"Біз мейірімді отбасы" сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Біз мейірімді отбасы" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне, жас мамандарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Біз мейірімді отбасы»

отбасылық сайыс

Мақсаты:Балабақша мен ата-аналар арасында ынтымақтастық орната отырып,ата-ана мен бала арасынадағы мейірімділікті,адалдықты,ізгілікті қалыптастыру.

Жүргізуші:

Бүгін біздің бақшада дүбірлі той,

Ден қойып тыңданыздар,көңілді қой.

«Біз мейірімді отбасы» сайысында,

Көрейік тамашаны сергісін бой.

Мейрімділік-жаратылысты узыдай ұйытқан ең басты құндылық.Мейірімділік,татулық,достық болмаса күллі әлем мағынасыз болып, зұлымдық билеп алар еді.Өткені ғаламдағы барлық нәрсе мейірімнен жаратылған.Мейірімділік белгілі бір тәртіппен үйлесім табады. «Мейірімді отбасы» дегенде, көз алдына уыздай ұйыған тату ,бақытты отбасы елестейтіні анық.Осы мейірімділіктің татулықтың, біріліктің туын ұстаған отбасыларды ортаға шақырамыз.

  1. «Мұхамедяровтар»отбасы.

  2. «Имаковтар» отбасы.

  3. «Күмісқалиевтер»отбасы.

Отбасылар музыка ырғағымен қарсы алынып,тиісті орындарға отырғызылады.

Жүргізуші:

Анаң-күнің,жүрегің

Әкең-өмір тірегің,

Сен бақытты ұлансын

Бәрі саған қуансын.

Әжең асыл ардағың,

Атаң дана қорғаның,

Сен бақытты ұлансың

Бәрі саған қуансын-

-деп «Біз мейірімді отбасы»сайысына қатысушы отбасыларының бақытты сәттерінен түсірілген бейнеролигін тамашалайық.

Музыка әуенімен ортаға Зұлым ханша шығады.

Зұлым ханша сиқырлы айнасына қарап:

-Менің сиқырлы айнам, қане жер бетіне зұлымдықпен жауыздықты неге орната алмай жатырмыз, оған не кедергі болып жатыр?

Айна(дауысы естеледі):

-О менің әміршім,мен жер бетіне зұлымдықты орнатқым келседе қолымнан келетін емес.Жел соққанда,тыныс алғанда ғана сезінетін жұтқан ауа,көзге көренбейтін мейірім мен мың бұрала аққан су сылдырының өзі,ақша бұлттар айшықталған көк аспан төбемізден мейірімін бірде күн шуағы боп төксе,бірде жаңбыр боп жер бетінің мейірін қандырып тұр.

Бұл дүниеде барлық зұлымдылық атауының барлығын жер бетіне жіберсемде адамдардың бір-біріне деген достығың,татулығын,қайырымдылығын,соның ішінде отбасылық

татулық пен бірлікті жеңе алмадым.

Зұлым ханша:

-Жоқ,біз оны қайтсекте жоюымыз,құртуымыз керек.Мені сол отбасына жеткіз.Мен оларға кедергі боламын.(кетіп бара жатып қолындағы айнасын лақтырып,жолдағы тасбақаны аударып,гүлдерді құлатып шығып кетеді)

Осы кезде музыка ойналып мейірімді ханша шығады.Жолындағы кері аударылып қалған тасбаққаны аударып,гүлдерді орына келтіріп:

-Ой,кішкентай тасбақа сенде мейірімге зар болып отырсың ба?

Ғалымдағы барлық нәрсе айналасына шашу шашатын мейірімділікті тілейді.Әрбірі мейірімділікті аңсайды.Кез келген жаратылысқа мейірімділік танытсаң,өзінің де мейірімге бөленсең.

Тасбақа:

-Дұрыс айтасың мейірімді ханшайым.Екі көзін не үшін керек,жақсыларды көру үшін.Екі қолың не үшін керек, елге көмек беру үшін керек.Сенің мейірімділігінің қайырымдылығының арқасында жолыңдағы көмекке зәру жандарға көмегіңді беріп келесің,соған ризамын.Саған көп рахмет.Менің кішкентай балама көмектескеніңе рахмет.

Тасбақа мен мейірімді ханшайым айналасына қарап:

-Мейірімді ханшайым мына жерге мейірімділіктін шашуын шашкан,жырын жырлаған,әнін шырқаған отбасылар жиналып қалыпты.Қарашы барлығы да жарасымды.

Мейірімді ханшайым адам мейірімділікті әуелі жүрегінің жылуы арқылы білдіреді емес пе? Мынау тұрған жүрекшелерді не сиқыры бар екен.Міне қызық мұнда түрлі сұрақтар жасырылған екен.Ендеше әрбір отбасы осы сұрақтар жауап берсін.Ата-аналар жүрекшелер ішінен бір-бір сұрақ алып жауап береді.

Зұлым ханша кіреді:

-Бұл жауаптар жалған мен келіспеймін.

Мейірімді ханшайым:

-Жоқ,сіз олай демеңіз.Мүмкін сіз бізбен бірге мына сайысты көрсеңіз мейірімділіктің,жылулықтың,қайырымдылықтың не екенін түсінетін шығарсыз.

Зұлым ханша:

-Мен ондайды түсінгім келмейді.Мейірімділік дегенді атай көрме.

Тасбақа:

-О,ханымын сіз осы сайыстың аяғына дейін қатысып көріңіші.Сонда сіздің пейіліңіз көзқарасыңыз өзгереді.

Зұлым ханша:

-Жарайды көрсем көрейін.

Тасбақа:

-Ендеше келесі сайысымызды бастайық. «Менкішкентай көмекшемін»сайысы.

Аналар кір жуса,балалары кірді қағып жіпке жайып, қыстырғышпен қыстырады.

Мейірімді ханша:

Сайысымызға арналады бүгін билер.

Көтерілсен қанекей көңіл-күйлер,

Алдарыңызға шығады биші қыздар.

Қошеметпен қарсы алайық көрермендер,

Би ортаңғы топ тәрбиеленушілер.

Тасбақа:

-Ендігі сайысымыз «Тәтті құмарлар»-деп алсақ қайтеді.Өйткені отбасында түрлі мерекелер болады.Бұл мерекелер болады.Бұл мерекелер болады.Бұл мерекелер тәттілерсіз өтпесі анық.Қазір сіздерге түрлі тәттілер беріледі.

Музыка тоқтанғанша тәттілерді тауысуларыңыз керек.

Мейірімді ханша:

-«Ағаштан ағаш рең алады,адамнан адам тәлім алады»-демекші әрбір ата-ана өз баласының тәрбиелі де рухани азығы мол азамат болып өсуін тілейді.Келесі сайыс түрі «Шеберлер отбасы».Сіздерге түрлі-түсті қағаздар,қайшы,желім,мата қалдықтары. Табиғи материалдар беріледі.Осы берілген заттардан балаларыңызбен бірігіп не жасар едініз.

Тасбақа:

Біздің отбасыларымыз жұмыстарын жасап болғанша бір керемет ән тыңдайық.Ендеше ересек тобының тәрбиеленушісі Сапарбек Арайлымды ортаға шақырайық.



Зұлым ханша:

-Мейрімді ханша,тасбақа мына отбасыларды көріп тас боп қатқан жүрегім жылып келеді.Келесі шартты мен айтсам бола ма? Мен ертегілер елінен келдім емес пе, сондықтан «Менің сүйікті ертегілерім» деп аталатын сайысқа шақырғым келеді.

Сайыс түрі: Отбасыларға мультоптамалар мен ертегілер суреттері таратылып беріледі,сол мультоптама мен ертегілерде орындалатын әнді орындап беруі тиіс («шұбар тауық», «Жеті лақ пен қасқыр», «Шалқан»)

«Болашақты бірге болжайық» ата –аналарға баланың суреті салынған плакат беріледі. Плакаттағы бала суретін ата-анасы,баласы үшеуі түрлі бояулармен болашақта балаларының қандай болатының бейнелейді.

Зұлым ханша:Мейірімді ханшайым,мен сендерге көп қиянат жасаған екенмін.Мына менің тас боп қатқан жүрегім жібіп,мынадай бірлігі жарасқан отбасыларды көріп,сен секілді жүрегі жұмсақ мейірімді жандарды көріп,зұлымдық пен қатігездік,арамдық пен жауыздық адамға еш пайда әкелмейтінің білдім.Енді жер бетінде тек татулық,бірлік,ынтымақ,достық орнасын!Адамдардың жүрегі мейірімділікке,имандылыққа,қайырымдылыққа толы болсын!

Бәріміз сергіту сәтін жасайық «Қызыл ерік»

Жүргізуші:Енді осы «Біз мейірімді отбасы» атты сайысымызға қатысушы отбасларды ортаға шақырып сайыстың ең шешуші кезеңі марапаттау сәтін тамашалайық. Сайысқа қатысқан отбасыларды «Балдырған» Бөбекжай директоры Г.Т.Косниязова «Өнерлі» отбасы, «Өнегелі» отбасы, «Шеберлі» отбасы номинациялармен марапаттады.

Жүргізуші:

Құрметті ата-аналар! Өнеге отбасынан басталады.Балаларымыздың бойына сінген ізеттілік-дөрекілікке,қайырымдылық – қатігездікке, адалдық –арамдыққа ауыспасын деген тілегімізді орындау ұрап алдындағы ұлы міндет деп түсінейік.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.00.2018
1369
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі