БІЗ ЕПТІМІЗ, КҮШТІМІЗ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

БІЗ ЕПТІМІЗ, КҮШТІМІЗ

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

БІЗ ЕПТІМІЗ, КҮШТІМІЗ


Дәлібаева Айзада Серікқызы

10 «Наурыз» б/б тәрбиешісі


Тақырыбы: «Біз ептіміз, күштіміз»

Мақсаты: Балалардың түстер туралы түсініктерін, қол моторикасын, зейіндерін, логикалық ойлауын, үйлестік сезімдерін дамыту. Шыдамдылыққа, ептілікке, дербестікке, ұқыптылыққа, тәрбиелеу. Ұжыммен бірлесе жұмыс жасауға, берілген тапсырманы түсініп, орындауға дағдыландыру. Достық, сыйластық сезімдерін дамыту.

Дағдыларды қалыптастыру: Қимыл-қозғалыс, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік-эмоционалды.

Инновациялық технология: Ойын технологиясы, интеграция.

Әдіс – тәсілдері: Әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, ойын, сұрақ – жауап.
Құрал – жабдықтар: түрлі-түсті қағаз ұшақтар, шығыршықтар, түрлі-түсті доптар, қолшатыр, үш түспен белгіленген үлкен қапшықтар, шарлар, кеглилер, жіп, жемістермен себет.

Тәрбиеші балалармен амандасады. Бүгінгі күннің ерекше екенін бір-бірінің жүздеріне қарап күлімдегенінен басталатынын түсіндіреді.

Психотренинг «Жылы жүзбен күнімізді бастайық!»

Мақсаты: балалардың назарын аудару, ұйымдастырылған іс-әрекет алдында көңіл-күйлерін көтеру, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Шарты: балалар бір-біріне жылы жүзбен қарап, күлімдеп құшақтайды.

Ғажайып сәт: қонаққа келген тәрбиешілер балаларға білдірмей түрлі-түсті (қызыл, сары, жасыл) қағаздан жасалған ұшақтарды ұшырады. Тәрбиеші балалардың назарын ұшақтарға аударады.

  1. Ойын «Ұшақтың түсі қандай?»

Мақсаты: балалардың түстер туралы түсініктерін бекіту, берілген тапсырманы орындауға баулу.

Шарты: балалар ұшақтарды жинап, түстер бойынша шығыршық ішіне сұрыптап жинайды.

Тәрбиеші бұл жәй ұшақтар еместігін, оларды «Ептілер елінің» тұрғындары жібергенін айтады. Олардың балаларды қонаққа шақырғанын хабарлайды, сондықтан «Ептілер еліне» аттануды ұсынады.

  1. Ойын «Поезд»

Мақсаты: балаларды ойын шартын бұзбай, ұжыммен бірлесе ойнауға, белгі берілгенде тізбекке жиналуға, оны бұзбауға үйрету.

Ш арты: балалар кілем үстіне шеңбер жасап отырады. Тәрбиеші шеңберді айналып жүреді, бір баланың арқасынан жәй түртіп белгі бергенде, бала тәрбиешінің артынан тұрып жүреді. Қайталанады, үлкен поезд құралғанша.


Тәрбиеші «Ептілер еліне» жеткенін хабарлайды. Алдарынан Фиксиктер «Ептілер елінің» тұрғындары шығып, балаларды көңілді қарсы алады.

Балалармен ойын ойнауды ұсынады.

  1. Ойын «Қолшатырға дәл түсір»

Мақсаты: нысанаға дәл тигізу. Ептілікті дамыту.

Ш арты: фиксиктер қолшатырды шайқап тұрады, балалар қолшатырға доптарды лақтырып жинайды.










Балаларды мақтап, келесі ойынды ұсынады.

  1. Ойын «Кім жылдам?»

Мақсаты: балалардың түстер туралы түсініктерін бекіту, ойын шартын бұзбай ойнауға үйрету.

Шарты: балалар үлкен қапшықты аяқтарына киіп (қапшықтар үш түспен белгіленген), қапшыққа түсіне қарай шарларды жинайды.














Балаларды мақтап, келесі ойынды ұсынады.

  1. Ойын «Кім күшті?»

Мақсаты: жеңіске жетуге, бәсекелестікке үйрету.

Шарты: Екі қатар кеглилер қойылады. Екі бала жіппен байланады, өз қатарындағы кеглилерді теуіп түсіруге тартылады.












Тәрбиеші мен Фиксиктер балалардың көңіл-күйлерінің қандай екенін сұрап, керемет дос екендерін, олардың бірліктерін, сыйластықтарын айтып мақтайды. Фиксиктер «Ептілер елінде» тек күштілер, ептілер, дені сау тұрғындар тұратынын айтып, балаларды денсаулыққа немғұрайлы қарамауға баулиды. Балаларға пайдалы тағамдар, яғни жемістерді сыйға тартады.

Қорытындылау: балалар Фиксиктермен қоштасады, балабақшаға қайтады. Мадақтау жұмысы жүргізіліп, жемістерді таратады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2023
110
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі