Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Біріктірілген сабақ жоспары 6-7 сынып қазақ әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ ШЖМ-дегі 6-7 сыныптарға арналған ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

6-7 сыныптарға арналған ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ пәнінен біріктірілген қысқа мерзімді сабақ жоспары


Пәні: Қазақ әдебиеті

Мектебі: Рассвет жалпы білім беретін негізгі орта мектебі

Мұғалім: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байтасова Гүлзат Қуандыққызы


6-сынып

7-сынып

Сабақтың тақырыбы:

«Алып Ер Тұңға» жыры

Күлтегін жыры

Оқу мақсаты:

6.3.4.1. – көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.

7. А/И4. Шығармашылық жұмыс. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу.


Сабақтың мақсаты:

  1. Барлық оқушылар: Шығармадағы үзінділерді мәнерлеп оқи отырып, мазмұнына талдау жасайды.

  2. Оқушылардың басым бөлігі: Шығарма желісі бойынша дәлелдер келтіре отырып, кейіпкер бейнесін ашады, үзінділерді жатқа айтады.

  3. Кейбір оқушылар: үзінділерді мәнерлеп жатқа айтады, тұжырымдап жазады.

  1. Барлық оқушылар:

Жырдың тақырыбын, идеясын, оқиға

құрылысын анықтай алады. «Күлтегін»

жырының мазмұнын біледі, өз ойын

дәлел келтіріп жеткізеді.

  1. Оқушылардың басым бөлігі:

Шығарма мазмұнына жан-жақты талдау жасай алады. Жырдан өмірлік қағида шығара алады

  1. Кейбір оқушылар:

Өз ойын қорытындылай отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.

Бағалау кретерийі:

Мәтіннің мазмұны мен идеясын түсінеді;

Шығарманы мәнерлер оқиды, жатқа айтады, шумақтың идеясын тұжырымдап жазады.


Тілдік мақсат:

Негізгі сөздер мен тіркестер:

жоқтау, қайғылы жүрек, сұм дүние, ғұмыр, бектер, ерлік, бөрідей ұлу.

Жоқтау өлеңі қашан айтылады? Жоқтауда не айтылады деп ойлайсың? Неліктен кейбір тұлғаларды жоқтаған өлеңдер сақталып қалған деп ойлайсың?

Пәндік лексика мен терминология:

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын...

«Күлтегін» жыры, ежелгі түркі дәуірі, ерлік, елдік, батырлық, тарихи жыр

Оқыту әдістері:

қызығушылықты ояту, сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру.

Сабақ барысы

І КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ

Бағдарлау-мотивациялық кезең

Суреттер арқылы бүгінгі тақырыпты болжап, сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы анықталады:

- Берілген суреттер туралы не ойлайсыздар?

- Балалар, сіздің ойыңызша, бүгінгі сабақ кім жайында?

- Жоқтау өлеңі қашан айтылады? Жоқтауда не айтылады деп ойлайсың? Неліктен кейбір тұлғаларды жоқтаған өлеңдер сақталып қалған деп ойлайсың?

- Күлтегін қандай жыр? - Жыр неліктен «Күлтегін» деп аталды?

- Күлтегін жыры қашан, қайдан табылды? -Күлтегін қандай адам болған?






ІІ САРАЛАНҒАН БӨЛІМ

Операциялық-орындаушылық кезең

1-тапсырма: «Алып Ер Тұңға» жыры туралы қысқаша мәліметтер жазылған парақтарды оқушыларға тарату, оқуға ұсыну.

Ж. «Алып-Ер Тұңға — өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидың «Шаһнама» кітабының кейіпкері. Бұл кітапта Алып-Ер Тұңға — Афрасияп, Тұранның (Түр елі — түріктердің) патшасы болып суреттеледі. Алып-Ер Тұңғаның Барысхан атты ұлы, Қаз есімді қызы болған. Қаздың екі шаһары Іленің маңайында. Ал Барысхан қаласының орны Ыстықкөлдің жанында. Алып-Ер Тұңға қайтыс болғанда артында қалған елі жоқтау шығарған. Бұл жоқтау XI ғасырда Махмұт Қашқари жазған «Түркі сөздерінің жинағы» деп аталатын кітабында бар. Бұл жырдан қазақтың жоқтау айту салтының өте көне заманнан келе жатқанын байқаймыз. Жырдың мазмұнында опасыз дүниенің Алып-Ер Тұңғаны аямағаны, түркілердің оның қазасына қатты қайғырып, бөрідей ұлып, жағасын жыртып жылағаны айтылады.

«Қарым-қатынас аймағын құру» әдісі.

Мәтіндегі мәліметтердің ең маңызды сөздерін шеңбердің ортасына, орта маңызды сөздер мен тіркестерді келесі шеңберге, маңызы төмен сөздер мен сөз тіркестерін шеткі шеңберге орналастырыңыз. Орналастыру тәртібін дәлелдеп айтыңыз.

Shape1

Shape2

Shape3






Дескриптор:

  1. Дайын мәліметтерді шеңбер аймағына орналастырады;

  2. Маңызды мәліметтерді таңдап шеңберлер аймағына орналастырады;

  3. Мәліметтерді маңыздылығына орай орналастырып, дәлелдеп айтады.

Қ.б. «Күн, ай, бұлт».

Shape4мәтінді маңызына орай орналастырып, дәлелдей алды;

Shape5 -мәліметтердің маңыздыларын таңдап алып, дұрыс орналастырды;

Shape6 -мәліметтерді іріктеп алғанмен, маңыздылығын ажырата алмады.

1-тапсырма. Жұптық жұмыс. Айтылым тапсырмасы:«Үш қадамды сұхбат» стратегиясы. Екі адамнан тұратын жұптарға бөлінеді: А және Ә, Б және В.

1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады.

2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады.

3-қадам. Әр оқушы өзжұбы туралы ақпарат пен төрт адамдық топ ішінде бөліседі.

Әр топ тақырыпқа байланысты бір-біріне мәтін бойынша 3 түрлі сұрақ қойып, пікір айтып талқылаңыздар. Негізгі ақпаратты анықтаңыз.(Жырдың 1, 2-бөлімі бойынша жұмыс жасаңыз)

Дифференциациялық тапсырма:

А деңгейі: Салыстырыңыз.

Жоқтау-жырды батырлық жырмен салыстырыңыз.

В деңгейі: Мінездеу. Кейіпкерлер іс-әрекетімен мен автор берген портреттік мінездемені салыстырады.(Күлтегін,  Білге қаған)

С деңгейі: Анықтаңыз. Күлтегін  жауласқан  елдер  мен  жер  атауларын  анықтаңыз.


2- тапсырма: «Қос жазба күнделігі» әдісі.

Өлеңнен ұнаған шумақтарын жаттап, топта мәнерлеп айтыңыз, шумақтың идеясын тұжырымдап жазыңыз.

Шумақ

Тұжырымдау





2- тапсырма . Жұптық жұмыс. Айтылым тапсырмасы: Мәтінді зерттеңіз

Түркілердің  мекені


Білікті  басшы- Білге


Ойыңды суретпен бейнеле.«Ел  қорғаудағы  ерлік  істер»




Жырдан өмірлік қағида шығар.

«Ат-ер  қанаты»




Тәрбиелік мәні бар қорытынды жаса.




3-тапсырма (ортақ жұмыс)


«Бүкіл түркі халқы үшін,

Түн ұйқымды төрт бөлдім»,-

деген үзіндіні бүгінгі күнмен қалай байланыстырар едіңдер? Шағын шығарма жазыңдар.


ІІІ КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ

Рефлексиялық-бағалау кезеңі

4-тапсырма

1.Күлтегіндегі жазу неше бөліктен тұрады?

а) 4; ә) 3; б) 2.

2. Кіші жазу неше жолдан тұрады?

а) 10; ә) 8; б) 13.

3. «Түрік қағанаты» қай ғасырларда құрылған?

а) Х-ХІІ ғғ.; ә) V-VIII ғғ.; б) IV-VI ғғ.

4.Түркі тайпаларының басын қосып, Түрік қағанатын құрған кім?

а) Бұмын қаған; ә) Йолығ тегін;

б) Күлтегін.




  1. 1.«Түрік қағанаты» қай ғасырларда құрылған?

а) Х-ХІІ ғғ.; ә) V-VIII ғғ.; б) IV-VI ғғ.

2.Түркі тайпаларының басын қосып, Түрік қағанатын құрған кім?

а) Бұмын қаған; ә) Күлтегін; б) Йолығ тегін.

3.Жырдың басты кейіпкері кім?

а) Күлтегін; ә) Бұмын қаған; б) Елтеріс.

4.Жырды жазған кім?

а) Білге қағә) Йолығ тегін;

б) Тоныкөк

Оқушыларға өзін-өзі бағалау парағы беріледі

Кері байланыс:

Рефлексия «Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ: мен білдім:----------------------

Балан үйрек: маған қызықты болды:-------

О ртан терек: мен жасай алдым: -------------

Шылдыр шүмек: мен қиналдым: -----------

Кішкене бөбек: менің сұрағым: -------------

Үйге тапсырма

Жырдан үзінді жаттап келу


Түркі елінің бақытқа кенелген тұсын

мәтіннен тауып, жаттап келу.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.06.2021
1604
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12