400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып математика "Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу" тақырыбына Блум таксониямиясы бойынша жоспарланған сабақ.Сабақ жоспары тірек сызбалар арқылы бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу жолдары қаралған.Материал жас мамандар үшін қажет деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 
Сынып: 6
Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу (есептер шығару)
Сабақтың мақсаттары: 
Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік тақырыбына есептер шығару.Теориялық білімдерін жүйелеу, бекіту. 
Дамытушылық:Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Теориялық білімдерін практикада қолдана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеуге, өзгенің пікірін тыңдай білуге үйрету. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Көрнекілік: Үлестірме материалдар.
Сабақтың типі: Білімді бекіту
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс 
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеріп, топқа бөлемін. 
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Қызығушылықты ояту
« Не білемін»
1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік дегеніміз?
2. Теңсіздікті шешу дегеніміз не?
3. Мәндес теңсіздік дегеніміз не?
4. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу жолы?
5. а=0 және в˂0 болса, теңсіздіктің шешімі қандай болады?
6. а=0 және в˃0 болса, теңсіздіктің шешімі қандай?
III. Мағынаны ашу. Кубизм стратегиясы
А-деңгей
№1013
1)3х-7˂х+1, 2)2+х˃8-х, 3)1-х≤2х-5, 4)2х+1˃х+6, 5)4х+2˃3х+1, 6)6х+1˂2х+9,
3х-х˂1+7, х+х˃8-2, -х-2х≤-5-1, 2х-х˃6-1, 4х-3х˃1-2, 6х-2х˂9-1, 
2х˂8, 2х˃6, -3х≤-6, х˃5. х˃-1. 4х˂8,
х˂4. х˃3. х≥2. Ж: (5;+∞) Ж:(-1;+∞) х˂2
Ж: (-∞;4) Ж: (3;+∞) Ж: [2;+∞) Ж: (-∞;2)
В-деңгей
№1022
1)х-тің қандай мәндерінде 7,6+2х-(3х-6,4) өрнегінің мәні оң сан болады?
7,6+2х-(3х-6,4)˃0,
7,6+2х-3х+6,4˃0,
-х˃-14,
х˂14.
2)у-тің қандай мәндерінде у+2,8+(9,8-3у) өрнегінің мәні теріс сан болады?
у+2,8+(9,8-3у)˂0,
у+2,8+9,8-3у˂0,
-2у˂-12,6,
у˃6,3.
3) х-тің қандай мәндерінде 6(х+1)-5х-3 өрнегінің мәні оң сан болады?
6(х+1)-5х-3˃0,
6х+6-5х-3˃0,
х˃-3.
4) у-тің қандай мәндерінде 5(у+2)+8+у өрнегінің мәні теріс сан болады?
5(у+2)+8+у˂0,
5у+10+8+у˂0,
4у˂-18,
у˂-4,5.
IV. Ой толғаныс. Түртіп алу стратегиясы
Қатесін тап
№1023
1)5у+9≤3-7у, 2)3х+1≤4х-5, 3)6-5у˃3у-2, 4)3-7у˃5у-3,
5у-7у≤3-9, 3х-4х≤-5+1, 5у-3у˃-2-6, 7у-5у˃-3-3,
-2у≤-6, -х≤-4, 2у˃-8, 2у˃-6,
у≥3. х≤4. у˃-4. у˃-3.
Сәйкестендіру тесті:
реті Теңсіздік белгіленуі 
1 5(х-2)≥2х-1 A. х≤2
2 7х-8≤5х+2 B. х˃7
3 4(х-3)≤х-6 C. х˂-2
4 3+2(х-1)˃8+х D. х≤5 
5 2х+5˂х+3 E. х≥7
6 3х+4≥2х+11 F. х≥3

Жауабы: 1-F, 2-D, 3-A, 4-B, 5-C, 6-E.
V.Үйге тапсырма: №1017, №1023(3,6)
VI. Бағалау. Бағалау парағы бойынша топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалайды.
VII. Қорытынды

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
463
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі