Материалдар / «Біз жақсы сөйлейміз!» 3 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Біз жақсы сөйлейміз!» 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
логопед, дефектолог
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
865
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Біз жақсы сөйлейміз!»

Мақсаты: жыл бойы алған білімдерін бекіту. Балаларға Р, Ш, Л, С  дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға машықтандыру, сурет бойынша сөйлем құрауға дағдыларын шыңдау, байланыстырып сөйлеу тілін  дамыту.

Дамытушылық: балалардың фонетика-фонематикалық қабылдауын, есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын, қолдың ұсақ моторикасын  дамыту. Өз ойын еркін жеткізуге баулу.

Тәрбиелік: баланы ұқыптылыққа, жинақылыққа, тапсырманы аяғына дейін орындауға үйрету.

Көрнекілігі: слайд, дидактикалық ойындар бойынша үлестірмелі материалдар, суреттер, сыйқырлы сандық, қазақ үй.

Оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар! «Біз жақсы сөйлейміз» атты тіл мерекесіне қош келдіңіздер!

Ортаға «Ракета», «Лимон», «Шар» командаларын шақыруға рұқсат етіңіздер (әдемі әуенмен, ата-аналардың қошеметімен командалар залға кіреді).

Әр команда өзін таныстырып өтсін:

«Ракета» командасы: бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!

«Лимон» командасы: білімді мыңды жығады!

«Шар» командасы: өнер алды – қызыл тіл!

Сайысымызды бастамас бұрын бағалау шартымен таныстырып өтейін. Әр дұрыс жауапқа ракета, лимон, шар беріліп отырады. Оқу қызметінің соңында бірге санап қай топтың жеңгенін анықтаймыз. Ал балалар сіздерге сәттілік тілеймін! Сайысымызды бастаймыз!( Экранға назар аударамыз)

Негізгі бөлім.

1-Тапсырма. «Кім алғыр»

Мақсаты: балалардың есте сақтауын, ойлау қабілетін  дамыту, ауыз қуысының артикуляциясын пысықтау.

Шарты: суретте берілген  артикуляциялық жаттығуды атап, орындау шеберлгін көрсету.

Артикуляциялық жаттығулар: бақа, піл, ат шауып келеді, тәтті тосап, кеме, күрке тауық т.б.

2-Тапсырма. «Кім көп сөз біледі?»

Мақсаты: балалардың сөздік қорын молайту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Шарты: Р, Ш, Л дыбыстарына байланысты сөздер айтып, пришепканы бір-біріне қыстыру.

3-Тапсырма. «Сиқырлы сандық»

Мақсаты: балалардың фонетика-фонематикалық есту қабілетін және логикалық ойлауын дамыту, ептілік пен тез әрекет етуге үйрету.

Шарты: сыйқырлы сандықтың ішінен дөңгелекшелерді алып, онда бейнеленген суретті атап, ондағы басқы және соңғы дыбысты атап, соңғы дыбыстан басталатындай етіп сөздерді ретімен орналастырып жұлдызды құртты құру, яғни дөңгелектерді ретімен бір-біріне байлау.

Релаксация: «Табиғатқа саяхат» (табиғаттың әсем дауысын тыңдап елестету). Ал балалар шаршадық па? Онда көзімізді жұмып, әдемі әуенді тыңдап, естіген дыбыстарымыз арқылы қандай бейне көз алдамазға келетінін көрейік. Ал балалар көз алдымызға не елестеді?

4-Тапсырма. «Алма ағашы»

Мақсаты: Р, Л, Ш дыбыстарын дифференцациялау. Дыбыстарды бір-бірінен ажыратуға үйрету. Р, Л, Ш дыбыстарын сөзде бекіту.

Шарты: себеттегі алмада бейнеленген суретті атап Р, Л, Ш, С дыбыстарын бір-бірінен ажыратып, алма ағаштарын алмаға толтыру.

5-Тапсырма. «Балық аулайық»

Мақсаты: берілген суреттер арқылы сөйлем құрауға үйрету.

Шарты: балықты аулап, ондығы берілген суреттерді байланыстырып сөйлем құрау.

6-Тапсырма. «Мен жақсы сөйлеймін»

Мақсаты: балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге үйрету. Р, Л, Ш дыбыстарын сөйлемде бекіту.

Шарты: ертігіні электрондық қазақ үй құралынан тыңдап,  желісі бойынша әңгімелеу.

Қорытынды: балалар бүгіні сайысымыз сендерге ұнады ма? Несімен ұнады?

Ал балалар бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайық. Алдымен «Ракета» тобы неше ракета жинады санайық. Енді «Лимон» тобы неше лимон жинады екен санайық. Енді «Шар» тобы неше шар жинады екен санайық. Енді балаларымызды марапаттауға №172 балабақшаның меңгерушісін шақырамыз.

Осымен біздің «Біз жақсы сөйлейміз» атты тіл мерекеміз аяқталды. Алтындай уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет. Тәрбиеші жолдастар менің оқу қызметім ұнаса кіреберістегі ағашқа қызыл жүрекшені жапсырыңыздар, егер ұсыныстарыңыз болса сары жүрекшеге жазып жапсырыңыздар. Қош сау болыңыздар!


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!