Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
УРИНБАЕВА Д.С.
Мақалада оқу үдерісінде студенттің танымдық және шығармашылық белсенділігін іске асыру мақсатында қазіргі заманғы білім беру технологияларын қолдана отырып, білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік алатындығы қарастырылған. Педагогикалық технологияның аспектілері, қазіргі заманғы технологияларды қолдану ерекшелігі көрсетілген.
Кілт сөздер: инновациялар, педагогикалық технология, студенттер мотивациясы, технологиялар спецификасы, модульдік оқытудың технологиясы.
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Ол өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындауыштың тұлғасын қалыптастыру. Оларды даярлау үшін білім беру саласында қазіргі дидактикалық мүмкіншіліктерін, жаңа идеяларын және білім беру технологияларын сарқа пайдалану қажет.
Оқытуда жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың таным белсенділігін арттыру, эстетикалық талғамдарын қалыптастырып, елдікке, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Білім беру – кез келген өркениетті қоғамның қалыптасуының негізі. Сол себептен де білім берудің құрылымы әр уақытта ғылым мен тәжірибе, әдістер мен технологиялармен ізбе-із ілесе жаңарып отыру керек, сонымен қатар адамның практикалық әрекетінен қолдау тауып, мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандырып және қоғам сұранысына жауап беру тиіс.
Инновациялық әрекеттің мақсаты білім алушының тұлғасын сапалық өзгерту боп саналады. Бұл кәсіби іс-әрекетке практикаға бейтаныс дидактикалық және тәрбиелік мәні бар, алдын-ала орын алуы мүмкін педагогикалық күйзеліске жол бермейтін бағдарламаларды ендіру арқылы мүмкін болады. Қабілеттіліктерді дамыту қабылдап алатын ақпараттарды өз бетінше игеруге, шығармашылық ойлауды қалыптастыруға, студенттердің ғылым мен практиканың озық жетістіктерін қолдана отырып табиғи қабілеттіліктерін кең көлемде жол аша білу – инновациялық әрекеттің негізгі мақсаттары. Білім беру үдерісіндегі инновациялық әрекет адамның рухани қалыптасуына бағытталған қоғамдық маңызды практика тәрізді, қоғамда кездесетін барлық практика типтерін қайта жандандыру қабілетін қамтамасыз ете алады.
Қазіргі уақытта практикаға мынандай инновациялық технологиялар ендірілген: дифференциация және жекешелендіру технологиялары; жобалық технологиялар, оқу материалын өз бетінше жобалауға арналған және белгілі бір формада: графикалық, белгілік немесе символдық түрде модельденетін және ары қарай құрылымға енетін сабақты ұйымдастыру тәсілі; проблемалық оқыту технологиялары; интербелсенді технологиялар; ақпараттық технологиялар: мультимедиялық сабақтар, компьютерлік оқыту бағарламалары негізінде жүргізілетін сабақтар; электрондық оқу құралдары, презентациялар негізінде құрылған сабақтар.
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың өзектілігі:
• сабақтың жаңа сапалы типі (қарқындылық, ақпараттандыру);
• қажетті ақпаратты жылдам алу;
• көрнекі оқу құралдарының көп мөлшері;
• пәнге деген қызығушылық, жаттықтыру құралдарының көмегімен студенттердің білімін сапалы түрде тексеру;
• оқытушы мен студенттің арасында тығыз қарым-қатынас орнату арқылы оқу үдерісін жылдамдату, студенттердің жауап беруге ынтасын арттыру.
Біздің зерттеуіміздің мақсаты қазіргі кезде кездесіп жүрген инновациялық білім беру технологияларын талқылау және олардың әдіс-тәсілдерін институттағы биология сабақтарын жүргізу барысында қолданып көруді көздейді.
Инновациялар – білім беру, оқыту және ғылым саласына жаңа формаларды, тәсілдерді және қабілеттіліктерді ендіру. Соған сәйкес білім беру инновациялық әрекеттің механизмдерін дамыту, тіршілік үшін маңызды және оның барлық салаларында қолданылатын мәселелердің шешімін шығармашылық жолмен табуды дамыту қажет.
Инновациялық әрекеттің мақсатына студенттің тұлғалық сапасын дәстүрлі жүйемен салыстыра отырып дамыту жатады.
Жоғарыда аталған міндеттерді орындау үшін бірнеше білім беру (педагогикалық) технологияларын қолдану ұсынылады.
Педагогикалық технология – формалардың, әдістердің, тәсілдердің, оқыту әдістерінің тәрбиелеу құралдарының арнайы жиынтығын анықтайтын, психологиялық-педагогикалық ұстаным шарттарының жиынтығы; ол педагогикалық үдерістің әдістемелік жағынан ұйымдастырылған құралы саналады [1, 97 б.].
«Педагогикалық технология» ұғымы үш түрлі аспектіде көрсетілуі мүмкін:
1) ғылыми-педагогикалық технология – оқытудың құрылымы мен әдістемесін, мақсаттарын зерттеумен және өңдеумен айналысатын педагогиканың бір саласы саналады; сонымен қатар педагогикалық үдерістерді жобалаумен айналысады;
2) үдерістік-сипаттаушы: үдерісті сипаттау (алгоритм), мақсаттардың жиынтығы, оқытуда жоспарланған әдістер мен құрылымдардың жоспарланған мақсаттарға жету;
3) үдерістік-әрекеттік: технологиялық үдерісті (педагогикалық) іске асыру, педагогикалық құралдардың әдіснамалық, тұлғалық қабілеттіліктерін қалыптастыру [4, 17 б.].
Оқу үдерісінде студенттің танымдық және шығармашылық белсенділігін іске асыру үшін қазіргі заманғы білім беру технологиялары қолданылады, білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, оқу уақытын тиімді пайдалану репродуктивті әрекет үлесін түсіру мүмкіншілігі үй тапсырмасына берілген уақытты үнемдеуден іске асыруға болады. Биологияны оқыту барысында негізге алуға болатын технологиялар, келесілер:
Проблемалық оқыту технологиясы – оқыту әрекеті барысында проблемалық жағдайлар тудырту және оларды шешу үшін студенттердің өз бетінше белсенді әрекетін ұйымдастыру, оның нәтижесінде білімді, қабілеттіліктерді игеру орын алып, ойлау қабілеттері дами бастайды.
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар – бұл білім құрылымының өзгерісі мен оның шексіз байытылуы, интергативті курстарды қолдану, интернетке қолжетімділік, оқытудың интербелсенді әдістері, қашықтықтан қарым-қатынас орнату.
Әртүрлі деңгейлік оқыту технологиясы – оқытушыға әлсіз студентке көмек көрсету, күшті студентке назар аудартуға мүмкіндік береді. Аталған технология бойынша күшті студенттің білім алуда жылдам әрі тереңірек қозғалуға мүмкіндік береді. Күшті студенттер өздерінің қабілеттіліктерін нығайта түссе, әлсіз студенттер оқуда қол жеткізген жетістіктерімен қанағаттана алады және өз мүмкіндіктері шеңберінде қанат жаюына мүмкіндіктерге ие болып, оқытудың мотивация деңгейі де артады.
Оқытудың жобалық әдістер технологиясы. Аталған әдіс бойынша жұмыс жасау студенттердің жке шығармашылық қабілеттіліктерін арттыруға, кәсіби және әлеуметтік өзінің орнын анықтауға мүмкіндіктер береді.
Зерттеу әдістерінің технологиясы оқыту үдерісінде студенттерге өз бетінше білімдерін толықтыруға, зерттелінетін мәселеге терең енуге және дүниетанымды қалыптастыру барысында маңызды болып есептелетін олардың шешімін табу жолдарын іздестіруге мүмкіндіктер береді. Бұл әрбір студенттің жеке даму траекториясын анықтауға қажетті.
Лекция-семинарлық жүйе жоғарғы мектептерде қолданады, себебі бұл білім алушыларға ЖОО-ға емтихандарды тапсыруға қажетті болып табылады. Ол материалды блоктарға сидыруға мүмкіндік береді және оны біртұтас ретінде ұсына алады, ал бақылауды білім алушылардың алдын-ала дайындығының нәтижесі арқылы жүргізе алады. Алайда аталған технологиямен мөлшерден тыс қолдануға болмайды, себебі білім беру үдерісін аз тиімді етуі мүмкін: студенттер үшін іш пысарлыққа айналып, ол оқытуға деген мотивацияны күрт төмендетіп тастайды. Оның үстіне, көп көлемді ақпараттар ойланып көруге уақыт тапшы болады. сол себептен студенттермен қабылдануы да төмен болады. алайда кезеңдік қолданыс ретінде аталған технология қазіргі институтқа енгізілген, әсіресе мәселелік тақырыптарға арналған семинарлармен үйлестіріледі, себебі сол кезде ғана студенттер толығымен назарларын аударып, алған білімдері мен қабілеттіліктерін тиісті салада қолдана алады.
Оқыту барысында ойын тәсілдерін қолдану технологиясы. Бұлар рольдік, қызметтік және оқытудың өзге де ойындары болуы мүмкін. Бұл технология дүниеге көзқарасты кеңейтуі, практикалық әрекетке қажетті белгілі бір қабілеттіліктерді қалыптастыруы, оқу қабілеттіліктер мен білімділіктерді дамытуы мүмкін.
Денсаулық сақтауға бағытталған технологиялар. Аталған технологияны қолдану сабақ барысында тапсырмалардың әртүрлі түрлерін жіктеуге, ойлау әрекетін физикалық жаттығулармен алмастырып отыруға, күрделі оқу материалын беру уақытын таңдауға, өзіндік жұмыстарды өткізуге тиімді уақыт бөлуге септігін тигізеді.
Инновациялық бағалау жүйесі «портфолио» - бұл студенттің жеке оқудағы жетістіктерін есепке алуды қоғамдық өзіндік орнын анықтаудың педагогикалық қолдау табудың құралы, тұлғаның жеке дамуының траекториясын анықтау ретінде қолдануға болады.
Қашықтықтан оқыту технологиясы - қазіргі заманғы ЖОО-да өте актуальді болып келе жатқан технологиялардың бірі. Бұл технология денсаулығы нашар азаматтардың немесе түрлі себептермен сабаққа қатынаса алмайтындарға толыққанды білім беруге бағытталған технология. Аталған технологияның элементтерін оқытушы мен студент арасында қашықтықтан үй тапсырмасын орындау барысында қорлдануға болады (жеке кеңес берушілік диагностика). Жоба орындау барысында және студенттердің уақытша еңбекке жарамсыздығы кезінде де қолдануға тиімді технология саналады.
Модульді оқыту технологиясы оқытудың жекешелендірілуін қамтамасыз етеді: оқытудың құрылымы, игеру темпі бойынша, өзіндік жұмыс жасаудың, оқытудың әдістері мен тәсілдері арқылы, бақылау мен өзін-өзі бақылау құрылымдары бойынша жұмыс жасалынады. [3, 219-225 б.].
Технологияны қолданудың спецификасы келесіде:
1. Бірінші сатыда оқытушы ақпараттық кіріспе жасайды, сонымен қатар «нені оқимыз және не үшін оқимыз?» деген сұрақтарға жауап береді.
2. Ұйымдастырушылық кіріспе, оқытушы оқытудың шартын ұсынады, яғни «қалай?» деген сұраққа жауап береді.
3. Тәрбиенің алгоритмі ұсынылады.
