«БІЗ БАЛАЛАРҒА ҰҚСАМАЙМЫЗ,БАЛАЛАР БІЗГЕ ҰҚСАЙДЫ" ата-аналармен бірлесе өткізілген психологиялық ағарту жұмысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«БІЗ БАЛАЛАРҒА ҰҚСАМАЙМЫЗ,БАЛАЛАР БІЗГЕ ҰҚСАЙДЫ" ата-аналармен бірлесе өткізілген психологиялық ағарту жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: 1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту. 2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру. 3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтоғай аграрлық – техникалық колледжі КММ










Ата-аналармен бірлесе өткізілген психологиялық ағарту жұмысы

«Біз балаларға ұқсамаймыз,балалар бізге ұқсайды













Колледж психологы: Төлеуғазы А.Т


















Ақтоғай ауданы 2016 оқу жылы

 «Біз балаларға ұқсамаймыз,балалар бізге ұқсайды»


Мақсаты:
1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз, слайд, видеоролик, маркерлер, плакаттар, нота кілті
Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ - жауап, тренинг, «Қызықты сұрақтар», «Сіз қандай ата анасыз» тест

Жиналыс жоспары.

  1. Ұйымдастыру. Тренинг: «Маған сіздің бойыңыздан ұнайтыны» (Ата-аналар мен оқушылар бір-біріне жақындап, қадам жасау арқылы лебіздерін білдіреді)

  2. Топқа бөлу. «Нота кілті» (Әуен арқылы)

Кіріспе сөз.

  1. Жағдаяттарды шешу (Ата-аналар мен оқушыларға)

  2. Ата-аналарға тест «Сіз қандай ата-анасыз?» (әр жауап үшін 1 балл)

  3. Әңгімелесу-Миға шабуыл.

  4. Бейне жазба арқылы сергіту сәті

  5. Балалық шағымызға ораламыз.

  6. Бақытты отбасының бәйтерегі. (Оқушыларды жеке, ата-аналарын жеке топқа отырғызып, постер қорғату)

  7. Қорытынды: Ата-аналарға кеңестер бейнежазба арқылы көрсетіледі.


Жиналыс барысы:

Барысы: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар, қонақтар!

Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгім келіп тұр. Алдымен әр ата-ана өз балаларыңызға қарама-қарсы тұруларыңызды өтінемін.

Тренинг: Ата аналар өз балаларына қарама-қарсы тұрып, бір-біріне бір қадам жасай отырып, кезек-кезек бойларындағы жақсы қасиеттерін айтады. М: Анасы: -Құлыным, сен менің өмірімдегі баға жетпес асылымсың!

Баласы:-Анашым, сіз менің өмірімдегі ең асыл адамсыз!

Солай жалғаса береді.

2) Топқа бөлу: «Нота кілті». Нота кілттерінің артына бір өлеңнің әр шумағы жеке-жеке жазылады. Сол әндерді әуенімен құрастыра айта отырып, өз топтарына жинап, топ құрайды.

Психолог сөзі: Құрметті ата-аналар мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол-менің балаларым»-деген екен. Әрбір ата-ана баласының денсаулығы мықты,ең жақсы болуын,талапты болып өсуін арман етеді. Менің ойымша,құрметті ата-аналар, сонымен қатар оның жақсы адам болып өсуін арман ету керек, ол адамдарға және қоғамға пайда келтіріп, «Адам» деген жоғары атаққа ие болып, барлық өмір тіршілігінің сынақтарынан сүрінбей өтіп, жетістіктерге жетедіЖас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі,мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек , отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат-әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан – жақты дамуына ата-ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін-өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.

3 бөлім: Жағдаяттар шешуТренингтен соң, оқушыларға шағын сұрақтар қойылады. Қашанда халқымыз балаларын патшасындай сыйлаған ғой. Сол себепті алғашқы жағдаяттық сұрақты оқушылардан бастайық:

1 Топқа: Бесінші сынып оқушысы Ерлан күнделік жазуды бастады.Ол өзінің табандылығы мен ерік күшін қалыптастыру үшін өзіне төмендегідей талаптар қойды:
«Сабаққа дайындалатын уақыт болғанда, мен барлық шаруаны, тіпті өте қызық нәрселерді жинап қоямын.Барлық сабақты оқып болмайынша, еш нәрсеге аландамаймын.Мен бастаған ісімді аяғына дейін жеткіземін». Осы талаптарды Дархан үнемі есепке алып отырады.
• Дархан неліктен өзіне осындай талаптар қойды деп ойлайсыңдар?
• Өздеріңеқандайталапқоясындар?

  1. Топқа: Айман ән салып, би билегенді ұнатады. Уақытының көбін осыған арнағысы келеді. Осыны ойлағанда үй тапсырмасын да тыңғылықты орындағысы келмей қалады. Үй шаруасына көмектесуге де ынталанбайды. Ән салып, би билеуге де бар күшін сала қойған жоқ. 
    • Айманға қандай ақыл кеңес берер едіңдер?
    • Айманның бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыңдар?

(Ата--аналарға)

1 топқа: Марат жазаланды.Ол 2 бірдей «2» алған болатын.Әкесі ұлымен қатаң сөйлесіп,үйден шығуға рұқсат етпей қойды.Бірақ достары келіп Маратты ойнауға шақырды.Анасы баласын аяп әкесіне оны достарымен бірге жіберуді сұрай бастады. Ата-ана арасында конфликт туындады. Не істейміз?(ата-ананың балаға қоятын талаптары бірыңғай болуы тиіс)

2 топқа: Айжан анасына тосын сый жасағысы келді.Сөйтіп ол мектептен келе салып ыдыс-аяқтарды жуып,ас даярлады. Анасы келгенде оның алдына көңілденіп шығып, қолындағыларын алды,шешінуіне көмектесті.Бірақ анасы оған ешқандай мән берген жоқ,біртүрлі көңілсіз еді. Сонан соң қызы анасын дастарханға шақырды. Тамақтанып болған соң «рахмет» деді де өз бөлмесіне кетіп қалды. (Бала еркелеткенді,мақтағанды ұнатады.Оны жиі мақтап,аялап,еркелетіп тұру керек.) 


4)Негізгі бөлім: Ата-аналарға арналған тест «Мен және менің балам»

Ата-ананың бала тәрбиесіндегі атқаратын ролі аса зор. Олар бала өмірінде  «құрастырушылар, жобалаушылар және құрлысшылар»  болып табылады. Бұл тест ата-аналарға бала тәрбиесіннің мәселелерін  толықтырып, анықтауға көмектеседі.

Сұрақтар.

1.    Кез-келген уақытта барлық жұмысыңызды тастап, бала тәрбиесімен айналыса аласыз ба? АБВ

2.    Балаңыздың жасына қарамай әр түрлі мәселемен бөлісе аласыз ба? АБВ

3.    Балаңыздың қателерін айта аласызба? АБВ

4.    Өзіңіздің қателегіңіз үшін балаңыздың алдында кешірім сұрайсыз ба? АБВ

5.    Балаңыз сізді ашуландырса, өз-өзіңізді ұстай аласыз ба? АБВ

6.    Өзіңізді балаңыздың орнына қойып көрдіңізбе? АБВ

7.    Бір минутқа болсын өзіңізді сиқыршы болып елестете аласыз ба? АБВ

8.    Баланың көңіліне келетін ауыр сөздер айта аласыз ба? АБВ

9.    Балаңызды арманын оның жақсы тәртібі үшін орындай аласыз ба? АБВ

10.   Балаңыз үшін бір күнді бөліп, оның қалағанын, ойына келгенін істете аласыз ба? АБВ

11.   Балаңыздың өтінішіне, көз жасына, еркелігіне шыдай аласызба? АБВ

12.   Өзіңіздің әділетсіздігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрай аласыз ба? АБВ

Тест қорытындысы

 Жауап «А» болса онда - 3 ұпай, «Б» болса онда – 2 ұпай, «В» болсаонда – 1 ұпай.

Егерсіз 27-ден – 36-ға дейін ұпай жинасаңыз, онда сіз үшін балаңыз өміріңіздің мәні де сәні. Сіз балаңызды тыңдап қана қоймай, оны түсініп, оған сыпайылықпен қарап, ылғи да оны қолдап, сіз балаңызды тәрбиенің озық ұстанымдарын ұстайсыз. Басқа сөзбен айтқанда сіз дұрыс істейсіз және бұдан жақсы қорытынды шығады деп сеніңіз.

Егер 13-тен 27-ге дейін ұпай жинасаңыз. Сіз үшін бала қамқорлығы маңызды болып саналама?  Сіздің бойыңызда тәрбиешінің қабілеті болғанмен сіз оны аса қолданбайсыз. Сіздің тым қатал немесе ақкөңіл болғаныңыз бен,   жүргізетін тәрбие  жұмысына кедергі жасайды. Бала тәрбиесіне шын көңіл бөлу үшін аса ойлануыңыз қажет.

Егер 13 ұпай болса. Сізде баланы тәрбиелеуде үлкен қиындықтар туындайды. Балаңызды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге қабілетіңіз немесе мұршаңыз жоқ. Мамандардың және педагогтар мен психологтың кеңесін алуыыңыз қажет немесе жанұя тәрбиесі туралы мақалаларды оқуыңыз керек.

5 бөлім: Әңгіме: Ми шабуылының тәсілі (ата-анаға сұрақ)

Мұғалім: — Құдайдан адамдар бала бер деп жалбарынып сұрайды. Адамға неге бала керек? (ата-аналар өз пікірлерін айтады)

Мұғалім: Әрине,бақыты отбасы бұл әрбір адам өміріндегі ең маңыздысы.Бұл туыс және туған адамдар, оларды біз құрметтейміз, оларға сенеміз,қуаныш пен бақыт тілейміз.Әрбір бала дүниеге өз миссиясымен келеді.Ал біз не істейміз? Біз балаларға нұсқаулар бере бастаймыз, ал кейбіреуі өмір жолымен жетелейді.

6 бөлім: Сергіту сәті:Бейнежазба арқылы сергіту сәтін көрсету

7 бөлім: Әрбір ата –ана өз баласынан бақыт көреді.Өкінішке орай кейбір ата-ана «бақыт» деген ұлы сөздің оларға келгенін байқамайды.Қандай болмасын ,бар болмысыңызбен өз балаңызды сүйіңіздер,өйткені олар сізді сүйеді, өйткені сіздер олардың әкесі және анасы боласыз. Біреулер байлықты-бақыт деп санайды,басқасы құрмет пен даңқ,үшіншілері-лауазым мен мансапты бақыт дейді. Нағыз бақытты адамға тек жақсы,тәрбиелі балалар ғана сыйлай алады. Осы ойды жалғастыру мақсатында екі топ қазір балалар жеке, ата-аналар жеке болып, бөлініп отырады.

Тақырып: «Балалық шағымызға ораламыз» (Ата-аналарға)

  1. сұрақ: «Менің балалық шағымның ең бақытты күндері» (Ата-аналарға)

  2. сұрақ:Отбасыларыңдағы ең бақытты, сендер үшін есте қаларлық сәттер? (Оқушыларға)

8 бөлім: Бақытты отбасының бәйтерегі. Ата-аналар өз отбасыларының ерекше қасиеттерін жазып,ағашқа немесе магниттік тақтаға бекітеді.


Қорытынды: Мұғалім: Әрине,өмірдің барлық жағдаяттарын қамти алатын, жұрттың бәріне ортақ,бірыңғай ереже жоқ.Әрбір бала әртүрлі. Әрқайсысы өзінше ерекше. Сол сияқты бізбен сіздің қарым-қатынасымыз да өзіндік сипатта. Біздер:педагогтар мен ата-аналар- балалардың бойындағы білуге құмарлық,еңбек етуге,әдемілікке, өз қабілет-қарымы мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруға тырысушылық әрекеттерін жетілдіру,дамыту,қалыптастыру бағытында бірлесіп жұмыс жүргізуіміз қажет. Мен бұл бағыттағы іс-әрекеттеріміздің нәтижелі боларына сенемін. Жиналыстың соңында сіздерге алғыс айта отырып,жауап байланыс парағын толтыруды сұраймын.

Жауап байланыс парағы:

  1. Ата-аналар жиналысының мұндай формасы бізге қажет пе?

  2. Сіздің пікіріңізше не нәрсе артық болды,нені қосу керек еді?

  3. Келесіде қандай тақырыпта әңгімелесуді ұсынар едіңіз?

 

Shape1 Shape2



 

Shape9 Shape7 Shape5 Shape3 Shape10 Shape8 Shape6 Shape4

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.00.2018
639
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі