Бірінші жарты жылдық есебінің анықтамасы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бірінші жарты жылдық есебінің анықтамасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөбекжай тәрбиешілеріне, мектепке дейінгі ұйымдардың жас мамандарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Айгөлек» ересектер тобында тізім бойынша 22 бала.

Қыз бала- 10

Ұл бала-12

2016 жылы қыркүйек айынан бастап ұйымдастырылған оқу қызметінің жүктемесі: 17 с
Вариативтік компонент: 3с
Оқу қызметінің ұзақтығы: 25- 30 мин.

2016-2017 оқу жылының І жартыжылдығының қорытындысы бойынша топтың білім сапасының көрсеткіші:Өте жақсы- / Жақсы- / Орташа-/.Cоның ішінде 6 бала- үздік, 7 бала- жақсы,7 бала- орташа. Тілдері дұрыс жетілмеген Мирас, Саметхан, Рамазан, Ильяс, Дария, Каусар, Гүлназым, С.Дархан-жеке жұмыстар жүргізіліп отырған соң, ата-аналардың көмегімен үйде де жеке жұмыстар жүргізілген соң қазіргі кезде оқу қызметіне ,түрлі шараларға белсене қатысып отырады.

Бөбекжайда балалар денсаулығына үлкен мән беріледі.Ертеңгілік қабылдауда балалар тазалығын,температурасын өлшеп,келген балалармен амандасу дағдыларын,кешке үйге кеткен кезде қоштасуларын да ата-аналармен бірігіп дағдыландырдық.Ертеңгілік жаттығуға балалар сапқа, звеноға тұрып жаттығулар жасайды. Бала ағзасын нығайту мен шынықтыру шараларын жүргізу (беті-қолын, мойнын салқын сумен жуу, жалаң аяқ жүру, аузы мен тамағын салқын сумен шаю, суық және жылы ауа ванналары).Түрлі гимнастикалар мен массаждар жасау (таңертеңгілік, дем алу, артикуляциялық гимнастикалар, көзге арналған гимнастика, тіс тазалау және қызыл иекке массаж жасау, нүктелі массаж).Күн тәртібіне сәйкес балаларды күнде таза ауаға шығару. Өз-өзіне күтім жасау дағдыларын дамыту (ауа-райына байланысты киіну, жуынып таза жүру, шашын тарау, қол орамалын қолдану).Күнделікті тұрмыста және табиғат аясында өз-өзін ұстау тәртібі мен қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау (далада өсіп тұрған жидектер мен саңырауқұлақтарды жемеу, жануарлармен байланысқа түспеу).

Мәдени-гигиеналық дағдылар: Өз бетінше жеңдерін түріп, қолдарын сабындап жуып, қолы мен бетін құрғатып сүртуді, тіс пастасы мен щеткасын дұрыс қолдана отырып, тісін жақсылап тазалауды, киімдерін суламауды, сүлгіні өз орнына ілуді көрсетіп түсіндіру. Тамақтану барысында қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдануға,) тамақты аузын жауып отырып, асықпай, әбден шайнауға, нан қиқымын шашпауға, шай мен сорпаны төкпей ішуге, тамақтан соң аузын шаюға үйрету. Қол орамалды қолдану мен дәретхананы дұрыс пайдалануға және барлық жерде тазалық сақтауға үйрету. Өзінің сырт келбетіне назар аударуға, жарасымды, таза киініп шашын әдемі тарауға дағдыландыру. Өзінің және өзгенің заттарына ұқыптылықпен қарауға баулыдық.

Серуен кезінде жыл мезгіліне байланысты киініп табиғат өзгерістерін,көлік түрлерін т.б сұрақтар бере отырып әңгімелету, түрлі ойындар ойнап келеді.Біздің балалардың жақсы көріп ойнайтын қимылды ойындары: «Қасқыр -қақпан», «Ақ серек-көк серек»,«Тақия тастамақ»т.б ойындар.Мазмұнды-кейіпкерлік ойындар: «Май құю бекеті», «Сән үйі», «Банк» т.б ойындар.Балалар түрлі әдеби шығармалар , ертегілер,тақпақтар,сенсорикаға, ҚМҰҚ байланысты сандар,пішіндер,түр-түстермен танысып,оқу-іс әрекетінде қолданылып ,түрлі шараларға ,ашық сабақтарға белсене қатысып келеді .
Топтың кіре берісіндегі бөлмеде балалар сөресінің үстінде тобымыздың сабақ кестесі,ас мәзірі,құттықтау бұрышы,денсаулық бұрышында дәрі-дәрмек қобдишасы,тазалық дәптері,әр түрлі бетшелер шығарылған.Өрт сөндіру бетшелерінде өрттен қалай сақтау керек екендігі көрсетілген.Ата-аналармен балаларға арналған мінез-құлық туралы бетшелер,экология,табиғатты аялауға тәрбиелейтін бетшелер шығарылып тұрады.Әр мерекеден кейін мереке көріністерін бейнелейтін бетшелер шығарылып тұрады.Табиғат мезгілдерін бейнелейтін мезгіліне сәйкес панолар ілінеді.Балалар сурет бойынша әңгімелер,түрлі тапсырмаларды ата-аналармен тәрбиешілер көмегімен жүзеге асырады.Суреттердегі жағымды ,жағымсыз әрекеттерге қарап баға беруі балалардың ақыл-ойын дамытып,сөздік қорын байытады.Мұндай жұмыс түрлері баланың еріктілік қасиетімен оның жеке адам ретінде қалыптасуына әсер етеді.Балалардың барлығы шараларға белсенді қатысып отырады.Ата-аналарға арналып бала мінезі туралы бетшелер,денсаулық бетшелері шығарылды. «Нұр-ай тынысы» атты экологияға байланысты қабырға газетіне ата-аналармен балалар бірауыздан атсалысты,пікірлері тыңдалды

Қыркүйек айында балабақша ішілік көркем сөз оқушылар сайысында белсене қатынасқаны үшін Әділ Алихан, Дүйсенбай Дархан ІІ дәрежелі дипломмен, Жөкесова Нұрай Алғыс хатпен марапатталды.Жамбылова Томирис, Әділ Алихан халықаралық «Пони» турнирына қатысып сертификатпен марапатталды. Әділ Алихан Алматыдағы суретшілер көрмесіне қатысып жүлделі Дипломмен марапатталды.Алдағы уақытта тобымыздың балалары әлі де үлкен жетістіктерге жетеді деген сенімдеміз.

«Айгөлек» тобының ата-аналары балабақшамен тығыз байланыста,олар мерекелік шараларға белсене қатысады,үлкен жауапкершілікпен атқарысады. Осы ата-аналарымызға тобымыздың атынан құттықтау бұрышында алғысымызды білдірдік.



















































«Балдаурен» бөбекжайы.





«Айгөлек» ересектер тобының

оқу-тәрбие жұмысының

2016-2017 жылғы,

бірінші жарты жылдық есебінің

анықтамасы.





Тәрбиешір: Сағидуллина .С. Б.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.00.2018
1852
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі