Біртүрлі мамандықтар

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Біртүрлі мамандықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ мамандықтар тарауы бойынша "Біртүрлі мамандықтар.Диалект сөздер мен жаргон сөздер" тақырыбындағы ашық сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Тарау немесе бөлім атауы:

3-бөлім: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары.Лексика

Педагогтің аты-жөні:

Калмурзина А.Е.

Пән/Сынып:

қазақ тілі, 8-сынып

Күні

18.11.2024ж.

Сабақтың тақырыбы:

Біртүрлі мамандықтар

Оқу мақсаттары:

8.2.5.1 перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру

8.4.3.1 сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану.

Сабақ мақсаты:

перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолданады, сөздік құрамның диалект, жаргон сөздермен толығуын меңгереді.

Бағалау критериі:

  • Бірнеше біртүрлі мамандық түрлерімен танысады

  • перифраз түрінде сұрақтар құрастырады

  • сөздік құрамның диалект, жаргон сөздермен толығуын түсініп қолданады

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері/ Уақыты

Педагогтің іс әрекеті


Оқушының іс әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы


5 мин

Ұйымдастыру


Өткен сабақтарды қайталау


Әуен ойнатылады. Әуен тоқтағанда оқушылар қағаз қиындыларын таңдайды. Сұраққа жауап береді.


Сіздер тарау бойынша қандай тақырыптарды меңгеріп жатырсыздар?

Әрине, Болашақ мамандықтар және сөздік құрамның толығу жолдары.


Бүгінгі сабақта:

Сөздік құрамның диалект және жаргон сөздермен толығу жолдарын қарастырамыз.

Оқылым мәтіні бойынша перифраз тәсілімен сұрақтар құрастырамыз.

  1. Глобус, молекула, формула сөздері қандай сөздер?

  2. Неологизм дегеніміз не?

  3. Мақта шаруашылығына қатысты сөздер қалай аталады?

  4. Көнерген сөздерге мысал келтір.

  5. Кірме сөздер негізінен қай тілдерден енген?

  6. Мектеп, мұғалім, дәптер сөздері қай тілден енген?

  7. Архаизм, историзм деп бөлінетін қандай сөздер?

  8. Орыс тілінен енген кірме сөздерге мысал келтір.

  9. Саябақ, зейнетақы, ғаламтор сөздері қандай сөздер?

  10. Термин сөздер дегеніміз не?

Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді

Әр жауапқа – 1 балл

Презентация


Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

Сөздік құрамның диалект сөздер мен жаргон сөздер арқылы толығуы.


Диалект сөздер деп тілде белгілі бір жерде, аймақта ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын айтамыз. Мысалы: кесе-самал, пиала, кәсе, шыныаяқ; сіріңке-оттық, кеуірт, шақпақ, ши, шырпы.

Жаргон сөздер(сленг сөздер): шағын ғана әлеуметтік топқа қызмет ететін, өзіне тән грамматикалық құрылысы мен сөздік қоры жоқ, жалпы халыққа түсінікті емес, жасанды тіл. Мысалы: личкаға кіру (жеке парақшаға кіру), күлкі - угар, арзан - фуфло, өмір - жиза, оңай - изи, әдемі - краш, соска, ұнатпау - хейт.

Сергіту сәті.

Ойын. Қызықты сұрақтарға жауап бер.

«QUIZ SHOW» әдісі

https://wordwall.net/ru/resource/38140262


Ойтүрткі сұрақтар.

  1. Жүсіпбек Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген мамандық туралы сөзін қалай түсінесіз?

2. Біртүрлі мамандық дегенді естуіңіз бар ма?


Кіріспе.

Әлем тез дамыған сайын жаңа мамандықтар қатары күн сайын артып жатыр. Бірақ оның көбі біздің қоғамға, бізге бейтаныс. Дегенмен, қазіргі жастар жаңа заманның талабына сай жұмыс істегенді қалайды. Қысқаша айтқанда, маман атану – табысқа жеткізетін жол. Сондай біртүрлі мамандықтардың бірі

Ендеше «Біртүрлі мамандықтармен» таныс болу үшін «Хан жарлығы» әдісімен мәтіндерді оқып алайық.



Оқушылар диалект сөздер мен жаргон сөздер туралы ережені дәптерге жазады.



1-тапсырма.

Берілген жергілікті сөздердің әдеби нұсқасын тауып, қай өңірде қолданылатынын анықтаңдар


Азанда, әйбат, сым, ауқат, тұқым, әйдік, кірлен, құдағай, ожау, әсел.


Таңертең, жақсы, шалбар, тамақ, жұмыртқа, үлкен, фарфор ыдыс, құдағи, саптыаяқ, бал.




















Мамандыққа қатысты қызықты сұрақтарға жауап береді.







Мұғалімнің сұрақтары бойынша пікір алмасады



«Хан жарлығы» кетті дегенде, балалар бір біріне парақты беріп, «Хан жарлығы жетті» дегенде тоқтатып, мәтінді оқиды. Сөйтіп алты мамандық туралы толық оқып шығады.



Гольф добын суда жүзіп алып беруші

Нағыз джентельмендерге арналған гольф алаңы өзен, көлдердің жағасына салынады. Бұл ойынды тәжірибесіз адамдар да ойнауға құмар. Олардың добы белгіленген межеге емес, өзен-суларға қарай кетіп жатады. Сол доптарды алып беруші мамандар жылына 100 мың доллларға жуық табыс табады. Екі гольфсүңгуірінің жұмыс кезінде суға батып, қайтыс болғаны тіркелген екен. Сондықтан бұл мамандықты бәрі бірдей атқара алмайды.

Әңгімелесуші мамандығы алғаш Жапонияда пайда болды. Әңгімелесуші арнайы үйшікте отырады. Кез келген адам мұңы, реніші, ашуы, қорқынышы, қуанышымен бөлісіп, ішіндегі сезімін сыртқа шығара алады. Мұндай маман аптасына 10 мыңнан аса адам қабылдауы мүмкін.

Жыланның уын алушы. Жыланның көптеген түрі улы болатынын білесіздер. Осы тұрғыда жыланның уын алуға сарысу пайдаланылады. Жыланның аузын ашып тұрып, уын алу тек кәсіби маманның ғана қолынан келеді.

Құрт жинаушы

Балық аулауды жаны сүйетін, бірақ, өздері жерден құрт қазуға ерінетіндер үшін арнайы құрт жинаушылар да табылады.

Манекен адамдар. Көптеген дүкендер манекен болып тұру үшін модельдерді жалдайды. Олар әртүрлі қалыпта тұрып, киім жарнамалайды


Спичрайтер – көпшілік алдында сөйлейтін мәтінді жазып, дайындап беретін маман.









Дескриптор:

Жалпы 2 балл

  • диалект сөздердің әдеби баламасын табады



https://learningapps.org/qrcode.php?id=piaa90s9c24









Презентация, видео-аудио суреттер



1-тапсырма.

Перифраз тәсілін қолданып мәтін бойынша екі сұрақ құрастырыңыз.


Перифраз – құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыра суреттеу тәсілі. Мысалы: Алтын дән аялаған кең алқапта, Жер кемесі – комбайн гүрілдейді.

Мамандыққа қатысты перифраз айтып көрейік: дәрігер - ақ халатты абзал жан, адам жанын арашалаушы; ұстаз - алғаш қалам ұстатқан жан, білім нәрін құюшы, аспаз - бармағынан бал тамған жан, құрылысшы - зәулім үйлердің шебері; егінші, диқан - алтын дән себуші.



2-тапсырма.

Аталған мамандықтардың қайсысы сіз үшін біртүрлі, қайсысы қалыпты екенін ой таразысынан өткізіңіз.



Оқылым мәтіні бойынша перифраз тәсілімен сұрақ құрастырады.


Ықтимал сұрақтар:


Жігіттің сырттандарына арналған гольф алаңы қайда салынады?

Күншығыс елінде мамандықтың қай түрі пайда болған?

Сауда орындарында сәнгерлерді не үшін жалдайды?


Халық алдында сөйлейтін мәтінді әзірлеуші маман иесі қалай аталады?








Берілген бағанға бөліп жазады


Біртүрлі мамандық

Қалыпты мамандық








Дескриптор:

Жалпы 4 балл

  • екі сұрақ құрастырады

  • перифраз тәсілін қолданады

  • сұраққа жауап береді











Дескриптор:

Жалпы 2 балл

  • жеке көзқарасын білдіреді;

  • таразылай алады;













Сабақтың соңы

Бағалау.

Кері байланыс. «Бәрекелді!Шіркін!Әттеген-ай!»

Бәрекелді! ... менің қолымнан келді.

Шіркін...тағы да да осындай тапсырма болса ғой.

Әттеген ай! Мына тапсырмада қиналдым.

Оқушылар жинаған балл саны бойынша бағаланады.



Одағай сөздерді қолданып, сабақ бойынша пікірлерін білдіреді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2024
204
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі