Материалдар / Бірлестік жетекшілері сайысы "Ұстаз еңбегі шығармашылық ізденісте"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бірлестік жетекшілері сайысы "Ұстаз еңбегі шығармашылық ізденісте"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл бірлестік жетекшілерінің еңбегін шыңдай түсетін және олардың еңбегін бағалауға арналған іс-шара. Ұстаздардың педагогикалық шеберлігін анықтауда көмекші
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
4090
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

 

 Тақырыбы: «Ұстаз еңбегі шығармашылық ізденісте»

Мақсаты: әдістемелік бірлестік жетекшілерімен жасалған жыл бойы жасалған жұмыстарды қорытындылау, жинақтау.
Барысы:
І. Кіріспе бөлімі
Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль-Фараби, Ыбырай мен Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылменен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!
Осы өлең шумақтары арқылы бүгінгі бірлестік жетекшілерімен өтетін «Ұстаз еңбегі шығармашылық ізденісте» тақырыбындағы шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Мектебімізде 9 бірлестік жұмыс жасайды. Енді осы бірлестік жетекшілерін қарсы алайық:

Бастауыш сынып бірлестік жетекшісі: Омарова Рая

Қазақ тілі және әдебиет бірлестік жетекшісі: Байтанова Айнаш (оқуда)

Орыс тілі бірлестік жетекшісі: Туребаева Гарлығаш

Ағылшын тілі бірлестік жетекшісі: Юсупова Алия

Физика, математика, информатика бірлестік жетекшісі: Үсенова Айнұр

Химия-биология бірлестік жетекшісі: Базарова Гүлжан

Тарих-география бірлестік жетекшісі: Жаманқараева Эмина (оқуда)

АӘД және Дене шынықтыру бірлестік жетекшісі: Мейірбеков Бақберген

Бейнелеу, сызу, технология бірлестік жетекшісі: Бейсенбаева Гүлзада

Ақ қазы мүшелері, армысыздар!
Қош кепсіз, есен сау бармысыздар?
Сіздерге үміт артқан жетекшілер,
Әділдікпен төрелік айтыңыздар.
Әділдікпен баға берер ұстазға,
Әділдікпен қара қылды жаруға,
Әділқазы алқаларын сайлайық.
Үздіктерді таңдап бүгін алуға- деп әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.









Сайысымыздың барысымен таныссақ:

  1. Таныстыру. (Бірлестік жетекшілерінің өз бірлестігін таныстыруы)

  2. «Педагогикалық идеалар» (үлгілі портфолиолар, әдістемелік жинақтар)

  3. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс. (Әр бірлестіктегі үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу үлгісін таныстырып, қоғау)

  4. «Педагогикалық жағдаят» Бірлестік ұжымымен, жалпы көппен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын көрсету.

І-тур. ТАНЫСТЫРУ.
Бүгінде озық- дәстүр, салт-сананы
Берік ұстап, сүйетін от панасын.
Жетекшілер кетсін өзін таныстырып.
Қуантып мына отырған көрерменді .- деп сайысымыздың бірінші шарты, ата салтымыздан қалыптастып қалған «Сәлем- сөздің анасы » дегендей сайыскерлереміз өздерін- өзі таныстыруға кезек берейік.

1) Ұстаздықтың ауыр жүгін көтеріп,
Оңашада ойға баттың, ой өріп.
Алдыңыздан қанат қақты сан ұрпақ,
Еңбегіңіз жүрді әр кез өтеліп.
Әнші, биші, өнерлі шәкірттерді
Келеді еңбекпенен тәрбиелеп

Бастауыш сынып бірлестік жетекшісі: Омарова Райхан Алтынбековна



2) Мінезі оның салмақты,
Сөз саптауды аумақты.
Болашаққа бағыт - бағдар сілтейді,
Адалдықты әр ісіңнен білдіріп.
Оқушысы орын алған сайыстан
Тілдердің ол жетекшісі, қазақ тілінің маманы,
Қарсы алыңыз Байтанова Айнаш Рүстембекқызы



3) Тұла бойың тұнған сабыр, кешірім,
Айқара аштың шәкіртке білім есігін
Портфолиосына жинақтаған өнерін,
Оқушылардың шығармашылық еңбегін,
Комитетінен салықтың алғыс алған
Атсалысып, акциясының кезінде
Орыс тілі пәнінің жетекшісі
Қарсы алыңыз Туребаева Гарлыгаш Тағайқызын



4) Қолынан жасап көрнекіліктің түрлерін,
Әрқашан ерінбей ізденіспен жүретін,
Білімді меңгертіп 6 жасар сәбилерге
Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан
Еңбекқор, мейірімді ұстазымыз,
Қарсы алыңыз ағылшын тілі бірлестік жетекшісі: Юсупова Алия Ускенбайқызы



5) Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Көрсем дейді күнге де кол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын
Физика, математика, информатика бірлестік жетекшісі: Үсенова Айнұр

6) Жүрегіңіз жұмсақ, ісіңізге адалсыз,
Жас ұстазды үйретуде қаталсыз.
Шәкіртіңіз қуанта білді біліммен
Ғылыми жобалардан орын алып,
Химия-биология бірлестік жетекшісі: Базарова Гүлжан Бахауидинқызы

7) Қыр сыры мол, қиын жолда талмаған,
Ізденіспен еңбек етіп, шаршамаған,
Ұстаздықтан жалықпаған,
Меңгерткен картасын жер жүзінің.
Жаратылыстану бағытындағы пәндердің
Жетекшісін қарсы алыңыз бәріңіз!
Тарих-география бірлестік жетекшісі

Жаманқараева Эмина Мамырханқызы



8) Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып
Қас - қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың - ау нұр жүзіне сүйсініп
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың

АӘД пен дене шынықтару бірлестік жетекшісі Мейірбеков Бақберген Рүстембекұлы

9) Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Бейнелеу, сызу, технология бірлестік жетекшісі:

Дәріқұлов Бейсенбаева Гүлзада


ІІ тур. «Педагогикалық идеалар» (үлгілі портфолиолар, әдістемелік жинақтар)
Бірлестік өз алдына ол бір ұжым,
Ұстазды біріктірер білім, ғылым.
Есебін бірлестіктің берер келді кезек,
Бәріміз тыңдалықшы құлақ кезеп.

ІІІ тур. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.

Қызықты өтер әр сабақ
Демалса шәкірт бір кезек
Сабақтың бір кезеңі
Сергіту сәті болса егер.

ІV- тур. Педагогикалық жағдаят
Қане ұстаздар пікірлесіп қарайық,
Қилы-қилы ойды ортаға салайық.
Сан-салалы асыл ойлар тоғысып,
Толғандырған жайды шешіп алайық.
Талас тусын жарқын ойлар жарқылдап,
Шағылыссын найзағайдай шартылдап.
Бойда қайрат, алда арман шақырған,
Қолдан әсем жалын атқан жастық шақ- дегендей сайысымыздың келесі турын бастайық. Бірлестік ұжымымен , жалпы көппен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын сынайтын сәт те келіп жетті.
(Сайыскерлерге карточка алып, сол карточкадағы жағдаятты шешу ұсынылады. Ойлануға 3 минут.)


Өскелең ұрпақты терең де сапалы біліммен сусындатып жүрген ұстаздар қауымының тәуелсіз елдің алдағы игілігі үшін қосар үлесі мол. Шығармашылық шыңдалуға әріптестермен тәжірибе алмасуда осындай байқаулардың өтуі жаңашылдыққа, ізденіске жетелейді. Сондықтан да осындай байқауды жылда өткізілуі дұрыс деп есептеймін.




«№15 Ж. Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі









 Тақырыбы:

«Ұстаз еңбегі шығармашылық ізденісте»
(Үздік бірлестік жетекшісі-2017)













Дайындаған: А. Тоқхожаева

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!