Материалдар / "Біріктірулер туралы жалпы мәлімет" 9-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Біріктірулер туралы жалпы мәлімет" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп бағдарламасы бойынша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2018
649
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

24.01.2018ж

Сыныбы:

9

Сабақтың тақырыбы:

Біріктірулер туралы жалпы мәлімет

Сабақтың мақсаты:

Біріктірулер туралы жалпы мағлұмат беру, ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер түрлерімен таныстыру, логикалық және кеңістік ойын дамыту, өздігінен білім алуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Тақырыпты игеру, өз ойларын жеткізу және басқалармен ой бөлісу дағдысы мен денгейі дамиды;

Білім алушының іс әрекеті сабаққа байланысты бағыт алады.

Оқушылар сонымен қатар шығармашылықпен жұмыс жасауға, бір біріне көмек көрсетуге дағдыланады.Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулерді айыра алады.

Сабақтың типі:

Жаңа сабақ

Көрнекіліктер:

Сызбаға қажетті құрал-жабдықтар.интерактивтік тақта,бейнероликтер,

Сабақтың кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе

2 минут

Мұғалім сыныпқа кіріп,оқушылармен амандасады.

-Сәлеметсіздерме,балалар!

-.......

-Отырыңыздар!Сыныпта бүгін кім кезекші?

Бүгін сабақта кім жоқ?

Оқушылар орнынан тұрып,мұғаліммен амандасады.Сосын сабақта кім жоқ екенін айтады.

Тұсаукесер

15 минут

Топтық тапсырма

«Күннің көзін ашайық» әдісі

Тақтада бұлтты табиғат бейнеленген.Әр бұлтта сұрақтар жазылған,сол сұраққа жауап беру

Буындарды дұрыс құрастырып көр:

ТЛІКІ, ЬЛТОФАР, ГТАЛЬОРНИЗО, пфильро


Сергіту сәті(видео)


Қойылған сұрақтарға оқушылар кезекпен айтады.

Негізгі бөлім

10 минут


Көріністің бөлігі мен тіліктің бөлігін біріктіру.

Көптеген тетіктердің пішіні тек көріністерді, фронталь, горизонталь және профиль тіліктерді салумен ғана айқындалады. Сызбада бір мезгілде екі кескінді орындау тиімді емес. Сондықтан кескінді тұтас жіңішке ирек сызықпен бөле отырып, көріністің бөлігі мен тіліктің бөлігін біріктіруге болады. / оқулықта 164-сурет/. Нәрсенің алдыңғы жағындағы элементтің пішінін айқындау үшін тілік пайдаланған, нәрсе симметриялы емес, сондықтан ол тұтас жіңішке ирек сызықпен бөлінген.

Егер симметрия осімен беттесетін контур сызығы тесікте орналасса, сызбада тіліктің үлкен бөлігін көрсетеді. /165-сурет а/

Егер контур сызығы тетіктің сыртқы бетінде орналасса, онда көріністің үлкен бөлігін көрсетеді. /165-сурет ә/

Көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіру

Егер тілік пен көрініс симметриялы болса, онда сызбада көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіреді, шекарасын штрихпунктир сызықпен жүргізеді. /166-сурет/

Көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіру е р е ж е л е р і:

- Сызбада тілік симметрия осінің оң жағына немесе астына ораласады;

- Көріністің жартысында нәрсенің ішкі пішіні штрих сызықпен кескінделмейді;

- Көрініс пен тіліктің жартысымен көрсетілген өлшем сызықтарын осьтен біршама алысырақ жүргізеді және бір жағынан нұсқамамамен шектейді және өлшемді толық көрсетеді

Оқушылар тақырыпты ұғыну барысында түсінбеген сұрақтарын қойып отырады.

Қорытынды

15 минут


Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін көңіл күй смайликтері беріледі.Оқушылар смайликті бейнелей отырып,арттындағы сұрақтарға жауап беруі тиіс.

Өзіндік жұмыс. Көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіру

А-деңгейі – үлестірмелі карточкалар, В-деңгейі - 34-бет, 4. 40 а-сурет,

С-деңгейі -33-бет, 4.39 ә-сурет


Оқушылар тапсырмаларға орындарынан қолдарын көтеріп жауап береді.Оқыған,білетін,жаңа ақпараттарын топ кезектесіп,ортаға салып айтады.Кезекпен ортаға шығып жұмыстарын,пікірін айтып өтеді.

Үйге тапсырма

1 минут

Парагрофты оқы,қосымша мәлімет қарау



Үй жұмысын күнделіктеріне жазады.

Кері байланыс



Оқушыларды бағалау

2 минут

Оқушылардың басбармақтарын көрсетуі арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұққан деңгейін тексеру.

Басбармақ жоғары қарай-Мен түсінемін,

Басбармақ көлденең –Мен түсінгендеймін

Басбармақ төмен қарай-Мен түсінбедім

Күнделіктерін алып келеді.



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!