Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні бойынша үлгі сабақ Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығару
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:5.3.А Мәтін есептер

Мектеп: Талапкер орта мектебі

Күні 15.01.2018

Мұғалімнің аты- тегі Елеуова М.Д.

Сынып: 5 «А»

Математика

Қатысқандар саны: 18

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.5.1.3. Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығару (мысалы, бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер).


Сабақ мақсаттары:


Мәтін есептер шығару дағдысын қалыптастыру (мысалы, бірлесіп

орындалатын жұмыстарға қатысты есептер).


Сабақтың түрі

Бекіту сабақ

Бағалау критерийлері

1. Мәтін есептер шартын түсініп, қысқаша шартын жаза алады (мысалы, бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер);

2. Сұраққа байланысты қажетті белгілеулерді қолдана алады;

3. Есеп шарты бойынша өрнек құрай алады ;

4. Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдана алады;

5. Дұрыс жауабын бере алады.

Тілдік мақсаттар

Мәтін есептер, әріпті өрнектер , жұмыс есептері,

шешім ,математикалық модель.

Құндылықтарды дарыту

Жұппен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Информатика, әдебиет, орыс тілі

АКТ қолдану дағдылары

http://borisova-irino4ka.narod.ru/olderfiles/2/tekstovye_zadachi_po_matematike.pdf

https://www.youtube.com/watch?v=r8_U68YXuqc

Бастапқы білім

Мәтін есептер , өрнек құру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Cабақтың басы

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Амандасу.

  2. Сабақтың кезеңдерімен, мақсатымен , бағалау критерийлерімен таныстыру.

  3. Оқушыларға «В стране невыученных уроков» мультфилімнен үзінді көрсетіледі. Мұғалім оқушыларға бағыттаушы сұрақтар « Не білуіміз керек?» , «Неге үйренуіміз керек?» беру арқылы тақырыптың мақсатын ашуға көмектеседі..

  4. Алғашқы білімдерін, үй жұмысын тексеру Мүғалім бағалау парағын үлестіріп, оқушылардың алғашқы білімдерін тексереді

580

І көлік-36 күн Шешуі: 1: 36= ; 1: 45=

ІІ көлік-45 күн = = =

І және ІІ -? күн 1: =1*20 =20

Жауабы:20 күн

583

Катер- 18 мин Шешуі: 1: 18= ; 1: 36=

Қайық – 36 мин = = =

катер және қайық -? мин 1: =1*12 =12 Жауабы:12 мин



http://borisova-irino4ka.narod.ru/olderfiles/2/tekstovye_zadachi_po_matematike.pdf

https://www.youtube.com/watch?v=r8_U68YXuqc

Сабақтың ортасы

10 мин.


10 мин





































8мин.









2мин.











3 мин


1мин.

4.Тірек білімдерін тексеру Топтық жұмыс

Оқушылардың өткен сабақ бойынша білімдерін тексеру мақсатында «сенемін», «сенбеймін» ойынын өткізу.

5. Жұппен жұмыс

1. XVII ғасырдағы математика жазбаларынан ескі есеп.

«Екі ұста ауланы дұрыстамақ болады. Біріншісі былай дейді:

- Егер мен жалғыз істесем, жұмысқа 3 жыл уақыт кетер еді.

Екіншісі:

- Ал мен бұл жұмысқа 6 жыл уақыт жұмсар едім.

Екі ұста жұмысты бірлесіп істейтін болып келіседі. Олар ауланы қанша уақытта дұрыстап бітіреді?»

Жауабы: 2 жыл.

2. Жылқы бір арба шөпті бір ай жейді, ешкі – екі ай, қой – үш ай жейді. Жылқы, ешкі, қой барлығы бірлесіп бір арба шөпті қанша уақытта бітіреді?

Жауабы: 6/11 (ай).

Мақсат

Дескрипторлар

+/-

1-4

5.5.1.3

Мәтін есептер шартын түсініп, қысқаша шартын жаза алады (мысалы, бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер);


Сұраққа байланысты қажетті белгілеулерді қолдана алады


Есеп шарты бойынша өрнек құрай алады


Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдана алады


Дұрыс жауабын бере алады.



6.Оқулықпен жұмыс

584

Қуаттылығы әртүрлі экскаваторлардың бірі жерді 10 күнде, екіншісі 12 күнде, үшіншісі 15 күнде қазады.Олар бірігіп жұмыс істесе, осы жұмысты қанша күнде орындар еді?

Шешуі:1 10 ; 1 12 ; 1 15 .

1 Жауабы: 4 күн

585

Бірінші тігінші жұмысты 20 күнде орындайды, ал екінші тігіншіге осы жұмысты орындау үшін бірінші тігіншінің уақытының -і қажет, үшіншіге екіншіге қарағанда 2 есе артық уақыт қажет.Осы жұмысты үш тігінші бірігіп қанша күнде бітіреді?

Шешуі:20 , 1 20 ; 1 12 ; 1 30 ; ; 1 Жауабы: 6 күн

7.Сергіту сәті

8. bilimland Жылқыларды бөлу есебі

9. Сабақты қортындылау Рефлексия.

Мұғалім сабақты сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өзіне қортындылатып, рефлексия жүргізеді парақтары бойынша бағалайды

  1. Рефлексия

Сабақта үйренген 3 нәрсе ...

Сабақта орындаған 2 тапсырма

Жауабын білгім келетін 1 сұрақ…?

Топтық жұмыс

Әр топқа берілген тапсырманы орындайды


Сабақтың соңы





1 мин.


Үй жұмысы Бірінші жұмысшы жұмысты 10 күнде бітіреді, ал екінші жұмысшы сол жұмысты 15 күнде бітіре алады. Екеуі бірлесіп, осы жұмысты неше күнде бітіреді

Жауабы: 6

2.Шығармашылық жұмыс:

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есеп.




Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларғақандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Алдын ала топқа біріктіруді жоспарлау. Сыныптағы қабілеті жоғары оқушыларды бір топқа отырғызу. Қосымша күрделі тапсырмалар дайындау.

Жұптық жұмыста өзара бағалау. Жеке жұмыс жасағанда өзара бағалау.

Көзге жаттығу жасату. Интерактивті тақтаны уақытымен пайдалану.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ жайында ойыңызды білдіріңіз. сол жақтағы сұрақтардың ең негізгі сұрағына жауап беріңіз

Оқу мақсаты бағдарламадан алынды, ал сабақ мақсаты оқушылардың жаңа ұғымдарды меңгеруіне, сабақ барысында зерттеу жүргізу, бұрынғы алған білімдерін қолдана отырып пікірін дәлелдей алуға бағытталды. Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті деп айта алмаймын. Себебі кейбір оқушылар топта белсенділік танытқанымен, жеке жұмыс орындағанда дәлелдеуде қиналды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: «Миға шабуыл»стратегиясы арқылы оқушылар бұрын өткен тақырыптар бойынша білімдерін естеріне түсірді, жүйеледі.

2: Оқушылардың белсенділігі, топта жұмыс істеуі жақсы болды.


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушыларды қолдау, олармен жылы қарым-қатынас, ынталандыру.

2: Жеке, топтық, жұптық жұмысты ұйымдастыру. Кері байланыс алу.

3: Сұрақтар қоя білу. Балаларға дұрыс сұрақтар қоя отырып, ойларын бағыттау.

4: Тапсырма орындап болғаннан рефлексия алу. Мысалы, тапсырма қиын болды ма? несімен? қандай қате жібердіңіз? т.с.с.

Сабақ барысында сыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?

Кейбір оқушылар тақырыпты толық меңгермеді . Олармен келесі сабақтарда, сабақтан тыс уақытта қосымша жұмыс жасалынады. Сабақ барысында бағалауды дұрыс ұйымдастыра білу керек. Критерийлер арқылы бағалау күрделі болды деп ойлаймын.



Тексерілді:
























Мектеп: Талапкер орта мектебі

Күні 19.01.2018

Мұғалімнің аты- тегі Елеуова М.Д.

Тақырыбы:

Жаңартылған білім мазмұнын игерудегі сын тұрғысынан 
ойлаудың тиімді стратегиялары


Мақсаты

  • Жаңартылған білім мазмұнын игеруде сын тұрғысынан ойлау әдісінің тиімділігін тәжірибеде көрсету 


  • Оқушы дүниетанымын кеңейтуге бағытталған пәндік ұғымдарды сабақтастыру

Сабақтың түрі

Шеберлік сыныбы

Күтілетін нәтиже:


  • Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану мұғалімге оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны есепке ала отырып дамытуға, толық жағдай жасауға мүмкіндік беретінін түсінеді.

  • Өз тәжірибелерінде іскерлік ойындарды пайдаланады


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Cабақтың басы

3 мин

Менің қасиеттерім қандай?

Мұғалімдерге мына аң-жануарларды тігінен жазуды тапсыру қажет: қасқыр,ит,мысық,тышқан.Бірінші жолға осылардың ішінен ең ұнайтынын жазып,екінші және үшінші жолға азырақ ұнайтынын келтіріп,төртінші жолға осылардың ішіненең ұнамайтынын жазу керек.Осылайша тізімді тігінен келтірген соң,әр аң-жануардың тұсына олардың қандай бір қасиетінің ұнайтындығын немесе ұнамайтынын жазу тапсырылады.

Мәселен:Мысық-жұмсақтық, қасқыр-батылдық, ит-адалдық,тышқан-ұсақтық. Осыдан кейін мұғалімдерге бұл психологиялық тесттің жауабы келтіріледі.Жоғары жолға жазған қасиет-өзімізге жетіспейтін қасиет,біз оны өзіміздің тұла бойымызда арттыруға, жетілдіруге ұмтыламыз.Екінші жолға жазылған қасиет- өзімізде бар деп есептейтін қасиетіміз,біз өзімізді осылайша түсінеміз.Үшінші жолдағы қасиет басқа адамдардың бізді қалай қабылдайтындығымызды білдіреді,ел көзіне біз осылай көрінеміз.Ал ең төменгі жолға жазылған қасиет біздің неден қашқақтайтындығымызды көрсетеді,біз тұла-бойымызды бұл қасиеттен арылтуға ұмтыламыз.

Топқа бөлу Жағымды сөздер арқылы

-Тұра ғой, жаным!

- Сәлеметсіз бе?!

- Бүгін әдемі болып кетіпсіз ғой!

- Жұлдызың жансын, құлыным!

Қызығушылықты ояту

Джон және Билл бір бөлмеде болғанды.Кенет есік ашылды да,сынған әйнектің сыңғыры естілді.Джон Билге қарап еді.Билл өліп жатыр екен.

Сұрақ: Билл неліктен мерт болды?



Таратпа материалдар

Сабақтың ортасы

10 мин.


10 мин






































.



Мұғалімдер өз ойларымен бөлісті

Жауабы:Есік желдің лебінен ашылып,үстелде тұрған аквариу еденге құлап,сынып қалды.Ал Билл-аквариумдағы балық.

Мағынаны ажырату

Топтық жұмыс

«Тұра ғой, жаным!» тобына СТО ұғымының мәні,зерттеген ғалымдар, тарихи шолу

«Сәлеметсіз бе?!» тобына СТО технологиясының негізгі қағидалары

«Бүгін әдемі болып кетіпсіз ғой!» тобына СТО технологиялары бойынша ұйымдастырылған сабақ құрылымы мен стратегиялары

«Жұлдызың жансын, құлыным!» тобына СТО технологиясының жетістіктері

СТО немесе «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы

RWCT ағылшынша Reading and Writing for Critikal Thinking

деген орысша аударғанда

Развитие критического мышления через чтение иписьмо деп аталады

Сыни тұрғыдан ойлау деген не? Слайд көрсету

Ой толғаныс

Практикалық бөлімі

Топтармен жұмыс
“Топтастыру” стратегиясы 
Топтық, жұптық жұмыстарын жүргізуде кез-келген тақырыпта қолдануға ыңғайлы әдістердің бірі болып табылады.Баланың ойын жинақтап айтуына көмегі мол. 
Әр түрлі құстардың суреттері берілді топтастыру тапсырмасы орындау тапсырылды.
“Болжау” стратегиясы бойынша «Асығыс үкім» әңгімесін аяқтау тапсырылды. Оқиғаның қалай аяқталатыны баланың қызығушылығын оятады.

«Сұрақ қою» стратегиясы бойынша

М.Шахановтың «Жігерлендіру» аудио тыңдалымы тапсырмасы берілді.

«Керісінше ойлау» стратегиясы бойынша

Көктем мезгілін сипаттау тапсырмасын орындау берілді

Топтық жұмыс

Әр топқа берілген тапсырманы орындайды


Сабақтың соңы




Кері байланыс БҮБ алынды.Мұғалімдер шеберлік сыныпта алынған тақырып бойынша өз пікірлерін айтып өтті.

Қорыта келе, «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді» деп Елбасымыз айтқандай, жаңартылған білім мазмұнының талабына сай тиімді жолмен сын тұрғысынан ойлау әдістерін қолдана отырып, жаңа заман тұлғасын қалыптастыруға ат салысайық!



Тексерілді:























































Сыныптан тыс сабақ

Мектеп: Талапкер орта мектебі

Күні 17.01.2018

Мұғалімнің аты- тегі Елеуова М.Д.

Сынып: 8 «А», «Б» сыныптар

Математика

Қатысқандар саны: 42

Қатыспағандар саны:4

Сабақтың тақырыбы:

«Кім көп біледі?» жұлдызды сағат ойыны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Сыныптан тыс жұмыс барысында оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, математика пәнінен алған білімдерін пысықтау, логикалық есептерді шығаруға ынталандыру.

Сабақтың түрі

Интеллектуалдық ойын

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Cабақтың басы


«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек». С.М.Ломоносов

«Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула» С.В.Ковалевская

«Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы» К.Гаусс

«Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер және еңбек». М.Искаков

Ойын бес кезеңнен тұрады. Әр кезең сайын дұрыс жауап берген оқушыларға жұлдызша беріледі. Кезең соңында ең аз жұлдызшасы бар оқушы ойыннан шығарылып отырады. Соңғы кезеңге дейінгі жеңіп келген оқушы ойын жеңімпазы болып саналады. Әділқазы алқасы сайланып, нәтижесі бақылауға алынады


Слайдтар


Сабақтың ортасы








































Ойынның барысы:

1.Математикалық сұрақтар.

І-iріктеу кезеңі

«Ойлан, тап»

1.Заңдылықтар 10 20 30 40 50

2.Формулалар 10 20 30 40 50

3.Логика 10 20 30 40 50

4.Ережелер 10 20 30 40 50

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруінде білім сапасы жоғары,денсаулығы мықты,еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отыр.

«Біздің түпкілікті мақсатымыз-интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп,интеллектуалды ұлт қалыптастыру» Н.Ә.Назарбаев

Мінеки залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны бізде қоштаймыз

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы

Математика жайында

Ойынымызды бастаймыз!

Жас достарым мұны жақсы ұғайық,

Математика құрметтеуге лайық.

Дүниедегі қозғалыстың мәніне,

Мүмкін емес, есептерсіз түсіну

Есебіңіз дүние кілті әліде.

Сайысымызды бастамас бұрын сіздерге әділ бағасын

беріп, сараптама жасайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.


Математикалық сұрақтар: 2-ге бөлінбейтін сандар не деп аталады?

Бір жылда неше ай, неше апта,неше күн бар?

Бір-бірімен қиылыспайтын түзулер?

1/2-ге кері сан?

225 қай санның квадраты?

Қандай сандар 10-ға бөлінеді?

1.Заңдылықтар

Сұрақ белгісінің орнында тұрған санды тап 9; 10; 12; 15; ? Жауабы: 19

Сұрақ белгісінің орнында тұрған санды тап

16 15 17 14 ? Жауабы: 18

Сұрақ белгісінің орнында тұрған санды тап

32 33 31 34 ? Жауабы: 30

Сұрақ белгісінің орнында тұрған санды тап 3 7 12 2 6 11 9 13 ? Жауабы: 108

2.Формулалар

Екі қаладан бір мезгілде жеңіл машина мен жүк машинасы бір - біріне қарама - қарсы шықты. Жеңіл машина 80 км/сағ, ал жүк машинасы 60 км/сағ жылдамдықпен жүріп, олар 5сағаттан соң кездесті. Бастапқыда екі машинаның арасы неше км болған? 5 сағат 5 сағат Жауабы: 700 км ?

Қабырғалары 4дм және 8дм тіктөртбұрыштың периметрін тап.? Жауабы: 24 дм

Адам есектен неге құлайды? Жауабы: жерге

Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? Жауабы: 12

100 шөжек, 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса, 10 шөжек, 10 күнде қанша кг бидай жейді? Жауабы: 1кг

Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе? Жауабы: адамның есімі

Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады? 18

3.Ережелер

Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру үшін - ... Жауабы: бөлімін өзгеріссіз қалдырып, аралас санның бүтін бөлігін бөліміне көбейтіп, көбейтіндіге алымын қосып бөлшектің алымына жазады

Бөліндіні бөлшек түрінде жазу үшін - ... Жауабы: бөлінгішті бөлшектің алымына, бөлгішті бөліміне жазу керек

Санның бөлігін табу үшін - ... Жауабы: санды осы бөлшекке көбейтеді

Екі бөлшекті ортақ бөлімге келтіру үшін - ... Жауабы: бөлшек бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігін тауып, бөлшек бөлімдеріне бөліп толықтауыш көбейткішті тапқан соң, оны бөлшектің алымы мен бөліміне көбейту керек

Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары неше градусқа тең?

Екі санның қатынасы не деп аталады?

Қандай сандар 5-ке бөлінеді?

14-тің квадраты неше?

Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда?

Таңбалары әр түрлі сандардың көбейтіндісі?

Ең үлкен уақыт өлшемі?

Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем.

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы

Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан қабырғасы

4.Логика

1,2,3,4,5,6,7,8,9 cандары берілген. Сандардың орнын ауыстырмай “+” және “-” таңбасын тек ғана 3 рет қолданып нәтижесінде 100 шығатындай етіп орналастыр.

Жауабы:123-45-67+89=100

987654321 сандарына нәтижесінде 99 шығу үшін «+» таңбасын қалай қоюға болады. Жауабы: 9+8+7+65+4+3+2+1=99

135792468 сандарына нәтижесінде 18 шығу үшін «-« таңбасын қалай қоюға болады. Жауабы: 135-79-24-6-8=18

Басқатырғыш

Амалдарды орындағанда XVIII ғасырда “көбейту” және “бөлу” таңбаларын ұсынған математик ғалымның аты есімі шығады. Л Л Е Й Б Н И Ц.

Көрермендерге тапсырма

Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады? Жауабы: МЫСЫҚ

Тапсырма: Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге Жауабы : 1 жылқы, 39 сиыр, 60 қой

Барлық төртбұрыштар жиналып өздеріне король сайлағысы келеді. Ұзақ даулысып , бір шешімге келе алмайды. Төрелікке кәрі параллелограмм келеді де, былай дейді. «Бәріміз жиналып, төртбұрыштар патшалығына барайық. Кім бірінші барса, сол сол король болады» дейді.

Бірінші шарт: Жолда өзен кездеседі. «Егер қайсымыздың диогоналымыз қаққа бөлінсе, сол өзеннен өтеді»

Екінші шарт: Жолда тау кездеседі. «Егер қайсымыздың диогоналымыз тең болса, сол таудан асу асады»

Үшінші шарт: Жолда тар көпір кездеседі. «Егер қайсымыздың диогоналымыз тік бұрыш жасап қиылысса, сол көпірден өтеді». Сонда король қайсысы? Жауабы: (шаршы)


Сабақтың соңы

Барлық ойыншыларға «кім көп біледі?» ойынына қатысқаны үшін алғыс білдіреміз!






Тексерілді:











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2018
7493
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі