

Резус – сәйкессіздік
Резус – сәйкестік
Агглютинация
Рецепиент
Донор

12 – нұсқа
Иммунитет (лат. иммунис – бір нәрседен босату) – бұл ағзаның жұқпаларға
(бактериялар мен вирустарға) және кез келген бөтен бөлшектерге қарсы тұру
қасиеті. Иммунитет туралы ілім негізін орыс ғалымы и.и. Мечников пен
неміс ғалымы П. Эрлих жасады. Олар 1908 жылы Нобель сыйлығын алды.
Ағзаны жұқпалардан қорғауды қанның ақ жасушалары – лейкоциттер
қамтамасыз етеді. Олар ағзаны екі әдіспен қорғайды: 1) микробтарды жояды
– фагоцитоз; 2) микробтарды жоятын немесе арнайы қорғаныш нәруыздар –
антиденелерді жасайды.
1. Ағзаның жұқпаларға және кез келген бөтен бөлшектерге қарсы
тұру қасиеті
A. Иммунитет
B. Гомеостаз
C. Фагоцитоз
D. Пиноцитоз
E. Антидене
2. Қатты бөлшектерді жасушалардың ұстап қалуы
A. Пиноцитоз
B. Фагоцитоз
C. Антидене
D. Моноциттер
E. Иммунитет
3. Лимфоциттердің кейбір түрлерін бөгде заттардың –
антигендердің енуіне жауап ретінде бөліп шығаратын ерекше
нәруыздар
A. Фагоцитоз
B. Иммунитет
C. Пиноцитоз
D. Антиденелер
E. Фитофтороз
4. Белсенді макрофагтар – жасушааралық кеңістікте, теріде
кездеседі
A. Лимфоциттер
B. Моноциттер
C. Эозинофильдер
D. Нейтрофилдер
E. Базофилдер
Антиденелер – лимфоциттердің кейбір түрлерін бөгде заттардың –
антигендердің (грек. анти – қарсы) енуіне жауап ретінде бөліп шығаратын
ерекше нәруыздар. Антиденелер микроағзаларды өзара жабыстырып, оларды

жоя алады. Сонымен қатар антиденелер улы заттардың молекулаларымен
химиялық реакцияға түсіп, оларды бейтараптайды. Антидене молекулалары
ағзаның зақымданған жасушаларын жою үшін «белгілеп алатын» сияқты.
5. Антиденелердің түзілуіне жауап береді
A. Т – лимфоциттер
B. В – лимфоциттер
C. Моноциттер
D. Базофилдер
E. Нейтрофилдер
6. Бір аурумен ауырған соң қалыптасатын иммунитет
A. Белсенді иммунитет
B. Жүре пайда болған иммунитет
C. Туа пайда болған иммунитет
D. Табиғи иммунитет
E. Жасанды иммунитет
7. Медициналық препараттар емдік сарысу немесе вакцина
енгізілнен соң пайда болатын иммунитет
A. Белсенді иммунитет
B. Жүре пайда болған иммунитет
C. Туа пайда болған иммунитет
D. Табиғи иммунитет
E. Жасанды иммунитет
8. Тіршілігі жойылған немесе әлсіздендірілген ауру қоздырғышы,
не оның уы
A. Иммунитет
B. Вакцина
C. Антибиотик
D. Анализ
E. Прибиотик
13 – нұсқа
Кестеде түрлі жануарлардың жүрек құрылысының ерекшеліктері берілген

1. Қандауыршада жүрек қызметін атқарады
A. Жүрек
B. Құрсақ қолқа қан тамыры
C. Вена
D. Артерия
E. Арқа қолқа қан тамыры
2. Қан тамырларына пішін, серпімділік және беріктік қасиет беретін
сыртқы қабаты тұрады
A. Біріңғай салалы бұлшық ет талшықтарынан
B. Сілемейлі қабықшадан
C. Дәнекер ұлпасынан
D. Жүйке ұлпасынан
E. Тірек ұлпасынан
3. Қан тамырларына серпімділік қасиет береді, яғни қан
тамырларын тарылтып, кеңейтетін ортаңғы қабаты
A. Біріңғай салалы бұлшық ет талшықтарынан
B. Сілемейлі қабықшадан
C. Дәнекер ұлпасынан
D. Жүйке ұлпасынан
E. Тірек ұлпасынан
4. Қан тамырларының ішкі қабаты жалпақ эпителий ұлпасының
жасушаларынан тұрады
A. Біріңғай салалы бұлшық ет талшықтарынан
B. Сілемейлі қабықшадан
C. Дәнекер ұлпасынан
D. Жүйке ұлпасынан
E. Тірек ұлпасынан
Адамның және басқа да сүтқоректілердің жүректері төрт бөліктен тұрады:
екі қарынша (оң жақ және сол жақ) және екі жүрекше. Жүректе қан
тамырлары сияқты үш қабаттан тұрады. Сыртқы жұқа дәнекер қабаты –

перикард – жүрек қабын түзеді. Жүрек пен жүрек қабының арасында аздаған
сұйықтық болады. Ол жүректің еркін жиырылуына жағдай жасап, үйкелісті
азайтады. Ортанғы қабат миокард деп аталады. Ол ерекше көлденең жолақты
бұлшық ет қабатынан тұрады. Оның жасушалары бірігіп тұтасып кеткен
(қаңқа бұлшық етінен айырмашылығы). Ішкі қабаты – эндокард – қанмен
үйкелісін азайтатын тегіс эпителийден тұрады.

5. Жүректен шыққан қанды таратады
A. Веналар
B. Капиллярлар
C. Артериялар
D. Жүрек
E. Қолқа
6. Ағзадағы ең ірі артерия қан тамыры
A. Веналар
B. Капиллярлар
C. Артериялар
D. Жүрек
E. Қолқа(аорта)
7. Қанды денеден жүрекке айдайтын қан тамырлары
A. Веналар
B. Капиллярлар
C. Артериялар
D. Жүрек
E. Қолқа
8. Зат алмасу мен газ алмасуды қамтамасыз ететін ең жіңішке қан
тамырлары
A. Веналар
B. Капиллярлар
C. Артериялар
D. Жүрек
E. Қолқа

14 – нұсқа
Жануарлардың қан айналым жүйесі тек қан тамырларынан (жауынқұрт)
немесе жүрек пен қан тамырларынан (ұлулар, буынаяқтылар)тұруы мүмкін.
Бүкіл омыртқалылардың жүйесі адам ағзасының мысалында берілді.
Эволюция барысында қан және қан айналым жүйесі ең алғаш рет буылтық
құрттарда пайда болды. Оларда жүрек болмады, жүректің қызметін дененің
алдыңғы жағындағы «жүрекше» деп аталатын 5 ірілеу сақиналы қан
тамырлары атқарды.

1.
A.
B.
C.
D.
E.
2.
A.
B.
C.
D.
E.
3.
A.
B.
C.
D.
E.
4.
A.
B.
C.
D.

Балықтардың қан айналым шеңбері
Бір шеңберлі
Екі шеңберлі
Жүректен ғана тұрады
Үлкен және кіші қанайналым шеңберлі
Өкпелік шеңбер
Үлкен қан айналым шеңбері басталады
Оң жақ қарыншадан
Оң жақ жүрекшеден
Сол жақ жүрекшеден
Сол жақ қарыншадан
Венадан
Кіші қан айналым шеңбері басталады
Оң жақ қарыншадан
Оң жақ жүрекшеден
Сол жақ жүрекшеден
Сол жақ қарыншадан
Венадан
Өкпе венасымен ағады
Вена қаны
Артерия қаны
Капилляр қаны
Гемолимфа

E. Лимфа
Қан айналым жүйесі мүшелерінің көптеген аурулары бар. ДДҰ
(Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мәліметтері бойынша, ХХ ғасырдың
екінші жартысынан бастап табиғи өлімге себепші аурулардың ішінде
алдыңғы қатарда жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары тұр. Демек,
адамзаттың өмір жасын ұзартудың бір жолы – жүрек-қан тамырлары
жүйесінің ауруларымен күресу.

5.
A.
B.
C.
D.
E.
6.
A.
B.
C.
D.
E.
7.
болуы
A.
B.
C.
D.
E.
8.
A.
B.
C.
D.
E.

Қан қысымының жоғарлауы
Гипертония
Гипотония
Инсульт
Инфаркт
Атеросклероз
Жүректің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы
Гипертония
Гипотония
Ишемиялық ауру
Инфаркт
Атеросклероз
Май шытырларының орнына тамырларда қан ұйығы пайда
Гипертония
Гипотония
Инсульт
Инфаркт
Тромбоз
Жүректің жиі соғуы
Тахикардия
Гипотония
Инсульт
Инфаркт
Атеросклероз

15 – нұсқа

Тыныс алу – оттек қатысатын күрделі химиялық үдеріс. Алғашқы тірі
ағзалар оттексіз қоректік заттарды бұзған. Осы кезде энегрия бөлінген. Бірақ
мұндай әдістің тиімділігі аз.
Тыныс алудың маңызы

Газ
алмасады

Органикалық
заттарды
тотықтырып,
ыдыратады

Энергия
бөліп
шығарады

1.Оттексіз тіршілік ете алатын тіршілік иелері
а) прокариодтар
б) эукариодтар
в) аэробты ағзалар
г) анаэробты ағзалар
д) протистер
2.Оттек қатысатын күрделі химиялық үдеріс
а) бөліп шығару
б) тыныс алу
в) көбею
г) қоректену
д) тітіркену
3.Жәндік денесінде күшті тармақталған тыныс алу түтікшелері
а) кеңірдек
б) бронх
в) өкпе
г) желбезек
д) ауа қапшығы
4.Кеңірдекке ауа түсетін тесік не деп аталады
а) демтүтік
б) бронх
в) жұтқыншақ
г) бойлық кеңірдек
д) желбезек доғалары
Суретте адамның тыныс алу мүшелері берілген

5. Суретте 4 санымен берілген бөлікті анықтаңыз
A. Бронх
B. Өкпе
C. Желбезек
D. Мұрын қуысы
E. Көмей
6. Қан капилярлары көп, шырышты бездер төселген мүше
а) жұтқыншақ
б) көмей
в) өкпе
г) мұрын қуысы
д) кеңірдек
7. Ауыз және мұрын қуысы жалғанатын орын
а) өкпе
б) мұрын қуысы
в) көмей
г) кеңірдек
д) жұтқыншақ
8. Тыныс алу орталығы қайда орналасқан
а) сопақша ми
б) мишық
в) үлкен ми сыңары
г) ми көмірі
д) аралық ми
16 – нұсқа
Ағза үшін бөліп шығарудың маңызы. Бұл – тіршілік әрекетінің
қалдықтары, жасушалар бұл заттарды мембрана арқылы бөліп шығарады.
Өсімдік ағзасында қалдықтар күзгі жапырақ хромопластында не вакуолінде
жинақталады, одан жапырақ түсіру кезінде тазарады. Көпжасушалы
ағзаларда барлық зиянды заттар жасушадан қанға шығарылатынын білдіңдер.

Қанның зиянды заттардан тазаруына жауапты басты бөлу мүшесі – бүйрек.
Тері қосымша қызмет атқарады. Зиянды заттардың бір бөлігі бүйрек арқылы
шығарылу алдында бауырда өзгеріске ұшырауы керек.

1. Адам және сүтқоректілерде қанның зиянды заттардан тазаруына
жауапты басты бөлу мүшесі
A. Бүйрек
B. Жүрек
C. Ми
D. Ішек
E. Өкпе
2. Адам және сүтқоректілер ағзасындағы зиянды заттарды
зарарсыздандырады
A. Ұйқыбез
B. Бүйрекүсті безі
C. Бауыр
D. Қалқанша безі
E. Ішек безі
3. Заттар мен энергия пайдалану және шығару үдерістерінің
жиынтығы
A. Метаболизм
B. Онтогенез
C. Таксис
D. Дискреттілік
E. Тропизм
4. Фотосинтездің соңғы өнімі
A. Глюкоза
B. Оттек
C. Су
D. Метан
E. Гелий

Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің
ерекшеліктері

Омыртқасыз
Зәр шығару
Соңғы
және
мүшелері
өнімдері
омыртқалылар
Буылтық
Метанефридия
Аммиак
құрттар
Жалпақ
Жұлдызша
Аммиак
құрттар
тәрізді жасуша
пен су
Буынаяқтылар Мальпигий
Зәр
түтікшелері
қышқылы
Тұщы су
Бүйрек
Аммиак
балығы
Сүтқоректілер
Бүйрек
Несепнәр
Құстар
Бүйрек
Зәр
қышқылы
5. Қарапайымдарда бөліп шығаруды жүзеге асырады
A. Жиырылғыш вакуоль
B. Асқорыту вакуолі
C. Бүйрек
D. Мальпигий түтікшелері
E. Демтүтіктер
6. Буылтық құрттарда алғаш пайда болған бөліп шығару мүшесі
A. Метанифридиялар
B. Мальпигий түтікшелері
C. Жұлдызша тәрізді жасушалар
D. Хитинді демтүтіктер
E. Жасыл түсті бездер
7. Жалпақ құрттардың зәр шығару жүйесі
A. Метанифридиялар
B. Мальпигий түтікшелері
C. Жұлдызша тәрізді жасушалар
D. Хитинді демтүтіктер
E. Жасыл түсті бездер
8. Шаянтәрізділер класының зәр шығару жүйесі
A. Метанифридиялар
B. Мальпигий түтікшелері
C. Жұлдызша тәрізді жасушалар
D. Хитинді демтүтіктер
E. Жасыл түсті бездер
17 – нұсқа
Бүйректердің құрылысы мен рөлі. Бүйректе қан сүзіледі және зәр
түзіледі. Яғни бүйректер ағзамыздың басты биологиялық сүзгісі болып
табылады. Егер екі бүйрек те жұмыс істеуін тоқтатса, 30–40 минут ішінде
ағзаның өздігінен улануы басталады. Міне, сондықтан ағзада бүйректердің

рөлі маңызды болып табылады. Нефрон – бүйректің функциялық бірлігі.
Нефрондар – микроскопиялық құрылымдар. Әрбір бүйректе 1 млн-нан артық
нефрон болады. Нефрон бір қабатты эпителий жасушаларынан түзілген және
екі бөліктен тұрады.

1. Қанның сұйық бөлігі плазманың капиляр шумағынан нефрон
капсуласына түсуі
A. Ультрасүзілу
B. Реабсорбция
C. Фильтрацся
D. Гидролиз
E. Диссоцация
2. Қан ағымына, яғни нефронға түскен заттарды кері қайтару
A. Ультрасүзілу
B. Реабсорбция
C. Фильтрацся
D. Гидролиз
E. Диссоцация
3. Нефрон капсуласында жүретін үдеріс
A. Репарация
B. Инверция
C. Реабсорбция
D. Абсорбция
E. Регенерация
4. Нефрон қабырғасы
A. Жүйке жасушаларынан тұрады
B. Эпителий жасушаларынан тұрады
C. Дәнекер жасушаларынан тұрады
D. Түзуші ұлпа жасушаларынан тұрады
E. Қан жасушаларынан тұрады
5. Суретте берілген бүйрек ауруын анықтаңыз

A. Анемия
B. Цистит
C. Пиелонефрит
D. Несептас
E. Өрлеме жұқпа
6. Бүйрек ұлпаларына патогенді бактериялардың еніп, нефрон
жасушаларын жойып, бүйректі қабындыруы
A. Инсульт
B. Пиелонефрит
C. Несептас ауруы
D. Өрлеме жұқпа
E. Тахикардия
7. Қуықтың жұқпалы қабынуы
A. Цистит
B. Ботулизм
C. Несептас
D. Анемия
E. Дальтонизм
8. Бүйректе ерімейтін тұздардың бөлшектерінің қалыптасуы
A. Цистит
B. Ботулизм
C. Несептас
D. Анемия
E. Дальтонизм
18 – нұсқа
1.
Суретта А әріпімен берілген құрамында азоты бар
органикалық заттардың ыдырауының соңғы өнімдерін анықтаңыз

А

Ә

A. Зәр қышқылы
B. Несепнәр

Б

C. Аммиак
D. Гуанин
E. Аминқышқыл
2.
Өрмекшітәрізділердің барлығы құрамында азот бар
пуриндік негіз бөледі
A. Аденин
B. Тимин
C. Аммиак
D. Гуанин
E. Зәр қышқылы
3.
Суды қорға жинаудың қажеті жоқ, оның жеткіліксіздігін
сезінбей-ақ одан оңай арылатын ағзалардың бөліп шығару өнімдері
A. Гуанин
B. Несепнәр
C. Аммиак
D. Зәр қышқылы
E. Электролит
4.
Әрдайым суды үнемдеуге және аз мөлшерде концентрлі зәр
бөлуге мәжбүр ағзалардың бөліп шығару өнімдері
A. Гуанин
B. Не
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!