Материалдар / "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" Қауіпсіздік минуты. «Бейтаныс адамдармен қарым қатынас кезіндегі қауіпті сигналдар. Адалдықты ту етіп.

"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" Қауіпсіздік минуты. «Бейтаныс адамдармен қарым қатынас кезіндегі қауіпті сигналдар. Адалдықты ту етіп.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бейтаныс адамдармен қарым қатынас кезіндегі қауіпті сигналдары" қауіпсізідк минуты "Адалдықты ту етіп" тақырыбындағы сынып сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қырқүйек 2024
202
3 рет жүктелген
405 ₸ 450 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Келісемін» Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

_____________ О.А.Кошмаганбтов

«____» _______2024 жыл

Сыныбы : 7 «б»

Тақырыбы: Адалдықты ту етіп. Қауіпсіздік сабағы.

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушыларға адалдық, парасаттылық, шындық туралы түсініктерін кеңейту.


Міндеттері:

  1. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, жат әдеттерден аулақ жүруге үйрету.

  2. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

  3. Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Тәрбие сағатының түрі: дамытушылық.

Тәрбие сағатының әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап,

Ресурстар: нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал - мәтелдер, суреттер

  1. Ұйымдастыру

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

7- сыныптар: «Бейтаныс адамдармен қарым қатынас кезіндегі қауіпті сигналдар.

2.Мұғалімнің кіріспе сөзі:Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде қауіпті сигналдарды байқау маңызды, өйткені олар сіздің қауіпсіздігіңізге әсер етуі мүмкін. Мұнда осындай сигналдардың кейбірі:

1. Жеке кеңістіктің бұзылуы

  • Егер адам сізге тым жақын келіп, жеке кеңістігіңізді сақтамаса, бұл жайсыздық тудыруы мүмкін. Жеке кеңістікті бұзу әдетте агрессивті немесе манипулятивті ниеттің белгісі болуы мүмкін.

2. Артық қызығушылық

  • Егер бейтаныс адам сіздің жеке өміріңізге тым көп сұрақ қойып, егжей-тегжейлі ақпарат алуға тырысса, бұл күдік тудыруы мүмкін. Мысалы, мекен-жайыңызды, қаржылық жағдайыңызды немесе басқа жеке мәліметтерді сұрау.

3. Қысым көрсету және манипуляция

  • Егер адам сізге қысым көрсетіп, бірдеңе істеуге мәжбүрлесе немесе шешімдеріңізге әсер етуге тырысса, бұл қауіпті болуы мүмкін. Манипуляция әрекеттеріне сөзбен қорқыту, кінә сезімін тудыру немесе артық комплимент айту жатады.

4. Күдікті мінез-құлық

  • Егер адам түсініксіз немесе біртүрлі әрекеттер жасаса, мысалы, көзге тік қарамау, есімін айтпау немесе өз іс-әрекеттерін түсіндірмеу, бұл сақтықты қажет етеді.

5. Біржақты әңгіме

  • Егер адам сізді тыңдамай, тек өзі туралы әңгімелесе немесе сіздің пікіріңізді елемесе, бұл дабыл белгісі болуы мүмкін. Әсіресе, егер ол өзін жоғары, ал сізді төмен қоюға тырысса.

6. Эмоционалдық тұрақсыздық

  • Егер адам тез арада эмоцияларын өзгертсе немесе агрессивті мінез көрсетсе, бұл қауіпті жағдайдың белгісі болуы мүмкін. Эмоционалдық тұрақсыздық басқа адамдардың әрекеттерін болжап болмайтын жағдайларға алып келеді.

7. Физикалық немесе вербалды агрессия

  • Егер адам сізге агрессивті түрде сөйлесе, қорқытса немесе күш қолдану ниетін білдірсе, бұл өте айқын қауіпті сигнал.

8. Қоғамдық орындардағы күдікті әрекеттер

  • Егер адам қоғамдық орында бірдеңені жасырып, басқалардың назарын аударудан қорықса, бұл күдік тудыруы мүмкін.

9. Өзін тым сенімді ұстау

  • Кейде адам сізбен тым тез және сенімді түрде жақын қарым-қатынас орнатуға тырысуы мүмкін. Бұл сеніміңізді пайдалануға тырысатын манипуляция болуы мүмкін.

10. Жалғандық немесе түсініксіздік

  • Егер адам өз іс-әрекеттері немесе ниеттері туралы өтірік айтса немесе шындықты жасыруға тырысса, бұл да қауіпті белгі болуы мүмкін.

Егер сіз жоғарыда аталған белгілердің кез келгенін байқасаңыз, бұл жағдайға назар аудару және қажет болған жағдайда қарым-қатынасты тоқтату немесе қауіпсіздік шараларын қабылдау маңызды. Әрқашан өз сезімдеріңізге сенім артыңыз және егер бірдеңе дұрыс емес болып көрінсе, одан аулақ болуға тырысыңыз.

Бүгін біз әдептілік, адалдық, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз. Олай болса АДАМ!

Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Адамның адамгершілік, адалдық, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.

Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.

Адамгершілік адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.

Шығыстың ұлы ғалымы әл - Фараби: Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін деген екен.

Бүгінгі адамгершілікті, адалдықты сендер қалай түсінесіңдер, әдеп - нормаларын білесіңдерме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз.

Балалар, сіздер дос болу, адалдықтың деген не екенін білесіздер ме? Әрине, білесіздер, дос болмайтын ешбір адам болмайды, иә?!


Сұрақтар:

Адал достық дегенде нен түсінесіңдер? Сендердің де адал достарың бар ма?

Сенің адалдыққа деген сенімін қандай?

«Адалдық адамшылық бастауы» дегенді қалай түсінесіңдер?

«Адалдық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, шыншылдық» ұғымдарымен қатар жүре ме? Неліктен?


Адалдық адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі.

"Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар - ұждан, жан тазалығы. Адал дос дегеніміз - өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көқмектесетін, қашан да қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас.

Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Сұрақтар:

  • 1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?

  • Үлкен кісімен амандасып жол беремін.

  • 2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?

  • Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.

  • Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.

  • 3. Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?

  • Асықпай түсіндіріп беремін.

  • 4. Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?

  • Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

  • 5. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

  • Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.

  • 6. Әдептілік деген не?

  • Адамдардың жүріс - тұрысы мен өзара қарым - қатынасының ережелері.


  1. Ата - ананның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытта келіп қалды делік, сен оны үзбей қарайсың. Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі. Сен қандай шешімге келер едің?


  1. Құрметті досым! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.

2-апта дәйексөзі: Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім!


1 - оқушы: Бала тәрбиесі бесіктен.

2 - оқушы: Баланың жақсысы – қызық, Жаманы күйік.

3 - оқушы: Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.

4 - оқушы: Бала - көңілдің гүлі, көздің нұры.

5 - оқушы: Құс балапаны үшін тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.

6 - оқушы: Ата - бәйтерек, бала – жапырақ.

7 - оқушы: Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

8 - оқушы: Жақсы әке – жаман балаға қырық жылдық ризық.

9 - оқушы: Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.

10 - оқушы: Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.

11 - оқушы: Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада.

12 - оқушы: Ағайын – алтау, ана – біреу.

13 - оқушы: Ағайынның алтын сарайынан, Ананың жыртық лашығы артық.

14 - оқушы: Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да қарызынан құтыла алмайсың.

Қорытынды:

Барлық өнеге отбасынан басталады. Балаларымыздың бойына сіңген ізеттілік - дөрекілікке, қайрымдылық – қатігездікке, адалдық – арамдыққа ауыспасын деген тілегімізді орындау - ұрпақ алдындағы ұлы міндет деп түсінейік.


Адамгершілік қасиет - жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы байлығы. Адамдық борыш ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін. Серт берген еңбек етем деп, Алдағы атар таң үшін .




Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!