400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бірлігіміз жарасқан" психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тренинг ұжым немесе топ арасындағы қарым-қатынасты жақсартады. Топ белсенділері мен аутсайдерлерді анықтауға көмектеседі. Өзім бұл тренингті балабақша ұжымында жүргізген болатынмын. Қатысушылар тренинг соңында жақсы әсер алғандарын жеткізіп, қуаныштарымен бөлісті.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Бірлігіміз жарасқан»

Мақсаты: Педагогтар тобының бірлігін нығайту, топта жұмыс атқару қабілеттерін шыңдау, бір-біріне деген сенімдерін арттыру және жағымды психологиялық атмосфера қалыптастыру, орнату.

Қажетті құрал-жабдықтар: бейджиктер,қағаз, қалам, фломастерлер, қайшы, жіп, обручь, музыка, слайд.

Тренинг ережелері:

  1. Тыңдаймыз

  2. Қолдаймыз

  3. Пікір алмасамыз

  4. Жақсы қарым-қатынаста боламыз

  5. Сыйлаймыз

  6. Бағалаймыз

  7. Қорытындылаймыз

  8. Тексереміз

  9. Сенім білдіреміз, т.б.

1.Шығармашылық тапсырма «бейджиктер жасау».(3 минут)

Мақсаты: қатысушыны басқалар қалай атағанын қалайтындығын білу.

Барысы: Барлық қатысушыға қағаз, қалам, фломастерлерді пайдалана отырып тренингке қатысу есімдерін жазып, бейджик жасау тапсырмасы ұсынылады.

2.«Қимылдайтын есімдер» ойыны. (7 минут)

Мақсаты: барлық қатысушыларды бір-бірімен таныстыру, жағымды әсер қалдыру.

Барысы: Қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Тренингке қатысатын есімдерін атайды (өзін таныстырады) және өзіне жақын қарапайым кез-келген іс-қимыл көрсетеді. Барлық қатысушылар қатты дауыстап сол қатысушының есімін және қимылын қайталайды. Осылайша барлық тренингке қатысушылар бір-бірімен танысады.

3. «Кір жуатын машина» жаттығуы. (5 минут)

Мақсаты: тренингке қатысушыларды одан әрі жақындастыру, топтың бірлігі мен ұжымшылдығын байқау, жағымды әсер қалдыру.

Барысы: барлық қатысушылар бір-біріне қарама-қарсы дәліз(коридор) жасап тұрады. Бір қатысушы сол дәліздің ортасымен жүріп өтеді. Қалған қатысушылар ортада кетіп бара жатырған кісіні кір жуғандай уқалайды,сипалайды, дәліздің ең соңындағы қатысушы оны әбден сығады яғни қатты құшақтайды. Сығылған қатысушы ең соңына тұрып, келесі қатысушыны қарсы алады. Осылайша барлық қатысушылар жүріп өткенше ойын жалғаса береді.

4. «Жіптік курс арқылы межелерді бағындыру» жаттығуы

Мақсаты: қаттысушылардың топтағы ұйымшылдығын бақылау, мәселелерді бірлесе шешуге жұмылдыру, бір-бірін түсінуге жағдай жасау.

Тірек сөз: Жіп біріксе арқан болар,

Ер біріксе қалқан болар.

Барысы: Қатысушының бір аяғын келесі қатысушының бір аяғымен біріктіріп, жіп арқылы байлайды. Осылайша барлық қатысушылардың аяқтары байланады. Сол қалпында қатысушылар түрлі кедергілерден өтіп, межені бағындырулары қажет. Жаттығуды қиындату үшін қатысушылар ым-ишарамен ғана орындаса болады.

5. «Шаңырақ» жаттығуы.

Мақсаты: топты ұжымдастыру, бірлікте іс-әрекет жасауға дағдыландыру.

Барысы: барлық қатысушылар бірлікте шаңырақты тек қана сұқ сауасақтары арқылы жоғарыға көтере ұстап, кедергілерді бағындыру арқылы межеге жету қажет.

6. Релаксация «Алақанымыздағы гүл»

Мақсаты: қатысушылардың жан тыныштығын өздеріне сезіндіру, жақсы әсер қалдыру.

Барлық қатысушыларға ыңғайланып отырып, көздерін жай ғана жұмып отырып өздерін жасыл шалғында демалып отырмын деп елестету ұсынылады.

Жап-жасыл шалғын,жылы шуағын төккен күн күлімдеп тұр,құстар ән салып, алдыңызда ағып жатқан бұлақтың сыбдыры құлаққа жағымды естіледі. Сіз денеңіз бен жаныңызды жайландырып, табиғат аясында керемет демалып отырсыз. Айналаңыз неткен керемет, кереметтігі сонша сіз бұл жерде ұзағырақ болғыңыз келеді. Сіз шаттанып, күлімсіреп барлық шаруаларыңызды атқара алатындай күш пен қуатты табиғаттан алып отырсыз. Жан-жағыңызға жай ғана көз тастап қараңызшы, түрлі-түсті иісі жұпар аңқыған әдемі гүлдер де бар. Кенет, сіз сол гүлдердің ішінен қол жетім жерде тұрған барлығынан өзгеше бір гүлді байқадыңыз да, көп ойланбастан сіз сол гүлді қолыңызға алдыңыз. Себебі: ол гүлдің көркі сіздің жан дүниеңізді баурап алғандай, иісін иіскеп көріңізші. Иісі неткен керемет, хош иісі денеңізге бойлап, жаныңызды рахаттандырады. Табиғаттың сізге сыйлаған гүлін қолыңызда қалдырыңыз. Енді жай ғана көзіңізді ашыңыз.

Қатысушылардың қандай сезімде болғаны жайында әңгіме болады.

Конфуций: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін»

7. Шығармашылық жұмыс. «Ғажайып бақ»

Мақсаты: қатысушылардың қиялына ерік беріп, шығармашылықтарын шыңдау.

Барысы: жүргізуші алдыңғы релаксацияда өздеріне қалдырған гүлдерін шығармашылық ортада түрлі-түсті қағаздар арқылы жасауын қатысушыларға тапсырады. Қатысушылар өз қиялы бойынша гүлді жасап болғаннан кейін, ортадағы жасыл шалғынға орналастырады. Нәтижесінде шалғынымыз ғажайып баққа айналады.

Түстер бойынша интерпретация.

Қорытындылау: қатысушылар арасында жоғарыдағы жаттығулар , одан алған әсері жайында сұралады. Сонымен қатар қай ойын несімен қызықты болды және қандай жағдайда кемшіліктерді жоюға болатындығы пікірталасқа түседі.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
2851
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12