Біз біргеміз және сенімдіміз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біз біргеміз және сенімдіміз

Материал туралы қысқаша түсінік
11 - сыныптарға арналған тренинг сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы



23.11.2018Ж

БІЗ БІРГЕМІЗ ЖӘНЕ СЕНІМДІМІЗ


DrawObject1

«БІЗ БІРГЕМІЗ ЖӘНЕ СЕНІМДІМІЗ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ

ТРЕНИНГ САБАҚ

DrawObject2

МАҚСАТЫ: оқушылардың ҰБТ-ге сенімділікпен дайындалуын, стресс жағдайларын жеңе білулерін қамтамасыз ету. Оқушыларға ҰБТ алдындағы үрей, қорқыныш сезімдерінен арылуға жағдай жасау және кеңес беру.

ФОРМАСЫ: Тренинг

КӨРНЕКІЛІГІ: презентатция, тест тапсырмалары, парақшалар

ЖОСПАРЫ:

І.Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен амандасу

ә)оқушылар назарын сабаққа аудару

б)тренинг шартымен таныстыру

ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  • «Мен қалаған есім» жаттығуы

  • «Қар қиыршықтары» жаттығуы

  • «ҰБТ» - менің көзіммен ...» жаттығуы

  • «Стресс белгілері және стресс туғызуға аса әсер ететін факторлар» психологиялық кеңес

  • «Мазасыздық пен қысымның нәтижесін анықтау» жаттығуы

  • «Ақ парақтың екі бөлігі» жаттығуы

  • «ҰБТ-ға нық қадам» жаттығуы

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

  • «Майшам»жаттығуы


БАРЫСЫ:

ТӘРБИЕШІ: Құрметті оқушылар! Аздаған уақытта біз өзіміздің қоғам, ата-ана және болашағымыздың алдындағы жауапты кезеңге аяқ басамыз. Ол бәрімізге белгілі Ұлттық бірыңғай тест тапсыру және жоғары нәтижеге қол жеткізу болып табылады. Осы мақсаттағы жасап жатқан өзіміздің психологиялық дайындығымызды тағы да бір саралау мақсатында ұйымдастырылған «Біз біргеміз және сенімдіміз» тақырыбындағы тренингке қош келдіңіздер. Тренингті бастамас бұрын, тренингтің шартымен және жоспарымен таныс болайық.

І. ТРЕНИНГ ШАРТЫ

1. Берілген тапсырмадан тыс қалмау;

2. Бірін-бірі тыңдау және сыйлау;

3. Бір-біріне қолдау көрсету;

4.Уақытты тиімді пайдалану;

5. Жағымды эмоция тудыру


«МЕН ҚАЛАҒАН ЕСІМ» жаттығуы

Мақсаты: Оқушылардың өзі жайлы сезінуін қалыптастыру, тренингке белсенділігін арттыру.

Нұсқау: Оқушылар өздеріңді қалай атағанды ұнатасыңдар? Ата-аналарың, достарың, мұғалімдерің, туыстарың,сыныптастарың?

Талқылау: Өзіңді солай атағанда қалай сезіндіңдер? Бұдан кейін өзіңді солай атауын қалайсың ба?


«ҚАР ҚИЫРШЫҚТАРЫ» жаттығуы

Нұсқау: Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктейміз , оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да ортасынан бүктеп оң жақ жоғарғы бұрышын жыртамыз. Осылай мүмкіндігімізше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.

Талдау:

-Кімде бірдей, бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Себебі неде деп ойлайсыздар?- не себепті бәрімізде бірдей ақ қағаз бен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды?

- Себебі бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әр түрлі шықты. Өйткені біз әртүрлі адамдармыз.Біздің ата-аналар мен мұғалімдер қоғамдағы орнымыз, қызметіміз, жан-дүниеміз бәрі әртүрлі. Ал, біздің бірге жиналуымызда бір себеп бар- ол ҰБТ, одан жақсы жетістікке жету. Қоғамдағы орнымыз бен роліміз әртүрлі болсада, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір


«ҰБТ - МЕНІҢ КӨЗІММЕН ...» ЖАТТЫҒУЫ

Мақсаты: Оқушылардың әр нәрсеге соның ішінде ҰБТ -ға жан –жағынан қарай білуге, талдауға, үйрету.

Нұсқау: ҰБТ-дің 5 жағымды және 5 жағымсыз жағын атап, талқылайсыздар


« СТРЕСС БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ СТРЕСС ТУҒЫЗУҒА АСА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР» психологиялық кеңес

Мақсаты: Стресс және стресс туғызуға аса әсер ететін факторлар туралы психологиялық кеңес.

Стресс – адамның мазасыздығынан туындайтын көбіне өзі бейімделмеген жұмыстардың шамадан тыс болуына байланысты бейімделген психикамен организмнің өзгерістерге ұшырауына әкелетін процесс ретінде саналады. «Стресс» ағылшын сөзі, аудармасы «қысым, тартылыс, қысым келтіру» деген мағынаны білдіреді. Ең алғашқы рет стресс сөзіне анықтама берген канадалық физиолог Ганс Селье 1936 жылы. Стресске орай адам организмінідегі әр - түрлі өзгерістер тән болып саналады. Психологияда стресске ең басты мінездеме ретінде көбіне мазасыздықты айтады.

Бірінші фактор. Стресс барлығына бірдей. Дұрыс емес! Стресстегі ситуация бір адамға қалыпты ал екінші адам оны сол деңгейде қабылдамауы мүмкін. Мысалы: бір әйел үшін отбасында қонақты қабылдау аса қиын шаршаңқы процесс болса, ал кейбір әйел адам үшін бұл қуаныш болып саналады. Барлығы қабылдауға байланысты болып саналады!

Екінші фактор. Стресс үнемі зиян. Бұлда шындықтан алшақ болып саналады. Стресс скрипканың әуенін қалыпқа келтіру үшін, қылы қаншалықты қажет болса, біздің өмірімізге де, соншалықты маңызды факторлардың бірі болып саналады. Егер ол әлсіз болса, онда үні жай шығады, ал егер қатты болса, скрипканың даусы нашар шығып, тез арада үзілуге алып келеді. Стресс өмірді құлдыратуы да және мәнді етуі де мүмкін. Барлығы Сіздің қабылдауыңызға байланысты болып келеді.

Үшінші фактор. Бізді барлық жерде стресс күтеді, онымен еш нәрсе жасауға келмейді. Шындығында бір нәрсе жасауға болады, ол стрессті күлкі ретінде қабылдап, шынайы шешім табуға тырысу болып саналады.

Тәрбиеші: ҰБТ- бұл өте ауыр емтихан , оқушы психологиясына соққы береді.Өйткені оның алдында мүлдем жаңа міндеттер қояды.Мұндай ауырлықты оқушы жанына сездірмеу керек, және оқушы емтиханда өзін жеңіл сезініп, жеңіл орындап шығу керек.

Уолтер Расселдің сөзінде «Егер қызықпайтын нәрсемен айналыссаңдар, онда бірте-бірте сіздің ағзаңызда күйзеліс токсиндері пайда болып, нәтижесінде сіз шаршағандықтан азап шегіп, немее ауруға шалдығасыз», «Істеген ісіңізді сүю қажет немее сүйіспеншілікпен жасау қажет»-Шығыс даналығы осылай дейді.

Стресстің физиологиялық белгілері: алаңғасарлық, жадының бұзылуы, қобалжушылық, ашуланшақтық, уайымшылдық, себепсіз қорқыныш сезімдері. Мұның барлығы өз-өзіне сенімін төмендетіп, түрлі ауруларға шалдығуына психикалық іс-әрекеттің төмендеуіне және дәрілік тәуелділікке әкеледі.


«МАЗАСЫЗДЫҚ ПЕН ҚЫСЫМНЫҢ НӘТИЖЕСІН АНЫҚТАУ» жаттығуы

Мақсаты: Мазасыздық пен қысымның нәтижесін анықтау

Нұсқау: Сағаттың тілін секундпен қойыңыз; Сағаттан көзіңізді алып ойша 1 минутқа дейін ішіңізден санаңыз; 1 минут өткеннен кейін сағатқа қараңыз;

Қанша секунд өтті?

65- секунд қалыпты;

55-64 секунд шамалы мазасыздық;

45-54 секунд орта деңгейдегі мазасыздық.(сізді не уайымдатады, ойланып көріңіз )

45- секундтан төмен психологқа көрініңіз ;

35 - секундтан төмен дәрігерге көрініңіз.

«АҚ ПАРАҚТЫҢ ЕКІ БӨЛІГІ» жаттығуы

Мақсаты: Жағымды және жағымсыз жақтарды анықтау, жағымды қасиетті дамыту.

Нұсқау: алдарыңыздағы қағазды екі бөлікке боліп, оң жақ бұрышына «+» белгісін, сол жағына «-» белгісін белгілеп, ҰТБ тестілеуге байланысты жағымды ,жылы, сенімді ойларыңызды «+» жазыңыздар. Ал «-» бар бөлікке жағымсыз, сенімсіз ойларыңызды жазыңыздар. Осы екі жақты жазылған ойды, зейін қойып оқып шығамыз.

Енді осы теріс жағадайлардан арылғымымыз келеді ме? Не үшін? Не себепті?

Енді «-» жақтағы жағымсыз ойды қырқып, қағазды умаждап қоқыс шелекке тастаймыз.


«ҰБТ-ҒА НЫҚ ҚАДАМ» жаттығуы

Мақсаты: Оқушыларға психологиялық кеңес беру (парақшалар тарату)

Нұсқау: Стресс жағдаятынан шығу кезіндегі өзіңіздің көңіл-күйіңізді төмендегі шкала бойынша 100 пайызды әрқайсысына бөліп бағалаңыз:

Өз күшіммен қиын жағдаяттан ешқашан шыға алмаймын

Стресстен қалай шығуды білемін, бірақ ол менің қолымнан келмейді

Стреспен күресуге қолымнан келетін тәрізді, бірақ ол оңай емес

Стресстік жағдаяттарға қарсы тұруға дайынмын


ҚОРЫТЫНДЫ:

«МАЙШАМ»жаттығу

Мақсаты: Жақсы көңіл-күй қалыптастыру,сенімділіктерін анықтау нығайту.

Нұсқау: Бүгін 7 маусым, мен таңертең сағат 530 да тұрамын... Әрі қарай осы сөйлемді әр оқушы өз ойларымен жалғастырып, жетістікпен аяқтау.

Тәрбиеші: «Жаңғырық» туралы аңыз әпсана әңгімемен тренинг-сабақты аяқтау.

Әкесі баласымен бірге тауға барады. Содан келе жатып аяғын тасқа ұрып алған ұлы:

АААААААА деп айқай салады.

АААААААА деген дауысты естіп таң қалады.

Сен кімсің?- деп сұрайды ұлы

Ал оған: Сен кімсің?- деген жауап келеді

Мұндай жауапқа ашуы келген бала: -Қорқақ! – дейді.

Ол оған -Қорқақ! – деп жауап береді. Бала әкесінен

Не болып жатыр деп сұрайды. Әкесі жымиып күледі де, былай жауап береді. «мені мұқият тыңда» Әкесі тауға

Мен сені сыйлаймын! –деп айқайлайды. Ол оған:

Мен сені сыйлаймын!

Сен кереметсің! Ол оған:

Сен кереметсің! Бала сонда да таңдануын қоя алмады. «Бұл құбылысты жаңғырық деп атайды» -деді әкесі. Шындығында бұл өмір деп аталады.Ол сен не айтсаң да, не істесеңде соның бәрін өзіңе қайтарады.

Құрметті оқушылар. Өз еңбектеріңіз бен білім жолында төккен терлеріңіз алдарыңыздан жарқырап шығатынына сеніп, шаршамай, талмай іздене отырып, ҰБТ-дан жоғары нәтижеге жетулеріңізге тілектеспін.































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
26.11.2018
616
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі