400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бірлігі бүтін елдің түтіні түзу ұшар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқы бүкіл тіршіліктің, адамзат болмысының бүкіл мәнін «Бірлік түбі – береке» деп екі ауыз сөзбен түйіндеген. Бірліксіз ешбір халықтың асығы алшысынан түспеген.
Материалдың қысқаша нұсқасы
8-сынып оқушысы,
Какимбай Алтынай Жабайқызы
ЖСН: 090626652507
Түлкібас ауданы, Майтөбе ауылы,
Ю. Гагарин атындағы жалпы орта мектебі
Жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Ешенкулова Индира Нуртаевна

Бірлігі бүтін елдің түтіні түзу ұшар
Бірлігі кеткен ел жаман,
егесіп өткен ер жаман.
Қазыбек би

Қазақ халқы бүкіл тіршіліктің, адамзат болмысының

бүкіл мәнін

«Бірлік түбі – береке» деп екі ауыз сөзбен түйіндеген. Бірліксіз ешбір
халықтың асығы алшысынан түспеген. Қазақ халқының ерекшелігі баланы
ешкімнің ала жібін аттамауға, көрші-қолаң, ағайынмен, алыс-жақын туыспен
тату-тәтті әрі сыйлас болуға тәрбиелеген. Ежелгі адамдардың өзі табиғаттан
төнген қауіптерге топтасып, қауымдасып қарсы тұра білген. Олар бірлесе
еңбек етіп, табиғатты игеріп, оны игілігіне жарата отырып қауым, ру, ұлт, ел
болған. Нәтижесінде, адам баласы ішкі ынтымақ, бірлескен күш-жігер
арқылы ғана ел бола алатынына көздері жеткенін тарих беттері дәлелдеп
отыр.
М. Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп тектен тек айтпаса
керек. Балаға, ең бірінші, үлкенге - құрмет, кішіге – ізет көрсетуді бойына
сіңірген, ал екінші, тонның ішкі бауындай жымдасқан бірлік пен өзара
ілтипат, бауырмалдық пен достық сынды киелі ұғымдарды түйсіну арқылы
ғана болашағының жарқын болатынын ұғындырған.

Осылайша әрбір отбасында ұйыған бірлік пен тату-тәтті тірлік болса,
елін сүйетін өрелі өрендер желкілдеп өсіп келе жатса, олар өз қазағының,
Қазақстан халқының қамын жесе, бұл - Отанымызға да құт-береке дарып,
қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғыры асқақтай түскені.
Тарихтың бедеріне ойша ғана шолып, көз салар болсақ, сонау ержүрек
сақтар мен дүниені дүбірлеткен жауынгер ғұндардан, көк сүңгілі көктүріктер
заманынан тамыр тартатын болсақ, «...Скифтер (сақтар) Ишпақай патшаның
басшылығымен Алдыңғы Азияға жорыққа шықты. Иса пайғамбардан бес
ғасыр бұрын өмір сүрген грек тарихшысы Фукидид

«Скифтермен

бәсекелесетін патшалық бүкіл Еуропада жоқ. Сонымен бірге, егер де
олардың ауызбірлігі болса, онда, тіпті, мұқым Азияда скифтермен бетпе-бет
келіп, оларға қарсы шыға қоятындай халық табылмайды» деп жазыпты»,
дейді тарихшы Бекжан Бейсенбай («Ұлы Дала тарихы мен Ұлы қоныс
аударулар»). Ал Күлтегін батырдың жазбаларына келсек, «Көкте құдіретті
Тәңірі, төменде ұйық Жерсу: түркі халқы жоғалмасын, бүтін болсын» дейді.
Өткеніміздің өрнекті тұстары өріліп, нешебір алмағайып дәуірлердің
аласапыран кезеңдерінің өзінде біздің рухымыздың түспегені, тектілігіміз,
қан тазалығы мен ар тазалығының сары алтындай сақталғаны қуантады. Осы
жерде әйгілі би-шешендеріміздің өсиеттері еріксіз еске түседі. Аңызәңгімелердің бірінде Төле би өз көңілін сұрай келген Қазыбек, Көкі, Мәлік,
Ержан билердің еліңізге қандай өсиет қалдырасыз деген сұрағына «Жүзге
бөлінгендердің жүзі қара, руға бөлінгендердің құруға асыққаны. Атаға
бөлінгендер адыра қалады, көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса, халқын
сатады, халық азса, хандыққа таласады» деп бірлік пен татулықты дәріптеп
жауап берген екен.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, жүзге бөлініп жүзіміз күймей, руға
бөлініп іштей ірімей, тайпаға бөлініп тартыспай, діни ағымдарға еріп
адаспай, бекерден-бекер таласпай, нағыз Қазақтың Көк байрағын көкте
желбіретіп, Жаңа Қазақстанды Мәңгілік мұраттарына жеткізер шақ келді!

Біз, жастар, білімді де жігерлі, бірлігіміз бүтін болса ғана, еліміздің түтіні
түзу ұшатынына кәміл сенемін!
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12 сәуір
402
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі