Ой қозғау. «Қозғалыс»
тақырыбына арналған бейнефильм көру.
«Елші» әдісін қолданып топтық
жұмыс жасау.
Жаңа тақырыпты оқушылар өз
бетімен оқулықтан оқып, топта талқылайды. Әр топтан бір оқушы
шығып, басқа топқа барып тыңдап, ақпарат жинақтап, тақырыпқа сәйкес
суреттерді жинақтап өз топтарына келіп түсіндіреді. Топ басшысы
шығып постерде қорғайды.
І топқа: Бірқалыпты
қозғалыс
ІІ топқа: Бірқалыпсыз
қозғалыс
ІІІ топқа: Бірқалыпты және
бірқалыпсыз қозғалыстарды тәжірибеде жасап
бақылау
Мұғалім оқушылардың
жұмысынан соң жаңа тақырыпты жүйелей отырып
түйіндейді.
ҚБ: «Бағдаршам» арқылы
бағалайды.
Топтар бірін бірі бағалағаннан
кейін мұғалім тақтадағы слайд арқылы тақырыпты
түйіндейді.
Топтық жұмыс. «Ойлан
–жұптас - бөліс» әдісі. Берілген тапсырма (сұрақ)
бойынша əрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп
болып пікірлерімен бөліседі; бұл бүкіл
топтық
талқылауға
ұласады. Әр топқа үлестірмелі карточка
беріледі.
Қалыптастырушы бағалау
тапсырмалары
Ойлау дағдыларының
деңгейлері: білу, түсіну,
қолдану.
Бағалау критерийі Білім
алушы:
-
Түзусызықты қозғалысты
біледі.
-
Түзусызықты қозғалыстың
түрлерін ажыратады.
-
Түзусызықты бірқалыпты
және бірқалыпсыз қозғалыстар мысалдарынан есеп
құрастырады.
І
топ: Тапсырма
1
Сурет бойынша қай автомобиль
қозғалысы бірқалыпты, қайсысының қозғалысы бірқалыпсыз екенін
анықтаңыз.

Дескриптор:
Білім
алушы
- бірқалыпты қозғалатын
автомобильді анықтайды;
- бірқалыпсыз қозғалатын
автомобильді анықтайды.
ІІ топ: Тапсырма
2
Сурет бойынша автомобиль
қозғалысы қозғалыстың қандай түріне
жатады?

Дескриптор:
Білім
алушы
- бірқалыпсыз қозғалатын
автомобильді анықтайды.
ІІІ топ: Тапсырма
3
Сурет бойынша қай автомобиль
қозғалысы бірқалыпты, қайсысының қозғалысы бірқалыпсыз екенін
анықтаңыз.

Дескриптор:
Білім
алушы
- бірқалыпты қозғалатын
автомобильді анықтайды;
- бірқалыпсыз қозғалатын
автомобильді анықтайды.
ҚБ. «Күлегештер» арқылы әрбір
жұп бір – бірін бағалайды.
Сергіту сәті. «Мені
тап»
Оқушылар топтасып шеңбер
құрады. Сосын 1-7 аралықта санайды. 7 санын айтуға тиіс оқушы
жаңылыспай «Мені тап» сөзін айту керек. Егер оқушы жаңылысып сөзді
өзгертпесе, онда ойыннан шығып қалады.
2. Саралау тәсілі.
«Көршіңмен кеңес» әдісі.
Ойлау дағдыларының
деңгейлері: талдау, жинақтау,
бағалау.
І
топ: Тапсырма
1
Бірқалыпты және бірқалыпты
емес қозғалысты салыстыр? (Венн
диаграммасы)
Дескриптор:
Білім
алушы
- бірқалыпты және бірқалыпсыз
қозғалыстарды салыстырады.
ІІ
топ: Эксперименттік
тапсырма
а) Өлшеуіш таспаны пайдаланып
қашықтықты өлшеу 100 м (10м). Әрбір 10м (1м) қашықтықта
секундомермен оқушы тұрады. Оқушылардың біреуі жүгірушілердің
орнында болады. Жүгірушілер олардың жанынан өткен кезде
секундомерді тоқтатады.
б) Кейін шыққан мән кестеге
толтырылады. Кестені әрбір 10м (1м) қашықтықтағы жылдамдықты табуға
пайдаланады. Қорытынды жасайды.
Дескриптор:
Білім
алушы
- құрал-жабдықтарды
пайдаланып, қозғалысты өлшейді.
- өлшеулер нәтижесін
пайдаланып қорытынды жасайды.
ІІІ топ: Тапсырма
3
Қозғалыс түрлерін білудің
маңызы неде? (шағын эссе жазу)
Дескриптор:
Білім
алушы
ҚБ: «От шашу» әдісі арқылы
бағалайды
|