Бір адым алға. 1- сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бір адым алға. 1- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сынып оқушыларының алфавитті аяқтау кезінде өткізілетін сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 сыныппен қоштасу

"Болашаққа көш бастар,

Сауат ашу жол ашар"

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, 1 сыныпта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы – мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу. 

Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал- мәтелдер, слайд.

Барысы:

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі  сол, осыдан 1 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауыштың алғашқы буынында оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып 1 сыныппен қоштасқалы отыр.

              Бесіктегі баланың, күлгенін көрген-бір бақыт.

         Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген – бір бақыт! – дегендей, 1 сыныпты бітіруші түлектеріміз бүгін сіздер үшін бар өнерлерін көрсетіп, тағы да бір бақытқа кенелтпекші!


 Мұғалім: «Мектеп – білім» кемесін

Басқарып бүгін келесіз.
Ата-ана, ұстаз, балаға
Ақ жарқын сәлем етесіз.
Шақырып едік, келдіңіз,
Сөз кезегін береміз.
(Құттықтау сөз мектеп басшыларына жолданады)


Мұғалім: Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған 1 сыныбымен  қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі  отыр. Ендеше, осынау балапандарымыз қызықты да  ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өздерінің 1 жыл бойы алған білімдері мен өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, ертеңгілігімізді бастайық!

Нұрбек:

Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

 


Аяулым:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп ән де бүгін шырқалар.

Ахмет:

Бала шаққа болашақты  жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.

 Еркеназ:

Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

Ермұқан:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

 Адия:

Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне 1-ші сыныппен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби-еркелер!

Санжар:

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені

 Айнұр:

Мектебім – білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 1жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Айым: 

Мектеп – үйім, ұстазым менің – ата- анам,

Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.

Саяң  ыстық, сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып, сан тарапқа тараған.

Нұржан:

Мектебім – сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін, көктеймін.

Сен – бұлақ,  мен – қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.

 Ермұрат:

Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,

Ақылға келе алмадық ерте көніп.

Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.

Мектептің ережесін үйрендік  кеп.

 Шыңғыс: 

Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.

Әр бетін кітаптың күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз

Еркежан:

Армысың сен, алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр-алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім!


  1. Ән: «Аяулы әнім мектебім»


Мұғалім: Иә мектебімізге қандай жыр арнасақта жарасады.

Нұрдәулет:

Алфавитті жаттадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.

Еркеназ:

Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеніңдер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көріңдер.

Мадина:
Әріптердің атаманы қай әріп?

Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба Б тұрады үшінші.

Ал осының сыры неде түсінші:

Дильназ:

А – деген ол аналар ғой ардақты,

Ә – деген ол әкелер ғой салмақты,

Б – деген ол балалар ғой әдемі.

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Алшақ кетпей сондықтан да расында,

Тұрады олар алфавиттің басында.


Аружан:
А әрпінен есімім
Айтсам сөздің кесімін.
Аружан мен боламын,
Айдай өсіп толамын.


Ерасыл:
Р дегенің Ра
йымбеков,
Ерасыл деген мен бала.
Жақсы оқысам сабақты
Одан артық жоқ шара.

Айдана:
Айдана деген есімді,
Білдіңіздер кесімді.
Д әрпі бар ішінде,
Тыңдасаңыз шешімді.

Кәусар:

К дегенің Кәусармын мен
Әріптерден қаламын ба мен дағы,
Достарыма тілейтінім алдымен
Денсаулық пен зор байлық алда да.

Балым:
Б әрпі Б
алыммын мен деген

Оқу оқып,жазу жазып терлеген.


 Адлжан:

Ақыл құйған санама,

Күннен де артық расында.

Күн алыста, ал анам,

Ылғи менің қасымда.

Наргиз:

Ой жіберсең бәріне ,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бірі де.

Ерасыл:

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген ,

Дүниетану сабағы


  1. Ән: Алфавит (қазақша, ағылшынша)


  1. 1 «Б» сынып оқушыларының әдеби монтажы

Мен әдепті баламын.

Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын,

Ән бимен шашу шашылсын.

Мың бұралған бишілер,

Бименен кешті жалғасын.


  1. Өзбек биі. Орындайтын 1 «А» сынып оқушысы Ернұрқызы Еркеназ


  1. 1 «Б» сынып оқушысы Серікұлы Кенжеш

  2. 1 «А» сынып оқушысы Адкенова Аяулымның биін тамашалаңыздар


  1. 1 «Б» сынып қыздары

  2. Көрініс «Кітапқа таласу»


Ертегілер еліндей болған, бал балалық шағымыздың куәсі – 1-ші сыныппен қоштасу кешіне қош келдіңіздер! Бүгінгі ертеңгілігімізді осы ертегіге сенген күндеріміздің белгісі ретінде

Ән. «Ертегілер елінде»


Мұғалім: Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

                 Сенімдердің айналыңдар серперіне.

                 Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,

                 Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

                 Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,

                 Аластайтын жаныңды күз көңілден.

                 Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

                 Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

 Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!» 

Мұғалім: - Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі сөз сіздерге беріледі.
Мұғалім: Ата – ана шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Қорытындысын жасайық!!! (шашу шашылады)
Мұғалім: Мұнда біреу жымияды қызына,
Мұнда біреу ақыл айтар ұлына.
Мұнда біреу сөз сөйлейді жараса,
Мұнда біреу елтіп отыр жырыма.
Ол кім десең,
Қуаныштан езулерін жымиған,
Ол – ата – ана, әлемдегі сыйлы адам, - дей келесі сөз кезегін ата – аналарға беремін.
Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!



 

 

 

 

 

 

 

 





 



 



 

 

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2018
600
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі