Бір таңбалы сандарды ондықтан аттау арқылы қосу тәсілі. 2-класс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бір таңбалы сандарды ондықтан аттау арқылы қосу тәсілі. 2-класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне және жас мамандарға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

4 жалпы білім беретін орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі:

Камышева Сағираш Жангалиевна


Математика 2класс

Сабақтың тақырыбы: Бір таңбалы сандарды ондықтан аттау арқылы қосу тәсілі.

Сабақтың мақсаты:

1.Бір таңбалы сандарды ондықтан аттау арқылы қосу және азайтудың жалпы тәсілдерімен таныстыру.

2.Оқушылардың танымдық, ауызша қосу дағдыларын дамыту.

3.Дербестікке, белсенділікке, ыждағаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: сандар тізбегі, үлестірмелі қиықшалар, интерактивті тақта.

Әдіс-тәсілдері: ойын арқылы оқыту, топтық жұмыс.

Түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Ауызша жаттығулар

1. «Ондыққа дейін толықтыр» жаттығуы:

5Shape1 + =10 2+ = 10 4+ =10

2. «Кім көп атайды» ойыны

- Мәні 10, 8, 6, 9 болатын қосуға берілген өрнектерді кім көп атайды?

3. «Есепке кім жүйрік» ойыны.

4+9 6+5 11-2 2+9

12-3 3+9 4+7 5+8

ІІІ. Жұмбақ шешіңдер

Ұшып жүру үшін де

Жаралған бұл мүсін бе

Сезімталы осы мал

Төрт түліктің ішінде (жылқы)

Жылқы малының қандай пайдасы бар.

Ойын: «Бәйге». Қай топ мысалдарды тез шығарады, сол топ жалауды алады.

2 тапсырманы орындау. Түсіндіріп отырып есепте және тексер.

14-8 16-7 11см-3см

15-7 12-6 17см-9см


ІV. Сөйлемдерді толықтыр:

Қосуды азайту арқылы тексеруге болады. Ол үшін қосындының мәнінен _________ азайтса, екінші қосылғыш шығады. (1 слайд)

Азайтуды қосу арқылы тексеруге болады. Ол үшін айырманың мәніне ________ қосса, азайғыш шығады. (2 слайд)

Азайтуды азайту арқылы есептеуге болады. Ол үшін азайғыштан _________ азайтса, азайғыш шығады. (3 слайд)

V. Жұмбақ шешіңдер.

Қызыққанмен жүніне,

Түбітіне, жібіне

Талай - талай орманның

Жеткен олар түбіне (Ешкі)

Балалар, сендерге Сексен ата тапсырма әкелді. Ойын «Көкпар»

а) Сурет бойынша есеп құрастыр

ә) Кері есеп құрастыр және шығар


6-ы артық


1-топ. 2-топ 3-топ

1-дүкенде – 9 сандық 1 дүкенде – 9 сандық 1 дүкенде - 9

2 дүкенде - ? 6-ы артық 2 дүкенде - ? 15 2 дүкенде – 6 ?

Дұрыс шығарған оқушы тақтаға шығарады.

VІ. Жұмбақ шешіңдер.

Жүрме шіркін мазалап

Маса да бір азап- ақ.

Апам сені сауады

Желініңді тазалап. (Сиыр)

Сүттен қандай тағам жасайды?

Зеңгі баба сендерге тапсырма әкеді.

6 тапсырма. Есептің шешуін өрнек түрінде жаз.

а) 5 кг + а кг ; ә) в кг + а кг; б) а кг- в кг.

VІІ. Жұмбақ шешіңдер.

Қой баласы – қоңырым,

Ұя бұзбас момыным,

Шопан ата түлегі

Қошақаным қайдасың? (Қой)

Шопан атаның тапсырмаларын орындаңдар.

Ойын: «Хан талапай». Логикалық есептер.

Ағайынды Марат, Қайрат және Әнуар үшеуі бір мектепте оқиды. Марат Әнуардан үлкен емес, ал Қайрат Мараттан үлкен емес. Үлкен, ортаншы, кіші балалардың атын ата.

Жауабы: Үлкені Әнуар, ортаншы бала Марат, кішісі Қайрат.

VІІІ. Қорытынды:

Үйге тапсырма: №7 23 – бет

Ойын «Арқан тартыс». Қай топ сұрақтарға дұрыс көп жауап берсе, сол топ жеңеді.

- 1 таңбалы сандарды ата:

- Ең кіші екі таңбалы сандарды ата,

- Ең үлкен екі таңбалы санды атаймыз;

- Ең үлкен бір таңбалы санды атаймыз;

- Төрт түлік малды еске түсірдік, есептер, мысалдар, логикалық есептер шештік, интерактивті тақтаны қолдана білдік.

Бағалау.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.06.2018
688
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі