Материалдар / «Біржан -Сара» айтысы

«Біржан -Сара» айтысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Біржан мен Сара» айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы мәселесін, адамгершілік пен әділдікті, шындықты өзекті де әлеуметтік тақырып етіп көтереді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2021
541
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Білім беру ұйым атауы

«Жанкент»жалпы орта мектебі

Педагогтің аты-жөні:

Б.К.Исмаилова

Пәні:

Қазақ әдебиеті

Күні:

20.10.2021

Сынып:

9 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім:

І бөлім: Дананың сөзі – ақылдың көзі

Сабақтың тақырыбы

«Біржан -Сара» айтысы

ОБ сәйкес оқыту мақсаттары

9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау ;

9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;

Сабақтың мақсаты

  • Барлығы: эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдайды.

  • Басым көпшілігі: әдеби шығармадағы психологизмді анықтайды.

  • Кейбіреуі: әдеби шығармадағы психологизмді анықтай отырып, эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдайды.

Бағалау критерийлері

(күтілетін нәтиже)

-тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдейді,

-қойылған сұрақтарға еркін жауап береді,

- әдеби шығармадағы психологизмді анықтайды.

- эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



















































Сабақтың ортасы


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

«Менің көңіл күйім»

«Көңілді күлегештер» смайликтер арқылы психологиялық дайындық .

Топтастыру

«Біржан ауылы» тобы

«Сара ауылы» тобы

Қызығушылығын ояту сатысы:

«Қайымдасып айтысайық» ойыны

Шарты: әр топқа берілген өлең тармақтарынан 2 минутта

1 шумақ өлең құрастырып айту керек.

Тақырып: «Заман және адам»

Берілетін тармақтар:

1. Арындап дәуірлейді барған сайын...

2. Ақыл-өнер барлығын тең ұстасаң...



Үй тапсырмасын сұрау «Ханталапай» ойыны арқылы өткен сабақ бойынша сұрақ қойылады,оқушылар жауап береді.

1) Ауруды көшіру үшін топтасып орындайтын айтыс қалай аталады ? (Бәдік айтысы)

2) Айтыс дегеніміз не ? (Айтыс- қазақтың халық ауыз әдебиетінің бір түрі, яғни әдеби жанр түрі)

3) Қазақ айтыстары жанрлық сипаты жағынан неше түрге бөлінеді ? (Түре айтысы, Сүре айтысы)

4) Салт айтысы нешеге бөлінеді ? (2-ге ақындар айтысы, қыз бен жігіт айтысы)

5) қазіргі кездегі айтыскерлерді ата. (Ринат Зайытов, Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек Имашев

т.б)

6) Ерте заманда қызды ұзатар алдында айтылатын айтыс түрі . (жар-жар айтысы)

7) Айтыстың өзіне тән ерекшеліктерін ата. (жаттама өлеңдер аз болады, өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады,тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады т.б)

8) Айтыстың көркемдік ерекшелігін ата. (сөздері анықтық, тазалық, дәлдік жағынан , көркемдік, сұлулығы)

Жаңа сабақ

Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын болжайды

Сабақтың мақсаты мен бағалау крийтерилерімен таныстырады.

Мағынаны тану

1-тапсырма

Т. Аудиотыңдалым тыңдайды.

«Біржан мен Сара» айтысының мазмұны туралы қысқаша түсінік береді.

Жұптық жұмыс

«Біржан мен Сара» айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы мәселесін, адамгершілік пен әділдікті, шындықты өзекті де әлеуметтік тақырып етіп көтереді.

Оқушылар алдымен топта «әңгіме кестесін» толтырады.

Шығарма аты

Кейіпкерлері

Немен аяқталды






2-тапсырма. « Біржан мен Сара айтысына» композициялық талдау жасау.Топтық жұмыс

І топ. Тақырыбы мен идеясын анықтау.

Тақырыбы: Қазақ әйелдерінің бас бостандығының сол замандағы әлеуметтік мәселелермен байланысы.

Идеясы:Сара сияқты қазақ қыздарының басындағы әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеу.

Басталуы: Біржанның Тұрысбектің ауылына Сараны іздеп келуі

Дамуы: Біржанның Сараны ығыстыра сөйлеуі, Сараның асқақтай жауап қайтаруы. Екі жақтың өз руларының атақты адамдары мен батырларын дәріптеп, бірінен-бірі асыра мақтауы.

ІІ топ.Шиеленісуі, шарықтау шегі мен шешімін табу.

Шиеленісуі: Біржанның Жиенқұлды шақыртуы.

Шарықтау шегі:Сараның бүкіл ел намысын қорғауы.

Шешімі: Сараның жеңілгенін мойындауы.


3-тапсырма. « Сөзталқы» әдісі арқылы мұғалім оқушыларға ой тастайды. Пікірталас деген не?

Қоғамдық және әлеуметтік мәселені талқылау барысындағы айтыс, тартыс, дау.

Тақырыбы: Қоғамдық және әлеуметтік мәселелер. Мысалы: Біржан мен Сара айтысының негізі тақырыбы - әйел теңдігі. Феодалдық заманда қазақ қыздарының малға сатылуы. Сара - соның құрбаны.Сара сұлу аруларымыздың малға сатылуы дұрыс па,әлде бұрыс па?

Саралау. Жеке жұмыс

1-деңгей: Біржан мен Сара айтысы.Айтыстың құрылымы

1. Түрі: айтыс

2. Тақырыбы: қазақ әйелінің бас бостандығы

3. Әдеби жанры: поэзия, айтыс

4. Басты кейіпкерлері: Біржан, Сара

5. Сараның жеңілу себебі: Жиенқұлға айттырылуы, бас бостандығының болмауы

2 – деңгей

«Біржан мен Сара» айтысындағы эпитет, метафораны, теңеулерді табу.

3 – деңгей

«Біржан мен Сара» айтысындағы сарказм мен иронияны табу;

Смайликтердің бірін таңдап көрсету(оқушының көңіл-күйі осы смайликтен байқалады)

Суретті таңдайды,.топқа бөлінеді.

Психологиялық ұран

1.Бір-бірімізді тыңдаймыз

2.Ұйымшыл боламыз

3.Белсенділік танытамыз.













Сұрақтарға жауап береді

Сауатты сөйлейді.


































Суреттер арқылы тақырыпты болжайды.


Сабақтың мақсаты мен бағалау крийтерилерімен танысады.

































































Оқушылар алдымен топта «әңгіме кестесін» толтырады.



Топтық жұмыс жасайды.





Өлеңге композициялық талдау жасайды..Топтық жұмыс құрайды



Пікірталас. Ойларын еркін жеткізу арқылы жауап береді




Деңгейлік тапсырманы орындайды.



Дәптермен жұмыс

жазады.

ҚБ1-10 балл арқылы(асықтар,теңгелерге арқылы бағалау ә



















































Дескриптор:

-тыңдалымды мұқият тыңдайды.1балл

-кестені толтырады.

1 балл

ЖБ-2б

ҚБ : «Алтын сақа»арқылы жүзеге асады

















Дескриптор:

-Өлеңге композициялық талдау жасайды.1б

-Тақырыбы мен идеясын анықтайды.1б

Жб-2б

ҚБ: «Алтын теңге» арқылы топ бірін-бірі бағалайды.












Дескриптор:

- Ойларын еркін жеткізу арқылы жауап береді.1балл

- Қоғамдық және әлеуметтік мәселелерге өз көзқарасын айтады.2 балл

ЖБ-3балл

ҚБ. «Күміс бақырамен»бағалай

ды





Дескриптор:

- Біржан мен Сара айтысы.Айтыстың құрылымы айтады.1б

- эпитет, метафораны, теңеу ,сарказм мен иронияны табады.1б

-тілдік бірліктерді дұрыс қолданады.1б

ЖБ-3балл




Смайлик

тер

АКТ

Оқулық

Асық,теңге,

Бақыра,

Қоржын,домбыра













Сабақтың соңы




«Куизз ойыны»ойыны арқылы сабақты бекіту

Үйге тапсырма: "Айтыс - киелі өнер" тақырыбына эссе жазады.

«Куизз ойыны»ойыны арқылы алған өз білімдерін анықтайды.




Қорытынды балын топ басшылары есептеп ,айтады

Жеңімпазды марапаттау

(Домбыра кәдесыйы)


Бағалау

Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды

Рефлексия

Аяқталмаған 4 сөйлем әдісімен сабақты қорытындалау.

Бүгін мен...................... білдім

*................. қызықты болды.

*.......................... қиын болды.
*......................... екенін түсіндім

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Сараланған тапсырма

1-деңгей: «Біржан мен Сара»айтысы.Айтыстың құрылымы

2- деңгей:Көркемдегіш құралдарды табады.

3-деңгей : «Біржан мен Сара айтысы » айтысындағы сарказм мен иронияны табу;

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.




Тексерілді:--------------

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