Материалдар / "Біз бақытты балдырғандар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Біз бақытты балдырғандар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Берілген сұрақты дұрыс түсініп,лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу . Сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, орынды қолдану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2021
438
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:«Біз бақытты балдырған»


Мақсаты:Балалық балдырған шақтың қызықтарын балаларға

түсіндіру.Ой-өрістерін, ойлау логикаларын дамыту,

сөйлеу тілдерін жаттықтыру


Тәрбиелік мақсаты: Балаларды жақсылыққа, инабаттылыққа ата-анаға

мейірімді болуға, туған жерге айналадағы заттарға

ұқыпты болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Бөлме шарлармен, гүлдермен безендірілген.


І. Ұйымдастыру


Жүргізуші:Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар «Бақытты балалық шақ»

аты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.


Жүргізуші: Балдаурен -балалықтың балғын күні,

Балдаурен- қуаныш пен шаттық үні.

Балдаурен бақыт кешкен балдырғаның,

Жайраңдап қырда ашылған қызыл гүлі-

деп кешімізді жалғастырамыз.

Ән ұран «Менің қазақстаным»


Жүргізуші: « Бала дегеніміз -болашақ» дегендей

«Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз

айытқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға

айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз

желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал

ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі

ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең.

Балалар сендер өздеріңді не үшін бақытты балдырғанбыз деп

ойлайсындар?


Арайлым: Біздер өзімізді бақытты балдырғанбыз деп санаймыз, өйткені біздің

сүйікті отанымыз, қасиетті ана тіліміз, ардақты да аяулы ата –

анамыз бар. Осының бәрін ардақтай білуге, біздің алтын ұя

мектебіміз бен аяулы ұстаздарымыз үйретті.

Хор «Біз бақытты баламыз»

1 – Жүрг: Жаны құмар сәби ек жаңалыққа

Шаруасы жоқ паңдық та даналық та

Жаратқанның теңдессіз шеберлігі-ай

Бар бақытты сиғызған балалыққа


Еркебұлан: Мәңгі өзгермес бақыты, бақ қадірі

Секілді жұпар шашқан бақша гүлі

Адамзаттың сарқылмас сағынышы

Балалықтың бал дәурен патшалығы


2 - Жүрг: Адамның өмірге деген құштарлығын еселей түсетін құдірет ол – ұрпағыңның өсіп ер жетіп, азамат болуы.

Арлан: - Болашағын ойлаған әрбір қоғам бар жақсылықты алдымен елдің ертеңі жас ұрпаққа жасайды. Бұл орайда, Тәуелсіз Отанымыз өз алдына отау тігіп шаңырақ көтерген алғашқы күндерінен бастап талай-талай ізгі ниетті қадамдар жасап келеді.

1– Жүрг: Тәуелсіз елімізде бүлдіршіндеріміз бақытты, дені сау болуы үшін барлық жағдай жасалуда. Демек, жас ұрпақтардың келешегі кемел деген сөз.

Мадияр: Сәби үнімен, сәби күлкісімен мынау жарқын дүние жасара түспек. Олай болса кіршіксіз таза, ақ көңілді, адал жүректі сәбилеріміз аман болсын – дейік!

2 - Жүрг: Ашық аспан аясында,

1 – Жүрг: Нұрын шашқан күн сәулесіндей, біздің балдырғандарымыз

Бірге: бақытты өмір сүрсін!

1 - Жүрг: Ұрпақты жалғастырар бала бағың

2 - Жүрг: Күлкісімен келтірген өмір сәнін

1 – Жүрг: Бүгінгі мерекеде сіздерге арнап

2 - Жүрг: Бар өнерін көрсетсін балаларың

1 – Жүрг: Ендеше қадірлі қонақтар! Өнерлі балаларыңыздың сіздерге арнағалы тұрған мерекелік бағдарламасын

қабыл алыңыздар!

Би « Қуыршақтар»

Орындайтын бір топ қыздар


1 – Жүрг: Таудай болған талабы,

Кім сүймейді баланы.

Бақшалардан басталған,

Сәбилердің қадамы

Аяулы: : Жанарынан шуақты,

Арайланды таң нұры.

Кішкентай күн сияқты,

Балғындардың барлығы.

2 – Жүрг: Балдырғандар талабы,

Міне жаңа басталды.

Қуана қарсы алалық

Жақсы би мен жақсы әнді.

Орталарыңызда «Буратино» биімен өздері әнші, өздері биші болашақтарынан зор үміт күттіретін қыз - жігіттерімізді

Бірге: қарсы алайық!

2 – Жүрг: Ұлан байтақ қазағымның жері бар,

Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар

Қазағымның жерін, елін қорғайтын

Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.

1 – Жүрг: Жаса! Жаса! Егеменді еліміз

Кең жазира ұлан – байтақ жеріміз

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз

Жүрегі туған елім, туған жерім деп соққан әнші қыздарыңыз Асылзатты Туған жер әнімен

Бірге: Ортаға шақырамыз.

1 жүрг: Ана - сарқылмас бұлағың, таусылмас қазынаң. Мынау өмірдің өзі анамен қымбатты. Шуағымен жарық шашса, мейірімімен әлемді жылытады.

2 – Жүрг: Осындай аналарымызға бас ие отырып, Ернар мен Еркебұлан сіздерге

«Қазақтың қыздары» әнін тарту етеді. Қошемет көрсетейік ағайын!

1 – Жүрг: Бал балалық балдырған шақ сан арман

Барлық бала армандауға жаралған

Балдырғандар әндетіңдер, билеңдер

Орындалсын ойларыңдағы бар арман

2 – Жүрг: Отанменен бірге біздің жанымыз

Жарасып тұр әніңіз бен сәніңіз

Бірлік қонған ұлан – байтақ елімде

Өмір сүрген бақыттымыз бәріміз

Сахнада «Достар» әнімен әнші қыздарымызды

қарсы алайық.

1 – Жүрг: Балалық шақ бал дәуренге не жетсін! Алғаусыз күлкі, ниет – пейілдерін айтсайшы - тап -таза тұнық, көңілдері де сондай мөлдір, ерке мінез – бәрі – бәрі балалық шақтың белесі.

2 Жүрг: Жанарының жарқылы

Жанып салар жан сырын

Шаттық толы әр күні

Бақытты шақ, бал шырын.

Сахнаға «Балдәурен» биімен биші қыздарды ортаға шақырамыз.

«Бақыт деген не?» сахналық көрініс. Әкесі мен қызы

Айтшы,білсең егер де,

Әке,бақыт деген не?

Бақыт деген,шырағым,

Мына әсем тұрағың,

Ну ормандар,

Гүл бағы,

Күннің күліп тұрғаны.

Бақыт – дәні далаңның.

«Ботам» деуі әжеңнің,

Тыныштығы әлемнің!

Қайда бақыт мекені,

Қалай оған жетеді?

Адал еңбек етесің!

Сонда ғана жетесің!

Көрінбейтін көзіңе,

Сонда оның өзі не?!

Бақыт деген,сөзім шын –

Айналайын өзіңсің!

1 – Жүрг: Аспан тұрса күлімдеп

Айын биік орнатып

Ақса бұлақ гүрілдеп

Балаларға сол бақыт

2 – Жүрг: Балаларға сол бақыт

Жүрсе алдында анасы

Болса мөлдір өзені

Болса байтақ даласы

1 – Жүрг: Бала - өміріңнің шырағы,

2 – Жүрг: Көңіліңнің айнасы,

1 – Жүрг: Еліміздің ертеңі,

2 – Жүрг: Ғұмырыңның жалғасы.

1 – Жүрг: Бала – ананың бақыты,

2 – Жүрг: әлемнің шаттығы,

1 – Жүрг: өмірдің бастауы

Туған елді көктететін, бейбіт күннің жаршысы бал-бөбектеріміз аман болсын.

2 – Жүрг: Қымбатты аналар ата-аналар, балдырғандар! Мереке тағы да құтты болсын . Бұлтсыз күн, ашық аспандай , нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балдырғандарымыз бейбіт өмір сүрсін. Бірге: Әрқашан күн сөнбесін!

Осымен балаларыңыздың сіздерге арнаған мерекелік концерті аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көптен көп рахмет.

Жүргізуші:Тыныштық баршамыздың ұранымыз,

Мәңгілік таусылмайтын жыр әніміз.

Арманның асқарына қанат қаққан,

Бақытты бейбіт елдің ұланымыз-дей

келе бүгінгі кешімізді аяқтай келіп ата-аналар өз балдарыңызды қастарынна алып «Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие» атты сауанамаға жауап беруіңізді сұраймын.

Балалар сіздердің балалық шағыңыздың қызықты күндері таусылмасын. Біз бүгін бүлдіршіндерімізге мықты денсаулық,оқуларына сәттілік тілеп, тіл алғыш зерделі болыңдар демекпіз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!