Бірлестіктің хаттамасы қазақ тілі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бірлестіктің хаттамасы қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бірлестіктің хаттамасы қазақ тілі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тұмар» әдістемелік бірлестігінің №1 хаттамасы

Күні: 25.08.2025ж

Барлығы: 7

Қатысқандар: 7 Қатыспағандар:0

Күн тәртібінде:

  1. 2024-2025 оқу жылының анықтама есебі;

  2. Оқу бағдарламасы, ӘНХ;

  3. Күнтізбелік тақырыптық жоспар, сағат бөлу;

  4. «Тілдер» мерекесі мен «Тұмар» әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің жоспары, «Тұмар» әдістемелік бірлестігінің 2025-2026 оқу жылына жоспары.

  5. Оқушыларды мектепішілік, аудандық іс-шараларға дайындық жұмыстарының жоспары, аудандық оқулар;

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша ӘБ жетекшісі: Елемес Жадыра Елемесқызы сөз бастады. Былтырғы оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі «Тұмар» деген атаумен 4 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінен құралған бірлестік болған еді. Биылғы оқу жылында мектеп директоры: Балғабаева Ақерке Әбдімәжитқызының бұйрығымен «Тұмар» әдістемелік бірлестігіне тарих пәні мұғалімдерінің қосылып, 7 мұғалімнен құралғанын атап өтті.Директордың оқу ісі жөніндегі орындасарының лауазымына Жумагазина Галия Серикказыевна тағайындалып, қазақ тілі мұғалімдері 1 мұғалімге көбейгенін атап өтті. Бірлестік мүшелері Жумагазина Галия Серикказыевнамен танысып, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.

Бірлестік құрамында 7 мұғалім бар.

ӘБ жетекшісі: Елемес Жадыра Елемесқызы.

Санаты: педагог-модератор. Еңбек өтілі: 9 жыл.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері:

Тусупжанова Айгул Мұратқызы.

Санаты: педагог-сарапшы, еңбек өтілі:16 жыл.



Курманова Зауреш Утарбековна.

Санаты: педагог-модератор, еңбек өтілі: 4 жыл.

Бекпарова Айнұр Жомартбекқызы.

Санаты: педагог-модератор, еңбек өтілі: 3 жыл.

Жумагазина Галия Серикказыевна.

Санаты: педагог-сарапшы, еңбек өтілі: жыл

Нургалиева Гульзат Селеубековна.

Санаты: педагог-сарапшы,еңбек өтілі: жыл

Нургалиева Сымбат Селеубековна.

Санаты: педагог-сарапшы,еңбек өтілі: жыл

ӘБ: жетекшісі өткен жылдың жылдық анықтама есебін оқып берді. Мұғалімдердің жетістікері айтылып, биылғы оқу жылына сәттілік тіледі.

Өткен 2024-2025 оқу жылында «Тұмар» бірлестігі «Ұлттық құндылыққа» негізделген, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру жолында аяндай еңбек етті. Биыл қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қазақ әдебиеті пәні бойынша оқушылардың сөздік қорын байыту, функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында «Әдеби шығармалар арқылы өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықты қалыптастыру» деген тақырыпта жобаның жоспары жасалып, мұғалімдерге таныстырылды. Жыл бойы сол жоба аясында жұмыстар жүргізіледі.

Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша, ӘБ жетекшісі 2025-2026 оқу жылының әдістемлелік нұсқау хатымен таныстырды, биылғы оқу жылының нұсқау хатында айтарлықтай өзгеріс жоқ екендігі айтылды.

Қазақ тілі пәні 5,6,7 сынтарда аптасына 3 рет, қазақ әдебиеті пәні 2 рет оқытылады, Сондай-ақ, 8,9 сыныптарда қазақ тілі пәні аптасына 2 рет, қазақ әдебиеті пәні 3 рет оқытылады.

10,11 сыныптардың жаратылыстану-математика бағытында қазақ тілі аптасына 1 рет, қазақ әдебиеті пәні 2 рет оқытылады, 10,11 сыныптардың қоғамдық-гуматитар бағытында сыныптарда қазақ тілі пәні аптасына 2 рет, қазақ әдебиеті пәні 3 рет оқытылады.

10,11 сыныптардың жаратылыстану-математика бағытында қазақ тілі пәні бойынша БЖБ әр тоқсанда бір рет алынады, жарты жылдық сайын жылына 2 рет қорытылады.

Қазақ тілі пәні бойынша әр 2-ші БЖБ диктант түрінде алынады.

Осы мәселе бойынша Тусупжанова Айгул сөз алып, нұсқаулықты қысқаша түсіндіріп өтті.

Қазақстан тарихы, құқық, дүниежүзі тарихы пәндері бойынша өзгеріс жоқ екенін, Нургалиева Сымбат Селеубайқызы атап өтті. Пән мұғалімдері биылғы оқу жылында да бірлесіп жұмыс жасайтындарын атап өтті.

Күн тәртібіндегі 3-мәселе бойынша, ӘБ жетекшісі 2025-2026 оқу жылының жылдық жоспарын таныстырды, биылғы оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің жүктемесі төмендегідей

болды.

ӘБ жетекшісі: Елемес Жадыра Елемесқызы жүктемесі: 18 сағат.

Тусупжанова Айгүл Мұратқызы жүктемесі: 18 сағат.

Курманова Зәуреш Утарбековна жүктемесі: 17 сағат.

Бекпарова Айнұр Жомартбекқызы жүктемесі: 8 сағат.Бекпарова Айнұр сонымен қатар кітапханашының толық 1 жүктемесін алып отыр.

Жумагазина Галия Серикказыевна- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының жүктемесімен қатар, пән бойынша 5 сағат, 3 қосымша үйірмелер алатын болды.

Нургалиева Сымбат Селеубаевна-24 сағат,

Нургалиева Гульзат Селеубаевна-24 сағат жүктемесін алып отыр. Алдағы аптада күнтізбелік жоспар бекітілетіні айтылды.

Күн тәртібіндегі 4-мәселе бойынша, ӘБ жетекшісі: Елемес Жадыра мен «Полиглот» шет тілдерінің бірлестігінің жетекшісі: Жанкубекова Гульнұр бірлестік мүшелерімен бірігіп ақылдаса келе, «Тілдер айлығы» мерекесін 05.09.-30.09.25ж аралығында, ай көлемінде атап өту жоспарланып отыр.Тақырыбы: «Тілім менің- тірлігімнің айғағы» Айлық аясында, «Тұмар» әдістемелік бірлестігінің онкүндік жоспарын құрып, талқылап, бекітілді. «Тұмар» әдістемелік бірлестігінің онкүндігі 12.09-22.09.25ж арасында өткізіледі. Онкүндіктің тақырыбы: «Тіл мен тарих егіз ұғым». Тілдер айлығы аясында ашылу, жабылу салтанаты, түрлі іс-шаралар, үлгілі сабақтар көрсету жоспарланып отыр.

Күн тәртібіндегі 5-мәселе бойынша, пән мұғалімдері нөлдік

Бақылау жұмысы мен мектепішілік олимпиада жұмыстарының

Материалдарын әзірлеу пән мұғалімдеріне тапсырылды.

Мектепішілік, аудандық, облыстық оқулар мен олимпиадаларға

оқушыларды қатыстыру үшін дайындық жұмыстарын бастау

керектігі айтылды.

Елемес Жадыра- «Төлеген Айбергенов» оқуларына дайындық

Жасайтынын,

Бекпарова Айнұр Ілияс пен Мұқағали оқуларына оқушы дайындап

жатқанын айтты.

Курманова Зәуреш Абай, Шәкәрім оқуларына оқушы дайындап

жатқандығын айтты.

Тусупжанова Айгүл Қадыр, Әбіш оқуларына оқушы дайындап

жатқанын алға тартты.

Жумагазина Галия Серикказыевна- Махамбет оқуларына оқушы

Қатыстырғысы келетінін айтып өтті.

Пән мұғалімдері дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқанын,

алдағы уақытта ауданнан, облыстан орындар алуға

тырысатындарын алға тартты.

Күн тәртібіндегі 6-мәселе бойынша ӘБ жетекшісі 5 сыныптардың

оқу жылдамдығы мен жазу каллиграфиясын тексеру керектігін

айтып өтті. Былтырғы оқу жылындағы 4-сыныптармен

сабақтастық жұмысының қорытындысы талқыланды. Осы оқу

жылында 5 «А» сыныбына Жумагазина Галия Серикказыевна

5 «Ә» сыныбына Елемес Жадыра жауапты екендігі айтылды.

Бекпарова Айнұр кітапханамен байланыстырып, ертегі кітаптар

оқыта отырып, оқу жылдамдығын арттыруды көздеп отырғанын

айтты. Жазу каллиграфиясын жақсарту мақсатында диктант

жаздыру, көркем жазу қосымша жұмыстары жасалынады деп

жоспарланып отыр.





Шешімі:

  1. Өткен оқу жылының қорытындысын қанағаттанарлық деп

есептелінсін;

  1. 2025-2026 оқу жлының нұсқау хаты пән бойынша зерделеніп,

оқу үрдісіне пайдаланылсын;

  1. Мектепілік, аудандық, облыстық байқаулар мен олимпиадаға

оқушылар жоғары дайындықпен қатыстырылсын;

  1. Тілдер айлығы мен бірлестіктің онкүндігі жоспарға сәйкес

өткізілсін!



Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Елемес Ж.Е

Бірлестік хатшысы: Тусупжанова А.М



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2025
29
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі