«Ақбота»
бөбекжайы

Эстафеталық
сайыс
Дайындаған:
Дене шынықтыру
нұсқаушысыА.Е.Ермекбаева
Музыка
жетекшісі:Д.Сагынова
Тәрбиешілер: Г.Амирова.
А.Жанғожина
2021
жыл
«Біз бақытты баламыз»
эстафеталық сайысы
Мақсаты: Балалар бір-бірін
сыйлауды және достар арасындағы
сыйластықты
нығайту барысында,
адамгершілік қасиеттерін дамытып, қимылдық
ойын
кезінде
шапшаңдылық,ептілік,төзімділік қасиеттерін
дамыту.
Құрметті:Балабақшамыздың
сүйкімді бүлдіршіндері, сіздерді бүгінгі
1-Маусым балаларды қорғау
күніне байланысты «Біз бақытты баламыз»
атты
эстафеталық сайысымызға қош
келіпсіздер! Бұл мерекелік іс-шарада,
балалардың
спорттық сайысы және
ән-шашуларын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Ендеше бүгінгі
эстафеталық сайысымыздың әділқазылар
алқасымен
таныстырамыз.
1._____________________________________________________________________
2._____________________________________________________________________
3._____________________________________________________________________
Жүргізуші: Ал, қанекей
қонақтар,
Ортаға назар
салайық.
Спортшылар
қауымын,
Қол соғып қарсы
алайық.
Ендігі кезекті сайысқа
берейік.
Жүргізуші: Бүгінгі спорттық
сайысымыз 4- бөлімнен тұрады.
-
«Кенгуру»
сайысы
-
«Еңбектеу»
сайысы
-
«Кім жылдам»
сайысы
-
«Допты домалат»
сайысы
Жүргізуші: Ендеше
1- бөліміміз
«Кенгуру»
сайысы
Ойын шарты: Белгіленген жерге
дейін кенгуру добымен секіру.
(Құралдары: кенгуру добы,
кегли)
Әділқазылар алқасы
1-бөліміміздің қорытындысын берейік.
Жүргізуші:
Бүлдіршіндер қуанса,
Мерекеміз тамаша.
Шырқалсын әсем әніде,
Шарықтап биік шыңында дей отыра Александра Раянаның орындауында
«Топ-топ балақан» әнін қабыл
алыңыздар.
Жүргізуші: Ал енді
II-бөліміміз «Еңбектеу»
сайысы
Ойын шарты: Балалар тунельдің
арасымен еңбектеп өтіп, межеден айналып,кері еңбектеп
қайту.
(Құралдары: Геометриялық
пішіндер)
Әділқазылар алқасы екінші
бөліміміздің қорытындысы берейік.
Жүргізуші:
Біздерде ойын - сауық басталады
Тамаша би билеп, әнде салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды - дей отырып, Амангелді Ақеркенің
орындауында «Тұлпарым» әнін қабыл
алыңыздар.
Жүргізуші: III-бөліміміз «Кім
жылдам» сайысы
Ойын шарты: Жердегі
кругтан-кругқа қос аяқтап секіріп, межеден айналып ,кері жүгіріп
қайту.
(Құралдары:
Круг)
Жүргізуші: 3- бөліміміздің
қорытындысын берейік.
Жүргізуші: Ең соңғы
бөліміміз «Допты
домалат» сайысы
Ойын шарты: Балалар кеглилер
арасымен допты 2 қолмен домалатып, кері межеден айналып
қайту
(Құралдары: Кегли,
доп).
Жүргізуші: 4- бөліміміздің қорытындысын
берейік
Әділқазылар алқасы соңғы
бөліміміздің қорытындысы берейік.
Жүргізуші: Балалар аман болсын әр үйдегі
Таусылмасын ананың әлдилері
Флешмоб биімен тәнті етер,
«Көгершін» тобының бүлдіршіндері-деп «Флешмоб» биін қарсы
алайық.
Жүргізуші: Бүгінгі мерекелік-шарамыз өз
мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар!


