Мектеп:
|
|
Мұғалімнің
аты-жөні:
|
|
Күні:
|
13.01.2025
ж.
|
Сынып: 7 «А»
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар
саны:
|
Сынып сағатының
тақырыбы:
|
«Біз – сыбайлас жемқорлыққа
қарсымыз!»
Қауіпсіздік сабағы (10
минут)
№ 17-САБАҚ
7 -
сыныптар: «Судағы қауіпті жағдайларды қалай тануға
және судағы жазатайым оқиғларадың қалай алдын алуға
болады?»
|
Мақсаты:
|
Оқушылардың адам құқықтары
жайлы білімін жетілдіру; «жемқорлық» жайлы мысалдар келтіре отырып,
сөздің мағынасын түсіндіру. Жемқорлықтың еліміздің дамуына
орасан зор зиян келтіретінін айта отырып, Отанын, халқын сүйетін,
еліміздің өркендеуіне үлес қосатын алғыр да білімді, тарихымызды
бағалайтын, шынайы патриот, ержүрек тұлға тәрбиелеу, ұлттық
дәстүрімізді қастерлеуге
үйрету.
|
Қауіпсіздік сабағының
мақсаты:
|
Балаларды судағы қауіпсіз
мінез-құлыққа және жазатайым оқиғалардың алдын алуға
үйрету.
|
Міндеттері:
|
-
Судағы қауіпсіздік қағидаларымен
таныстыру.
-
Ықтимал қауіптер мен оларды қалай болдырмауын
талқылау.
|
Аптаның дәйек
сөзі
|
Талап бар жерде тәртіп
бар
|
Сабақтың
жоспары
|
Сынып сағатының
кезеңдері
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурс
|
Ұйымдастыру
кезеңі
2
мин
|
Амандасу.
- Құрметті оқушылар! Бүгінгі
сынып сағатының тақырыбы: «Жемқорлыққа жол берме!» деп
аталады.
|
Мұғаліммен амандасады,
дайындықтарын білдіреді. Бір-біріне көтеріңкі көңіл күй, сәттілік
тілейді.
|
|
Компью-тер,
смарт-фон
|
Жаңа
сабақ
3
мин
|
- Оқушылар, жемқорлық
дегеніміз не?
- Жемқорлықтың қоғамымызға
қандай зиянын атап айта
аласыңдар?
ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен
күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді.
Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ
соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы
өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты
мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік
пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және
артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен
аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы
адамдарды парамен сатып алу”.
“Жемқорлық” сөзінің мағынасына
этимологиялық тұрғыдан қарасақ, “параға сатып алу”, “пара” ретінде,
"corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим
құқығында сондай-ақ "corrumpire" деген түсінік болған, “сындыру,
бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік
берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті
білдірген.
|
Оқушылар сұрақтарға жауап
береді.
|
«Қолдау, қолпаштау»
әдісі
Жарайсың!
Бәрекелді!
Керемет!
Іске
сәт!
|
Слайд
2,3
Слайд
4,5
|
Сабақтың
ортасы
5
мин
2
мин
Қорытынды
2
мин
|
Сынып оқушылары
үш топқа бөлінеді де, әр топқа жеке тапсырма
беріледі.
1-топтың
тапсырмасы: Компьютер ойнауға ақша таба
алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне
асханада ақша майдалатқан Қайрат түседі. Сол Қайратты қорқытып,
ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе
жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойында арам ойы жоқ Қайратты
Ерлан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етеді. Алғашқыда
ойын екен деп ойлаған ол соңынан бұл істің қалжың емес екенін ұғып,
қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман-есен құтылғанына қуанған
ол анасына айтатынын ескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл істі
біреуге айтсаң, онда жақсылық болмайтынын Қайратқа жақсылап
ұғындырады. Сұрақтар: 1. Осы көріністе баланың
қандай құқығы шектелген?
2. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?
3. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?
2-топтың
тапсырмасы: Нұрлан 5-сыныпта оқиды.
Нұрланның білім алуға деген талабы жақсы. Оқыса жақсы оқитын
оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата-анасының
тәрбиесі баланы жолдан тайдырады. Нұрланның ата-анасы бала
тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі
қалдырады, кейде тіпті апталап келмей қалатын кездері де болады.
Мектепте, сыныпта ата-аналарға байланысты өтетін жиындарға да
келмейді. Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне
барып, ата-анасымен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже
шықпайды. Ата-анасы құрғақ уәде беріп, құр шығарып салады. Білім
алу баланың басты міндеті екенін біле тұра оны орындауда әке-шешесі
салғырттық танытады.
Сұрақтар: 1. Нұрланның ата-анасының
қылығын қалай бағалайсыздар?
2. Сынып жетекшісінің орнында болсаңыз не істер едіңіз?
3. Ата-ананың бала алдындағы міндеттері
қандай?
3-топтың
тапсырмасы: 4-сыныпты сәтті аяқтаған
Жалғас жазда жақсы демалып, тынығып, қыркүйекте мектепке келді.
Биыл орта буын, яғни 5-сыныпқа келген соң, өзін-өзі бір есейіп
қалғандай сезінді. Әрбір істеген жұмысына өзінше бір есеп беріп
отыратын болды. Жалғастың қыркүйек айындағы тынымсыз еңбекке толы
күндері өтіп жатты. Ол енді мектептегі бір үйірмеге қатысып,
бойындағы ерекше бір қабілетін шыңдауды мақсат санады. Сөйтіп,
мектептегі «Тұмар» пікір-сайыс клубына жазылмақшы болып бір шешімге
келді. Осы ойын ата-анасына жеткізді. Ата-анасы Жалғастың ойына
қарсы болады. Оны анасы ағылшын тілінен өтетін үйірмеге өзі
жазғызып қойғанын, қазіргі заманда ағылшын тілі мамандарының өте
қажет екендігін, заман ағымына сай өмір сүру керектігін баса айтты.
Ал, Жалғастың бар ойлағаны, өзінше бір жасаған шешімі құмға сіңген
судай жоқ болды да кетті. Үнемі ата-анасының айтқанын дұрыс санап,
соны басты назарға алатын Жалғас тағы да ата-анасымен келісуге
мәжбүр болды. Сұрақтар: 1. Жалғастың ата-анасының
іс-әрекетін қалай бағалайсыз?
2. Осы жерде баланың қандай құқығы шектеліп тұр?
3. Жалғастың ата-анасының шешімімен келісуі дұрыс
па?
|
Мәтіндер бойынша сұрақтарға
жауап береді.
Оқушылар мәтіндегі ақпаратқа
өз ойларын білдіреді.
|
|
Слайд
6,7
Слайд
8,9
Слайд
11,12
Слайд
13
|
Қауіпсіздік
сабағы
(10
минут)
|
Кіріспе
Судағы қауіпсіздік –
жазатайым оқиғалардың алдын алудың негізгі кілті. Судағы
мінез-құлық қағидаларын және қауіпті жағдайлардың алдын алу
жолдарын білу жарақаттанудан және басқа мәселелерден аулақ болуға
көмектеседі.
Негізгі
бөлім
Судағы қауіптердің
мысалдары бар презентацияны
көрсету.
Төтенше жағдай
кезінде іс-қимыл алгоритмін
әзірлеу.
Суда тыйым салынады!!!
1) тыйым
салу
белгілері
мен
жазулары
бар
қалқандар
(аншлагтар) қойылған
жерлерде
шомылуға;
2) жүзу
шекарасынан асып
кетіп жүзуге;
3) кез
келген
жүзу
құралдарына
жақындауға, бейімделмеген құрылыстардан суға
секіруге;
4) су айдындары мен жағалауларды ластауға;
5) тақталарда, бөренелерде, автомобиль камераларында және шомылуға қауіп төндіретін басқа да заттарда жүзуге болмайды.
Қорытынды
Сабақты
қорытындылау.
|
|
|
|
Кері
байланыс
1
минут
|
«Бүгінгі сынып сағаты ұнады
ма?
Не
білдіңдер?
Не білгілерің
келеді?
|
Сынып сағаты бойынша кері
байланыс жасайды.
|
|
Слайд
14
|
Балалар, осымен бүгінгі сынып
сағаты аяқталды.
|
|
|
Слайд
15
|