«Бір отбасы – Бір кітап» атты тәрбие сағатына қмж

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бір отбасы – Бір кітап» атты тәрбие сағатына қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бір отбасы – Бір кітап» атты тәрбие сағатына қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бір отбасы – Бір кітап»

Бөлім: Тәрбие сағаты

Педагог: 

Күні: 

Сынып: 

Қатысушылар саны: 

Қатыспағандар саны: 

Тәрбие тақырыбы: «Бір отбасы – Бір кітап»

Мақсаттары:

  • Биік шыңдарға біліммен шығуға баулу.

  • Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлерін тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрену.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/Уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (5 минут)

Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз”. (А. Байтұрсынұлы)
“Оқысаң — озарсың, Оқымасаң — тозарсың. Білімдіні бала болса да, аға деп біл. Адамның көркі киімі емес, білімі.”
“Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір - бірін құрметтеуге үйренуіміз керек. Топтағы оқушылар түсінбегенін бір - бірінен сұрап, сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыру, жұмыс істеу нәтижесінде өзінің және топтағылардың намысын қорғау, бірлесіп еңбек ету, шешім қабылдау сияқты құндылықтармен бірге, күнделікті сабақтан хабардар болып отыруға тиіссіздер.”
“Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.” - деген Әл-Фараби бабамыз.
“Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік, Өз кезегін сайыскерлерге берелік.”
Сұрақтар:
1. Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар?
2. Өздерің айтқандай, туған жерін, ата мекенін, тілін, дінін сүйіп, жақсы білім алып, халқына адал қызмет еткен кімдерді білесіңдер?

Оқушылар мұғалімнің сөзін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді, өз ойларын айтады, пікір алмасады.

Топпен жұмыс сапасы, белсенділігі, ойлау қабілеті, құндылықтарды меңгеру деңгейі.

Презентация

Сабақтың ортасы (15 минут)

1. Қабат - қабат қаптама, кітап - книга - bооk
Ақылың болса аттама
2. 
Жеті Қазынаның бірі, (ит - собакa - dog)
Адамды қорғап жүретін досы
3. 
Жүз теңгең болғанша, Жүз.. (дос - друг - friend)
болсын.
4. 
Тұмсығымен бор - мел - chalk
қозғалар,Соңынан аппақ із калар.
5. 
Тіс жоқ өзінде, Сөзі бар қаламсап - ручка - реп
ізінде
6. 
Сағат сайын қағылады, тек қоңырау - звонок – bеІ
мектептен табылады.

Оқушылар жұмбақтарды шешеді, сөздік қорын байытады.

Ойлау қабілеті, сөздік қоры, топпен жұмыс істеу дағдысы.

Интербелсенді тақта/компьютер, суреттер, қағаз

Сабақтың соңы (10 минут)

* ҮІІ ғасырда өмір сүрген мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі - Әзірет Әлінің ілімнің қақпасы аталып кеткенін сынау мақсатында жерлестері оған 10 адамды кезекпен жібермек болған, олардың бәрі Әзірет Әліге «Білім артық па, байлық артық па?» - деген сауал қоятын болып келісті. Егер осы сұраққа жауап берсе ғана, Әзірет Әліні мойындамақ болыпты. Сонда Әзірет Әлінің берген жауабы:
- Білім артық, өйткені ол Пайғамбарлардан қалған мирас, байлық – бақылдардан қалған мұра.
- Білім сені бағады, байлықты сен бағасың, сондықтан білім артық.
- Білім артық оны ұрыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді ұрыдан күнде қорғау керек.
- Білімің көп болса сені құрметтейді, бай болсаң сені қызғанады.
- Білімің көп болса да іріп - шіріп бүлінбейді, ал дүние болса бүлінеді.
- Білім артық ол жаныңды байытады, ал байлық жан дүниеңді шектейді, өзіңді тура жолдан тайдырады.
Білімнің артықшылығын бұдан артық дәлелдену қиын. «Білім өмірде - таяныш, жолда - дос, жалғыздықта - жолдас, қуанышта – бастаушы, қайғыда – медет, күресте – құрал, зұлымдыққа қарсы айла» деп діни хадистерде бекерге айтылмаған.қараңғылық бар бәленің бастауы, тасырлық та, тоғышарлық та содан қараңғылықтың бұғауы мен надандықтың кісенінен азат ететін жалғыз күш – оқу. «Білген адам өкінбейді, мейірбан адам – мазасызданбайды, батыр адам қорықпайды», - дейді Конфуций.

Оқушылар мұғалімнің сөзін тыңдайды, өз ойларын бөліседі.

Ойлау қабілеті, танымдық белсенділік, мақал-мәтелдерге деген қызығушылық.

Презентация

Үйге тапсырма (3 минут)

* «Бір отбасы – Бір кітап» жобасы туралы қосымша ақпарат жинау. * «Кітап – білім бұлағы» тақырыбында эссе жазу.

Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.



Ескерту:

  • Тәрбие сағатындағы тапсырмалар оқушылардың жасына және білім деңгейіне байланысты өзгертілуі мүмкін.

  • «Бір отбасы – Бір кітап» жобасына қатысуға шақыру маңызды.

  • Кітап оқу туралы бейне көрсетуге немесе танымал жазушыларды шақыруға болады.

  • Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін ойындар, сайыстар ұйымдастыруға болады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.10.2024
621
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі