"Бірлік бар жерде – береке бар" ҚМЖ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бірлік бар жерде – береке бар" ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ҚМЖ "Қазақстан халқының бірлігі күніне" немесе "Татулық пен достық тақырыбындағы тәрбие сағаттарында" қолдануға тиімді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: ___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Сынып сағаты


Күні


Сынып жетекші


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Бірлік бар жерде – береке бар

Сабақтың мақсаты:


Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларға бірліктің қоғамдағы, ұжымдағы және отбасындағы маңызын түсіндіру.

  • Оқушыларды бірлікке, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу.

  • Өзара түсіністік пен сыйластықтың құндылықтарын бойларына сіңіру.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • Ынтымақ, татулық, бірлік, достық, береке, ырыс


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:


Оқушылармен сәлемдесу.

Түгелдеу.



Сабақ барысында оқушыларды белсенді қатысуға ынталандыру, олардың сұрақтарына жауап беруге дайын болу және тәрбие сағатының негізгі мақсаттарына жету үшін әр кезеңде мұғалімнің кері байланысы үздіксіз жүреді.

Тақырыпқа кіріспе:

Сұрақ-жауап әдісі:

Бірлік” деген сөзді қалай түсінесіздер?

Бірліктің бар жерде қандай жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады?

Бірлік болмаған кезде қандай қиындықтар туындауы мүмкін? деген сұрақтарға жауап береді.

Сыныпты топтарға бөлу:

Оқушыларға теңізшілер мен аралдар деп аталатын карточкалар беріледі. Әр теңізші карточкасында «теңізшілердің аты» жазылған болса, әр аралда бірлікке қатысты сөздер (мысалы, «Бірлік», «Татулық», «Ынтымақ», т.б.) болады. Оқушылар аралдарға бағытталған карточкаларды алып, топтар қалыптастырады.

Сынып сағатының мақсатын түсіндіру: Оқушылар бірліктің қоғамдағы, ұжымдағы және отбасындағы маңызын ұғынып, өзара түсіністік пен сыйластықтың құндылықтарын бойларына сіңіреді.

Оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру мақсатында қалыптастырушы бағалаудың «Мадақтау» әдісі арқылы кері байланыс беріледі.


Жарайсың!

Жақсы!

Тамаша!

Өте жақсы!

Топтық қағаздар


Миға шабуыл және пікірталас


Бірлік – бұл адамдардың ортақ мақсатқа жету үшін бірігіп, ынтымақпен жұмыс істеуі. Бірлігі бар жерде береке, табыс, бейбіт өмір болады. Тарихтан, қазақ елінің бірлік арқылы жеткен жетістіктері туралы қысқаша мәлімет беру.




Берілген ақпараттарға мұқият зер сала тыңдап, мәліметтерді қабылдайды.


Бейнеролик

https://youtu.be/1VCweMxFwoQ?si=iU2GBh-Obwao_tkb


Сабақтың ортасы

31 мин.

Топтық жұмыс


Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөліп, топтық тапсырма береді.



Топтардың жұмысын қорғау критерийлері:


Әр топ постерін сынып алдында қорғап, өз тақырыптарын түсіндіреді. Қалған оқушылар сұрақтар қойып, топ жұмысын талдайды.









Топтарға берілетін тапсырмалар:

1-топ: «Бірлік»

Тапсырма: Бірліктің отбасындағы маңызы тақырыбына постер жасау. Отбасындағы сыйластық пен ынтымақ туралы сурет немесе схемалық түсіндірме.

Критерийлер:

Бірлік, береке сөздерінің мағынасын ашатындай сурет салады.


2-топ: «Ынтымақ»

Тапсырма: Бірліктің ұжымдағы маңызы тақырыбына постер жасау. Мектептегі немесе сыныптағы бірлік арқылы жеткен жетістіктер.

Критерийлер:

Ұжымдағы татулық, бірлікті көрсету үшін сыныптың мектеп бойында жеткен жетістіктерін паш етеді.

3-топ: «Адал табыс»

Тапсырма:

Бірліктің қоғамдағы маңызы тақырыбына постер жасау. Тыныштық пен бейбіт өмірдегі бірліктің рөлі.

Критерийлер:

Қазақстандағы ұлттардың татулығын танытатын сурет салады.

Топтар бір-біріне баға береді.

Постер

Таратпа қағаздар

Түрлі түсті қаламдар


Жаңа тақырыпты ашу кезеңі



Ұжымдық жұмыс



- Бірлесе отырып, ойын шартымен таныстырады, оқушылардың біріге отырып, жүйелі жұмыс жасауына ықпал етеді.

Бірлік көпірі”

Мақсаты: Ұжымдық жұмыс арқылы әркімнің үлесін көрсету.

Ойын барысы:

1.Әр топқа көпір құрастыру тапсырмасы беріледі.

Қағаздан жасалған көпірлердің беріктігін тексеру үшін оған кішкене салмақ қойылады (мысалы, кітап).

2.Көпірге әр оқушы бір бөлігін қосып, бірге жұмыс істейді.

3.Қорытынды: Бірлікте жұмыс істеу арқылы мықты нәтижеге қол жеткізілетіні туралы пікірталас.

Оқушылар «Бірлік» тақырыбы бойынша жасалған постерлер, эсселер, топтық жұмыстарды нақты критерийлер бойынша бағалайды.


Қағаз, скотч, қайшы, маркерлер.


Жеке жұмыс және талдау

  • Жеке жұмыс:.

Бірлік тақырыбында белгілі мақал-мәтелдер мен афоризмдерді жинап, олардың мағынасын түсіндіру. Оқушылар жинаған мақалдар мен мәтелдердің бірліктің маңыздылығына қалай қатысты екенін сипаттайды.

Бағалау критерийлері:

-Жинаған мақал-мәтелдердің сан алуан болуы.

-Әр мақалдың мазмұнын нақты түсіндіру.

-Мақалдардың тақырыпқа сәйкес келуі.

  • Талқылау:

Оқушылардың бұл тапсырма арқылы бірліктің маңыздылығын терең түсініп, оны өздерінің күнделікті өміріне енгізуіне ықпал етеді. Талқылау кезеңінде әр оқушының пікірі тыңдалып, олардың сөз байлығы мен ойлау деңгейі дамиды.

«Мадақтау» әдісі арқылы кері байланыс беріледі.


Жарайсың!

Жақсы!

Тамаша!

Өте жақсы!

Интернет желісі

Сабақтың соңы

7 мин.

Рефлексия.

Ой толғаныс:

Қорытындылау: Сабақта айтылған негізгі ұғымдарды талқылау арқылы сабақтың мақсатына жеткендіктерін анықтау. Оқушылардың сабақтан алған әсерлерін талдау.

Рефлексия:

1. «Сәтті сәттер мен сәтсіз сәттер» әдісі

Оқушылардың сабақты қалай қабылдағанын, нені жақсы үйренгенін, қандай қиындықтарға тап болғанын анықтау.

Қорытындылау сұрақтары:

Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңіздер?

Бірлік сіздің өміріңізде қандай рөл атқарады?

Бірлікті сақтау үшін сіз қандай үлес қосар едіңіз?

Оқушылардың жауаптары арқылы олардың сабақты қаншалықты түсінгенін және қандай құндылықтарды бойларына сіңіргендерін білуге болады.


Оқушыларға екі баған жазылған қағаз таратылады: бір жағында «Сәтті сәттер», екінші жағында «Сәтсіз сәттер» деген жазулар болады.

Оқушылар сабақ барысында алған жаңа білімдері мен ұнаған сәттерін бірінші бағанға жазады.

Ал екінші бағанға сабақта түсініксіз болған немесе қиындық туғызған сәттерді жазады.

Оқушылар өз пікірлерімен бөлісіп, пікір алмасады.

«Көңіл-күй бауырсақтары»арқылы бағаланады

Таратпа қағаздар, түрлі түсті қаламдар



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.11.2024
329
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі