"Біз жолаушымыз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Біз жолаушымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Күні, айы, жылы__________________________________________________ Тақырыбы: Біз жолаушымыз Мақсаты: Автобус пен трамвайды танып ажырата білуді бекіту. Қоғамдық көлік ішінде қауіпсіздік сақтау ережесімен және жолаушылардың міндеттерімен таныстыра отырып,. қоғамдық жерлерде, балабақшада, траснпортта қауіпсіздік ережелерін үнемі сақтауға дағдыландыру. Сақтыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу. Көрнекіліктер: суреттер Билингвальды компонент:жолаушы-пешеход
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні, айы, жылы__________________________________________________

Тақырыбы: Біз жолаушымыз

Мақсаты: Автобус пен трамвайды танып ажырата білуді бекіту. Қоғамдық көлік ішінде қауіпсіздік сақтау ережесімен және жолаушылардың міндеттерімен таныстыра отырып,. қоғамдық жерлерде, балабақшада, траснпортта қауіпсіздік ережелерін үнемі сақтауға дағдыландыру. Сақтыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер

Билингвальды компонент:жолаушы-пешеход


Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Сапар шексек сіз бен біз
Сан көлікке мінеміз
Троллейбус трамвай
Автобуспен жүреміз
Көлік, көлік, көлік
Көліктерге мінеміз
Көшелермен, көшелермен
Күнде тынбай жүреміз
Жол жүрудегі тәртібін
Ережесін білеміз
Сақтағанда қатерден
Сау саламат жүреміз


Балалар өлең жолдарын айтады


Ұйымдастыру

кезеңі



Қауіпсіздік ережелерін есімізге түсірейік
1. Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өт
2. Жолдан өтерде алдымен солға ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара
3. Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт
4. Егер, жаяу жүргіншілрге арналған жол болмаса жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жолмен жүруге тиісті.
5. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.
6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгірме.
7. Машинадан түскенде артынан айналып өту керек.






Балалардың жауаптары

Ұйымдастырушылық-

ізденістік


-Жолаушы деген кімдер?

Жолда кез келген көлікті пайдаланатын адамдар "Автобус" режиссёрлік ойын

Ойын шарты: Балалардың бірі жүргізуші, бірі- кондуктор, қалған балалар-жолаушылар болады. Жүргізуші автобусты жүргізеді, кондуктор аялдаманы хабарлап, билет сатады. Балалар өз аялдамаларынан шығып отырады.

Балалардың жауаптары

Балалар өз ойларын айтады.



Балалар ойынға қызығушылық танытады.

Рефлексиялық- түзету

Қорытындылау

-Көпшілік мінетін көлікте өзіңді қалай ұстау керек?

-Үлкен кісі автобусқа мінгенде не істеу керек?
-Үлгілі, тәртіпті бала көшеде, жолда жүру ережесін, тәртібін бұзбайды.


Балалардың жауаптары




Күтілетін нәтиже: Көлікте өзін ұстай біледі. Үлкендерге орын береді. Жол тәртібін бұзбайды.


Технологиялық картасы


Күні, айы, жылы___________________________ __________________________

Тақырыбы: Бағдаршам және біз

Мақсаты: Жолда жүру ережесі туралы түсінік беру. Балаларды жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыруды жалғастыру. Ойын арқылы балаларға жолда жүру ережелерін үйрету. Ұқыптылыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: бағдаршамның суреті,

Билингвальды компонент:бағдаршам-сфетафор


Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Жұмбақ жасыру

Көзін ашып жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.
(Автоинспекция қызметкері)
Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.(Жол



Бағдаршам





Автоинспекция қызметкері

Жол

Ұйымдастыру кезеңі



Кіріспе әңгіме

-Бағдаршам деген не?

-Ол қайда болады? Бағдаршамның қызметі қандай?

-Бағдаршам—жарықпен белгі беру арқылы көшедегі, автомобиль жолы мен темір жолдағықозғалысты реттеуге арналған құрылғы.

Қызыл – Тоқта ! Сары – Сақтан ! Жасыл – Жол ашық! дегенді білдіреді. Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні, жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады.


Балалардың жауаптары тыңдалады.





Балалар өз ойларын айтады

Ұйымдастырушылық-

ізденістік


Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ?

Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз.

Ойын: Қызыл, сары, жасыл

Мен бағдаршамның үш түрлі көзін көрсетемін .
Қызыл жанса – тыныш тұрамыз
Сары жанса – оң аяғымызды көтереміз
Жасыл жанса – топ, топ басып жүреміз

Көлік жлқ болған кезде өту керек. Үлкендердің көмегімен өту керек.






Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Рефлексиялық- түзету

Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем  баспа  алға !

Сары  көзін ашқанда ,

Қарап қалма  аспанға !

Жасыл көзін ашқанда ,

Өте  бергін , жасқанба !


Балалар өлең жолдарын айтады.



Күтілетін нәтиже: Көшеде дұрыс жүріп жол ережесін сақтай біледі. Бағдаршамның қызметін біледі.

Толтырған тәрбиешінің аты-жөні: __________________________



Күні, айы, жылы________________________________________

______________

Тақырыбы: Жол тәртібін жадыңда ұста

Мақсаты: Көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін түсіндіру. Жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру. Балаларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:суреттер, бағдаршам макеті, ойыншықтар

Билингвальды компонент:бағдаршам-сфетафор, жол-дорога

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:


Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Жұмбақ
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүр» дейді,
Бір көзім «абайла» дейді

- Қала үлкен, адамдар да, көлік те көп. Жүрісті реттеп тұратын не?
- Көше тәртібін реттеуші кім?




Бағдаршам

Бағдаршам

Сақшы

Ұйымдастыру

кезеңі



Кіріспе әңгіме.

Жол дегеніміз - көлік түрлері мен жүргіншілер қозғалатын аумақ. Оған көшелер, елді мекендер, қала, ауыл, бұрылыстар, және де тыс жерлер. Көлікке және жаяу жүргіншілерге арналған жолдар бар.

-Жол тәртібін білесіңдер ме?

-Жолдың шетін неге биіктеп қойған?

Жол жиегі тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны «бордюр»деп атайды. Жол жиегінің үстімен ойнауға болмайды.
«Тротуар» сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» деген мағынаны


Жолдан тек жаяу адамдарға арналған «ақ жолақ» арқылы өту қажет. Машиналардың артына жабысу өте қауіпті. Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда ған өту қажет.
Машина жолында ойнауға болмайды.

Бұл жол жиегі.


Ұйымдастырушылық-

ізденістік


-Аялдамада тұрған көлікті яғни машина, автобусты қалай айналып өту керек?
Аялдамада тұрған автомобиль, автобус немесе троллейбусті тек сырт жағынан айналып өту керек. Сонда біз оның соңында келе жатқан машинаны дер кезінде көреміз.

 -Балалар, көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктің жүріп-тұруына кедергі келтіреді.Мысалы: Жолаушылар жұмысқа, сабаққа,
 
дәрігерге баруға кешігуі, фабрика, зауыттарға, дүкенге, жүк мезгілінде апарылмауы, вокзалдарға басқа қалаларға дер кезінде жете алмауы мүмкін.
-Жаяу адам қай жермен жүруге болмайды?

Балалардың жауаптары





Әркім көшеде жүру тәртібін өте жақсы білу керек.Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.


Балалар өз ойларын айтады.

Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

Рефлексиялық- түзету

Қорытындылау.

-Балалар, жолда жүру ережесін әрқашан есте сақтап, бұлжытпай орындап, сақ жүріңдер.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі заңды тәртіп -
Ол ортақ
Үлкен кіші баршамызға!

.

Балалардың жауаптары

Балалар өлең жолдарын айтады




Күтілетін нәтиже: Көшеде жүру тәртібін біледі. Жолда сақ жүреді.

Толтырған тәрбиешінің аты-жөні: __________________________




Технологиялық картасы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
578
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі