Материалдар / Бірнеше өрнектердің қосындысының квадраты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бірнеше өрнектердің қосындысының квадраты

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2020
413
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар:

7.3В Қысқаша көбейту формулалары

Мектеп: А.Шерімқұлов атындағы ЖОМ КММ

Күні: 18.02.2020 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Абдуллаева Гаухар Хужабековна

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатысқпағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Бірнеше өрнектердің қосындысының квадраты

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.16 қысқаша көбейту формулалары көмегімен көпмүшелерді көбейткіштерге жіктей алады

Сабақтың мақсаты

Бірнеше өрнектердің қосындысының формуласын қорытып шығару және формуланы алгебралық түрлендірулер кезінде қолдануды үйрену

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • бірнеше өрнектердің қосындысының квадраты формуласын біледі;

  • бірнеше өрнектердің қосындысының квадраты формуласын алгебралық өрнектерді түрлендіру барысында қолданады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат

Оқушылар:

- бірнеше өрнектердің қосындысының квадраты қалай табылатынын тұжырымдай алады;

- бірнеше өрнектердің қосындысының квадратын табудағы заңдылықты түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

бірмүше, көпмүше, алгебралық өрнек, көпмүшеге түрлендіру, өрнектердің қосындысының квадраты, екі еселенген көбейтінділер.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- екі өрнектің қосындысының квадраты ... тең;

- бірнеше өрнектердің қосындысының квадратын табу үшін ... .

Құндылықтарды дарыту

Оқу, өз бетімен ақпаратты табу, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға икемделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, жұпта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу; топта жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдау, пікір алмасу және патриоттық сезімдерін дамыту.

Пәнаралық байланыстар


АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану.

Бастапқы білім

  • бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері;

  • бірмүше және көпмүше ұғымдары;

  • бірмүше және көпмүшелерге амалдар қолдану;

  • қысқаша көбейту формулаларын алгебралық өрнектерді түрлендіруде қолдану.

Сабақ барысы

Сабақтың басы

2 мин


1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақта жоқ оқушыларды, кабинетті, оқушылардың сыртқы келбетін және жұмыс орындарын тексеру.


Сабақ ортасы


5 мин








3 мин












5 мин



















10 мин





5 мин









4 мин


2. Оқушылар білімдерін жандандыру.

а) Өткен тақырыптарға шолу. Мұғалім өткен сабақтарда қарастырылған материалды қайталау керектігіне оқушылар назарын аудартады. Оқушылардың кейбірінен екі өрнектің қосындысының квадраты формуласын, формуланың қалай тұжырымдалатынын сұрайды және 1-қосымшаға сәйкес мысалдарды орындап шығуды ұсынады.


3. Сабақ тақырыбын анықтау. Оқушыларды зерттеуге мотивациялау.

1-қосымшадағы 5-мысалдағы өрнекті ықшамдамай, тек қалай ықшамдауға болатыны туралы оқушылардың ойларын сұрау. Мүмкін жауаптар (жақша ішіндегі екі қосылғышты топтап формуланы қолдану, көпмүшені көпмүшеге көбейту амалын орындау және т.б.) анықталған соң, қосылғыштардың саны екіден артық болғанда қосындыны квадрат дәрежеге шығарудың қысқаша көбейту формуласының бар екендігі хабарланады. Сабақ тақырыбы тұжырымдалады, оқушылармен бірлесіп сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары, оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлері айқындалады.


4. Оқушыларды топтарға бөлу. Зерттеу жоспарын құру.

Оқушыларға мұғалім үстеліндегі таратпа қағаздардың бірін алу ұсынылады. Таратпа қағаздардағы ақпаратқа байланысты оқушылар үш оқушыдан құралатын 4 топқа бөлінеді: an, bk, cm, dx.

Оқушылар топтарға біріккен соң, оларға қосылғыштардың саны екіден артық болғанда формуланы қорытып шығарудың жоспарын құру ұсынылады.

Зерттеу жоспарының мүмкін варианты.

  1. a, b және c үш өрнектің қосындысының формуласын қорытып шығару.

  2. a, b, c және d төрт өрнектің қосындысының формуласын қорытып шығару.

  3. Алынған нәтижелерді салытырып, талдап, заңдылықты анықтау.

  4. Бірнеше өрнектердің қосындысын квадрат дәрежеге шығару ережесін тұжырымдау.

  5. Бірнеше өрнектердің қосындысын квадрат дәрежеге шығару формуласын жазу.


5. Зерттеу.

Оқушылардың әрбір тобына 3-қосымшаға сәйкес зерттеу картасы таратылады. Оқушылар топ ішінде зерттеу жоспарына сәйкес зерттеу картасында көрсетілген тапсырмаларды орындайды.


6. Ақапартпен алмасу.

Топтағы жұмысты орындап болған соң оқушылар өз зерттеу карталарын тақтаға іледі. Мұғалім жұмыс нәтижесін талқылауды ұйымдастырады. Зерттеу карталары және тапсырмалар барлық топтарға ортақ болғандықтан талқылауды келесідей ұйыдастыруға болады: бір топ өз нәтижелерін айтады басқа топтар өз нәтижелерімен толықтырады, керек жағдайда түзетулер енгізіп отырады.


7. Қорытындылау. Формуланы қолдану мысалдарын қарастыру.

Оқушыларға формуланы қолдану мысалдарын қарастыру ұсынылады..



Қосымша 1

1-3 слайдтар







4-6 слайдтар













2 және 2.1 қосымшалар





7-слайд













3-қосымша

постерлер




постерлер









8-13 слайдтар


Сабақ соңы

1 минут

8. Рефлексия.

Сабақтың соңында оқушыларға сабақты қорытындылауды сұраңыз. Ол үшін келесі оқушылар келесі сұрақтарға жауап беру керек:

- нені білдім және не үйрендім?

- нені түсінбей қалдым?

- мақсатқа жету үшін не істеу қажет?


14-слайд

Саралау.

Оқушыларды топтарға біріктіру барысында олардың қабілеттерін ескеріледі. Бір топта уәждері төмен оқушылардың жинақталуын болдырмауын қадағалау.

Бағалау.

Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы – мұғалім сабақ бойы оқушылардың тапсырмаларды орындауын қадағалайды (4-қосымша).

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттерімен белсендііс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1: 2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлу қажет?


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!