ҚАУІПСІЗДІК
САБАҒЫ
№ 6 САБАҚ. «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АДАМНАН АСЫП ТҮСЕ
АЛА МА, ОДАН ҚОРҚУ КЕРЕК
ПЕ?»
Сабақтың
барысы
1.
Кіріспе
Жасанды
интеллект жүйелерінің қолдану салалары: робототехника, сараптамалық
жүйелер, есептерді әмбебап шешушіні жасау, бір тілден екінші тілге
аудару, мәтінді рефераттау, пайдаланушыны компьютермен ыңғайлы
диалогін қамтамасыз ететін интеллектуалды интерфейсті жасау. 2.
Негізгі бөлім (6 минутқа дейін) Оң
әсері:
-
мәліметтерге негізделген тиімді
шешімдер;
-
субъективтіліктің
аздығы;
- ескірген
бюрократиялық құрылымды жаңаша
ұйымдастыру;
- жаңа және
инновациялық жұмыс
орындары;
- энергия
тасымалдаушыларға тәуелді
болмау;
- медицина
ғылымында жетістікке жету, дерттерді түбегейлі
жою.
Теріс
әсері:
- есеп
беруге міндеттілік (жауап беруші, заң аспектілері, фидуциарлық
құқықтар);
- жұмыс
орындарын
жоғалту;
- хакерлік /
киберқылмыс;
-
қалыптасқан түсініктің шектен
шығуы;
- теңсіздің
деңгейінің
жоғарылауы;
- адамзатқа
экзистенционалды қауіптің
төнуі.
«Жасанды
интеллект технологиялары мүмкіншіліктерінің тиімді және тиімсіз
жақтары» тақырыбында пікір
алмасу.
Жасанды
интеллектінің тиімді жақтары Жасанды интеллектінің тиімсіз
жақтары
Мысалы:
жұмысымыз жеңілдейді Алаяқтарға
тиімді
3.
Қорытынды: «Болашақта сіз үшін қажетті жасанды интеллект»
тақырыбында оқушылар қысқаша пікірлерін білдіреді. Пайдалы
сілтемелер:
https://youtu.be/CcK46GIfnkY
https://youtu.be/A9dA194KXaY № 7 САБАҚ. «ЖАЛҒАН АҚПАРАТТЫ, ОНЫҢ
ІШІНДЕ ЖЕЛІДЕ
ТАРАТУ
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ»
Сабақтың
мақсаты: жалған ақпаратты, оның ішінде желіде таратқаны үшін
жауапкершілік туралы ақпарат
беру.
Негізгі
міндеттері:
1. «Жалған
ақпарат дегеніміз не?!» деген сұраққа жауап
алу
2. Жалған
ақпаратты, оның ішінде желіде таратқаны үшін жүктелетін
жауапкершілік туралы түсіндіру. Материалдар мен
ресурстар:
Бейнематериалдар, жадынама, ситуациялық
оқиғалар ұсынылған
карточкалар.
Сабақтың
құрылымы
1.
Кіріспе
2. Негізгі
бөлім
Тарату –
мәліметтерді бір немесе бірнеше адамға ауызша, жазбаша немесе өзге
де нысанда кез келген тәсілмен хабарлау, жария ету. Атап айтқанда,
ақпараттықтелекоммуникациялық желілерді, оның ішінде интернет
желісін пайдалана отырып, материалдарды беру немесе ақпаратты
орналастыру.
Жалған
ақпарат (false information) – объектінің сипаттамалары мен
белгілері дұрыс емес әрі қате бейнеленген ақпарат немесе нақтылық
жоқ объекті туралы
ақпарат.
Жалған
ақпарат тарату үшін түрлі байланыс құралдары, баспасөз,
радиохабарлар, теледидар және т.б. қолданылады. Жалған ақпарат
тарату ашық қыр көрсету, ұқсаттыру (елестету), жасыру әрекеттерімен
кешенді
жүргізіледі.
Қазақстанда
жалған ақпарат таратқандарға 20 АЕК сомасындағы айыппұл төлеуден
бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза
көзделген.
Қылмыстық
кодекстің бірнеше баптарына сәйкес жалған ақпарат таратушылар
жазаланады:
174-бап.
Әлеуметтік, ұлттық, тайпалық, нәсілдік, рулық немесе діни
келіспеушіліктерді
қоздыру.
Қоғамдық
немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация
желілерін пайдалана отырып, әлеуметтік, ұлттық, тайпалық, нәсілдік,
таптық немесе діни араздықты тұтату кезінде: екі жылдан жеті жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас
бостандығынан айыру түріндегі жаза
қолданылады.
273-бап.
Терроризм актісі туралы қасақана жалған хабар тарату үшін 5000 АЕК
мөлшерінде айыппұл; немесе түзеу жұмыстарына, немесе бес жылға
дейінгі мерзімде бас бостандығын айыру түріндегі жаза
қолданылады.
274-бап.
Қасақана жалған ақпаратты тарату. Қоғамдық тәртіпті бұзуға,
азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не
қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі
зиян келтіруге қауіп төндіретін қасақана жалған ақпарат таратқаны
үшін.
Топтық
жұмыс.
Оқушылар
жағдайларды сипаттайтын карталарды алады және оларға заңнама
тұрғысынан түсініктеме
береді.
Әлеуметтік
желілерде және мессенджерде ақпарат лезде және дәстүрлі БАҚ
тарапынан бақылаусыз
таратылады.
Пайдаланушылар жаңалықтармен және жазбалармен
олардың дұрыстығын тексермей жиі
бөліседі.
Бұл
фейктердің таралуы үшін қолайлы жағдай жасайды, әсіресе олар күшті
эмоционалды реакцияларды
тудырса.
3.
Қорытынды: стикерлердегі кері
байланыс
|