4. Оқытушы оқу материалының ауытқуына көңіл бөледі (міндетті түрде танысу мен зерттеу үшін ақпарат көздерін көрсете отырып).
5. Сабақтың түрлі сатыларында тесттік және түрлі оқу тапсырмаларын береді, студенттер өз білімдерін аралық және қортынды бақылаулардан бағалауға мүмкіндік алады [2, 3-5 б.].
Инновациялық іс-әрекет оқытушыға мүмкіндік береді: кәсіби дамуына, эмоциялық қанағаттану, өзін-өзі дамытуға, дифференциалды оқытуды ұйымдастыруға, оқытудың нәтижелерін болжамдауға, оқу нәтижелерін ерте диагностикалау мен туралауға.
Студентке таңдау мүмкіндігі беріледі: деңгейді, көлемді, пәндік білімнің құрылымын (стандарттан төмен емес), жеке тұлғалық сипатқа сәйкес оқыту (ойлау типі, есте сақтаудың ерекшеліктері), тақырып бойынша тұлғалық қасиеттерді ескере отырып көтерілу, бақылау мен өзін-өзі бақылаудың формасы, типі, уақыты; диалогтық қарым-қатынас үшін серік; тыңдаушы немесе түсіндіруші ролі.
Үдеріс барысында қабілеттіліктер қалыптасады: өзіндік жұмыс жасау, қарам-қатынастық әрекет.
Алынған нәтижелердің диагностикасы мына формада орындалады: бақылау, әңгіме жүргізу, сауалнама жүргізу, жиналыстарда, семинарларда тәжірибемен алмасу, өзіндік коэффициентті есептеу, ағымдық бақылаулар, жарты жылдық нәтижелерді есептеу, емтихандарды жаңа форматтарда тапсыру.
Көптеген педагогтардың пікірінше, инновациялық технологиялардың жетістіктері келесіде: студенттердің нақты әрі берік біліммен қамтамасыз ету, оқыту әрекетінде өз бетінше жұмыс жасауды қалыптастыру, сабақ барысында оқу материалын талқылауға мүмкіндік беру, оңтайлы эмоциялық көңіл-күйді қалыптастыру, дұрыс емес жауаптардан қорқыныштың жоқтығы, сенімділік сезімі орын ала бастайды, қарым-қатынас мәдениеті арта түседі, ары қарай білім алуға мотивация өсе бастайды, студенттің өзін-өзі бағалауы артады, студент және оқытушының психологиялық күйзелісі түседі.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Найма И. Развитие современных педагогических технологий (организационно-деятельностный подход): Дис.канд.пед.наук. – Пятигорск, 1993. – 97 б.
2.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. – М.: Народное образование, 1998. – 3-5 бб.
3.Суртаева Н.Н. Проектирование педагогических технологий в профессиональной подготовке учителя (на примере естественно-научных дисциплин): Дис. докт. пед. наук. – М., 1995. – 219-215 бб.
4.Суртаева Н.Н. Педагогические технологии в реализации гуманистической концепции образования // Химия в школе. – 1997. – 17 б.
УРИНБАЕВА Д.С. ИННОВАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В ПРЕПОДАВАНИИ БИОЛОГИИ
В статье показаны возможности повышения качества образования при использовании современных технологий обучения в учебном процессе в целях реализации творческой и познавательной активности студентов. Отражены аспекты педагогической технологии, специфика использования современных технологий.
Ключевые слова: инновации, педагогическая технология, мотивация студентов, специфика технологий, технология модульного обучения.
URINBAEVA D.S. .INNOVATIVE TECHNOLOGIES IN TEACHING OF BIOLOGY.
The article shows the possibilities of improving the quality of education at use of modern teaching technologies in the educational process in order to implement creative and cognitive activity of students.Reflects aspects of pedagogical technology, specificitythe use of modern technologies.
Keywords: innovation, pedagogical technology, motivation of students, the specific technology, the technology of modular training.