Материалдар / "Бірмүше және оның стандарт түрі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Бірмүше және оның стандарт түрі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ материалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1195
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:16.10.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Тукешева Данагүл

Сынып: 7


Қатысқандар саны: 14

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бірмүше және оның стандарт түрі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқу мақсаттары:

7.2.1.1. Бірмүше анықтамасын білу, оның коэффициенті мен дәрежесін табу.

7.2.1.2. Бірмүшелерді көбейтуді орындау және керісінше,оны көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде көрсету.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

-Бірмүше ұғымын біледі, оның коэффициенті мен дәрежесін анықтай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

-Бірмүшенің түрін ажыратады, стандарт түрде жаза алады.

Кейбір оқушылар:

- Бірмүшенің анықтамасын қолдану арқылы өрнектің бірмүше болатындығын нақты түсіндіріп,дәлелдей біледі.


Бағалау критерийлері

Бірмүшенің коэффициенті мен дәрежесін анықтайды, ажыратып көрсетеді. Бірмүшені стандарт түрде жазады.


Тілдік мақсаттар

Бірмүшемен байланысты терминдерді пайдаланады, ауызша және жазбаша анықтайды.

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестері.

Айнымалы шама бұл мәні белгісіз санды білдіреді.

Тұрақты дегеніміз бекітілген мәнді бір сан немесе әріп болып табылады.

Коэффициент бұл айнымалы шаманың алдындағы сан.

Дәреже бұл негізді өз мәнін өзіне неше рет көбейту керектігін көрсететін сан.

Бірмүше бұл тұрақты (сан) мен айнымалы шаманың көбейтіндісі.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Бірмүше, бірмүшенің коэффициенті, бірмүшенің дәрежесі;

Бірмүшенің стандарт түрі


Құндылықтарға баулу

- құрмет; оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың қатар-құрбыға деген сыйластық пен үлкенге деген ізеттіліктің негізі екендігін ұғыну;

- ынтымақтастық; топтық жұмыста өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау;

- ашықтық; топпен жұмыста өз пікірін ашық айту және топ мүшелерінің пікірін тыңдай білу;

- еңбек және шығармашылық; берілген тапсырмаларды орындауда еңбек етудің маңыздылығын ұғынып, шығармашылық қабілетін шыңдай білу;

- өмір бойы білім алу; натурал көрсеткішті дәреженің қолданысы арқылы білімінің өмірлік қажеттілігін түсіне білу.


Пәнаралық байланыстар

Информатика. физика


Алдыңғы білім

Бірмүше және оның стандарт түрі



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.






Сабақтың ортасы



7 мин







7 мин





5 мин









3 мин





7 мин

















3 мин





  1. Амандасу, оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру;

  2. Оқушыларды үш топқа бөлу үшін алдын ала үлестірмелі қағаздарға мына сандарды әзірлеп алып, таратамын. (4,25,36,49,100), (8,27,125,216,1000), (16,81,625,256). Оқушыларды топқа бөлу: Үлестірмеде берілген сандардың қандай заңдылықпен берілгенін өздері анықтап, үш топқа бөлінеді.

Үлестірме қағаздар















1.Топтық тапсырма. «Жасырын сөз» әдісі.

Жаңа тақырыпты ашу:

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау үшін әр топтағы оқушыларға конверт беремін. Конверттің ішіндегі сөздерден сөйлем құрастыра отырып, оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

Оқулықтан тақырыпты оқи отырып, постер қорғау арқылы жаңа сабақты түсінеді.

ІІ.«Қораптағы қазына» әдісі

Оқушылар оқулықтағы №2.1; № 2.2; №2.3; №2.4 тапсырмаларын орындау арқылы қораптың қақпағын ашып қазынаға ие болады.

ІІІ. Интерактивті тақтамен жұмыс.

тапсырманы тақтада орындайды.

ІҮ.Ширату: «Айна» әдісі арқылы жүргізіледі. Оқушылар жұптасып тұрады. Екеуінің бірі уақытша айна болады, яғни өз жұптасының барлық қимылын қайталайды. Содан кейін жұптағылар рөлдерін өзара ауыстырады. Олардың бірі орындаушы, ал екіншісі оның айнадағы бейнесі.

Ү. Жеке жұмыс: Сыныптағы оқушылардың барлығының білім деңгейі бірдей болмайды.Сондықтан оқушылардың қажеттілігін анықтау мақсатында «Суреттер галереясы » әдісі арқылы төмендегідей саралау тапсырмаларын беремін.

1.

2. 10а2b*(-аb2)*0,6a3

3.

Тапсырманы орындап болған оқушы қабырғадан өзіне тиесілі суреттін тұсына барады. 1-тапсырма

Төмендегі бірмүшелерді стандарт түрдегі бірмүшеге келтіріңіз:

а) (-а7b3)2 4аb9 ;

b) 0,25а2b4*(-8ba3)

c) (3x2y)2*(2xy2)3



Дескриптор Білім алушы

        • коэффициентерін көбейтеді;

        • негіздері бірдей дәрежелердің көрсеткіштерін қосады;

        • бірмүшені дәрежелейді;

        • бірмүшені стандарт түрде жазады.






Бағалау

Жауаптары бірдей ме?, әлде өзгешелік бар ма? Өзгешелік болса, неге? Қате кімнен кетті?-деген сұрақтар қою арқылы сұрау, содан кейін барып таныстырылымнан дұрыс жауапты көрсетемін.

Ү І. Кері байланыс . «Ортадағы қаламсап» әдісі. Үш топтан

сабаққа араласпай шет отырған балалардың қаламын жинап аламын. Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша сұрақ тастайды. Менің суырған қаламым кімге тиесілі сол оқушы сұраққа жауап береді.


Дескриптор:

а) берілген бірмүшені стандарт түрге келтіреді;

б) стандарт түрдегі бірмүше айнымалыларының

мәндерін дұрыс қояды;

в) Өрнектің мәнін дұрыс табады.

2. Бірмүшені стандарт түрде жазып, коэффициенті мен дәрежесін анықтай алады.

тең көбейткіштерді дәрежеге шығарады;


Сабақтың соңы

5 минут

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын тақырып критерийлері бойынша бағалайды.

Рефлексия: Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?

Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)


Ең соңында оқушыларда сабақты бағалайды.

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!