Бірлескен ортаны құру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бірлескен ортаны құру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Жетекші және серіктес мектептердің арасындағы кәсіби ынтымақтастықты бірлесе отырып қалыптастыру;қоғамдастық арқылы ой бөлісу,тәжірибе алмасу,білім мен біліктілікті дамыту,Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі қарсаңында «Шаңырақ » жобасы аясында қоғамда әкеге деген құрметті арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бірлескен оқу ортасын ұйымдастыру»


Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Абай атындағы № 17 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша «Бірлескен оқу ортасын ұйымдастыру» атты аудандық жетекші мектептермен оқу семинары болып өтті. Мақсаты: Жетекші және серіктес мектептердің арасындағы кәсіби ынтымақтастықты бірлесе отырып қалыптастыру;қоғамдастық арқылы ой бөлісу,тәжірибе алмасу,білім мен біліктілікті дамыту,Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі қарсаңында «Шаңырақ » жобасы аясында қоғамда әкеге деген құрметті арттыру.

Семинарға жетекші және серіктес мектеп үйлестірушілері, тренерлер, сабақты зерттеу үдерісі бойынша оқыту топтары,желілік қоғамдастық мүшелері қатысты.Мектеп дәлізінде «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» арналған қол өнер көрмелері қойылды. Семинарға келген қонақтарды ватцап желісіне тіркеп,кері байланыс бағдарламасының http: // www.seminar-abai.kz/ сылкасымен семинарға кері байланыс беретіндіктері түсіндірілді.Семинарды Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ұ.Исламова, Абай атындағы № 17 ЖОМ-нің директоры М.Утегенова ашып берді.

Семинар бардарламасымен жетекші мектеп үйлестірушісі Г.Еримбетова таныстырып,онлайын кері байланыс беретіндігін түсіндіріп өтті.

Семинардың ашылуы барысында мектеп оқушылары өздерінің А.Құнанбаев, Ы.Алтынсаринге арналған өлеңдерін оқып, «Еркеназ» би тобының «Кең жайлау» биін билеп, Айдарбек Кәусардың орындауында «Қазақстан» әнін орындады.

Жетекші мектеп тренері Н.Спанов «Оқыту мен оқудағы бірлескен жұмыс» тақырыбында баяндама оқыды.

Семинардың бірінші кезеңінде А.Дәрменшиева «Жануарлар саны неге азайды?» тақырыбында 3 «Б» сыныбына, А.Абдинова «Living things» тақырыбында 5 «Б» сыныбына зерттеу сабақ өткізді.Бақылаушылар серіктес мектептерден Х.Доспанова ЖОМ-нен М.Ергешова , Нұрлы таң ЖОМ-нен Ж.Ширинбаева ,Шұғыла ЖОМ-нен А.Темиралиева зерттеу сабақтарына 3 күн бойы бақылаушы болды. М.Нурова ,Т.Достаев 10 «А» сыныппен кіріктірілген сабақ өткізді.

Семинардың екінші кезеңінде серіктес мектеп тренері Х.Доспанова ЖОМ-нің тренері А.Пратаев «Олқылықтарды жою мақсатында сабақ жоспарын ұйымдастыру» тақырыбында шебер сабақ, Қ.Алтынбек серіктес мектептердің жас мамандарымен «Бағалауға арналған тапсырмалар бойынша бөлім аралық және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру» тақырыбында коучинг сабақ, Ғ.Срайлов, Н.Жақсылық «Шаңырақ» жобасы аясында «Әке-асқар тау» тақырыбында 9-10 сынып оқушыларымен кәсіби сұхбат өткізді.

Семинар соңында мәжіліс залында өтілген сабақтарға кері байланыс жасалынып,АКТ-дан http: // www.seminar-abai.kz/ ссылкасы арқылы семинарға кері байланыс беріліп, шебер сабақ өткен мұғалімдердің жетістік көрсеткіштері анықталды.Серіктес «Шұғыла» мектебінің үйлестірушісі Л.Джаппаров CLIL әдісі бойынша кіріктірілген сабақ үдерісінде тыңдалым, айтылым,оқылым,жазылым коммуникативтік тілдік жағдаятқа сай дұрыс қолдана білді.Оқушылардың білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған,өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше алатын ұрпақ боп өсу дәрежеге жеткізуді мақсат етіп отырған ұстаздар мен мектеп ұжымына алғысын білдірді.

Сабақты зерттеу үдерісі бойынша жетекші мектептер кураторы Ш.Спанова барлық сабақтарды жоғары дәрежеде өтті деп есептейтінін, мектеп ұжымының шығармашылық жұмыстарының өте керемет екендігіне куә болғандығын айтып, ризашылығын білдірді.

М.Ғабдуллин мектебінің тренері А.Шотаев «Әке – асқар тау» тақырыбында кәсіби сұхбат өткізген Ғ.Срайлов пен Н.Жақсылықовтың сабағының жоғары деңгейде өткендігін,тәрбиелік тағылымы мол сыр сұхбат болғандығын айтып, жас ұстаздардың жұмысына сәттілік тіледі. Семинарда шебер сабақ көрсеткен мұғалімдер мен серіктес мектеп тренерлері,бақылаушылары мектеп атынан мақтау қағаздарымен марапатталды.

Абай атындағы № 17 ЖОМ-нің директоры М.Утегенова бұл семинардың соңғы семинар емес екенін, алдағы уақытта бұдан да жоғары деңгейде өткізуге әрекеттенетіндерін, қонақтарға уақыт бөліп келгендеріне рақметін айтты.

Абай атындағы № 17 жалпы орта мектебінің

директордың оқу ісі орынбасары:

Гүлжаухар Еримбетова

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2022
464
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі