"Біз еңбекқор баламыз" ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Біз еңбекқор баламыз" ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Көктем мезгілін сипаттау, балаларды табиғат тамашаларымен таныстыру. Табиғат ерекшеліктері мен өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту Оқыту:Табиғаттағы өзгерістермен таныстыруөсімдіктердіндің тіршілігімен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Екінші кіші тобының ұйымдастыру конспекті

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы:Таным

Пән:Жаратылыстану

Тақырыбы:Табиғатпен танысу

Өтпелі тақырыбы: Дәстүрлермен аспаптар

Мақсаты:

Тәрбиелік: Балаларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Дамытушылығы :Көктем мезгілін сипаттау, балаларды табиғат тамашаларымен таныстыру. Табиғат ерекшеліктері мен өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту

Оқыту:Табиғаттағы өзгерістермен таныстыруөсімдіктердіндің тіршілігімен таныстыру.

Педагогикалық технологиялар: Сюрприздік момент,көрсету, түсіндіру ойлану, сұрақ – жауап.

Ресурстармегн қамтамасыз ету: Көктем мезгілі туралы суреттер, құстардың суреттері, қызғалдақ гүлінің суреті.
Билингвалдік компонент: 

Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, қараңдаршы жарқырап күн шығып тұр, бізге шуағын шашып тұр.
Қандай шуақты ерекше күн! Және де бізге көп қонақтар келіп отыр екен және солармен амандасып алайық.
Шаттық шеңберіне тұру.
Арайлап таң атты,
күн сәулесін таратты
жарқырайды қаламыз
жарқырай түс, даламыз
қайырлы таң! Қайырлы таң қонақтар
(Шеңберге тұрады өлең жолына сәйкес қимылдар жасайды)
Бүгін бізде ашық оқу іс - әрекеті: Айналамен таныстыру. Мен қазір сіздерге жұмбақ жасырамын.
Мұқият тыңдап алыңдар.
Қар еріп, су көбейіп, сай салаға ағады!
Ағам басы бүршік шашып, жапырақ ашып, гүл бәйшешек толады
Балалар, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Бұл көктем мезгілінде болады.
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Көктем мезгілінде күн жылынды.
Қар еріп, жылғалардан су ақты. Туған жерге құстар ұшып келді.
- Көктем мезгілінде қандай құстар ұшып келді?
Ағаштар бүршік жарып, жапырақ жаяды.
Жеміс ағаштары гүлдейді.
- Қар ерігеннен кейін жер бетіне бәйшешек гүлі шығады. Жауқазын гүлі, қызғалдақ гүлдері шығады.
- Көктем мезгілінде қандай алғашқы гүлдер шығады?
Егістікте тракторшылар жер жыртып, сеялкамен дән себеді
Көктем мезгілінде егістік жерлерде қандай жұмыстар жүргізіледі?
Егістікте тракторшылар жер жыртып, сеялкамен дән себеді.
- Наурыз айында қандай мерекелерді атап өттік?
Наурыз айында 8 - наурыз аналар мерекесі, 22 - наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойын тойладық.
Есік қағылды. Топқа музыка әуенімен қонаққа Ару Көктем кіреді.
Ару Көктем:
- Сәлеметсіздер ме қонақтар, балалар!
Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір жылдың көктем мезгілі.
- Көктем мезгілінің қай айы?
Көктем мезгілінің наурыз айы.
- Көктем айларын атаңдар
- Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр
Ару Көктем: Балалар мен туралы не білесіңдер?
Көктем, көктем көктемде
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып бір қаламыз.
Әнмен қарсы аламыз
Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күн пердесі сөгілді.
- Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау - бақшада орманда.
Құстар әні төгілді.
Ару Көктем: Рахмет балалар!
Көктем мезгілі туралы көп біледі екенсіңдер.
Жарайсыңдар!
Кім тыйым сөздер біледі?
Құстарды атуға болмайды.
Құстардың ұясын бұзуға болмайды.
Қағаз ханшайымы:
- Жарайсыңдар, балалар!
Рахмет!
Сендер өте ақылды,
Білімді балалар екенсіңдер.
Сергіту сәті:
Күн болып жанайық.
Су болып ағайық.
Терең – терең демалып,
Жүгіріп, жүгіріп алайық.

Енді маған қиынды пішіндерден көктемде өсетін қызғалдақ гүлін құрастырып жапсырайық.
Қызғалдақ гүлінің үлгі суретін тақтаға іледі.
«Көктемгі күн жерді қыздырып, табиғаттағы бар тіршілік иелері оянып, қызғалдақтар жер – анадан күш алып, жапырақтарын жайып, күлтешелерін көтеріп, күнге қарай қол созады. Себелеп өткен жылы жаңбыр гүлдің жапырақтарын аймалап жуып, шаңын кетіреді. Гүлдер жерді көріктендіреді, адамға жақсы көңіл – күй сыйлайды, олардан дәрі жасайды. Гүлдер жәндіктерге қорғаныш және тіршілік көзі болып қызмет етеді.
«Қызғалдақ гүлін құрастыра отырып жапсырамыз».
1) сабағын
2) күлтешесін
3) төменнен жоғарыға қарай жапырағын жапсырамыз.
Балалардың өз бетімен жұмыстар.
Балалардың жұмыстарын мадақтау.
Қағаз ханшайымы:
Балалар мен сендерге өте ризамын.
Сендер менің тапсырмаларымды өте жақсы орындадыңдар. Ал енді сендермен ойын ойнасақ бола ма?
Ойын: Жақсы мен жаман
Мақсаты: Жақсы қасиет болса қолдарын шапалақтайды, жаман қасиет болса тыныш отыру.
1) Көшет отырғызу.
2) Ағаштарды сындыру.
3) Құстарға жем шашу.
4) Құстың ұясын бұзу.
5) Ағаштарға су құю.
Қорытындылау: Көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстары туралы түсінігі қалыптасты. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін біледі Шығармашылығын дамыту.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.05.2022
488
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі