Материалдар / Бірінші коучинг сабағы бойынша рефлексивті есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бірінші коучинг сабағы бойынша рефлексивті есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
845
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әбдібай Керімжан Құралбайұлы мұғалім портфолиосы В1.1есебі

26 топ 2 – деңгей

Алматы қ, ҚР ББЖ ҚБАРИ 21.11.2014.

В1.1 есебі

Бірінші коучинг сабағы бойынша рефлексивті есеп


Мектептегі іс-тәжірибенің бірінші бетпе-бет кезеңінен соң мектептегі әріптестеріме коучинг ұғымы туралы түсіндіріп, бірнеше тақырыптарға тоқталып, өздеріне таңдау жасатып сауалнама алдым.

«Коучинг- (ағылшынша, coaching) сөзбе-сөз аудармасы - тәлім ету, дайындау, жаттықтыру. Бұл - әріптестердің (коуч пен әріптесі) құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексиялық диалогқа тарту негізінде басқа мұғалімдер өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді» (МАН,80).

Әріптестерімнің басым бөлігі «Мектепте инклюзивті оқыту керек пе?», «Талантты және дарынды балаларды оқыту туралы не білеміз?», «Коучинг және тәлімгерлік» тақырыптарын таңдағанын, тәжірибе жинақтап, үйренгісі келетіндіктерін сауалнамадағы жауаптарынан аңғардым.


Модуль аттары

Мұғалім жауаптары

1.

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер

1

2.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

2

3.

Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану

1

4.

Оқытуды басқару және көшбасшылық

2

5.

Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу

1

6.

Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау

2

7.

Талантты және дарынды балаларды оқыту

3

Мектеп шағын жинағы жалпы орта мектеп, оқыту тілі: қазақ тілі. Мектеп 1974 жылы пайдалануға берілген, 12 оқу кабинеті,19 сынып 2 ауысымда оқиды. Мектепте 41 мұғалім қызмет етеді. Қазіргі кезде мектепте 346 оқушы білім алуда. Коучингке қатысқан мұғалімдердің сапалық құрамына тоқталып өтер болсам:

Қатысқаны

жоғары санатты

І санатты

ІІ санатты

санаты жоқ

6

1

2

2

1

Жалпы коучингке 6 мұғалім қатысты. Мұғалімдердің пікірлерін ескере отырып алғашқы коучингімді «Мектепте инклюзивті оқыту керек пе?» тақырыбында өткіздім. Себебі бұл тақырыптағы коучингіме мектеп психологы және мектебіміздегі денсаулығына байланысты үйде оқитын мүмкіндігі шектеулі үш оқушыға сабақ беретін пән мұғалімдері қатысты. Біздің мектепте инклюзивтік білім беру 2014- 2015 оқу жылында үш оқушы инклюзивті білім алады, яғни денсаулығына байланысты үйде оқытылады. Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді, оқушылардың құқықтарының тең екендігін анықтандап береді. Сабақтың мақсаты: мектептегі инклюзивті оқытудың міндеттерін айқындау, кемшіліктері мен кездесетін қиындықтарға тоқталу. «Инклюзивті оқыту - білім алу барлығына да қолжетімді деген қағидатқа негізделетін оқыту. Оқытуды оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне, соның ішінде ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу» (МАН,129). Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ қазіргі кезде елімізде 150 мыңнан астам мүгедек бала өмір сүруде. Мүмкіндігі шектеулі балдарды көргенде аяушылықпен қарап, бүгініңе шүкіршілік етесің. Ал олардың хал-ахуалын, жүрек түкпіріндегі күйзелісін біз қанша ойланып тебіренсек те жеткізе алмасымыз хақ. Олар іштей жан азабын тартып күйзелгенімен өмірде мықты, қандай қиындыққа болсын мойымай, қайсарлық танытқанын көргенде еріксіз қайран қаласың. Коучингке қатысқан әрбір мұғалімді бұл өзекті мәселе бей-жай қалдырмады. Ой шақыру мақсатында АКТ-ның көмегімен интербелсенді тақта арқылы экраннан «7 чудес света» бейнефильмін көрсеттім. Әріптестеріме бейнефильмнен сіз нені байқадыңыз? Бұл туралы сіз не айтасыз? –деген ашық сұрақтар қойып әр қайсысының ой-пікірлерімен бөлістім. Коучингке қатысушылар мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүруге деген құлшынысы, махаббаты, қажырлы табандылығы жайлы әңгіме қозғап, мұндай жандардың да қоғамда өз орны бар екендігін ұмытпауымыз қажет деген ой түйді. Шеңбер құрып мұғалімдер бір-біріне доп лақтыру арқылы екі топқа бөлінді. Психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында «саусақтар арқылы мінезді анықтау» психологиялық тест өткіздім.


Әріптестеріме түрлі жаттығулар жасату арқылы олардың әр қайсысының мінез - құлқына талдау жасай отырып тесттің жауаптары арқылы мінездерін анықтадық. Интербелсенді тақта арқылы презентациялармен мектептегі инклюзивті оқытудың мақсаты, нәтижесі, негізгі принциптері туралы түсіндірдім.

Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:

1.Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігі мен жеткен жетістіктерімен анықталады.

2.Әрбір адам өзін еркін сезінуге және ойлауға қабілетті.

3.Барлық адам бір-біріне қажет екендігін ұғынды.

4. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен шынайы достығын қажет етеді. Қатысушыларға «Инклюзивті оқытуды қалай түсінесіз?» деген сұрақтар қойып, топтардың жауаптарын тыңдадым. Әріптестеріме осы тақырыпта эссе жазғыздым. Олардың жазған эссе жұмыстарына тоқталып өтейін: Инклюзивті оқыту барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп қоғамда құқықтарын кемсітпеу. Әрбір бала өмірде өзін еркін сезінуге құқылы. Әрбір шығармашылық топ «мектептегі инклюзивтік оқыту» тақырыбына постер жасап, қорғады. Постер жасағанда әріптестерім алғашқыда түсінбегені рас, кейіннен ойларын жинақтап топ мүшелері ойласа отырып жұмыс жасады. Экраннан «Создание инклюзивного пространсства в школе №20. Бейнефильм көрсеттім. «Инклюзивті оқытуды мектептерге енгізу қажет пе?» -деген сұраққа коучингке қатысушы мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жан дүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеуіміз қажет, яғни инклюзивті оқытуды мектептерге енгізу қажет деп ойларын қорыта келе, барлық бала бақытты болуға тиіс деп жауап берді.

«Инклюзив» ұғымы туралы коучингке қатысушылар бейнефильмдерден көру, түсіну,сезіну арқылы көптеген мағлұматтар алды. Қолдану, талдау, жинақтауды өздерінің орындаған тапсырмаларынан көруге болады. Әр шығармашылық топ жұмыстарының маңыздылығын бағалай алады.



Коучингтің соңында мұғалімдер «Басмармақ» әдісі арқылы түсіндім, күмәнім бар, түсінбедім деген бейнелерге қарап рефлексия арқылы қорытынды жасады.

Коучингтің нәтижесіне тоқталар болсам сабақ барысында әріптестерім сыни тұрғыдан ойлауды, кері байланысты жасауды, топтарға бөлініп ынтымақтастықта жұмыс жасау үлгісін көрсете білді.

Сәтті тұстарым:

Тақырыптың өзектілігі:

Коучингке қатысқан мұғалімдердің тапсырмаларды қызығушылықпен орындауы. Өз ойларын жүйелі түрде жинақтауы. Постер жасап қорғаған кезде әр топ мүшелерінің сөздік қорының молдығы, тақырыпты аша білуі, коучингтің әріптестеріме ұнауы.

Сәтсіз тұстарым: АКТ құралдарын пайдалануға толық мүмкіндіктің болмауы. Интербелсенді тақтаның тек бір кабинетте жұмыс істеуі және бос кабинеттердің болмауы.

Коучинг сабағымның нәтижесінде әріптестерім мына мәселелерді үйрендідеп айта аламын:

Инклюзивті оқытудың мақсаты, нәтижесі туралы түсінді.

Постер құрастыруды, ортаға шығып қорғауды.

Топтарға бөлініп ынтымақтастықта жұмыс жасауды.

Сыни тұрғыдан ойлауды.

Кері байланыс жасауға үйренді.

Болашақта мен коучинг өту барысында жіберген кемшіліктерімді ескере отырып, оны жоюдың тиімді жолдарын қарастырып теориялық білімімді жетілдіремін деп алдыма мақсат қойып отырмын.

Коучинг жоспары:

Коучинг тақырыбы: Мектепте инклюзивті оқыту керек пе?

Мақсаты: Мектептегі инклюзивті оқытудың міндеттерін айқындау, кемшіліктері мен кездесетін қиындықтарға тоқталу.

Коучингтен күтілетін нәтиже: Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамның бір мүшесі екендігін ұғындыру, көзін жеткізу.

Коучингте туындаған негізгі идеялар : Инклюзивті мектептердің жалпы орта мектептерден айырмашылығын түсіндіру.

Қатысушылар: 6 мұғалім.

Коучингтің жүргізілу барысы:


Жүргізілу тақырыптар:

Тақырыптар мазмұны:


Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, асықтардың түсіне қарай топтарға бөлу.

Ой шақыру. Бейнеролик. «7 чудес света»


Ашық сұрақтар қойылады.

Бейнероликтен сіз нені байқадыңыз?

Инклюзивті оқытуды мектептерге енгізу қажет пе?

Бұл туралы сіз не айтасыз ?

Презентация көрсету.

Инклюзивті оқыту туралы мәлімет беру, кең көлемде ауқымды мағлұматтар беру.

Практикалық жұмыс.

«Инклюзив» сөзіне ассоциация жазу және қорғау. Постер жасау.

Психологиялық тест.

«Саусақтар арқылы мінезді анықтау» психологиялық тестін өткізу.

Қорытынды

«Создание инклюзивного пространства в школе № 20» бейнеролигін көріп, пікірлерін білдіріп қорытынды жасайды.




Рефлексия

«Бас бармақ» әдісі бойынша кері байланыс орнату.

Дереккөздер

. 1.МАН 80-бет. МАН 129-бет.


Пайдаланатын материалдар

Доп, плакат, маркер, фломастер.

Слайд, видеороликтер.

Қолданылған әдіс-тәсілдер

  1. Миға шабуыл.

  2. Топтарарға бөлу.

  3. Эссе жазу.

  4. Постер жасау.

  5. Рефлексия.






Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым.2012

  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. 2014

  3. Жақсылықова К.З.«Тренингтік ойындар мен жаттығулар. Әдістемелік құрал.» Алматы, 2014

  4. Жартынова Ж.А., ОрақоваА.Ш.,Карнилова Т.Б. т.б «Коуч-мұғалімінің кітабы». Алматы 2014ж






4


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!