Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Біз - тәуелсіз ел ұланы, болашаққа үн қосқан"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Біз- тәуелсіз ел ұланы болашаққа үн қосқан» атты Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты жиынының маршруты
-
Ашылуы-фанфары, жүргізушілер сөзі.
2. «Жас қыран» қатарына қабылданушы 19 оқушы шақырылады.
3 Ұланбасы сөзі жас ұлан ұйымының туы кіргізіледі.
4. ҚР Әнұраны орындалады.
5. Ұланбасы Асан Аяжанның сөзі.
6 . Сәлемдесу, 6 сынып оқушылары шығады.
7. Аға-тәлімгерге рапорт тапсыру
8 «Жас Ұлан» ұйымына қабылданушылар ант береді.
9. Тасөткел орта мектебінің Г.М.Жолдыбаеваның құттықтау сөзі, галстук төсбелгі тағу рәсімі.
10.Ұланбасы Асан Аяжанның сөзі.
11.«Жас Ұлан» ұйымының әнұраны.
12. Салтанатты шараның жабылуы.
«Біз тәуелсіз ел ұланы,болашаққа үн қосқан» атты Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушылардың қабылдану салтанатының сценарийі
Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Өтілетін орны: Мәдениет үйі. ҚР Мемлекеттік рәміздерімен безендіріледі.
«Жас Ұлан» ұйымының таңбасы баннерге бейнеленіп ілінеді, өтетін орынға салтанатты әуен ойнатылады.
Уақыты: 14 желтоқсан сағ 17-00 де
Шақырылатын қонақтар: Мектеп әкімшілігі, ұстаздар!
Қабылданатын оқушылар: 2 , 5 сынып
Фонфары
Жүргізушілердің ортаға шығуы.
Дидар:
Армысыздар салтанатты жиынымыздың қонақтары және жас ұландықтар!
Диана:
Қайырлы күн ,қымбатты достар! Мектеп әкімшілігі және ұстаздар!
«Біз – тәуелсіз ел ұланы болашаққа үн қосқан» атты Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
Дидар:
Тәуелсіздік-елдің ерен еңбегі,
Тәуелсіздік-барша ұлттың теңдігі.
Тәуелсіздік-байтақ елдің кеңдігі
Тәуелсіздік-еліміздің елдігі!
Диана:
Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 27 жыл , сондай-ақ жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар,білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
Дидар:
Жасұлан-жігерлі де жайдарлы ұйым
Төл мерекең жыл сайын тойлайды ұйым!
Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға
Жасұлан-жалынды ұйым, айбарлы ұйым.
Диана:
Салтанатты жиынға қатысушылар! Бүгін мектебіміз үшін ерекше күн! Дәл бүгіндей «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдануға арналған салтанатты шаралар республикамыздың түкпір-түкпірінде ұйымдастырылуда. Бүгін салтанатты түрде 2 сынып оқушыларын «Жас қыран» қатарына және 5 сынып оқушыларын «Жас ұлан» қатарына қабылдаймыз. Осындай атаулы күні мектеп оқушылары республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына сап түзеді.
Дидар:
Ақ туымыз желбіреп
Биіктен көз тартады
Жас Ұлан ол ер жүрек
Болашақтың қорғаны
Дидар:
Түзеліңдер ,Тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін!.
Ұланбасы Аяжан: Жас Ұланның намысы мен бірлігінің символы, жас ұлан ұйымының Туы кіргізілсін. Жас Ұлан! Түзел! Тік тұр!
(барабан дауысы)
Ту ұстаушы:
Ассистенттер:.
Диана:
Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар, сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат,жігер
Шырқалсын шаттық Әнұран әнім!
(Мемлекеттік туға! Әнұран шырқалады)
ҚР Әнұраны ойналады.
Дидар:
«Жас ұлан» ұйымы қанатын кеңге жаюда. Бүгінгі салтанатты жиында белсенді оқушыларымыздың қатары тағы бір мәрте көбеймек. Ұйым қатарына мектебіміздің 2 сынып оқушыларынан 7 оқушы және 5 сынып оқушыларынан 12 оқушы қабылданады.
Ұланбасы сөзі: Елдің болашағын баянды ететін жастар. Олар әрқашанда қоғаммен біте қайнасып әр бала өзін сан алуан қырынан танытады. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Елбасының тікелей жолдауымен Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылған болатын. Біз бақытты жастар осылайша тәуелсіз Қазақстанда тұрып жатқанымызға бақыттымыз. Осы бір айтулы мереке қарсаңында бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының құрылуы біздің патриоттық сезімімізді арттыра түспек.
Дидар:
Алдарыңызда 11 сынып оқушысы Қартбай Гүлмираның орындауында
« Тәуелсіз Қазақстан » әні.
Диана:
Құрметті қонақтар бүгінгі елбасының тікелей бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» балалар ұйымы халықтар арасындағы, балалар арасындағы шынайы достықты, ынтымақты нығайтуда атсалысуда. Ендеше өздеріңізбен сәлемдесу үшін алдарыңызға жас ұландарды шақырамын. ( ортаға 6 сынып оқушылары ұландар шығады)
Жас ұлан! Біздің ұранымыз:
«Уақыт босқа кетпесін, бірде-бір күн мейрімсіз өтпесін!»
Жас ұлан ұйымының шапалағы
Айкөркем:
Жас Ұлан!
Жарқылдаңдар, күліңдер!
Бақытты өмір сүріңдер!
Бар жақсылық-Бейбітшілік, білімде
Ұлы Отанды ардақ тұтып жүріңдер
Мерей:
Біз- жақсылыққа жақынбыз
Біз- батыр елдің ұрпағымыз
Біз –ұлағаттың ұланымыз
Біз-Тәуелсіз елдің қыранымыз
Болашақ біздің қолымызда!
Айбын:
Бұл ұйым бізге не береді?
Хормен : Жаңа достар, асқақ арман, айқын бағыт
Жас Ұлан ұйымы бізді біріктіреді.
Жақсы істерге шақырады.
Өмірге бейімдейді
Әлеуметтік қызметтерге араластырады.
Тұлға етіп қалыптастырады
Армандарымызды іске асыруға көмектеседі.
Қоғамдағы кері әсерлерден қорғайды.
Сондықтан да Жас Ұлан ұйымы бізге қымбат.
Хормен:
Жас Ұланды ел танысын,
Көтерейік оң қолды!
Жас ұланда дос көбейсін
Көтерейік сол қолды.
Көрсін әлемі
Есітсін әлем
Өскелең елдің Жас ұланын!
Ұланбасы Аяжан:
Топ басшылары бүгінгі «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы рапорт тапсыруға дайындал.
Рапорт мәтіні: Аға тәлімгер 2А сыныбының «Жас қыран» мүшелері бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайын!
Рапорт тапсырушы топ басшысы ____________________
Тәлімгер сөзі: рапорт қабылданды!
Барлық топ осылай рапорт тапсырып шығады.
Дидар:
Туған елім –Қазақстан Отаным,
Мақтанышпен атыңды әркез атадым.
Тыныс алып дараланған саяңда,
Болашақтың жарқын үнін қатамын.
Диана :
Қымбатты қонақтар және «Жас қыран» және Жас ұлан мүшелері!
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас қыран» және «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз
(Жас қыранның 1 мүшесі ант береді, қалғандары Ант етеміз, Ант етеміз, Ант етеміз 3 рет қайталайды. )
Ұланбасы Аяжан: Қабылдауға жас қырандар және жас ұландар дайын!
Диана:
Құрметті салтанатты жиынға қатысушылар! Жас Ұлан ұйымына өтуге тілек білдіруші ұландарға галстук пен төсбелгі тағу құрметі және құттықтау сөз кезегі Тасөткел орта мектебінің директоры Жолдыбаева Гүлсайран Молдабайқызына беріледі.
Құрметті мектеп әкімшілігі және ұстаздар! Сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
(музыка мен қазақпын қосу)
Дидар:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата-баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағатты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.
Ұланбасы Аяжан: «Жас қыран» ұйымының арнайы төс белгісін кеуделеріне алғаш болып тағушы ұландарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.
Диана:
Барлық ұлтты бауырыңа басасың
Көкте туым желбіреген аса тым
Тарихымда өшпес дағы ізі бар.
Егеменді елім менің жасасын!
Дидар:
Жас ұлан өзгерпейді шешімін,
Жас ұлан өзгертпейді кесімін
Болашақтың туын ұстап қолыңа,
Нық қадам бас тәуелсіздік жолында!
Диана:
Алдарыңызда Жасұлан ұйымының белсенділерінің орындауында
«Қазақстан » әні
Жас Ұлан ұйымының әнұраны орындалады!
Ұланбасы Ғазиз: (ортаға ұланбасы шығады, барабан дробы ойнайды)
Жас Ұлан! Түзел! Тік тұр! ҚР туы және Жас ұлан ұйымының туы шығарылуға дайын
Ту шығарылады.
Диана:
Бүгінгі республикалық «Жас ұлан» ұйымына қабылдау салтанаты мектеп тарихында, ант қабылдаушылардың есінде мәңгі қалары анық. Тәуелсіздік туын қолда берік ұстау-баршамыздың абыройлы боршымыз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын.
Дидар :
Салтанатты жиынға қатысушылар, құрметті қонақтар, «Жас ұландықтар»! Патриоттық сезімге толы салтанатты жиынымыз өз мәресіне жетті, ендеше республикалық «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатын жабық деп жариялаймыз!
Дидар Диана
Бірге: Сау болыңыздар!