«№155 Д.Шыныбеков атындағы
орта мектебі» КММ-нде «Алғыс – ізгі ниет» сынып
сағаты Қауіпсіздік сабағы
Анықтама
Мерзімі:03.03.2025ж
Тақырыбы: «Алғыс – ізгі ниет» сынып
сағаты Қауіпсіздік сабағы
Мақсаты:
Оқушыларға"сыйластық" құндылықтары туралы
түсініктерін кеңейту.Ризашылық пен алғыс туралы түсінік
беру.
Қатысқандар: 1-11 сынып
оқушылары
Барысы: " АЛҒЫС - ІЗГІ
НИЕТ"
Біртұтас тәрбие бағдарламасы
аясында, "№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі" КММ-сінің 4
"А"-сынып жетекшісі Торғаева Лаззат " Алғыс - ізгі ниет"
тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Қауіпсіздік сабағының
тақырыбы: "Көшеде қаңғыбас иттерді
кездестіру"
Мақсаты:
Оқушыларға"сыйластық"
құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Ризашылық пен алғыс туралы
түсінік беру.
Сабақ барысында оқушылардан
кімге ерекше алғысын айтып, разылығын білдіргісі келетіні сұралды
және сыйластық, құрмет көрсету жайлы өлеңдерін жатқа
айтты.

Мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы
орта мектебі» КММ-нде «Ойынға салауатты көзқарас»
сынып сағаты Қауіпсіздік сабағы
Анықтама
Мерзімі:05.03.2025ж
Тақырыбы: «Ойынға салауатты көзқарас»
сынып сағаты Қауіпсіздік сабағы
Мақсаты:
оқушылар арасында ойынға жауапты көзқарасты
қалыптастыру. Сонымен қатар, жоба барысында оқушыларға лудомания
(ойыншы әуестігі) туралы бейнефильм көрсетіліп, салауатты ойын
әдеттері мен эмоцияларды басқару бойынша
жұмыстанамыз.
Қатысқандар: 5-11 сынып
оқушылары
Барысы: 2025 жылғы 5-наурызда
мектебімізде сынып жетекшісі Сариев Бауыржанның ұйымдастыруымен 8
"Б" сынып оқушыларымен "Ойынға салауатты көзқарас" тақырыбында
қауіпсіздік сабағын өткізді. Жоба «Ойынға салауатты көзқарас»
тақырыбында өткізу жоспарланған тәрбие сағатының аясында
сипатталады.
Жобаның мақсаты - оқушылар
арасында ойынға жауапты көзқарасты қалыптастыру. Сонымен қатар,
жоба барысында оқушыларға лудомания (ойыншы әуестігі) туралы
бейнефильм көрсетіліп, салауатты ойын әдеттері мен эмоцияларды
басқару бойынша жұмыстанамыз.
Жоба «Біртұтас тәрбие»
бағдарламасын негізге ала отырып, ұлттық құндылықтарды және
қауіпсіздік сабақтарын қамтиды. Тәрбие сағаты ойынға қатысты
салауатты ойларды және цифрлық әлемде қауіпсіздік мәселелерін
түсіндіре отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыруды мақсат
етеді.
Сынып жетекшісі: Сариев
Бауыржан

Мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы
орта мектебі» КММ-нде «Ананың аялы алақаны»
челленджі
Анықтама
Мерзімі:11.03.2025ж
Тақырыбы: «Ананың аялы алақаны»
челленджі
Мақсаты:
балаларды мейірімділікке,
аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге
үйрету.
Қатысқандар: 1-4 сынып
оқушылары
Барысы:
АНАНЫҢ АЯЛЫ
АЛАҚАНЫ!
“Шабыт” жобасы аясында 3 "А"
сынып оқушылары және сынып жетекшісі Таркешова Айнұрдың
ұйымдастыруымен “Ананың аялы алақаны” тақырыбындағы челлендж өз
жалғасын тапты.
Іс-шараның мақсаты – балаларды
мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету.
Білім алушылар шын жүректен аналарға деген махаббатын жеткізіп,
барша көрерменді толқытты.
Сынып жетекшісі: Таркешова
Айнұр

Мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы
орта мектебі» КММ-нде «Ұлттық мәдениет»
көрмесі
Анықтама
Мерзімі:14.03.2025ж
Тақырыбы: «Ұлттық мәдениет»
көрмесі
Мақсаты:
Білім алушылардың пән
бойынша алған білімдерін, өмірде пайдалана алуға
үйрету.
Ұлттық құндылықтарды
білім алушылар бойына дарыта отырып, ұлттық мәдениеттің қалыптасуын
көрсету.
" Ұлттық мәдениет- ұлт
мұрасы " екенін ұғындыру.
Қатысқандар: 1-4 сынып
оқушылары
Барысы: " ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ"
көрмесі
«№155 Д.Шыныбеков
атындағы орта мектебі» КММ – сінде көркем еңбек пәні мұғалімі
Ахаева Күлжанның ұйымдастыруымен "Ұлттық мәдениет" көрмесі
болды.
Мақсаты:
Білім алушылардың пән
бойынша алған білімдерін, өмірде пайдалана алуға
үйрету.
Ұлттық құндылықтарды
білім алушылар бойына дарыта отырып, ұлттық мәдениеттің қалыптасуын
көрсету.
" Ұлттық мәдениет- ұлт
мұрасы " екенін ұғындыру.
Нәтижесінде, оқушылар
қолынан шыққан,көрмеге қойылған бұйымдарды таныстыра отырып,
шеберліктерін көрсетті.
Ұйымдастырушы: Ахаева
Күлжан

Мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы
орта мектебі» КММ-нде «Күй күмбірі» домбырашылар
челленджі
Анықтама
Мерзімі:20.03.2025ж
Тақырыбы: «Күй күмбірі» домбырашылар
челленджі
Мақсаты: білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін,
эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын
сақтау, балалардың домбырада орындау өнерін
насихаттау.
Міндеттері: қазақ халқының музыкалық мәдениетіне
білім алушылардың қызығушылығын ояту, орындаушылық дағдыларын
қалыптастыру, қазақ халық аспаптары туралы білімдерін кеңейту,
домбырада музыка орындаудың ұжымдық түрлерін
жетілдіру.
Қатысқандар: 1-11 сынып
оқушылары
Барысы:
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "КҮЙ
КҮМБІРІ" ДОМБЫРАШЫЛАР ЧЕЛЛЕНДЖІ
Дүйсенбай Шыныбеков
атындағы №155 орта мектебінде 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне
арналған "Күй күмбірі" атты республикалық домбырашылар челленджі
ұйымдастырылды.
Челлендж барысында
оқушылар бірнеше күйлері орындалды.
"Күй күмбірі" челленджі
арқылы ұлттық музыка өнеріміз дәріптеліп, білім алушылардың
рухани-адамгершілік мәдениеті, эстетикалық және патриоттық
сезімдері қалыптасты.

Мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы
орта мектебі» КММ-нде «Мектеп театры»
қойылымы
Анықтама
Мерзімі:17.03.2025ж
Тақырыбы: «Мектеп театры»
қойылымы
Мақсаты:
оқушылардың
шығармашылығын дамыту, балалардың бойына рухани қазынаны сіңіру
және елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, баланың сөйлеу мәнерін
жақсарту, көпшілік алдында өзін ұстай білу, жан-жақты дамуына ықпал
жасау.
Қатысқандар: 1-11 сынып
оқушылары
Барысы:Мектеп театры-бұл баланың
шығармашылық қабілеттерін арттырып ,тұлғалық шығармашылық бағытын
тәрбиелеуге жақсы мүмкіндік береді.
Балалар айналадағы әлемде
қызықты идеяларын байқап,өзіндік кейіпкердің көркем бейнесін
жасауға үйренеді.
Театр - әр балаға қуаныш,қызық,
ұмытылмас әсер сыйлайды. "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының "Шабыт
"жобасы аясында "Тәрбие отбасынан басталады" тақырыбында 9 "Б"
сынып оқушылары театрландырылған көрініс сахналады. Отбасында адал
мен арамды білмей өскен бала, өскенде дінге қатысты көкейінде
жүрген сұрақтың жауабын ата-анасынан ала алмағандықтан, көшедегі
жат ағымның өкілінен сұрап, оның етегінен ұстап, оп-оңай соңынан
кетеуі де мүмкін. Ертеңгі күні балаңыз теріс жолды таңдаса, «Неге
менің балам ғана осылай болды?» деген өкініш өзегіңізді өртемесіне
кім кепіл болмақ.
Мақсаты: Өскелең ұрпақты
адамгершілікке, адалдыққа, парасаттылыққа;даналыққа
тәрбиелеу.
Ұйымдастырушы: сынып жетекшісі
М.Жүсіпбекова

Мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы
орта мектебі» КММ-нде «Жер сағаты» экологиялық
акциясы
Анықтама
Мерзімі:26.03.2025ж
Тақырыбы: «Жер сағаты» экологиялық
акциясы
Мақсаты:
планетаның табиғаты мен ресурстарына
жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар
аудару.
Қатысқандар: 1-11 сынып
оқушылары
Барысы: ”ЖЕР САҒАТЫ” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
АКЦИЯСЫ
Жер сағаты — бұл жыл сайынғы
экологиялық акция, оның мақсаты жер бетіндегі климаттық өзгерістер
туралы хабарды арттыру.
Жер сағаты экологиялық
әрекеттерге қолдау көрсету, экологиялық жағдайға жауапкершілікті
арттыру және климаттық өзгерістерді болдырмау үшін бүкіл әлемде
өткізіледі. Білім алушылар экологиялық мәселелердің маңыздылығы
туралы мағлұмат алды.
«Жер сағаты» дегеніміз
не?
Бұл – Дүниежүзілік жабайы
табиғат қоры (WWF) ұйымдастырған халықаралық экологиялық акция. Ол
жыл сайын наурыз айының соңғы сенбісінде өтеді. Миллиондаған
адамдар мен мыңдаған қалалар жарық пен электр құрылғыларын бір
сағатқа сөндіру арқылы климаттың өзгеруіне назар аударуға және
табиғатты қорғауға өз үлесін қосады.
Акцияның мақсаты:
• Жаһандық жылыну мен экологиялық мәселелерге
қоғамның назарын аудару;
• Климаттың өзгеруінің алдын алуға
шақыру;
• Қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті
арттыру.
"Жер сағаты" экологиялық акциясына 6 "Б" сынып
оқушылары белсене қатысты. Білім алушы Аманбаева Ақерке бөлме
өсімдіктеріне су құйып, күтім жасады. Табиғатқа көмектесу
тазалықтан басталады.
Ұйымдастырушы: сынып жетекшісі
А.Жүнисбекова

Мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
«№155 Д.Шыныбеков атындағы
орта мектебі» КММ-нде Наурыз – жыл басы
онкүндік
Қауіпсіздік
сабағы
Анықтама
Мерзімі: 28.03.2025ж
Тақырыбы: Қауіпсіздік
сабағы
Мақсаты: көктемгі
демалыс уақытында оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, үй маңында
ойнауға рұқсат беру, үнемі басты назарда ұстау, ересектерсіз
табиғат аясына
шығармау.
Қатысқандар: 1-11 сынып
оқушылары
Барысы: Қауіпсіздік сабағы
Көктемгі демалыс: қауіпсіздік
ережелерін сақтаймыз!
Көктемгі демалыс –
серуендеуге, табиғат аясында демалуға, жаңа әсер алуға тамаша
уақыт. Бірақ қауіпсіздікті ұмытпау
маңызды!
Жолда сақ
бол!
–
Жолда ойнама, велосипедпен
абайлап жүр.
Су айдындарынан аулақ
бол!
–
Көктемде мұз жұқа болады, суға
құлау қаупі жоғары.
–
Су айдындарына ересектерсіз
барма.
Электр құралдарымен абай бол!
–
Үйде тұрмыстық техниканы ата-анаңсыз
қолданба.
–
Электр сымдары мен бағаналарға
жақындама.
Табиғатта сақтықты ұмытпа!
–
От жақпа, өрт қауіпсіздігін
сақта.
–
Бейтаныс өсімдіктер мен саңырауқұлақтарды
ұстама.
Қауіпті адамдардан сақ бол!
–
Бейтаныс адамдармен сөйлесуден
сақтан.
–
Ешкімге мекенжайыңды айтпа, бөтен адамдармен
ешқайда барма.
Демалысты
көңілді әрі қауіпсіз өткізейік!

Мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов