Тақырып бойынша 15 материал табылды

"Біз -Тәуелсіз елдің болашағымыз" мерекелік шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында өткізілген шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Біз Тәуелсіз елдің болашағымыз»

МАҚСАТЫ: Оқушыларды Отанымызды сүйе білуге деген және туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тарихын, тілін құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. 
Өтетін орны: АКТ залы, күй ойнап тұрады ақырын


1 жүргізуші: Тәуелсіздік – бақыты ғой елімнің,
Тәуелсіздік – шаттығы ғой жерімнің,
Қолға қонған бақ құсындай, аялаған
Бағы ғой, теңдесі жоқ, бұл елімнің , - дегендей бүгінгі «Біз Тәуелсіз елдің болашағымыз» атты мерекелік кешімізге хош келдіңіздер
!

Хор : «Тәуелсіз ел ұраны »


16 желтоқсан Қазақстан Тәуелсіздігіне 33 жыл толуына орай мектеп оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау жиынымыздың куәсі болыңыздар!

2 жүргізуші:

В честь этой знаменательной даты мы проводим церемонию торжественного приема учащиехся в ряды детской и юнишеской организации «Жас қыран»


1 жүргізуші:

Алдарыңызда бүгінгі «Жас қыран» қатарына қабылданушы оқушылар:

2 А сыныбы. Сыныпта 18 оқушы. Білім сапасы 71%. Сыныпта 5 үздік, 7 екпінді.

2 Б сыныбы. Сыныпта 18 оқушы. Білім сапасы 82 %. Сыныпта 3 үздік,11 екпінді

2 В класс. В классе 3 ученика. Качество знании 66%. В классе 2 хорошиста


2 жүргізуші: «Жас Қыран » - шыншыл патриот

«Жас Қыран» - нағыз топжарған

«Жас Қыран» - қоғамға қызмет етеді

«Жас Қыран» - жауапты азамат

«Жас Қыран» - сенімді дос.

1 жүргізуші:

 Біз Отанның Ұланы,

Жер қайысқан қалың қол.

Тәуелсіз ел ұланы,

Ант беруге дайын бол!


А Н Т

Біз, _____________, Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

  • Өз Отанымыздың – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

  • Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

  • Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

  • Ата-анамды қадірлеуге;

  • Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

  • Білімге табандылықпен ұмтылуға;

  • Салауатты өмір салтын ұстануға;

  • Табиғатты аялауға;

«Жас Қыран» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымныздың талап етуге салтанатты түрде.

АНТ ЕТЕМІЗ ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ!


1 жүргізуші:

Жас қырандарды құттықтау сөз мектеп директоры Тулегенова Гульжан Тулегеновнаға және куәлік табыстау үшін мектеп парламент президенті Қадылбекова Арна мен парламент мүшелеріне беріледі.

(Нұриман микрофонды апарады)

( Куәлік табыстау, жас ұлан балалары табыстайды.)

Жарқылдаңдар, күліңдер,

Бақытты өмір сүріңдер!

Тәуелсіз елде өркендеп,

Өз жеріңді ардақ тұтып жүріңдер!

  • Жас қыранға қабылданған оқушылар орындарыңызға отыруға рұқсат!

1 жүргізуші: Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан-елім менің

Кезекті 1 сынып оқушыларының «Отан » туралы өлеңдеріне берейік!

( 1- сынып оқушыларының тақпақтары кетеді)


2- жүргізуші: 

Елім менің ұлы Отаным өз елім,

Өн бойыңды от жырыммен кеземін.

Жүрегімнен шығып жатыр жауһар жыр,

Жүрегіммен сені жақсы көремін!  


Ән «Қазағым». Орындайтын: 2 «Б» сынып оқушысы Асылбекова Адия.

Қарсы алыңыздар!

(Ән «Қазағым»)

Жүргізуші: - Күй ойнайды қазағымның қанында,

        Күй ойнайды қазағымның жанында,

         Жүрегімнің, жүрегімнің дүрсілі,

        Қазағымның домбырасы барында, деп Қадыр ақын жырлағандай,

«Нәр ағашы » күйімен ортаға 3 «А» сынып оқушыларын шақырамыз! Қол соғып, қошеметтеп қарсы алыңыздар!


2 жүргізуші: Тәуелсіздік-таң нұрысың арайлы,

Бабалардың арманысың талайғы

Ғасырлардың құшағында ер жеттің,

Халқым сені өз бақыты санайды.


- дегендей , «Ою - өрнек » биімен 3 «Б» сынып қыздарын ортаға шақырайық!

«Ою - өрнек» биі

1- жүргізуші: Как повезло тебе и мне
Мы родились в такой стране,
Где люди все — одна семья,
Куда не глянь — везде друзья. Итак, приглашаем 2,3,4 «В» класса с песней «Мой Казахстан!

2 - Жүргізуші: Қазіргі таңда «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзінде дамыған 50 елдің қатарынан орын алып отыр. Назарларыңызды бейнероликке аударсаңыздар! (2 мин видеролик )

1-жүргізуші: Бейбiт тандар арайланып атады,
                      Туған жердi аймалайды шырағы.
                      Байтақ елiм – ұлы Қазақстаным,
                      Ең бақытты балалардың Отаны (өздері шыға бастайды)


2 –жүргізуші: Бейбіт елдің ұланы
Оттай лаулап жанамыз,
Бұл бақыттың ұланы,
«Біз бақытты баламыз.» әнімен 2 «А» сынып оқушыларының өнерін тамашалаңыздар!!

1- жүргізуші:Сен әкелдің шаттығымды, күлкімді

Ата-бабам армандаған бұл күнді

Тәуелсіздік өркендесін өрісің,

Бақытпенен қауыштырған жұртымды.

Келесі кезекте «Батырлар » биімен қол соғып, қошеметтеп ортаға 3 «Б» сыныбын шақырайық!

  1. Жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі


«Атамекен» әні орындалады.

1 – жүргізуші

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!- дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 33 жылдығына арналған «Біз тәуелсіз елдің болашағымыз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!




Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің

«Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі»КММ















«Біз – Тәуелсіз елдің болашағымыз!»











Өткізген: Узембаева Р.М



















2024 – 2025 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.12.2024
85
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12