Ұлттық мүдде. Ар-ұят. Обал-сауап. Тәлім-тәрбие. Міне, біз қазақ деген текті халыққа ғана тән біртұтас тәрбие жайлы сөз қозғағанда бірден ұлттық құндылықтарды есімізге түсіреміз. Обал мен сауапты, ар мен ұятты білетін қазақ тәрбиеге ерекше мән берген. Тіпті, баланы өмірге келмей жатып тар құрсақта жатқан сәтінен тәрбие беру қажеттігін де ата-бабамыз өсиет етіп айтып кеткен.
Егер біз ұлымыз ұлықты, қызымыз қылықты болсын десек, текті ұрпағымызды биік мұратқа жетелейміз десек білімнің ең биік тұғырын яғни, тәрбиені дұрыс беруге міндеттіміз. Бала бойына тәрбие ең бірінші ата-анадан берілетінін ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан да болар, халқымыз «тек» деген қасиетті сөзге ерекше мән беріп қараған. Ұлттық болмысты, ұлттық құндылықты бала бойына дарытқанда ғана біздің өскелең ұрпағымыз ұлағатты болады. Ал ұлағатты ұрпақ біздің еліміздің ертеңіне ауадай қажет. Ойшыл, ағартушы, әлемнің екінші ұстазы болған Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз: «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп текке айтпаған. Білімді емес бірінші балаға тәрбие қажет екенін сол заманда-ақ тілге тиек еткен. Бүгінде біз сол бабалалар салған сара жолдан адаспағанымыз жөн.
Қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету қажеттігін ұстаздар қауымы ғана емес отбасында ата-әже, әке-шеше де үнемі баланың көкейіне құйып, санасына сақтауына ықпал еткені дұрыс деп ойлаймын. Бала ел іргесінің кетігіне бір кірпіш болып қалануы үшін қоғам болып атсалысуымыз қажет. Біз бүгінгі таңда мықты тұлға қалыптастыру жолында тынбай еңбек етіп келеміз. Бала тәрбиесі кемшілікті, кешігуді, салғырттықты, әлсіздікті кешірмейді. Баланың тәрбиесіне біз бар жан-тәнімізбен көңіл бөлуіміз керек. Себебі бүгінгі жас балалар ертеңгі еліміздің тізгінін ұстайтын тұлғалар. Сол себепті дана халқымыз «Баланы жастан» деп текке айтпаған.
Жас ұрпақтың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, бірқатар міндеттерді жіпке тізіп, «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» деп ерекше атап, ұлттық тәрбиенің біртұтастығын тілге тиек етті. Нәтижесінде жаңа оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы қолданысқа енгізілді. Мемлекеттік деңгейде маңызы бар ерекше деп танылған құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жас ұрпаққа түзу жол, анық бағдар көрсету мақсатына бағытталды. Міне, бала тәрбиесімен айналысатын әрбір жан осы бағдарлама негізінде жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Әділетті қоғам құрып, сол қоғамның бел баласы ретінде жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім бере отырып әділдікке, адал ұрпақ болуға тәрбиелеу – білім саласының қызметкерлерінің ең басты міндетінің бірі. Егер еліміздің ертеңі жарқын, келешегі кемел, болашағы шуақты болсын десек ең бірінші біз ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлгеніміз жөн.
ХХІ ғасыр – ақпарат пен жаңа технологиялар ғасыры. Бұл кезеңде адам мен техниканың біте қайнасуының нәтижесінде техника адамды емес, адам техниканы басқару қажет. Сонда ғана адам жүрегіндегі адами қасиет оның ішінде жанашырлық, мейірімділік, адамгершілік оты өшпейді. Себебі біз әр балаға адамшылықтан аттамай, әкенің қанымен, ананың ақ сүтімен бойға дарыған қасиеттерді бағалау қажеттігін үйретіп келеміз. Себебі бүгінгі күннің ұрпағы жаһандануды, кемелденуді тым терең меңгеретін ұрпақ. Осының алдын алуда Біртұтас тәрбие бағдарламасының тигізер пайдасы ұшан-теңіз.
Жас ұрпақтың рухты болғаны аса маңызды. Ал рухты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз өткен күннің мұрасын бүгінгімен байланыстыра отырып, жастардың санасына сәуле жағу.
Ұлттық, адами құндылықтарға негізделген Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында біз адамзаттық, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, нағыз рухшыл, жалынды, еңбекқор, жасампаз, патриот және әлемдік озық білімді, озық техниканы меңгеріп, игеретін саналы да сапалы ұрпақ тәрбиелей аламыз. Ең бастысы – ата-ананы сыйлап, құрметтейтін, өсиетін аяқсыз қалдырмайтын, отбасы деген киелі ұғымға терең мән беретін, Отанына опасыздық жасамайтын, туған жерге ту тігіп, туған елден безбейтін нағыз азаматтардың қатарын арттырамыз. Ол үшін ұстаз, тәрбиеші, ата-ана, жалпы, қоғам бала тәрбиесіне бей-жай қарамауы керек.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бір тұтас тәрбие

шағым қалдыра аласыз