Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Бірінші байлық- денсалық" (эссе)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектебі» жанынан ашылған «Гауһар» шағын орталығы
«Бірінші байлық-денсаулық»
Орындаған тәрбиеші: Искакова Гульфайруз Нуруллаевна
«Тазалық – денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі.»
Мақал
Мен бүгін әдеттегідей ерте тұрып, терезені ашып таза ауамен бір тыныстап алдым. Бірақ дала тым-тырыс, көшеде ығы-жығы адам да жоқ. Айнала құтты бір қалың ұйқыда жатқандай... Жұмысқа асыққан адамдар, автобус күткен оқушылар, балаларын балабақшаға сүйреген аналар, бәрі-бәрі еш көрінбейді. Иә, өйткені кеше ғана халықты аты да, заты да жаман ауру дір еткізіп, карантинге жапқан болатын. Өмірдің күйбең тіршілігін, қызықты кезеңдерін карантин келіп жаулап алды. Денінің саулығын, туысының амандығын ойлаған қара халық бірден тиылып үйде отырды. Денсаулықтың қадірін ұққан адамға, бұл үзіліс әрине, керек-ті. Осы бір ұлы сөз туралы ойымды қағаз бетіне түсірмекке терезе алдына жайғасып отырып алдым да, былай бастадым...
Денсаулық – бәріміз үшін зор байлық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. Небір түрлі гүлдерді көріп тұрып, ішінен өзіңізге ұнаған ең әдемісін таңдаған секілді, денсаулықтың да алар орны ерекше. Тіпті, ерекше емес, маңызды дер едім.
Денсаулық ол – шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол - тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық ол - күлуің
Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай. –
деген өлең жолдарынан көңіл-күйіңнің жадырап, жаныңның тыныш болғаны, сап-сау жүгіріп жүргеніңнің өзі қандай бақыт екенін ұғасың. Дегенмен де, кейбір құрдастарым үшін денсаулық әдемілік, әсемдікпен өлшенсе, ал тағы бір құрбыма байлық, ақша болса денсаулық соған қарайды екен. Енді бір достарым денсаулықты күш-қуатпен, тәннің саулығымен, құнарлы тамақтанумен байланыстырады. Әрине, соңғы реттегі достарымның таңдауы дұрыс дер едім. Шындығында, біздің денсаулығымыз қоршаған ортамызға, тыныс-тіршілігімізге тікелей байланысты.
Денсаулықтың қадірін ауырғанда білгенше, ауырмаудың жолын іздеген абзал дер едім. Негізінен, бала күннен бастап өзіміздің саулығымызды сақтап үйренгеніміз жөн. Өмірдің өзі қозғалыстан тұрады. Денсаулықтың да дұрыс болуы үшін белсенді өмірдің маңызы зор. Спорт – денсаулық кепілі. Спорт деген тек спортшылардың ғана емес, күллі адамзаттың өмірінде орын алуы шарт. Қозғалыссыз өмір салтын ұстанатын адамдар белсенді адамдарға қарағанда аз өмір сүретінін ғалымдар дәлелдеген. Оның салдары: май басу, гипертония, диабет, тіпті рак та болуы мүмкін. Спортзалға не арнайы секцияға бару міндетті емес, тек күніне бір уақыт жүгірсе, жүзсе, бимен шұғылданса, тіпті болмаса таза ауада жаяу серуендесе дене шынығады, денсаулық жақсарады. Адам өміріне жаяу жүргеннің пайдасы өте зор. Негізінде, бір газетте оқып қалғаным, адам күніне ең аз дегенде он бес минут жаяу жүруі керек екен. Мен осы ұстанымды жақсы ұстаймын, яғни жұмысқа жаяу барып, жаяу қайтамын. Әрі сергіп қаламын, әрі таза ауамен серуендеймін және денсаулығыма пайдамды тигіземін. Осы ойымды жазып болуым сол еді, бөлмеге кішкентай ұлым кіріп келді де:
-
Анашым, біз неге мектепке бармаймыз, апайымыз бізден шаршады ма? – деп сұрақ қойды. Бала көңіл елдегі пандемия жайын қайдан білсін, жәймен ғана түсіндіруге тырыстым. Әжем кішкентайымызда аурудың атын атама, белең алады деуші еді. Осы сөздер есіме түсіп, ұлымның сұрағына жауап бердім:
-
Балам, қазір елімізде, тіпті бүкіл әлемде адамдар бір аурумен ауырып жатыр. Сол үшін кішкентай балапандар ата-анасының қасында үйде болса, ешбір адам ауырмайды екен, мектептегі апайың да сол себепті өзінің баласының жанында отыр. Ал, балалар ауырмаса, ата-ана да, оның туыстары да ешқандай аурумен ауырмайтын көрінеді. Міне балам, сендердің арқаларыңда біз де ауырмаймыз. Біздің қорғаушымыз да, біздің жанымызды жадырататын да сендерсіңдер. Осы сөзді айтып едім, балам мәз болып, мен «суперменмін», мен күштімін деп жүгіріп ойнап кетті.
«Бір ауыз сөз қасіретіңді тыяды» деп, қазақ халқым айтқан ғой. Ауырып жатқан адамға көңілін сұрап барып, жақсы сөз айтып, оның дереу жазылып кететініне сендіретіндей жылы сөздеріңді айтсаң, кәдімгідей сауығып кетіп жатады. Сол секілді мен де, баламның көңілін қуантып, жаман аурудың жайын осылайша жеткіздім.
Иә, дәл қазіргі таңда кімді кездестірсең де, осы пандемия, карантин, адам өлімі туралы айтып жатады. Автобусқа мінсең де, беттеріне маска киген, қолдарын антисептикпен сүртіп отырған адамдар. Міне, осы көріністің барлығы не үшін!? Әрине, әр адам өз денсаулығына алаңдайды, жанының саулығын ойлайды. Бірақ, кейде құлағымыз үйреніп кетеме, әлде етіміз үйреніп кетеме пендешілікпен сақтық шараларын ұмытып жатамыз. Кейбіреуі, тіпті, тұншығып кеттік, қайдағы жоқ ауруды шығарды, бұл өтірік деген сияқты әртүрлі алып-қашпа сөздерді айтып жүр. Бұл дегеніміз- өзіміздің ғана емес, жан-жағымыздағы адамдардың да денсаулығын ойламағанмыз болады емес пе!? Денсаулық – зор байлық. Бұны барлығы біледі, тек көп адам мән бере бермейді. Адамның өмірге келуінде бір үлкен мақсат болса, сол мақсатты орындауы үшін, сапалы өмір сүруі үшін деннің саулығы аса маңызды. Ал дені саудың – жаны сау екені бесенеден белгілі. Дені сау болу қиын дүние емес, тек әр адам өз ағзасын есіте білсе, дер кезінде көмек көрсете алса, өз өмірі үшін жауапкершілік ала білсе болғаны.
Еліміздегі тосқауылдар тезірек жойылып, ешбір адам ауырмай, әдеттегі қарапайым тіршілігімізге қайта келсек екен деп барлығы ойлап жүр. Ол үшін әрбір адам сақтық шараларын ұстанып, отбасының денсаулығын нығайтып, өзі ауырса, басқалардың да қиналатындығын сезсе, білсе екен деймін. Денсаулық болмаса, байлықтың да, бақтың да, сұлулықтың да, ақтың да еш қажеті болмасы анық. «Жақсы сөз-жарым ырыс» демекші, халқымды әлі де талай той-думан, шат-шадыман, сап-сау өмір күтіп тұр. Болашағымыз жарқын, әрі салауатты болады деп ойлаймын.