Материалдар / Биология пәнінің мұғалімі Каденова З.А Рефлексиялық есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Биология пәнінің мұғалімі Каденова З.А Рефлексиялық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
«Биология пәні бойынша педагогтердің пәндік құзыреттіліктерін дамыту. 10-11 сыныптардың күрделі тақырыптары» Биология пәнінің мұғалімі Каденова З.А Рефлексиялық есеп
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2023
299
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Биология пәні бойынша педагогтердің пәндік құзыреттіліктерін дамыту. 10-11 сыныптардың күрделі тақырыптары»

Биология пәнінің мұғалімі Каденова З.А

Рефлексиялық есеп

Болашақтағы өсіп жатқан ұрпаққа заманауи жаңашылдықтарды ұғындырып, өмірмен байланыстыра отырып, сапалы білім беру әрбір мұғалімнің парызы деп есептеймін. «Білімді ұрпaқ – болашaқтың кепілі» демекші,қазіргі заманда елдің болашақ aзаматтарын қалыптастыру бaғытындағы білім беру мәселесі- мемлекетіміздің басты сaясатының бірі.

Курста алған теориялық, практикалық білімімді жүзеге асырудағы алға қойған мақсатым: оқушыларға қалай оқу керектігін үйрете отырып, сабағыма жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жетістікке жетелейтін сабақтар ұйымдастырып, табысты, жаңаша оқуға қол жеткізетін құзіретті мұғалім болу. Қатты дағды емес жұмсақ дағыдыны пайдалана отырып, әрбір оқушының жүрегіне жол таба білетін, бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелей алатын, әр сабақты смарт сабаққа айналдыра алатын мұғалім болу.

Оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп қабылдайды. Ендеше ХХІ –ғасыр мұғалімі өз біліктілігін арттыра отырып , заман талабына сай өзгеруі керек деп ойлаймын.

Сабақ жоспарын құрастыруда біз нормативтік құжаттарға мән бермейтіндігіміз бірінші күннен байқалды. Білім беру кеңістігіндегі негізгі басымдықтарды көрсететін мемлекеттік бағдарламалар мен құжаттар әрбір мұғалім үшін құнды дүние екенін түсіндім. Біз тек Әдістемелік нұсқау хатпен шектеліп, Білім стандартының әр қағидатына жете назар аудару оқу мақсатына жетелейтінін ұғындық. ҚМЖ құрастыруда 3 құндылығымызды сабақ барысының өң бойында орындалу керектігін түсіндім. Білім беру мазмұның жаңарту аясында ұйымдастырылған спиральді білім беру ұғымын тереңірек ұғыну үшін алдыңғы білімге назар аудару керек екен. Сонда Биология тек 7 сынып оқулығымен шектелмей оқушыларға сұрақ қою барысында алдыңғы сыныптың оқулықтарымен қамталытынын білдік.

Осы курсты оқи отырып, күтілетін нәтижеге оқушылардың топпен бірлесе отырып, бірнеше тапсырмаларды орындайтындарын байқадым. Сабақ барысында жабық сұрақтармен шектеліп отырғанымды өзіміз де байқамағандаймыз. Курста әріптестерімен бірге оқушы рөлінде отырып, алдымдағы оқушыларымның жағдайын түсінгендей әсер алдым. Дариға А-ның жетекшілігімен беріліп отырған әрбір бағыт мен үшін құнды болды. Оқушы өзі бағалап, өз бағасына сыни тұрғыдан көзқарастарын қалыптастыра алатындығын білгендеймін. Алғашқы тақырып «Биологиялық жүйелердің жасушалық деңгейі» болды. Тренердің тақырыптың атын да бірден ұсынбай бағыт бағдар беру арқылы, сұрақтар қойып немесе тарапта суреттер, текст жазылған қима қағаздар немесе Кім? Не?Қашан? Қалай?Не үшін?Неге? деген сауалдарды қою арқылы оқу мақсатына бағытталған сабақтың тақырыбын сабақтың өң бойында ашып отырғандығы ұнады. Сонда оқушылардың мұғалімге назар аудару арқылы зейіні шоғырланады екен. Пәнге деген қызығушылығы артумен қатар, енді не болады екен деген сұрақ көкейлерінде тұрады деп ойлаймын. Бұл әдістер жәй сабақтың тақырыбын көрсете салғаннан анағұрлым тиімдірек деп ойлаймын. Екінші сабақ «Биологиялық жүйелердің молекулалық деңгейі». Осы сабақта қолданылған: оқушыларға дайын тексттерді беріп, әр топтан бір оқушыдан шығарып оқытып, және не туралы жазылғандығын басқа топтардан сұрау арқылы тыңдалым дағыдысын қалыптастырғаны қатты ұнады. Сонда оқушылар әр топтың тексттерінде не туралы айтылғандығын білу үшін түртіп жазып отыру арқылы тыңдалыммен қатар жазылым дағдысы да қалыптасады екен. Берілген мағлұматты толықтыру мақсатында бейнематериал ұсынып жіберу, бұл да оқу мақсатына бағытталған тиімді тәсіл болып табылғаны көрініп тұрды. Тренер мен қатар тәжірибелі ұстаздардың да еңбегі әр сабақ сайын айқындалып отырды. Себебі тәжірибелі ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісіп, бар білгендерін ортаға салу арқылы жас мұғалімдерге жол сілтеу барысында игерілмей, қолдана алмай жүрген мағлұматтарды, шеше алмай жүрген есептерді, түйінін білмей жүрген сұрақтардың жауабын беріп отырды. Тренерге ұсынылған сауалдарына өзі жауап бермей әріптестеріме бағыттау арқылы жауабын тапқызып, қате айтылған жауаптардың дұрыс бұрыстығын оқушылардың өздері табу керектігін, яғни өз қателерін өздері табу арқылы, өз-өздерін бағалап қорытынды жасауға дағдыландыру тәсілі өте қатты ұнады. Әр тапсырманың шарты оқу мақсатына бағыттап, шартын дұрыс құрастыру керектігін әр күн сайын ұғындырып отырды. Үшінші тақырып «Фотосинтез. Фазалары және оның маңызы» тақырыбы аясында болды. Сонымен қатар «Тыныс алу» тақырыбы қамтылды. Тренердің осы тақырыптың оқу мақсатына бағытталған мына тапсырмасын қолданғанда оқушыларымның тыңдалым дағдысын қалыптастырумен қатар, зейінін тұрақтандыруға болады екен. Бұл тапсырмада дайын қысқаша тексттерді ұсыну арқылы, әр текстті жеке-жеке оқытып, рет-ретімен орналастыру керек. Сонда оқушылар бір-бірінен кейін, рет-ретімен тұрып, тексттің мазмұнын да ашады екен. Сабақ соңында берілетін «Жалған,шыңдық» немесе «Сәйкестендіру» тәсілдері де оқушылар үшін өте ыңғайлы болады екен. Себебі сабақ бойы алған мағлұматтарын түйіндеуге таптырмас тәсіл деп білдім. Әр ҚМЖ-ны құрастыруда Блум таксономиясының маңызды рөл атқаратындығын түсіндім. Тренер Блум таксономиясы арқылы тапсырмаларды ұсынып отырғанда, оқушының барлық дағдысын толық қалыптастыра алады екенбіз. Сонда оқушыға білімді де бере отырып, тәрбиелей де алады екенбоқушыға білімді де бере отырып, тәрбиелей де алады екенбіз! Білім мен тәрбие егіз деп бекер айтылмаса керек! Бір түйгенім Қазақстан мұғалімдерінің қолынан барлығы келеді, барлығын жасай алады, ізденеді, түйінін табады, еңбектену керектігін түсінеді деп білемін! Ойлаған мақсатқа жету үшін саналы ұрпақ тәрбиелеп, сапалы білім берейік!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!