«Біртұтас тәрбие
бағдарламасын іске асырудағы сынып жетекшінің
ролі
Биылғы 2023-2024 оқу
жылының ерекшелігі «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру
көзделіп отыр. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»- ұлттық адами
құндылықтарға негізделген. Жалпыадамзаттық ұлттық құндылықтарды
бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты
тәрбиелеу мақсаты көзделеді. [ӘНХ. 2023-24]
б
Тәрбие жұмысында барлық
мүдделі тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары және қоғам, қоғамның
жаппай қатысуымен кешенді түрде өткізілуі тиіс. Алдымен бала
отбасында ұлттық тәрбие көзінен нәр алып, халық ауыз әдебиетімен
сусындайды. Ата-аналар ертегі, аңыздар, тарихи шежіре,
қисса-дастандар,өлең жырларды көбірек бала құлағана сіңірітсе,
баланың өзіндік пікірі қалыптаса бастайды. Уақыт өте бала мектеп
жасында қоршаған ортада, құрдастары арасында өзіндік ойы бар жеке
тұлға екенін көрсете алады. Мектепте балаға басты тәрбие беруші -
сынып жетекші. Сынып жетекшісі -
сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып,үйлестіріп,
келістіріп өткізетін педагог. Бүгінгі күні
сынып жетекшісі – кәсіпкер-педагог, ол
өсіп келе жатқан бала үшін жалпыадамзаттық
мәдениетті меңгеруде оқушымен қоғамның арасындағы
рухани жалғастырушы; сынып ұжымының
бірлескен іс-шараларын ұйымдастырушы; оқушы
тұлғасының қалыптасуына колайлы жағдай жасау
мақсатымен, олардың
дамуын бақылаушы,
тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп
психологымен бірігіп оқушының қоғамдық
өміріне түзетулер жасаушы; сыныпта қолайлы
моральдік–психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып
ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті
тәрбиелік ықпал жасаушы.
Орта білім беру ұйымдарының
кешенді жоспардың нұсқаулығында сынып жетекшінің міндеттері аталып
көрсетілген.
Тәрбиеші, сынып жетекші және
кураторлардың міндеттері:
-
Салауатты өмір салтына
ынталандыру;
-
Сыныпта достық ортаны, өз ара
түсіністікті құру;
-
Білім алушылардың басқаларға
деген жауапкершілігін, ұжымда жұмыс істей білуге
баулу;
-
Ата-аналар жиналысын өткізу
(педагогикалық консилиумдар, тренингтер, әңгімелер, ата-аналарға
арналған консультациялар;
-
Білім алушылардың оқу
жетістіктері және ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері бойынша
ата-аналар мен өзара әрекеттесу;
-
Аптасына бір рет (дүйсенбіде)
сынып сағаттарын өткізу. [ӘНХ]
Сынып жетекші тек тәрбиелеуші
ғана емес, тек оқытушы ғана емес сонымен қабат баланың өміріне
тікелей жауапкершілікті арқалаған тәрбие тетіктерін іске асырушы.
Солай екен деп ата-аналар бала тәрбиесінде шетте қалмай, мектепке,
сынып жетекшіге ысырып қоймай, білім беру ұйымымен бірігіп,
«Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыруға атсалысуы керек.
«Қалай?» деген орынды сұрақ туындайды. ҚР оқу ағарту министрлігі
білім беру ұйымдарында қалай жасау керек жолын қарастырып, жасап
берді. Білім беру ұйымдарында «Ата-аналарға педагогикалық қолдау
орталығын» құру тапсырылды. Ай сайын ата-аналарды мектеп
қабырғасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде
оқыту мақсаты көзделіп отыр. Бұл ,әрине, керемет бастама, мектепке
ата-аналарды тарту мәселесі сынып жетекшілердің ата-аналармен өзара
жағымды әрекет ету нәтижесінде оң шешімін таппақ. Тәрбие
мәселесінде ата-аналарға қолдау көрсетіп, күрделі мәселелерді
біріге отырып қарастыру - ХХІ ғасыр ұрпағын заманына сай түсіне
отырып үйлесімде болу, тәрбиелеу ісіндегі ерекше тәсіл. Орталықтың
жұмысын ойдағыдай іске асыру, күтілетін нәтижесін көру ортақ іс,
ортақ жетістік болмақ.