Күні 18.11.2024ж
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында мектепалды даярлық «Балбөбек» тобының тәрбиеленушілерімен және ата-аналармен өткілізді.
Тақырыбы:«Дәстүрден тыс » «Ұршық»,»Жүн түту»,»Ши өру»,»Бес тас» ойыны,»Бәйге немесе Бұқа тартыс» ойын ұйымдастырылған іс-әрекет.
Мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор,адал,саналы,жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Міндеттері: Ата-ананның өсиетін тыңдауға,отбасы,татулығы мен берекесін қадірлеуге,перзенттік парызын өтуге тәрбиелеу.
1.Балаларды «Қамажай» әнімен жылулық шеңберін ұлттық оюлар арқылы көрсетті.
2.Аналар балаларға жүннің қасиеті туралы мағлумат беріп түсіндіріп өтті. төрт түліктен қойдан,ешкі және түйенің жүнін қырқып сол жүнді тазалап,жуып сабап түтіп жіп иіру арқылы әр түрлі тоқыма жіп жасайды екен. Бірінші Райхан анамыз өз кезегінде ұршықпен жүнді иіріп алатынын айтып өтті .
Ұршық туралы түсіндіріп өтті.Ұршық жүннен шүйкелеп жіп иіруге арналған құрал.Дәстүрлі қазақ қоғамында ұршық мал өнімдерін пайдаланудағы басты еңбек құралдарының бірі болды. Ол мұрындық сірге ағаш басы мен саптан түрады. Ұршыққа арнайы қап яғни ұршыққап тігіп ,іліп қоюға болады. Ұршықпен жүнді иіріп көрсетті.Балалар қызығып қарап тамашалады.
2.Тоқыма туралы екінші Айгерім анамыз түсіндіріп тоқыма жіптен шұлық,қолғап кеудеше және қалпақ тоқуға
Мойын орағыш ,Кілем,алаша тоқуға қолданған. Тоқыма үшін қарапайым темірден жасалған біз немесе сым арнайы тоқуға арналған.Тоқу түрлері тура және кері қатарлармен тоқу оң теріс
болатынын және қыстың күнінде жылы жүретінімізді түсіндіріп және тоқып көрсетті. Балалар қызыға көмектесіп жүнді түтіп тамашалады.
3. Тәрбиеші Уркенова Гулмира Қазақтың ұлттық қолөнері- ши тоқу туралы түсіндірді.
Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы,аса құнды салаларының бірі-қолөнері,оның ішінде –ши тоқу.
Қазақ халқының қолөнері саласында ши тоқу,оған боялған түрлі-түсті жүн орап ,өрнектеп безендіру арқылы ши тоқыған.Оны киіз үйдің құрамдас бір бөлігіне кереге сыртына тұтуға сондай-ақ ыдыс-аяқ ошақ басына қоршай қоюға әр түрлі үй шаруашылық мүддесіне пайдаланған.
Ойын «Бес тас»
Ережесі:
Бестас қазақ халқының ұлттық ойындардың бірі .Ол еңбек құралдары ағаш,тас,сүйек болып келетін .Бұл ойынды кезінде жас өсперімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнаған екен. Ойынға керекті зат бес кішкентай домалақ тас,немесе кейде бес асық болып келеді. Ойын түрлері үштік төрттік деп аталады. Осылайша бестас ойынының кезеңдері тәптіптері түрлері жалғаса береді.
Ата-аналар балалар біргелесіп ойынды қызыға ойнады. Балалар бес тас туралы білімдерін кеңейті.
Ойын «Бәйге немесе Бұқа тартыс»
Ережесі:
Екі адам екі жағынан келіп ,желкесінен асырып қолтық астынан өткізіп,екі жаққа тартысып күш сынасады.Белгіленген сызықтан асырап сүйреп кеткені жеңімпаз болып табылады.Кейбір өңірлерде қазақтар арасында бұл ойын желке тартыс ,серке тартыс,бәйге тартыс деп аталады.
Ұлдарды ойнату арқылы жеңімпазды анықтаймыз.Балалар ойынды көңілді қызығып тамашалап ойнады.Балаларға қызық болды.
Би қыздар «Жүн сабау»
Қорытынды:
Қорыта келгенде біз болашақ ұрпаққа өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіре отырып салт-дәстүрімізді ұмытпауға және ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда ұмытпауға тәрбиелеу маңызды.
«Біздің болашағымыз біздің ұрпағымыз»
Сондықтан біз ұрпақтарымыздан зор үміт күтеміз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Біртұтас тәрбие бағдарламасы
Біртұтас тәрбие бағдарламасы
Күні 18.11.2024ж
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында мектепалды даярлық «Балбөбек» тобының тәрбиеленушілерімен және ата-аналармен өткілізді.
Тақырыбы:«Дәстүрден тыс » «Ұршық»,»Жүн түту»,»Ши өру»,»Бес тас» ойыны,»Бәйге немесе Бұқа тартыс» ойын ұйымдастырылған іс-әрекет.
Мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор,адал,саналы,жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Міндеттері: Ата-ананның өсиетін тыңдауға,отбасы,татулығы мен берекесін қадірлеуге,перзенттік парызын өтуге тәрбиелеу.
1.Балаларды «Қамажай» әнімен жылулық шеңберін ұлттық оюлар арқылы көрсетті.
2.Аналар балаларға жүннің қасиеті туралы мағлумат беріп түсіндіріп өтті. төрт түліктен қойдан,ешкі және түйенің жүнін қырқып сол жүнді тазалап,жуып сабап түтіп жіп иіру арқылы әр түрлі тоқыма жіп жасайды екен. Бірінші Райхан анамыз өз кезегінде ұршықпен жүнді иіріп алатынын айтып өтті .
Ұршық туралы түсіндіріп өтті.Ұршық жүннен шүйкелеп жіп иіруге арналған құрал.Дәстүрлі қазақ қоғамында ұршық мал өнімдерін пайдаланудағы басты еңбек құралдарының бірі болды. Ол мұрындық сірге ағаш басы мен саптан түрады. Ұршыққа арнайы қап яғни ұршыққап тігіп ,іліп қоюға болады. Ұршықпен жүнді иіріп көрсетті.Балалар қызығып қарап тамашалады.
2.Тоқыма туралы екінші Айгерім анамыз түсіндіріп тоқыма жіптен шұлық,қолғап кеудеше және қалпақ тоқуға
Мойын орағыш ,Кілем,алаша тоқуға қолданған. Тоқыма үшін қарапайым темірден жасалған біз немесе сым арнайы тоқуға арналған.Тоқу түрлері тура және кері қатарлармен тоқу оң теріс
болатынын және қыстың күнінде жылы жүретінімізді түсіндіріп және тоқып көрсетті. Балалар қызыға көмектесіп жүнді түтіп тамашалады.
3. Тәрбиеші Уркенова Гулмира Қазақтың ұлттық қолөнері- ши тоқу туралы түсіндірді.
Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы,аса құнды салаларының бірі-қолөнері,оның ішінде –ши тоқу.
Қазақ халқының қолөнері саласында ши тоқу,оған боялған түрлі-түсті жүн орап ,өрнектеп безендіру арқылы ши тоқыған.Оны киіз үйдің құрамдас бір бөлігіне кереге сыртына тұтуға сондай-ақ ыдыс-аяқ ошақ басына қоршай қоюға әр түрлі үй шаруашылық мүддесіне пайдаланған.
Ойын «Бес тас»
Ережесі:
Бестас қазақ халқының ұлттық ойындардың бірі .Ол еңбек құралдары ағаш,тас,сүйек болып келетін .Бұл ойынды кезінде жас өсперімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнаған екен. Ойынға керекті зат бес кішкентай домалақ тас,немесе кейде бес асық болып келеді. Ойын түрлері үштік төрттік деп аталады. Осылайша бестас ойынының кезеңдері тәптіптері түрлері жалғаса береді.
Ата-аналар балалар біргелесіп ойынды қызыға ойнады. Балалар бес тас туралы білімдерін кеңейті.
Ойын «Бәйге немесе Бұқа тартыс»
Ережесі:
Екі адам екі жағынан келіп ,желкесінен асырып қолтық астынан өткізіп,екі жаққа тартысып күш сынасады.Белгіленген сызықтан асырап сүйреп кеткені жеңімпаз болып табылады.Кейбір өңірлерде қазақтар арасында бұл ойын желке тартыс ,серке тартыс,бәйге тартыс деп аталады.
Ұлдарды ойнату арқылы жеңімпазды анықтаймыз.Балалар ойынды көңілді қызығып тамашалап ойнады.Балаларға қызық болды.
Би қыздар «Жүн сабау»
Қорытынды:
Қорыта келгенде біз болашақ ұрпаққа өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіре отырып салт-дәстүрімізді ұмытпауға және ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда ұмытпауға тәрбиелеу маңызды.
«Біздің болашағымыз біздің ұрпағымыз»
Сондықтан біз ұрпақтарымыздан зор үміт күтеміз.
шағым қалдыра аласыз













