"Біз ананың гүліміз"!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Біз ананың гүліміз"!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

63 «Әсем -Ай» балабақшасы «Ақбұлақ» және «Алпамыс» шағын орталығы

тәрбиешісі: Тажибаева Бота Каиржановна




Тақырыбы: Біз ананың гүліміз

Білім саласы: Қатынас, шығармашылық.

Бөлімдері: Тіл дамыту, Музыка.

Қолданылатын орталықтар: Көркем әдебиет, Өнер.

Апта тақырыбы: Балабақша

Іс әрекет тақырыбы: « Ана- біздің күніміз, Біз ананың гүліміз»- ертеңгілік

Жүргізуші Жандос:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер!

Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар!

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.

Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.

Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана- біздің күніміз,Біз ананың гүліміз!» - атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі әнде, биде сіздердің құрметтеріңізге!Ендеше қошеметпен балаларымызды шақырайық.

Ортаға балалар шығады: Би « Журекше»

Балалар хормен: Баланыңда тілегі

Дананаың да тілегі

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі

(Балалар орындықтың алдына барып тұрады )

Кәусәр: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын

Аяжан:

Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін

2. Жүргізуші: Армысың мейірімді аналарым,

Мейірбан ашық көңіл даналарым,

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың

Қымбатты балалар, сүйікті апалар, құрметті әріптестер!
Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!

(балалар орындықтардың алдына тұрып тұрады)

Хормен балалар :
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз!

2. Жүргізуші: Жер әлемді жайнатып,

Әнші құстарды сайратып,

Гүлге бөлеп даланы,

Әнге бөлеп қаланы,

Көрікті көктем келді

(Ортаға музыкамен көктем кіреді)

 Көктем:

Мен көңілді көктеммін,

Былтырда келіп кеткенмін

Құшағым гүлге толсын деп

Нөсерімді төгемін.


Жүргізуші:

Ару көктем, қош келдің, төрге шығыңыз! Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз.

Көктем:

Гүлдердің сан алуан,

Түрлерін мен білемін

Сол гүлдерді өсіріп

Аялаумен келемін


 (Көктем қыздарға гүлдерді береді. Қыздар орынан тұрады.)

Би: « Гүлдер биі»


Көктем:

Кең даламды хош иісімен, сұлулығымен жайнатқан менің әсем гүлдерім тақпағын айтса деймин....

Кәусәр

Бәйшешек:

Көктем гүлі бәйшешек

Мен боламын қараңдар

Наурыз сәуір айында

Мен шығамын жайқала

 

Айерке

Қызғалдақ:

Қырқалардың төрінде

Қаулап көзге ұрамын,

Құлпыра жайнап өңірде

Қып қызыл боп тұрамын


Жүргізуші: Құрметті, Көктем аруы! Сізге біздің балаларымыздың әні де бар.

Біздің балаларымыз өте өнерлі. Қанеки балалар әнімізге тұра қояйық.


Ән: «Көктем келді»


Зере: Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.


Бексұлтан: Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам



Мұстафа: Жақсы көреді әжелерін,
Ойыншықтар да әпереді
Балабақшаға да әкеледі,
Жақсы қандай әжелері


Ален : Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.




Бектас: Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз



Медина: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын

Ойын:

Жүргізуші: Ойын шарты: Аналарды сүю, 2 ананы ул/қызы мен шығарып партаға қағаздан жасалған 21 шт кішкентай гул қоямыз, балалар екі ара қашықтықта аналарына гүл тасиды бір гүл әкелген сайын аналарының бетінен сүюі тиіс, артынан санап кімдердің гүлі көп сол жеңімпаз. 2/3 рет ойнатуға болады.

(Ойын ойналады)

Жүргізуші: Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені өйткені,

Өте жақсы көреді.


Ән: « Әжемнің шайы»


Жүргізуші: Керемет, аналарымызға үлкен рахмет, қошеметтеріңіз!

Біздің ұлдарымыз да өнерден кенде емес, ендеше ұлдардың аналарымызға дайындаған биін тамашаласақ...


Тақпақтарын айтады Индира апай

Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.

Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамын мен құттықтаймын.

Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.

Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.


Би: « Ұлдар биі»



Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін, биін, әндерін тыңдап көрдіңіздер!

Құрметті әжелер, аналар,біздің балаларымыздың сіздерге деген сыйлықтары бар табыс етуге рұқсат етіңіздер. ( Сыйлық беру)



Жүргізуші: Құрметті де, қадірлі біздің қонақтарымыз, Сіздерді Халықаралық әйелдер күні, 8- Наурыз мерекесімен құттықтай отырып , бүгінгі біздің ертенгілігімізді жабық деп жариялаймыз! Әрине, абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне біздің бүлдіршіндеріміздің орындауындағы «Ана туралы» атты әнін қабыл алыңыздар.

 Ән: Анашым қартаймашы

 

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2018
520
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі