Материалдар / Бірізділіктер заңдылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бірізділіктер заңдылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ беретін жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде ұсынылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2018
532
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы:

Бірізділіктер заңдылығы

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1.4.3.1** 20- ға дейінгі сандар тізбегін/ ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастыру; 100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтау

1.4.3.2 іс-әрекет және табиғат күйінің тізбектілігін анықтау, сандар, фигуралар, ойыншықтар, түрлі-түсті моншақтар т.б. тізбектерін құру және тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

геометриялық фигуралар пішініндегі қағаздан жасалған парақшалар (үшбұрыштар, шаршылар, тіктөртбұрыштар);

моншақтар.

Тірек сөздер

заңдылықтар.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды заңдылықтың бұзылуы ұғымымен таныстыру. Сандар, фигуралар және заттардың орналасу қатарындағы заңдылықтың бұзылуын анықтау және оны қалпына келтіруге арналған тапсырмаларды орындау.

Оқушылардың логикалық ойлауын, математикалық тілін дамыту.

Тілдік мақсаттар

Сандардың заңдылығын түсіндіреді, сандардың ретін айта алады

Құндылықтарды дарыту

Еңбекқорлық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, жаратылыстану


Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

(Ұ) Сабаққа дайындығын тексеру.



Сабақтың ортасы












(С) 1-ден 20-ға дейінгі сандар арасындағы заңдылықты сақтап, 1-ден 20-ға дейін ондықтар арқылы санау;

1-ден 20-ға дейінгі сандар арасындағы заңдылықты сақтап, жұп сан арқылы санау;

1-ден 20-ға дейінгі сандар арасындағы заңдылықты сақтай отырып, тақ сан арқылы санау;

Жыл мезгілдерін заңдылық бойынша ретімен атау. (қыс, көктем, жаз, күз, қыс, көктем, ...)

Тәулік мезгілдерін рет-ретімен атау (таңертең, күндіз, кеш, түн, таңертең, күндіз, ...)

  • Заңдылық” дегенді қалай түсінесіңдер?


) Оқушыларға моншақ, үрме бұршақ, стикерлер, т.с.с. пайдаланып, қайталанатын заңдылықтарды зерттеуге мүмкіндік беру. Оқушылардан заңдылықты кезекпен түсіндіруді сұрау.

(МК;Ұ) Заңдылықтың бұзылуы деп сандар қатарында заттардың орналасуында қандай да бір ереженің бұзылуын немесе сақталмауын айтамыз. Сабақта белгілі ережеге сәйкес келмейтін жағдайлар бойынша заңдылықтың бұзылуын тауып жаттығамыз. Қоршаған ортада қандай заңдылықтардың бұзылуы кездесетіні туралы әңгімелесіп, оны жою үшін істелетін іс-әрекеттер туралы айтқызу. Мысалы: “Жол жүру ережесін сақтамау. Ол заңдылықтың бұзылуына жата ма?”

Оқулықпен жұмыс.

(С) Моншақ тізбегіндегі қатені тап.



) Қай фигуралардың орны ауысып кеткен? Қателерді түзе.

(Ө) Нөмірленген үйлер. Дарын үйлерді нөмірледі. Ол қандай қате жіберді? (Тақ сандар қатарына 6 санын жазды).

(Ұ) Мысалдардағы заңдылықты анықта. Ол қай жерде бұзылған?

(Ж) Орындап көр. Үлкен, кіші көлемдегі көк және қызыл дөңгелектер, жасыл түсті үшбұрыштар таратып беру. Заңдылықты тауып, фигураларды дұрыс орналастыруды тапсыру. Өздеріне қосымша заңдылық ойлап тауып, фигураларды орналастырады. Басқа оқушылар фигуралардың қандай заңдылықпен орналасқанын айтады. Тапсырманы жұппен орындату.












Оқулық


Геометриялық фигуралар (үщбұрыш, шаршылар, тіктөртбұрыштар), бұршақ, моншақтар, стикерлер









оқулық


Сергіту сәті



Қосымша тапсырмалар

Желбірейді ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Биік болып өседі.

Сергіту сәті жинағы



Жұмыс дәптері


109-110-жұмыс парағы

111-жұмыс парағы.

(Ө) Дәптермен жұмыс.

«Басқатырғыш» тапсырмалар.

Сабақтың соңы

Рефлексия

«Жетістік баспалдағы»


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушы-ларға қандай міндет қою-ды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Басқаларға көмектесу.

Топ басшысы рөлін атқару

Қорытындыны дәлелдеу

  1. Оқушылар сабақ соңында:

  • белгілі бір ережелерге сүйеніп, заңдылықтағы қателіктерді табуды және дұрыс нұсқасын құрастыруды меңгереді.

  • Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін мынадай тапсырмалар беріп, жауабын тыңдау (дауыстап сандар қатарын айтыңыз немесе тақтаға айтып тұрып, жазып көрсетіп сұрау. Оқушылар қатесі бар жерді түзетіп айтады).

1, 3, 5, 7, 8, 11, 13, 14, 15;

100, 90, 80, 70, 50, 40;

10, 20, 40, 60, 70, 90.

  • Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізу.

Жазу барысында партада дұрыс отыруды қадағалау

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!