Материалдар / Бисквиттік қамыр және қайнақты қамыр түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бисквиттік қамыр және қайнақты қамыр түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Кондитерлік өнімдерді әшекейлеу тәсілдері ә) Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың торт пісіруге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру б) Тәрбиелік мақсаты: Асханалық ыдыстармен танысып, оларды қолданудың тәртібін ұғындыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Маусым 2018
1191
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

4сабақ 9-сынып

Сабақтың тақырып:Бисквиттік қамыр және қайнақты қамыр түрлері

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік мақсаты: Кондитерлік өнімдерді әшекейлеу тәсілдері ә) Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың торт пісіруге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру б) Тәрбиелік мақсаты: Асханалық ыдыстармен танысып, оларды қолданудың тәртібін ұғындыру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: Нанға қатысты ырымдар мен тыйымдарды слайд арқылы көрсету, тәтті тағамдар буклеті пісірілген торт түрлері, асханалық ыдыс түрлері

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі Оқушылармен амандасу, оқу – құралдарын тексеру. Сабаққа көңілдерін аудару. Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу.

II. Үй тапсырмасын сұрау 1. Қайнақты қамырды қандай азық-түліктерден дайындайды? 2. Бисквиттік қамырдан қайнақты қамырдың айырмашылығы қандай? 3. Қайнақты қамырдан қандай өнімдер дайындайды? 4. Бисквиттік қамырдың дайындау технологиясын айтып бер.

Ал енді жоғарғы сынып оқушыларысыздар. Үйге мамаларыңызға, апаларыңызға көмектесесіздер. Біздер 7-сыныпта: «Ұннан кондитер бұйымдарын пісіру тарауымен танысып, машықтық жұмыстар жасаған болатынбыз. Үйге тапсырма ретінде кондитерлік өнім ретінде бір пирог, торт жасап келіп, жасалу жолдарын айту тапсырылған болатын. Ал осы тағамдарды пісіру барысында қандай қауіпсіздік ережелеріне сүйенесіңдер?

Электр пештерімен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелері:

1). Қолың суланған болса, еш уақытта электр өшіргішке, розеткаға, іске қосылып тұрған электр аспаптарына жақындама.

2) Ыстық табаны алғанда ағаш тақтайшаға қоюды ұмытпа



3). Пышақ пен шанышқыны ыстық табаның астында қалдырма

4). Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс үстелдерін, ас үй-ыдыстарын мұқият тазалап жина.

(Енді оқушылар пісіріп келген тағамдарын қалай пісіргенін айтып, түсіндіріп береді.)

III. Жаңа сабақ

Біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: Торт, пирожный, қаусырмаларды әшекейлеу тәсілдері. Күнделікті өмірде көріп жүрсіздер, нанды қашанда, қастерлеп өскен халықпыз. Нан өнімдерін әр түрлі қамырдан пісіреді. а)нан өнімдері: нан, тоқаш,бауырсақ б)Аспаздық өнімдер: құймақтар,тұшпара т.б в)кондитерлік өнімдер:бәліш, кекс, торт, пирожныйлар.Ал енді осы нанға байланысты қандай ырымдар мен тыйымдар білеміз.

Крем дайындау үшін сатудағы кілегейден (сливки) алу керек. Кілегей – кремнің негізі болып табылады. Кілегейдің түрлері өте көп, калориясы төмен тағам түріне жатады. Оның құрамында май көбірек болса, кілегей жақсы көпіршіп, ұзақ сақталады. Кейде дайын кремдер сатылады.Оны тоңазытқышта қатырып қойып, қажет кезде ерітіп алуға да болады.

Кілегейден крем әзірлеу үшін түбі терең пластмасса ыдыс қажет. Оны миксермен араластырады. Миксердің электрлі және қолмен айналдыратын түрлері бар.

Кілегейді қатты көпіршіту үшін электрлі миксерді қолданған жөн.Оның былғауышы темірінің үлкен болғаны дұрыс. Миксердің былғауышы ыдыстың шетін сырып кетпегенін қадағалаңыз. Электр миксер болмаса, қол былғауышын пайдалана беруге болады.

Кондитерлік өнімді әрлеу үшін арнайы қағаз немесе мата кон-к құйма қалта, түтікше сияқты металл немесе пластмасса ұштықтар кондитерлік шприцтер пайдаланады. Осы құралдың көмегімен кондитерлік өнімдердің бетіне кремдерді өзіңнің қиялыңдағыдай етіп,жағып шығуға болады. Осы қалыптардың әр түрлілігіне қарай тәттіліктерге кремнен толқын,гүл, шар тәрізді әшекейлер жасап безендіруге болады.







IV. Сабақты бекіту сұрақтары

1. Қандай кондитерлік өнімдерді креммен әрлейді? 2. Кондитерлік өнімді әрлеудің қандай тәсілдерін білесіңдер? 3. Тортты әрлеу тәсілдерін айтып беріңдер? 4. Қандай құрылғының көмегімен кондитерлік өнімдерге бедер

жасауға, жазу жазуға болады?

V. Сабақты қорытындылауVI. Оқушыларды бағалау



VII. Күнделікті талап ету



VIII. Үйге тапсырма бер



Өз бетіңше торт сәндеп, үйреніп келу.

















Бекітемін: ­­­_______________ _______

Мектептің оқу ісінің меңгерушісі Күні

Класс:__5______

Мерзімі:__________

Сабақтың тақырыбы: Қол жұмыстарының құралдары

Мақсаты: Қол жұмыстарына қолданылатын тігіс түрлері туралы түсінік беру.

Білімділік: Тігіс тігу, тігістің пайдасы мен тігілу жолдары туралы біліктілігін арттыру. Тігіс тігу кезінде дағдыны қалыптастыру.

Дамытушылық: Тігістерді өз бетінше орындауға оқушыға мүмкіндік беру.

Тәрбиелік: Оқушының өз бетінше жұмыс жасауға еріктілігін, өз күшіне сенімін, еңбек мәдениетін дұрыс ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру.

2-слайд

Сабақ түрі: аралас

Көрнекіліктері: буклет, стенд, қол тігістернің түрлерінің үлгілері

Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі



Тігін инесі. Қол инесі және іс машинасының инесі болып екіге бөлінеді. Ал қол инесінің өзі — іс тігетін (диаметрі мен ұзындықтары әр алуан, 12 нөмірі шығарылады); тері, қайыс тігетін (3 нөмірі); желкен (парусинді және қалың маталарды тігетін, 2 нөмірі); қап тігетін (2 нөмірі), торлайтын (3 нөмірі) және кесте тігетін (0—2 нөмірлер) түрлері болады.

[өңдеу]Іс машинасының инесі

Іс машинасының инелерін тек жуандығына қарап ажыратады, сондықтан олардың нөмірлері әр түрлі болады. Іс тігетін ине түзу (өйткені сәл ғана қисайған инеде тігілетін матаға сәйкес келетін жіп пен инені пайдаланып, тігетін матаны ауыстырғанда машинаны соған лайықтал құру (тігістің жиі-сиректігін, баспа табанының қысымын, төменгі және жоғарғы жіптердің дұрыс тартылуын және т. б.) қажет.

Машинаны пайдалану ережесін бұзу — иненің сынуына, жіптің үзілуіне, тігістің аттап түсуіне және басқа да ақауларға әкеп соғуы мүмкін. Иненің сынуы немесе майысуы кейде баспа табанының дұрыс тұрмауына байланысты.

Мұндай жағдайда төбесіндегі винтті табан ине мен ине көзіне сәйкес жерде тұратындай етіп бекіту керек. Ине мынадай жағдайларда да сынуы мүмкін: қалың матаны жіңішке инемен тіккен кезде; тіккен кезде матаны тартса, тігілген матаны өзіне қарай тартып алса



Shape1



Shape2



ХХІ ҒАСЫР – БІЛІМ ҒАСЫРЫ























Бекітемін: ­­­_______________ _______

Мектептің оқу ісінің меңгерушісі Күні

Класс:________11

Мерзімі:__________

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық киімдері

Білімділік мақсаты:

Оқушылардың қазақтың ұлттық киімдері туралы алған мағлұматтарын естеріне түсіре отырып,  білімдерін бекіту.

Дамытушылық мақсаты:

Сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, сөздік қорын дамыту және қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік мәні:

Мемлекеттік тілді құрметтеуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Қазақ тілі мен әдебиеті, тарихы, салт-дәстүрі, мен өнеріне қызығушылықтарын арттыру.

Ұлттық киімдердің түрлері Бас киімдерXIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жүргізген И.В.Захарова мен Р.Р.Ходжаева ер адамдардың бас киімдерін 6 топқа бөледі. Олар мынандай:

1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас- киім – тақия.
2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген баскиім – төбетей.
3. Киізден тігілген баскиім – қал-пақ.
4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара).
5.
Тері қапталған жылы баскиім – бөрік.
6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін баскиім – тымақ.

Ерлердің бас киімдері

Тақия – шағын сәтен, шұға, барқыт тәрізді маталардан тігіледі. Ол зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа тәрізді бірнеше түрге бөлінеді. Қытайдағы Шыңжан қазақтарының найман тайпасындағы қызай руында «Қызай тақия» бар.

Қалпақ – ақ киізден, қалың матадан жасалады. Ол биік төбелі болып келеді. Қойдың ақ жүнінен, қозының ақ күзем жүнінен, ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр киізден тігеді.

Мұрақ – екі жағы қошқар мүйізді, лауазымды адамдар киетін қалпақ. Оны сән – салтанатқа киеді.
Тымақ – аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиімдердің жылысы. Биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, артқы етегі желке, жотаны жауып тұрады.

Қазіргі заман бас киімдері біздің қазақ халқымыздың ұлттық бас киімдерінің үлгісімен , формасына негізделіп пішіліп, тігілуде . Бұған дәлел ретінде қазіргі жастарымыз сән үлгісімен мерзімге лайық бас киімдерді киюде. Мысалы, қыстық тымақ, бөрікті әртүрлі аңдар терісінен тігілгенбас киімдерді жиі кездеседі.





Бекітемін: ­­­_______________ _______

Мектептің оқу ісінің меңгерушісі Күні

Класс:_____7___

Мерзімі:__________

Тақырыбы: Үгілмелі қамыр әзірлеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қамырдан жасалған тағамдар түрімен, дайындалу ерекшеліктері жөнінде түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың тамақ пісіруге деген қызығушылығын, қабілеттерін, аспазшылық кәсіби шеберлігін шыңдау.

Тәрбиелік: Оқушыларды іскерлікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: аралас сабақ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, үгілмелі қамыр әзірлеуге қажет құрал жабдықтар, печенье, пирог, торттар.

Пәнаралық байланыс: математика, биология, физика, химия, экономика.

І. Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Ұннан жасалған кондитер бұйымдары

ІІІ. Білімді жан – жақты тексеру

1. Кондитер бұйымдарының құрамы қандай?

2. Кондитер бұйымдарына нелер жатады?

3. Қамырдың түрлері қандай болады?

ІV. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

V. Жаңа білімді меңгерту

Үгілмелі қамыр әзірлеу

Жоспары:

1. Үгілмелі қамырдан дайындалатын тағам түрлері

2. Үгілмелі қамыр дайындау рецептурасы

3. Үгілмелі қамыр дайындау тәсілдері

Бүгінгі сабағымыздың ұраны: «Өнерлі қол – бақытқа жол»Сонымен балалар, біздер сіздермен өткен сабақта ұннан жасалған кондитер бұйымдарымен таныстық. Кондитер бұйымдарына печенье, пряник, рулет, торт, бәліш, т.б. жатады екен.

Жаңа сабаққа кіріспес бұрын бәріміз мына жұмбақтарға назар аударайық.

1. Бір құдықтың екі түрлі суы бар,

Қайнатса екеуі де мұзға айналады. (жұмыртқа)

2. Жатып қарасам екеуі де аппақ,

Татып қарасам тәтті – ақ. (қант)

3. Суықта мұз болып қатады,

Ыстықта балқып жатады. (май)

4. Ақ тікенді бүктедім,

Көк есекті жүктедім. (астық)

Жұмбақтардың шешуі – біздің бүгінгі сабағымызда дайындалатын тағамымыздың құрамына қосылатын азық – түліктер екен. Қане, балалар кім айтады? Үгілмелі қамырдан қандай тағамдар дайындалады?

Олай болса зебра тортының дайындалу тәсілімен Ерғазиева Динара таныстырып, жасап көрсетеді.

Қажет азық – түліктер: жұмыртқа 3, какао 1 стақан, қант 1 стақан, ұн 1 стақан, ванилин, ас содасы.

Дайындалу жолдары:

Жұмыртқаны алып араластырамыз, содан кейін қантты себелеп саламыз, ванилин мен ас соданы қосамыз. Осылардың бәрін араластырғаннан кейін екі ыдысқа бөлеміз. Біреуіне какао қосып екіншісін сол күйінде қалдырамыз. Какао қосылғанын араластырамыз. Өзінің арнайы ыдысына кезекпен – кезек құямыз. Піскесін алып суытып қоямыз.

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ

1. Қызып тұрған кәстрөлдерді немесе басқа да ыдыстарды үстелдің шетіне қоюға болмайды.

2. Қызып тұрған ыдыстың тұтқасын арнайы тұтқышпен ұстау керек.

3. Қолың суланған болса, разеткаға, іске қосылып тұрған электр аспаптарына жақындама.

4. Үйден шығар кезде барлық электр аспаптарын сөндіруді ұмытпа.

5. Газ белгілі бір себептермен шыға бастаса, оны тез арада жабу керек те, терезе мен есікті ашып, бөлменің ауасын тазарту керек. Мұндай жағдайда электр аспаптарын қосуға, сіріңкені тұтатуға болмайды.

Қамырдың атауы

Ұн (стақан)

маргарин немесе ,сары май (г)

қант , жұмыртқа ,қаймақ ,сүзбе

Үгілмелі тәтті қамыр ,2 – 2,5 , 200 ,100, 1

Үгілмелі жұмсақ тәтті қамыр

Үгілмелі қамырды екі тәсілмен әзірлейді

1 – тәсіл. Ұнды тақтайға елейді де, оған шекер, тұздық, қопсытқыш қосады. Үйілген ұнның ортасын ойып, сұйық пен жұмыртқаны құяды. Ұсақталған май бөлігін қосып, қамырды қолмен тез илейді. Дайын қамырды орамалмен жауып, бір сағат суыққа шығарып қояды

2 – тәсіл. Майды құмшекермен көпсітіп, оған жұмыртқа, тұздық, ұнды қосады да, тез илейді. Мұндай қамыр жұмсақ болады. Сондықтан оны кондитерлік шприц арқылы бөлектейді немесе қаңылтыр табаны қолмен майлайды.

Нансыз өмір жоқ

Нанның дастарқанға дайын болып келуі ойланған жанға қашанда қызық, ғажап. Нан ертеден-ақ халықтың әл-ауқатын, тіршілік тынысын танытады. Нан пісірген адамдар әрқашан сыйлы да, құрметті болған. Біз арзан нанға кенелген, әлемдегі ең бай мемлекетте өмір сүрудеміз. Сол үшін елімізге дән ризамыз. Әйтсе де сол нанның баршылығы кейде келеңсіз жағдайға соқтырады. Егер төрт адамы бар әрбір отбасы күн сайын 100 грамм нанды тастайтын болса, бір жылда 36 килограмнан астам нан рәсуа болады екен. Еліміз бойынша алғанда бұл кеткен шығынның орнын толтыру үшін әрқайсысы 20 мың тонна астық сиятын 100 элеватор салуға, 57 диірмен орналастыруға, тәулігіне 50 тонна нан шығаратын 130 нан заводын тұрғызуға тура келеді екен.

VІ. Қорыту

Сонымен балалар бүгінгі сабақта үгілмелі қамырдан дайындалатын тағамдарды, оның екі түрлі тәсілімен таныстық. Жаңа сабақ бойынша сұрақтарың бар ма? Олай болса сіздерге жаңа сабақ бойынша сұрақ.

«Алтын қақпа» ойыны

1. «Тас қақпа» сұрағы

1) Үгілмелі қамырдан қандай тағамдар пісіреді?

Жауабы: пирог, торт, бәліш, печенье т.б.

2) Үгілмелі қамырды неше тәсілмен әзірлейді?

Жауабы: 2 тәсіл

2. «Темір қақпа» сұрағы

1) Пирожный тағамы қандай өнеркәсіпте дайындалады?

Жауабы: Кондитер өнеркәсібі

2) Үгілмелі қамырдан дайындалатын тағамдардың құрамына қандай

азық-түліктер қажет?

Жауабы: Ұн, қант, сары май, жұмыртқа

3. «Күміс қақпа» сұрағы

1) Үгілмелі қамырдан жасалатын бұйымдар қандай температурада піседі?

Жауабы: 180 – 2200 С

2) Торт, печенье, тоқаш, бәлішті қандай сортты ұннан дайындайды?

Жауабы: Жоғары сортты

4. «Алтын қақпа» сұрағы

1) Жылай-жылай пісер,

Аузыңа кеп түсер. Жауабы: Шелпек

2) Қамырға қосылатын жағымды иісі бар ақ түстес кристалл ұнтақ ?

Жауабы: ванилин

5. Алтын сандықтан шыққан сұрақ

Ұн, қант, май, жұмыртқа сөздерін орысша және ағылшын тілдеріне аудар

Жауабы: Ұн – мука – flour , Қант – сахар – shugar , Май – масло – butter

Жұмыртқа – яйцо – egge

VІІ. Үй тапсырмасы, жаңа сабақ бойынша тест сұрақтары беріледі.

1. Кондитер бұйымдарына қайсысы жатады?

а) таба нан ,ә) печенье ,б) күлше нан

2. Қамырдың түрлері қандай болады?

а) ашытқылы, қою, сұйық ,ә) сұйық, ашытқылы, тұщы, б) қою, ашытқысыз, сұйық

VІІІ. Бағалау

ІХ. Үйге тапсырма: §4. Үгілмелі қамыр түрлерінен тағам дайындап үйрену



Сабақты қортындылау:

Бағалау:

Үй тапсырмасы:

























3сабақ 8-сынып

Сабақтың тақырыбы : Ет тағамның құнарлығы және сапасы

Сабақтық тақырыбы: Еттен жасалатын тағамдардың жіктелуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға ет туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой- өрісін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды осы сабақ түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі: Дайын ет түрлерінің суреттері.
Пәнаралық байланыс: тарих,
I. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
III. Жаңа сабақ
Қолда өсірілген малдың етінде орта есеппен 52,8-73,7 пайыз – су, 15-20 пайыз – белок, 5,8 – 29,4 пайыз – май, 0,8 – 1,1 пайыз – күл, құс етінде 50 – 64,4 пайыз су, 18,2 – 19,8 пайыз – белок, 15,5 – 31,2 пайыз – май, 0,9 – 1,1 пайыз – күл болады. Әрбір мал түлігі етінің бір-бірінен айырмашылығы биохимиялық құрамы мен дәмінде. Сиыр етінде гистамин көп, мал етіне қарағанда, құс етінде коллаген, эластин аз. Ол жеңіл қорытылады. Етте толып жатқан минералды заттар, атап айтқанда, темір мен дәрумендер бар. Әсіресе, бауыр темірге, А1, В2, В6, В12 дәрумендеріне бай. Оның үстіне, өте маңыздысы, еттің құрамына экстрактивті деп аталатын заттар кіреді, олар қайнатқан кезде сорпаға ауысады. Экстрактивті заттар тәбетті қоздырады, ас қорытатын сөлдердің бөлінуін күшейтеді. Етті көп жеу организмде экстрактивті заттарды, атап айтқанда, несеп қышқылын құрайтын пурин негіздерін, сондай-ақ, азотты метаболизмнің түпкі өнімдерін көбейтіп, ауыртпалық түсіреді. Жеңіл дене еңбегімен шұғылданатын ересек адамға аралас тамақтанған ретте, күніне 150-200 грамм ет немесе ет өнімін жеу жеткілікті.Қазақша ет – малдың етін қазанға асып, піскен соң түсіріп алып, сорпасына жайма нан салып пісіріп, оны табаққа салып, үстіне ет турап, тұздық құйып жейді. Қонақтардың түріне қарай малдың әртүрлі арнайы мүшелері қазанға салынады. Ет – қазақтың ең басты, қадірлі тамағы. Қонақ келгенде, аруақтарға ас бергенде, той жасағанда ет асады.

Бас тарту – сыйлы, алыстан келген қонақтарға мал сойып (қой), етпен бірге бас ұсынады. Сиырдың жарты шекесі, қойдың басы тұтас, жылқының басы кеңсірігінен шабылып, тұтас немесе екіге бөлініп асылады. Қойдың, сиырдың басын үйітіп, тісін бір-екі жерден қағып, жуып тазалап алып барып қазанға салады.
Мипалау – піскен малдың миын алып, оған бауыр, құйрық майын, бастың дәмді құйқасын қосып, үстіне тұздық немесе айран, қымыз қосып, немесе сорпаға салып әзірлеп, үлкендерге ұсынады.
Шұжық – малдың етін, іш майын турап, оған жуа, сарымсақ, тұз, бұрыш қосып араластырады, жылқының ішегіне салып, екі жағын байлап тобарсытады, етпен бірге асады.
Қуырдақ – соғым сойғанда етін, өкпесін, жүрегін, бүйрегін, бауырын ұсақтап турап, майға қуырып жасайды.Бауырды соңынан салады, ол көп қайнап, қатайып кетпеуге тиісті.
Кісе қуырдақ – жаңа сойылған малдың өкпе, бауыр, бүйрек, ішек, қарынын турап, майға қуырып әзірлейді. Етті аз қосып, сарымсақ, бек деп аталатын шөпті салады.
Қазы-қарта, жал-жая – құрметті қонақтарға тартылады. Етпен бірге пісіріледі.
Бұқпа – марқаның жіліктері мен омыртқа, қабырғаларын балтамен ұсақтап, қазанға салып, үстіне аздаған су құйып, бетін жауып дайындайды.
Сірне – туғанына 2-4 күн болған жас қозының етін қазанға салып, үстіне бие сүті мен сұйық қаймақ құйып әзірлейтін тағам.
Сырбаз қуырдақ – жаңа сойылған малдың етінен үстіне бие сүтін құйып, тұз салып қайнатып, жасайды. Оны «бұқпа қуырдақ» деп те атайды.
Томыртқа – қыста ыстық сорпаға бір түйір таза мұз салып, дәмін сәл өзгертіп ішеді. Мұны томыртқа деп атайды.
Төстік – қойдың төсіндегі етін терісімен кесіп алып, үйітіп, тұздап жейді. Ауыл жігіттері қой сойып жатқанда оны әзірлей қояды.
Ақсорпа – ертеде соғымның етін пісіргенде қалған сүйектерін жинап қойып, кейін жуып, қазанға қайнатып, майлы сорпасын ішкен. Оны ақсорпа дейді.
Салма – етті турап пісіріп, нан кеспесін салып жасап, ішеді. Негізінен, қой, сиыр етінен әзірлейді. Сорпасы дәмді.
Тұздық – сорпаға жуа, тұз қосып қайнатып, табақтағы туралған еттің үстіне салып, оның дәмін келтіреді. Кейде оған азырақ ұсақ туралған сәбізді де қосады.
Шыж-мыж – соғым сойылып жатқанда малдың бүйрегі мен шарбы майын отқа қақтап, шала пісіріп, шыж-мыж жейді.
Қара ала шыжық – ұсақталып туралған етті мал майын қосып табаға қуырып әзірлейтін тағам.
Жаубүйрек – аңшылар аулап алған арқар, киік, таутеке тәрізді аңдарының майлы бүйрегі мен бауырын істікпен отқа қақтап жейді. Қой, ешкі сойғанда да сондай тағам әзірлеп жеуге болады.
Қойды үйітіп сою – қойды бауыздап алғаннан кейін отқа үйітіп алып терісімен бірге сояды. Үйітудің әртүрлі әдісі бар.






Бекітемін: ­­­_______________ _______

Мектептің оқу ісінің меңгерушісі Күні

Класс:_____10___

Мерзімі:__________

Сабақтың тақырыбы: Крем дайындаудың негізгі рецептері.

Білімділігі: өтілген сабақты пысықтап, жаңа сабақты меңгерту;
Дамытушылығы: қыздардың іскерлік қабілетін арттыру;
Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, әдептілікке, сыпайылыққа үйрету;

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,тірек сызба

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

а)Оқушылармен амандасу.
ә)Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

б/ Оқушыларды екі топқа бөлу, аттарын қою.



Бұл тортты көпшілікке    жасаған дұрыс болар. Себебі торт үлкен болып шығады. Шамамен 20адамға жетіп қалады. Өзім дәмін татып 
көрмегендік-тен қалайболғанын айта алмаймын, 
бірақ жақсы болды деп сенемін:) Жасап көріңіздер! Сіздерден комммент күтемін:)
Құрам

Жұмыртқа - 16 дана
Қант - 4 стақан
Какао - 1 стақан
Ұн - 5 стақан
Разрыхлитель - 4 дана
Ванилин - 4 дана
Сүт - 500 мл

Креміне:
Сары май немесе кремге арналған крем-суфле маргарині - 800 гр

Жұмыртқа - 8  дана

Қант - 16 асқасық

Сүт - 16 асқасық

Ванилин

Әсемдеуге:

Шоколад - 100 гр


Алдымен бисквиттерімізді пісіреміз, ол үшін 4 ақуызды миксермен араластырамыз(миксер таза құрғақ болуы тиіс)
көпіртіп

   


 қою кремге ұқсағанға дейін араластырамыз


 сарыуызға қант қосып, 

 араластырып,




 ағарғанша тоқтамаймыз,


 ағарғаннан кейін ақуызымызға құямыз.

 байқап, жайлап, астынан үстіне қарай араластырамыз,


 бәрі араласып, біріккеннен кейін,

 ситодан өткізген 1,5 стақан ұн, ванилин разрыхлительді салып



  байқап, жайлап, астынан үстіне қарай араластырамыз,



 Қамырымызды табаға жайғастырамыз, астына пергамент болмаса фольга  төсеңіз , ол да болмаса майлағаныңыз жөн болады. 180 дәрежеде пісіресіз.



Енді қара бисквит дайындаймыз!


  4 ақуызды миксермен араластырамыз

 аппақ қою крем сияқты болу керек



 Піскен бисквиттер салқындағаннан кейін, бірінің үстіне бірін қойып, суреттегідей кесеміз



 Бірінші ақ бисквиттің шетін қойып, үстін жайлап қана сүтпен щеткамен аз ғана ылғалдатып шығамыз.


 Крем жағамыз Кремді осы жолмен дайындаңыз!

 одан кейін қара, ақ, қара қылып жалғастыра береміз.























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!