БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА STEM ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНУШІЛІК ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Тақырып бойынша 17 материал табылды

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА STEM ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНУШІЛІК ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беруде- зертханалық практикум физика, химия, биология т.б. және басқа пәндерді оқытудың негізгісі болып саналады. STEM зертханаларының мақсаты – теориялық түсініктерден алынған білім беруді тереңдету, әртүрлі шамаларды өлшеудің әдістемелерімен танысу, түрлі құралдардың жұмыстарын зерттеу, практикалық мәліметтерді жинақтау және өңдеу технологияларын үйрену, инженерлік графика және дизайн жасау дағдыларын дамыту болды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА STEM ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНУШІЛІК ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Жусипова Гульбаршин Куралбековна

«Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі»КММ

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы.

zhusipova.74@mail.ru


Әлемдік білім беру жүйесіндегі озық, заманауи технологиялар мен әдістемелерді еліміздегі білім беру жүйесіне енгізу және оны мұғалімнің тиімді пайдалана алуы, қазіргі таңдағы білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Осындай технологиялардың бірі – STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) білім беру технологиясы.

STEM – оқытудың жаңа біріктірілген әдістемесі және қазіргі әлемдік білім берудегі негізгі тренд. Бұл технологияның негізгі мақсаты – академиялық тұжырымдамаларды шынайы өмір контексінде зерттей отырып, STEM - сауаттылықты дамыту және сол арқылы қоғам, жұмыс, мектеп пен бүкіл әлем арасында экономикалық нық байланыс орнату.

Оқушылардың білу, ізденушілік, істей алу қабілеттерін дамытатын, жобаларға креативті және жаңашыл көзқарас қалыптастыратын, оқу мен карьераның ұштасуын қамтамасыз ететін STEM білім беру технологиясын еліміздің білім жүйесіне белсенді түрде енгізе отырып, барлық жеке пәндерді оқыту әдістемесінде: ғылым, инженерия, технология және математика ғылымдарын интегративті тәсіл ретінде қолдану өте маңызды.

Елімізде жеке пәндердің ішінде, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге басымдылық беріле отырып, STEM білім беру тәсілдеріне негізделген жаратылыстану-математика пәндерін оқытуды күшейту жоспарланған. Осы мақсатқа сәйкес, негізігі міндеттердің бірі ретінде – жаратылыстану ғылымының бір саласы биологияда STEM технологиясын қолдану мәселесін айтуға болады. Биологиялық білім беруде STEM технологиясын қолдана отырып, оның тиімділігін іс жүзінде дәлеледеу зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады.

Білім беруде- зертханалық практикум физика, химия, биология т.б. және басқа пәндерді оқытудың негізгісі болып саналады. STEM зертханаларының мақсаты теориялық түсініктерден алынған білім беруді тереңдету, әртүрлі шамаларды өлшеудің әдістемелерімен танысу, түрлі құралдардың жұмыстарын зерттеу, практикалық мәліметтерді жинақтау және өңдеу технологияларын үйрену, инженерлік графика және дизайн жасау дағдыларын дамыту болды.

Елімізде бұл тәсіл туралы мағлұматтар беріліп, яғни жаңа технологияның белсенді дамуы басталды, білім беру жүйесі мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламалары аясында бұл тәсіл мектеп білімінің жаңартырылған мазмұнына көшірілді. STEM-элементтерін мектептің оқу бағдарламасына қосу жоспарланып, қазіргі таңда жүзеге асыру көзделіп отыр.

STEM-дің негізгі ерекшеліктері туралы айтар болсақ, технологияны сабақта қолданатын негізгі элементтеріне 3D-принтерлер, визуализация құралдары және өзге де құралдар немесе зертханалық жабдықтар кіреді. Жаңа технология арқасында: Жасөспірімдерде мотивациялық әсер қалыптасып, теорияға деген қызығушылығы арта түседі, оның маңызын түсінеді. Жобалық зерттеушілік жұмыстарды өзіндік жоспарлай алады. Жаңа құрылғылар жасай алады және қабілетіне сенімді дарынды оқушылар қалыптасады. Ең бастысы бәсекеге қабілеттілігі дамиды. Осы мақсатта биология пәні бойынша сабақ жоспарын ұсынам.

Бөлім:

9.3B Молекулалық биология

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

ДНҚ молекулалық құрылысының принцптері: нуклеотидтердің комплементарлылығы. Модельдеу «ДНҚ молекуласын құру»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.4.1.2 - ДНҚ молекуласының қос шиыршықты құрылымын сипаттау

9.4.1.3 - ДНҚ-ны құрылымдық қағидалары негізінде үлгілеу

Сабақтың мақсаты:

ДНҚ-ны құрылымдық қағидалары негізінде үлгілеуді біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

1-2 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Мақсаты: Оқушыларға тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылардың көңіл күйі көтеріледі және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Сабаққа кіріспе

2-3 мин


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.ДНҚ дегеніміз не?

2. Оның құрылымын кім ашты?

3. ДНҚ құрылысы қандай?

4. ДНҚ молекуласына сипатта бер.


5.Азотты негіздердің түрлерін ата?


6. Қант, фосфор қышқылының қалдығының орналасуына сипаттама бер.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.


ДНҚ молекуласының 3D моделі

https://images.app.goo.gl/eKC3pATPhYkosonA6




Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

5-7 мин


І. 1.Нуклеин қышқылдарының мономері не? Мономердің қандай бөлігі ДНҚ-ның бір нуклеотидін екіншісінен ажыратады?

2. ДНҚ молекуласына сипаттама береді. Оның пішіні қандай?

3. Нуклеотид типтері, олардың азотты негіздері мен комплементарлық ережесі арасындағы байланысты анықтайды.

4. Сурет бойынша ДНҚ молекуласындағы химиялық байланыс типі, олардың құрамбөліктері мен өлшемдері туралы айтып береді.

Дискриптор: Жалпы - 3 балл

1. Сұрақтарға жауап береді

2. Суретпен жұмыс жасайды.

ІІ. 1. ДНҚ молекуласын сызба түрінде бейнелеп, оның құрамбөліктерін көрсетеді.

1)Дезоксибироза 2)Фосфор қышқылының қалдығы

3) аденин 4)тимин 5)гуанин 6)Цитозин 7)Фосфодиэфирлі байланыс

8) ковалентті полюсті байланыс 9)Қос сутектік байланыс

10)үш сутектік байланыс

2. Нуклеотид типтері мен олардағы азоты негіздер арсындағы айырмашылқтарды көрсетеді. Сутектік байланыс типінің комплементарлы азотты негіз жұбына тәуелділікті талдайды және анықтайдыы.

Тақырып бойынша интернет көздерін пайдаланып видеоролик көреді.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

5-7 мин.

«Банан ДНҚ-сын бөліп алып, қарау»

Тәжірибе жасауға нұсқаулық тапсырма беріледі

Үйден қарап келіп, өздері орындап, түсіндіру.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

Нуклеотид құрамбөліктерін сипаттайды.

Тақырып бойынша интернет пайдаланып видеоролик көреді

Сабақтың ортасы

Мағынаны тану.

10-15 мин.

Оқулықта берілген тапсырманы орындатады

1. Моделдеу.

ДНҚ-ның комплементарлы тізбегін аяқтап, сызбасын сызады.сутектік байланыстың санын анықтайды

А) АТТГЦГГЦТ;

Ә) ЦГТТАГАЦТ;

Б) ГЦАТГГЦЦА;

В) ТТГАЦГЦТА;
Г) ТЦАГАТАЦГ.

Дискриптор:

Жалпы балл-3

1. Тапсырмаларды орындайды.


ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері


Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады

1.Нақты ДНҚ молекуласындағы азотты негіз типінің біреуінің пайызы (℅) белгілі жағдай моделін жасайды.Қалған барлық негіздердің пайызын есептеуге болама? Егер:

А) А-42

Ә) Т-28

Б) Ц-36

В) Г-12

Г) Г-8

Дискриптор:

Жалпы балл-3

1. Берілген тапсырммаға модель құрастырады.

ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

2-3 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Сабақ маған ұнады!» «Мен сабақты түсіндім!», «Әліде толықтырамын!» «Менің сұрағым бар?».

Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Рисунок 23


Тест тапсырмасы:

  1. Жасушадағы генетикалық материал қалай аталатынын тап.

а) фермент; б) дезоксирибонуклеин қышқылы;

ә) амин қышқылы; в) нәруыз.

  1. ДНҚ молекуласының бір тізбектегі нуклеотидтердің тізбегі: АТТ ЦГА ЦГГ ЦТА ТАГ екінші тізбектегі нуклеотидтерді анықта.

а) ЦГГ АТЦ АТТ АГЦ ГЦА; б)АТТ ЦГА ЦГГ ЦТА ТА;

ә)ТАА ГЦТ ГЦЦ ГАТ АТЦ; в)ТАА ГЦТ ГЦЦ ГАТ АТГ.

  1. Суретте ДНҚ молекуласы көрсетілген 1-4 сандарымен азотты негіздер берілген. Олардың арасындағы сутектік байланыстың санын анықта

а) 4; ә) 6; б) 8; в) 10.

  1. ДНҚ молекуласындағы азоттық негіз тимин (Т) 20% құрайды. ДНҚ молекуласындағы қалған нуклеотидтердің проценттік құрамын анықта.

а) Г-20%, А-30%, Ц-40% ; б) Г-30%, А-30%, Ц-20%;

ә) Г-30%, А-20%, Ц-30%; в) Г-30%, А-20%, Ц-40%.

  1. 1000 нуклеотидтен тұратын ДНҚ –ның ұзындығын есепте. ( ДНҚ-дағы нуклеотидтер арасындағы қашықтық 0,34нм)

а) 140 нм; б) 160 нм;

ә) 150 нм; в) 170 нм.



Тәжірибеге нұсқаулық. Тақырыбы: «Банан жемісінің ДНҚ-сын бөліп алып, қарау»


Мақсаты: Бананнан ұзын жұқа тізбек түрінде ДНҚ алу.

  • ДНҚ өте кішкентай молекула, оны көру үшін көп мөлшерде өсімдік немесе жеміс жидектер қолдануы қажет. Өсімдік және жеміс жидектердің ДНҚ-сы жұмсақ әрі нәзік және ДНҚ анық көрінеді. Оның үш негізгі қадамы бар. 1. Жасуша қабықшасы бұзылуы қажет, ядро босап шығуы керек.

2. Ядро қабықшасы бұзылып ол ДНҚ босап шығуы керек. 3. ДНҚ босап шыққаннан кейін ерітінділер тұнбаға түсіп ДНҚ ерітіндіден бөлінуі қажет.

  • Ерітінді сол жерде езіледі.

  • Су сабын –жасушаның фосфолипидтік құрылымын бұзады. Детергент екі түрлі қызмет атқарады: жасуша қаңқасын бұзады және ірі нәруыздардың ыдырауына себепкер болады, әйтпесе ол ДНҚ бірге бөлініп кетеді.

  • Ас тұзы ерітіндіні тұндырады.

  • Спирттің көмегімен экстракция(ерітіндіден затты бөліп алу) жүргізіледі

Құрал жабдықтар:

  • сынауық

  • Кәрлен табақша

  • Спирт-70-95% (мұздатылған)

  • шыны таяқша

  • тамшуыр

  • ДНК буфер ерітіндісі

  • стакан

  • кескіш

  • Штатив

  • Жеміс-жидек

  • жңішке таяқша

  • Дистильденген су


Жұмыс барысы:

ДНҚ ны алу:

- кәрлен табақшада 2 г бананның жұмсақ бөлігін біркелкі масса болғанша езіңіз;

- езілген массаны үлкен сынауыққа салыңыз;

- оған 2 мл буфер ерітіндісін қосыңыз;

- шыны таяқшамен 2 мин. мұқият араластырыңыз;

- біраз уақыт тұндырып қойыңыз ;

- Тұнған ерітіндінің бетінен 1 мл сұйықтықты алып кішкентай сынауыққа құйыңыз;

- осы ерітіндіге 1мл мұздатылған изопропил спиртті (этил спиртіде болады) сынауық қабырғасы бойымен, араластырып алмай құйыңыз.

- Алынған қоспаны араластырмай штативке 5 минутқа тұндырыңыз, 5 мин өткеннен кейін тұнған

өнімнің жоғарғы бөлігінде ДНҚ жіпшелерін немесе өнімдерін байқауға болады. Оны таяқшалармен алып қарауға болады.

Буфер ерітіндісін дайындау :

- 100 мл стаканға 80 мл дистилденген су құйып, 3 г тұз қосыңыз;
- Тұз толығымен ерігенше араластырыңыз; 
- Шприцпен 10 мл сұйық жуғыш затты алып, ерітіндіге қосыңыз; 
- Ерітінді 100 мл болғанға дейін дистилденген су қосыңыз; 
- Ерітіндіні біркелкі масса болғанға дейін араластырыңыз.


Picture 3



Әдебиеттер:

      1. Н.Г. Асанова, А.Р.Соловьева, Б.Т.Ибрагимова «Биология» 9 сынып, Алматы: Атамұра, 2019ж.

      2. Ғ.И. Исаев, Д.Ж. Юсупова, А.И. Исаев «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы РҚБ-нің Хабаршысы». Алматы қ. № 6 (406) ХІ-ХІІ 2023ж.

      3. https://smk.edu.kz/ сайты.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2025
174
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі